Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
хожин.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
713 Кб
Скачать
☆

1.4 Тмд және Қазақстанның және әлемдік энергетиканың даму болашағы және жағдайы

Әлемдік  электр энергия   өндірісінің 63%-дан  көп  бөлігі дамыған  мемлекеттер “Экономикалық  қатынастық  және  даму  ұйымдар” (ЭҚДҰ) үлесіне  келеді. Азияның, Африканың және  Латын  Америкасының  дамушы мемлекеттерінде әлем  халқының 75%-ы орналасса да, тек 20% ғана электроэнергия өндіріледі. Көп мөлшердегі  электрэнергиясын (3400 млрд. кВт с) АҚШ-да  өндіреді. Бұл  көрсеткіш бойынша   екінші  орында  тұрған  электр энергиясы  қарқынды  дамып  келе  жатқан  ҚХР. Ең  ірі  электр энергия  экспорттаушы Франция мемлекеті (мемлекетте өндірілген  электр энергияның 20%-ы экспортталады). Ірі  импорттаушылар  ішіне  – АҚШ, Ұлыбритания, Италия, Испания  жатады.

Базалық  болжам  бойынша   2025 жылға  қарай  электрэнергияға  сұраныс  екі еселенеді. Ең  үлкен  өсім  Азияның  дамушы  мемлекеттерінде  болжануда.

Әлемдік  электрэнергияны  өндіруде  көмір  қолданысы  аз  емес, бірақ  көптеген  дамушы  өндірістік  мемелекетте табиғи  газ   қолданысы  артуда.

Электрэнергия  өндірісіне  мұнайды  қолдану  Орта Шығыс мемелекет-терінен  басқаларында  қысқартылады.  Мұнайдың  электрэнергия  өндірудегі  үлесі деревисна және жануарлар қалдығы  сияқты  қатты  отын  түрін  қолданып келе жатқан  мемлекеттерде артуы  мүмкін  деп  болжануда. Ядролық   энергетиканың дамуы өндірістік дамыған мемлекеттерде жылдам ерекше-ленеді. Дүниежүзі  бойынша  АЭС қорының құлауы  қазіргі  уақытта 12% -ды құрайды,  ал 2025 жылы  17%-ға  жетуі  мүмкін деп болжануда.

Жаңғыртылатын энергия көздерінің ішінен тек суэнергетикасы  әлемдік  бәсекелес  бола  алады.

Жақын  уақытта  жел  энергетикасы  қарқынды  дамыды және жаңғыртылатын  энергия  көздерінен   (СЭС-нан  басқалары)  қымбат, соған  байланысты олар бәсекелес  бола  алмайды.

1.5 Қазақстан және тмд энергетикасы

Бұрынғы  СССР одақтастар  аймағында  80 жылдардың  соңында  елдің  тиімді  жұмыс  істейтін,  қуатты  энергетикалық   комплексі құралуға  дайын  болды,  оның  негізгі мақсаты Батыс  Европа мен    Моңғолия   құрамына  біртұтас  СЭВ «Мир» әлем-мүшелері  кіретін,   энергожүйемен  параллелді  жұмыс  жасайтын, біртұтас  энергожүйе - СССР  БЭЖ-сін  құру болатын.

Бұрынғы   СССР  одақтастығының  өзара  бөлінуі  және  жекешелендіруі көптеген  энергообьектілік  қожайындардың,  құралуына  әкеліп  соқты.

ТМД  біртұтас  энергожүйесі  қалыптасып, жұмысын  үйлестіру  үшін ТМД мүшесінің 11 мемлекеті 1992 жылдың  14  ақпанында «Тәуелсіз  Мемлекет-тер  Достастығының  электрэнергетика   аймағында  мемлекет  аралық қатынасының   үйлесіміне » келісім байласты. Бұл  келісім   бойынша   электрэнергетикалық   алқа  пайда  болды  және  оның  тұрақты  жұмысшы  мүшесі - Атқарушы   комитет  болды. 1992 жылдың  желтоқсанында  Ресей энергетика  және электрқамсыздандыру - (РАО) «ЕЭС России»  акционерлік  қоғамы   тіркелді.

