Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
хожин.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
712.7 Кб
Скачать

2.1 Сурет – Конденсациялық бу турбиналық электрстанцияның

технологиялық  сұлбасы

 

 Көмір  тозаңының  жануына  қажетті  ыстық  ауа  ВГ алдын-ала  ауа жылытқыш  арқылы  өтеді 10, ол  қайтымды газдармен қыздырылады Г, ол  түтінсорғыш   11  арқылы  газжүргіштерден  сорылады және  түтін  турбасы  арқылы (суретте көрсетілмеген) ауаға беріледі. Салқын ауа В сырттан  алынады. Ошаққа ыстық ауаның  берілуі  отынның  жануын  жақсартады  және  ошақта температураны арттырады. Көмір тозаңы өлшенген күйінде жалын  тәріздес  болып  өте  үлкен  температурада   жанады.

Қайтымды  газдар,  экономайзер 9 қазандыққа  баратын қорек  суын ПВ жылытуға  көмектеседі. Шығымды  газды,  ошаққа баратын   қорек  суды және ауаны қыздыру үшін  пайдалану шығымды  газ  арқылы  жылу  шығынын  азайтады  және  қазандық  агрегатының  п.ә.к-ін   көбейтеді.

Қазандықтан бу  желісі  арқылы  қызған  бу  ПП бу  турбинасына         13  келеді, ол  механикалық   жұмыс  тудырып,  әртүрлі  сатыдан  өтеді. Бұл  кезде  оның қысымы  және  жылусақтағыштығы  ақырындап  кемиді.

Турбинада шаршаған бу ПО (бу алымы) турбинаның  аралық  сатыларынан қорек білігін жылыту үшін қолданылады, қалған булар  турбинаның    қалған  сатыларынан  өтеді. Турбинада  толық  жұмыс  істеген  бу  ОП, конденсацияланатын  конденсаторға  15 түседі.

Соңғы бу турбинасында шаршаған бу 0,03-0,04 ат-ны құрайды. Мұндай  терең   вакуум   жұмысшы  буды  жиілетіп,  конденсатор турбасына  салқын айналма суды ЦВ  жіберіп  салқындату   конденсаторда  пайда  болып,  сақталады. Оған суды айналма сорғы арқылы 17 қандай да бір  су тоғаны-нан, өзеннен, көлшіктен алады.

Егер станция жанында су тоғаны болмаса, айналма судың   сол  көлемін арнайы ғимаратта салқындатады, оған  су салқындатқыш  қоймасы  (градирнада)  қайта   қолданады.

Шаршаған   бумен  бірге  кіретін  ауа бу  эжекторымен 16 жойылады. Конденсаторға түсетін жұмысшы  бу тіпті 0,04-0,03 ат соңғы  қысымында қолданылмаған жылу шамасына ие, көп бөлігі айналма  су  арқылы  жұтылады  және  су  тоғанына  тартылып  кетеді.

Турбина  конденсаторына  конденсат К конденсаттық  сорғы  арқылы 18 дэараторға 19 беріледі. Деаэратор қорек  судан  араласқан  газды ауа  оттегін  жою үшін қолданылады. Деаэраторда  қоректік су ПО бумен  турбинаның  бу аралық буымен  оның бойындағы  газдардың  бөліну  температурасына  дейін  қыздырылады. Деаэратордан қоректік су ПВ 20 қоректік сорғы арқылы  сорылады. Қазандыққа баратын қоректік  су бірнеше  су  жылытқыштар-дан  өтеді (сұлбада көрсетілген 21), онда су аралық турбина буы арқылы қыздырылады. Су қызғыштарға түсетін бу конденсацияланады. Конденсат КП  деаэраторға  беріледі.

Қазандық  қорегінің  жүйесіндегі  бу  шығынын  қалпына  келтіру  үшін деэраторға  19 қосымша су  қосылады ДВ, ол  арнайы  қондырғы  арқылы  22 қоректік  шикі  судан СВ арнайы  қондырғы  арқылы  тазартылады.

Жылулық  шығынынан  басқа  қазандық  агрегаттарда, бу  желісінде, турбиналарда  және  генераторларда   салқындатқыштардың  шығыны  болады. Барлық  шығынды ескере  бу  турбиналы  конденсациялық  станциялар  ПӘК әдетте  40 %-дан  аспайды. КЭС типті  станциялар  қасында  блок  генератор 14 трансформатормен 23 қосылу  сұлбасы  қолданылады. Өндірілген электр-энергия ЭЭ жоғарылатқыш  трансформаторға  барады  және  кернеуі  35 кВ және  одан   жоғары  жинақтағыш  шиналарға  барады, одан ары тарату желілері  қолданылады. Блоктық  сұлбада  әрбір турбоагрегатқа  жеке  қазандық  орнатылады, қорек  суы  бойынша әрбір  турбоагрегат  қазандық  буы бойынша байланыспайды (блоктар арасында  көлденең  байланыс болмайды).

КЭС-ті блок  принципінде  тұрғызғанда  электрстанцияларының  техно-логиялық  сұлбалары  қысқартылады,  резервті қондырғылар  қолданылмайды  немесе  қарастырылмайды, құрылыстық,  монтаждық  жұмыстар   көлемі  қыс-қартылады және электрстанцияның  ыңғайлы ұлғайтылуы  қарастырылады.

Қарастырылған  сұлба бойынша, негізгі  жағдайда, жергілікті  отында  электрэнергиядан   шалғай  тұтынушылары   үшін алып  райондық  электр-станциялар салынады. 

Осы барлық элементтердің  қалыпты жұмыс істеуіне себепті механизм-дер мен қондырғыларға өзіндік  мұқтаждық  деп  аталатын  жүйе  кіреді.