Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
shpor.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
160.49 Кб
Скачать

22 Орта ғасырдағы бухгалтерлік есептің дамуы

Ортағасырдағы бухгалтерлік есептің негізгі ерекшеліктерінің бірібухгалтерлік кәсіп пен осы сала бойынша арнайы әдебиеттердің пайда болуы.

Ежелгі Римдік бухгалтерияның, дәстүрлі Европалық бухгалтерияның дамуы үшін негіз болып табылады. Оны келесідегі бағытттардың дамуынан көруге болады: 1.Есептеу – ортағасырда ежелгі әлемдегідей жуықтар есептеу дәстүрі сақталды. Адамдар жүргізген шаруашылық құбылыстары мен оқиғаларды көп жағдайларда «көп-аз» деп бөліп есептеді. Бұл кезде күнделікті өмір үшін осы шарттар жеткілікті болды. Араб цифраларының енгізілуі мен таралуы, өлшейтін приборлардың п.б ж\е математикалық білімнің тереңдеуі әлемде нақтылық идеясының таралуына әкелді. 2.Есептің реттелуі. XVIII-IX басында жылына бір рет табыстар туралы есеп берудің талап етілгендігі туралы мәліметтер кездеседі, яғна шаруашылық шығындар мен кірістер есебі үшін жеке-жеке екі түрлі регистрлердің пайдаландығы. Ортағасырда саудалық құқық п.б. , яғни көпестер арасында құрылған соттар жазбаларға белгілі бір қатаң талаптар қойған олар қатарына мыналар жатады: Жүргізілген операцияларды тіркеуді күндері б\ша көрсету, Бухгалтелік кітаптардағы жазбалар арасында бос орындар болмауы керек, Әрбір шаруашылық операциясы б\ша оған рұқсат берілген құжаттың аты көрсетілуі керек, Құжаттардағы сандар әріптермен жазылуы қажет. 3.Сенімділік. Ортағасырларда ұзақ уақыттар бойы жазбашаға қарағанда ауызша куәлік ету сенімді деп санаған. Осындай көзқарас XIX ғасырға дейін сақталған. 4.Ақша қаражаттардың есебі. XIIIғ Батыс-Европада кассалық операциялардың есебін жүргізу. Нақты жүйе б\ша қалыптасты. Кассалық кітаптардың бірінші жартысында кіріс операцияларының есебі, ал екінші жартысында шығыс операцияларының еңбегі көрсетілген. Ал 1417-1513 ж ақша қаражаттарының кіріс ж\е шығыс операциялары келесідей реквезиттерге көрсете отырып көрсетілген: Күні, Жазбаша ж\е цифр түріндегі сомасы, Төлем жүргізудің негізі. 5.Каллация (өзара есеп айырысу ж\е контокорент). Сатушы мен сатып алушы арасындағы қарым қатынастар тақтай-биржалардың көмегімен рәсімделген. Онда төлем сомасы көрсетілген. Сатып алушыға квитанция берілген, егер 2 жарты бір біріне сәйкес келсе ғана жазбалардың дұрыстығына қол жеткізілген, осы әдіс ұйым ішінде құндылықтарды тіркеу үшін қолданылған. 6.Бақылау. Шаруашылық қызметтің дамуы есептік ақпараттардың сапасына мүліктердің сақталуына бақылау жасауды талап етті. Соның әсерінен Англияда бақылаушылар(аудиторлар) институты п.б. Ортағасырда лауазымды тұлғалардың көбі сауатсыз болғанна ауызша түсініктер алған. 7.Бағалау. Есеп жүргізудің бұл әдісі баға белгілеумен тікелей байланысты. Баға сауда саттық кезінде қалыптасты. Ортағасырда сауда саттық бөлу, тұтыну саласы ретінде қарастырылған. Сауда саттықтың мақсаты пайда алу емес, шығындарды жабу болды.Есептің басты мақсаты: тауарлар қозғалысынтіркеу болды. Есептік кітаптарда опер\ды тіркеу үшін бағалау қажет болды, ал баға нарықтың баға б\ша емес үкімет белгілеген белгіленген баға б\ша анықталды. 8.Кәсіби қызметтер көрсету. Онда тәуелсіз тұлғалар есеп сапасы б\ша ақылы түрде кәсіби қызметтер көрсете бастаған, олар арнайы ақы үшін шар\ң есебін жүргізуге көмектескен. 9.Есептік әдебиеттер. Ортағасырда БЕ саласы б\ша арнайы әдебиеттер п.б. бастады. Әдебиеттерде БЕ\ті жүргізген үшін келесідей талаптар қолданатындығы айтылған. Есептік жазбалар мұқият тексеру керек, Есептік ж\е натуралдық қалдықтарды салыстыру үшін жыл сайын түгендеу жұмыстарын жүргізу керек. Дебиторлық қарыздарға кезең б\ша түгендеу жұмыстарын жүргізу қажет

