Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
shpor.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
160 Кб
Скачать

2. Ежелгі Египеттегі есеп

Ежелгі Египеттегі есептеу жүйесі экономиканы орталықтан басқару жүйесінің бір бөлігі болып табылды. Жиналған астықтар малдар, мүліктер ең алдымен орталық қоймаларға өткізілген. Содан кейін олар шаруалар бойынша қайтадан бөлінген. Әрбір кезең қатаң түрде бақыланған. Сондықтан да үй шаруашылығында есептермен бірге жалпы мемлекеттік есеп пайда болды. Ежелгі Египетте құжат ретінде ағаштар, папирустар пайдаланылған. Ол кезде есепті ұйымдастыру арнайы түрде реттелмегендіктен құжаттардағы жазбалар жүргізілген операцияларды жеткілікті түрде дәлелдей алмайды. Сондықтан да құжаттармен бірге куәгерлердің ауызша түсініктері қолданылған. Арифметикалық есептерді жылдамдату үшін арнайы жабдық «абак» жасалған. Абак – тастар салынатын бақпақтан жасалған арнайы қуыстары бар ежелгі Египеттегі есептің бір ерекшелігі жұмысшыларға берілетін азық-түліктерге өнімдерді жасауға жұмсалатын шикізаттардың нормасы белгіленген.

Нормалау – қоғамның барлық негізгі ресурстарын қамтиды.

Египеттегі есептің негізгі формасы әр түрлі объектілердің тізімін жүргізетін тізімдемелер деп айтамыз. Тізімдемені жүйеліктің алғашқы белгісі деп санауға болады. Содан кейін топтастырылуы туралы мәліметтер кездеседі.

Тізімдер тұрақты сипатқа ие болып бүгінгі күнде қолданылады. Ежелгі Египеттегі негізгі есеп объектісі жер және оны пайдалану болып табылды. Жерлерді әр түрлі категориялары және жер иелері бойынша бөліп жазбаған.

Египеттің басты байлығы – астық болғандықтан ақша эквиваленттілігі ретінде болған, яғни айналыста болған.

Египетте санақтарды жүргізіліп отырған, сондықтан унитарлы есептің жақсы дамығандығы туралы жазуға болады.

1) Шаруашылық ресурстарыңың әрбір түрлерінің есебі жеке жүргізілген. Бұндай есеп қоймалық есепті жүргізумен және жауапты тұлғалардың міндеттерін тексеріп отырумен байланысты болған.

2)Есеп объектілерін белгілі топтар бойынша жіктеу. Есептің бұл түрі объектілерді натуралды бірлік түрінде жалпылауды көрсетті. Бұл кезде құндық есеп дамымады.

Инвентарлық есеп – шаруашылықтағы жеке түрде ұйымдастыруды жедел түрде басқаруды қиындатты. Натуралды түрде жүргізілген есептің негізгі мақсаты: мемлекеттің ресурстарын анықтау және оларды бөлу деп анықталды. Есеп мәліметтердің жариялануы туралы мәліметтер кездеседі.

3. Ежелгі Грециядағы есеп

Есепке алу көбінесе гипспен ақталған тақтайшаларда жүргізілді, папирусты кейде қолданған, бірақ ол өте қымбат болды. Греция бірінші есептік құрал «абаканың» алғашқы отаны болды. Грецияда алғашқы рет монеталар пайда болды. Монеталарды былай бөлді: бастапқыда оларды металл және салмақ бойынша қалаған, сонан соң монеталардың түрлері бойынша, сосын сатып алу құны бойынша. Гректер ұрлықты тек материалдық зиян ретінде қараған.Олар мемлекетке заттық жауапты тұлғаларда жеткіліксіз болғаны тиімді болды: адам драхманы ұрласа, мемлекет 10 драхманы айыппұл ретінде алады. Дегенмен ысырапшыда алатыр нарсе болу керек, сондықтан материалды жауапкершілігі бар қызметке ірі кепілдік енгізе алатын немесе ықпалды кепілшілерді ұсына алатын тек бай адамдар белгіленген. Қаржы бақылауы Афинысында түгендеулердi өткiзу он тұрғынмен елеп-екшелетiн функциясында барлық мемлекеттiк табыстар және шығындардың есепке алуы кiретiн тұлғалардың қолдарындағы храм дүниесiнiң есепке алуы жылжымайтын жылжитын болды дүниелер. Афинада қаржылық бақылау он тұрғындармен таңдалған тұлғаларда болған. Олар мемлекеттің барлық шығыстары мен кірістерін есепке алу, храм мүлкінің есебі, жылжитын және жыжымайтын мүліктерге түгендеу өткізу сияқты қызметтерді атқарған.

Спартада коллация дамыған.

Мемлекеттік шаруашылықта тек түсу және ақшалай қазыналарды беру айғақтары тіркелді, бұл жерде басқа кассаларға есепке алынатын төлеулер және төлемдердің аударымдары да кездесті.

Ақшаларды сақтау өзіндік болды. Табыстардың әрбір түріне, әріптік индекс тағайындалған, жеке құман ашылған, Нақты шығындарға тек қатаң белгілінген құманнан ақша алуға болады. Міне қызық жері: Кассаның кілті бір шенеулікте болды, ал құжаттама сақталатын бөлменің кілті – басқа шенеулікте болған, және де кілттермен ауысуға рұқсат етілмеген.

Салықтарды есепке алу қызықты. Төлемдер туралы құжаттар мерзімдер бойынша жіктеліп сақталған. Ақша алып жатып, шенеуліктер, төлеушілерді өшірді және мерзімі өткен төлемдер мен төлемеушілер туралы мәліметтер бар тізімді қайтарды. Осылайша Грецияда сызықты жазба пайда болады.

Есептеу нәтижелері қатал мерзімді болды, олар тексерістен өтті және оларға басында мынадай талап қойылды: мемлекеттік шенеуліктер бастапқы құжаттар бойынша параллельді есептеу қорытындыларын құрды және оларды салыстырды. Есеп беру Афинада ашық сипатта болды. Шіркеулерде, мемлекеттік мекемелердің есептеу қорытындылары мәрмәр немесе қола тақтайларға жазылды және халық жиналысында, шіркеулердің дуалдарында, жолдар бойында көрмеге қойылды.

Жекеше кәсіпорындардан ең алдымен банктер ерекше болды. Бұл жерде ақша қозғалысы бастапқы құжаттармен пісіп жетті. Олар хронологиялық тәртіп бойынша журналдарға (эфемерис) жазылды. Жазбаға күнді, ақша алушыны, төлеу себебін, алушының ұйғарымы бойынша банк төлеу соманы берген тұлғаның атын қосты. Банк шаруашылығындағы жүйелі жазба тек қана қандай да бір клиентпен есептеулердің күйін айқындауға керек болса ғана іске асатын болған.

Атақты Грецияның философтары есепке мән берген. Аристотель «Политика» еңбегінде есептік және бақылау функцияларын бөліп тастады. Бұл жаңа қадам еді: тексеруші бас бухгалтермен тең құқықты және одан тәуелсіз.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]