Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
shpor.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
160.49 Кб
Скачать

55. Шетелдердегі бухгалтерлік есеп (20-ғасыр)

І. Германиядағы бухгалтерлік есеп ХХ ғасырдағы неміс ғалымдарының зерттеу обьектісі «бухгалтерлік баланс» болды. Балансқа зерттеу жүргізе отырып, басқа да есептік категориялар зерттелді. Неміс мектебінің өкілдері балансты екі түрге бөлді: Статикалық және Динамикалық. Статикалық баланс - белгілі бір күнге ұйымның шаруашылық қаражаттарының жағдайын, олардың өзгеру себептерін және ұйымның қаржылық жағдайын сипаттайды. Динамикалық баланс - бұл ұйымның өткен жұмыстарының қорытындысы және ұйымның қаржылық нәтижесін көрсетеді. Статикалық баланс - болашаққа; Динамикалық баланс - өткен шаққа негізделеді. ХХ ғасырдағы Франциядағы бухгалтерлік есеп екі бағыт бойынша дамыды:Заңнамалық және Экономикалық. Заңнамалық бағыттың өкілдері Г.Фор; П.Гарнье; М. Саватье; Фор: «Бухгалтерлік есеп - бұл шаруашылықтың субьектілері жүргізілген шаруашылық құбылыстарын тіркеу әдісі туралы ғылым»деді. Гарнье: Барлық шаруашылық операцияларын 3 түрге бөлді:Заңнамалық операция, Экономикалық операция, Материалдық операция. Ол шотты екі топқа бөлді: Баланстық (актив, пассив), Басқарушылық (шығын, кіріс). Ол: «Бухгалтер дегеніміз - өзінен кейінгі адамдар үшін жұмыс істейді, яғни ол мәліметтерді талдайтын және пайдаланатын әкімшілік үшін қызмет етеді». Саватье танымал француздық заңгер болды. Ол бухгалтерлер мүліктермен емес, мүліктерге деген құқықпен жұмыс істейді. Экономикалық бағыт өкілдері төрт мектепті құрады: 1.Есепті «капитал» түсінігімен байланыстыратын мектеп. 2.Бухгалтерлік есепті құн категориясымен байланыстырды. 3.Бухгалтерлік есеп жүргізілген шаруашылық операцияларын байланыстырды. 4.Бухгалтерлік есепті «ұйым» түсінігімен байланыстырды. ХХ ғасырда АҚШта есеп теориясының ғылым ретіндегі негізін қалаған Ч.Шпруг. Ол алғашқылардың бірі болып университетте «бухгалтерлік есеп курстарын» жан жақты оқытқан. ХХ ғасырда американдық бухгалтерияның қол жеткізген табыстарының бірі бухгалтерлік пайда және экономикалық пайда деген түсініктерді бөліп қарастыруы болды.Олар бухгалтерлік есеп есептелінген пайда шаруашылықтарының қызметтің нақты нәтижесін көрсетпейтіндігін түсіндірді.Бухгалтерлік пайда - тауарлар мен қызметтерді сату нәтижесінде анықталады.Экономикалық пайда - капитал қозғалысының нәтижесі.ХХ ғасырда АҚШтағы бухгалтерлік есепті ұйымдастырудағы жетістіктің бірі- қаржылық есеп және басқарушылық есеп. Қаржылық есеп - жүргізілген шаруашылық операцияларын шоттарда тіркеу үшін жүргізілетін есеп. Бұл мәліметтер құпия болып саналмайды, сондықтан да арнайы есеп түрінде жарияланады. Басқарушылық есеп - «өндірістік есеп» деп аталады. Өзіндік құнды калькуляциялау және шығындарды есептеу үшін жүргізілетін есеп. Басқарушылық есепті американдық бухгалтер Роберт Антони енгізген және осы мәселе бойынша көптеген зерттеу жұмыстарын жүргізген.

Ол: «Басқарушылық есеп ұйымды басқару үшін қажетті ақпараттарды жасайды» деген.