Қазақстанда  елеулі  өзгерістер   болды, мұнда  біршама  энергообьектілер шет  ел  компанияларына  өтіп  кетті. Қазақстанда  жоғарғы  кернеу  тораптарындағы  басқару , өндірушілерден  электрэнергияны  сатып  алып,  тұтынушыларға  сату, диспетчеризация  және басқа да бірқатар  сұрақтарды  шешу  Қазақстан   электр  тораптарын  басқару  компаниясына   (KEGOC)  жүктелді.

Қазақстандағы  электрэнергиясын  тұтыну өз  шыңына   жетті,  1990 жылы  ол 105,0 млрд. кВт.с құрады. Келесі басталған экономикалық тоқырау, өндірістің  құлауы, электрэнергияның жыл  сайын 6-8%-ға  кемуіне  әкеліп соқты, ол 2000 жылы 54,0 млрд. кВт. с-қа  жетті. Қазіргі  уақытта  ҚР-ның  экономикасы  өрлей  бастады, ол өз кезегінде өндірістің дамуына  және электрэнергия  тұтыны-сының  артуына  әкелді.

2 - дәріс. Жылу электростанцияларында  электрэнергия  өндірудің  технологиялық   процестері 

2.1 Жалпы  мәліметтер  және  электрстанцияның  жіктелуі  

Электрстанциясы табиғи  көздердің  энергияға   түрленетін немесе  жылулық  және  электрэнергиясына  түрленетін энергетикалық кәсіпорын-дарды  көрсетеді.

Электрстанциясында  өндірілген  электр энергиясы тұтынушыларға  әуе   желісі арқылы және қосалқы станциялар арқылы беріледі, олар станция  генераторын  және  тұтынушыларды  біртұтас біріктіріп, электр  торабын  түзетін-электрлік  жүйені  көрсетеді.

Электрлік  жүйенің кез келген  уақытындағы  жағдайын  көрсететін процестер жиынтығы режим параметрлерімен  сипатталады,  оған толық активті және реактивті қуаттар, толық  қуат, тоқ, кернеу, жиілік, ығысу бұрышы  жатады. Жүйе параметрлері режим параметрлерімен байланысты,  оған: кедергі, өтімділік, элементтердің  тұрақты уақыттары және  басқалары жатады.

Қолданылатын табиғи энергия көздеріне байланысты өндірілетін  электр энергиясы келесі  станция  типтеріне  жіктеледі:

1.Жылу  станциялары (ЖЭС): бу турбиналық   конденсациялық - КЭС;  бутурбиналы жылуландырулық-ЖЭО; газотурбиналы (ГТ) және бу-газ қондыр-ғылары   (БГҚ); дизельді; атомды - АЭС; геотермалды; күн  сәулелік.

2.Гидравликалық  электростанциялары (ГЭС)

3.Электрэнергиясын  тікелей  өндіру  әдісін  қолданатын   электрстан-циялар және  жел  электрстанциялары. 

2.2 Жылулық  конденсациялық  электрстанциялар (КЭС) 

Көмір тозаңында жұмыс істейтін КЭС-ның принципиалды техноло-гиялық сұлбасы 1-суретте көрсетілген. Отын қоймасынан 1 ленталы   тасымалдағыш арқылы У көмір уатқыш  қондырғыға  түседі 2, содан кейін майдалағыш  үгіткішке  түседі.

Үгітілген  көмір УД тасымалдағыш  арқылы  көмір  бункеріне 3, содан  кейін қазандықта орналасқан  тозаң  дайындағышқа  түседі. Бункерден 3 ол  тозаң  деңгейіне дейін  үгітетін көмір  диірменіне 4 түсіреді. Диірменнен кейін  көмір  тозаңы П  қазандық  жанында орналасқан  көмір  тозаңы  бункеріне  түседі 5. Соңғысынан көмір  тозаңы, тозаң  жұтқышы  арқылы 6 және  тозаң  желісі арқылы ошаққа 7 (олар бірнеше) ыстық ауамен ВГ үрлегіш  желдеткіш 12  арқылы  беріледі.