Сонымен ортағасырда екі негізгі бағыт қалыптасқан: комералды ж\е жай н\е коммерциялық

23 Алғашқы қауымдық құрылыстағы есеп. Есеп, оның техникасы әр уақытта есептік регистірлерге тәуелді болады. Регистірлер есеп техникасын көптеген ғасырларға осы есептік ойларға әсерін тигізді. Алғашқы сауда операциялары Шумерде тастарда б.э.д. 3600 жыл бұрын тіркелді. Б.з.д. 3200 жылд бастап бұл жерде саз кестелерде есеп жүргізу сөздік пайда болды. Бұл есептегі жүйелі тіркеудің көрінісі еді. Керісінше, ежелгі Египеттегі папирустар (б.э.д. 3400 – 2980жж) хрон-қ тіркеудің даму ына әсерін тигізді. Алғашқы түгендеу жұмыстары да Египетте пайда болды, мұнда әрбір екі жыл сайын жылжитын және жылжымайтын мүлікке түгендеу жүргізілді (дискретті түгендеу), кейін ол ағымдағы түгендеумен алмастырылды. Ежелгі Грецияда есеп гипспен ақталған тақтайшайларда жүрг. Тиын түріндегі ақшалар п б-нан бастап, келесі міндеттерді атқарады: есептің өзіндік объектісі 2) есептесу құралы. Шаруашылық өмірдің барлық факторларына хрон-лық жазулар жүргізілді, кейін рекапитуляция, яғни барлық жаруларды, опер-рды хронологиялық түрде жүйелі жазу. Сынақ төлемдер енгізіліп, төлем дерді басқа кассаларға аудару. Кезеңдік жарияланатын есеп те болды. Римде есептік регистрлердің кодекс-кітаптар түріндегі неғұрлым дамыған формалары кездеседі. Гректер регистірдің екі түрін қолданды деп болжанады: ефемеридтер (журналдар), трапецитика (шоттар кітабы – Бас кітап). Ежелгі Римдік бухгалтерияның есептік регистлер жүйесінің алғашқы кітап Adversaries болды, ол шаруашылық өмірдің фактілерін күнделікті жазуға арн болатын. Ол кітап кейін Мемориа лдық деп аталды. Тағы да екі кітапты (кодексті) атап өту керек, ол: Cоdex accepti et және Codex rationum domesticorum. Зерттеушілер бұл кодекстің 1-н журналмен, ал 2-н Бас кітаппен байл-ды. Ежелгі әлем есебі – бұл фактілердің есебі деп айтуға болады. Оның негізінде түгендеу мен мүлікті тікелей тіркеу жатыр. Уақыт өте жанама тіркеу пайда болды. Бухгалтерия ықтималды болып, түгендеу тек қана ақпараттардың реппрезентативтігін көрсететін болады. Алғашқы сауда операциялары б.з.д. 3200 жылы саз кестелерде (таблицаларда) тіркелді (бұл есептегі жүйелік тіркеуді алдын ала белгіледі). Ертедегі Мысырдағы (Египеттегі) папирустар хронологиялық тіркеудің дамуына жол ашты. Осыдан бес мың жыл бұрын есеп жүргізу үшін піл сүйегінен жасалған кестелер қолданылды. Ерте замандағы Үндістанда сапты аяқтар шот-регистр ретінде пайдаланылды, оларға уақ тастар - бастапқы құжаттар (картотека бейнесі тәрізді) салынатын. Греция мен Римде балауыз кестелер, мыс тақталар, кенеп, пергамент (май мен ылғал өткізбейтін жылтыр қағаз), папирус пайдаланылды. Галияда керамикалық тас тақталар мен қыш сынықтары, Перуде жіптер қолданылды. Кейіннен кодекс-кітаптар пайда болды. Қытайда бухгалтерлік есепті жүргізудің елеулі ерекшеліктеріне 8000 жыл толды. Адамзат тарихындағы бірінші рет ірі еңбек бөлінісі - жалпы жер иеленушілер қауымынан мал бағушылардың бөлініп шығуы - тұрақты сипатқа ие болған шын мәніндегі экономикалық айырбасты тудырды. Адамзат тарихында екінші ірі еңбек бөлінісі - айырбасты одан сайын дамытуға жағдай жасады. Өнімнің біраз бөлігі ең алдымен айырбас үшін өндіріле бастады, яғни тауарға айналды. Мұның бәрі айырбастың баламалығы ұғымын қалыптастыруға және құн өлшемінің пайда болуына мүмкіндік берді. Үшінші ірі еңбек бөлінісі - көпестер тобы бөлініп шыққанда болды. Сауда айқын қоғамдық сипатқа ие болғандықтан, шаруашылық қызмет деректерін бейнелейтін бухгалтерлік теорияның пайда болуы мен дамуына жол ашты.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]