Ұйымдағы бухгалтерлік есеп құрылымының келесідей бөлімдері пайда болды:Жоспарлау, Қаржылық, Материалдық, Өндірістік.ХХ ғасырда АҚШта шығындар есебіне көп көңіл бөлінді. Американдық бухгалтерлер шығындар есебінің 4 негізгі әдісін қалыптастырды: Стандарт кост, Директ костинг, Жауапкершілік орталықтары, АВС әдісі.

56. 20-ғасыр соңындағы бухгалтерлік есепті реформалау себептері бухгалтерлік есеп жүйесінің дамуын мынадай кезеңдерге бөлуге болады: Мүліктілік (пайда болған сәттен бастап XIII ғасырға дейін). Тек қана тауарлар, жабдықтар (таразылар, гирьлер, сөрелер және тағы басқа) есепке алынды. Интегралды (XIII – XVII ғасырлар) – есепте ақшалай өлшем қолдана бастады. Әуелі монетаның сан түрі сол жердегі кең таралған монетаның біріне аударылатын коэффициентке қайта есептеліп, содан соң тауарлар да тек қана заттық қана емес, ақшалай өлшеуішпен де есептеле бастады. Осылайша сесптің екі: заттай және ақшалай сызбасы бөлініп шықты. Осы кезеңде екі жақты жазу пайда болды.

Синтетикалық (XVII – XIXғ). Есеп обьектілерінің көптігі, тауарлық номенклатураны саралау (дифференциация), шар-ық қызметі көлемінің өсуі синтетикалық жне талдамалы деп бөледі. Осының арқасында шаруашылық қызметті талдауға жағдайлар жасалды. Есеп сызбасының (схема) үштен бір бөлігі – тауарлар ақшалай өлшеммен ескерілетін құндық (соманың) есебі пб

Методологиялық (XIX ғасырдың бірінші жартысы). Бухгалтерлік есептің негізінде тек тауарлар мен ақша ғана жатпай, меншік иесі мен материалды жағынан жауапты тұлғалар арасындағы құқықтық қатынастар да болатынын жете түсінді.

Коллациондық (XIX ғ ортасы). Мамандар шаруашылық процеске (коллация – бөліске түсетін мүлік, статистикалық мәлімет) қатынасын тұлғалардың іс-әрекетін өзара бақылайтын есептік тәсілдер жасай бастады. Бір желі арқылы өзара байланысқан дәйектерді тіркеуді қарастыратын желілік жазба п б

Механикалық (XIX ғ соңы). Механизацияның, әсіресе кассалық аппараттардың пайда болуы коллацияны қарапайымдандырады және есеп қызметкерінің еңбек өнімділігін арттырады.

Жалпы алғанда Қазақстанда бухгалтерлік есеп 1995 жылғы «бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп-қисап туралы» заңның (2004 жылғы соңғы оқылымдағы «бухгалтерлік есеп туралы» заң) қағидаларымен реттеліп келді. «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп-қисап туралы» заңмен халықаралық қаржылық есеп-қисап стандарттарына сәйкес қаржылық есеп-қисап жасау қаржылық ұйымдар үшін-2003 жылғы 1-ші қаңтардан бастап, акционерлік қоғамдар үшін-2005 жылғы 1-ші қаңтардан бастап белгіленген. ХҚЕС көшуге белгіленген мерзімдерге дейін ұйымдар қаржылық есеп-қисап жасауды уәкілетті мемлкетттік орган бекіткен қазақстандық бухгалтерлік есеп стандарттарына (ҚСБУ) сәйкс жүзеге асырып келді. Алайда, «бухгалтерлік есеп туралы» заңға сәйкес, бұрын ҚСБУ қолданған кәсіпорындар 2006 жылғы 1-ші қаңтардан бастап ХҚЕС сәйкес қаржылық есеп-қисап жасауға көшуге тиіс( акционерлік қоғамдар ХҚЕС қолдануға 2005 жылғы 1-ші қаңтардан бастап көшуге тиіс болатын).

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]