Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
shpor.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
160.49 Кб
Скачать

53. Бухгалтерлік есептің дамуына үлес қосқан отандық ғалымдардың өмірбаяны және еңбектері (Бутин м.Е., Радостовец в.К., Сатубалдин с.С., Нарибаев к.Н., Дюсембаев к.Ш. Және т.Б.)

Мәжікен Есенұлы Бутин (1910-1974) – ғалым, экономика ғылымының докторы, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген экономисі.Ленинград тұтыну кооперациясы институтын, Мәскеу экономика және тауартану институтының аспирантурасын бітірген.

Ғылыми зерттеу жұмыстарының негізгі бағыты бухгалтерлік есеп, экономика талдау салаларының теориялық, практикалық негіздері. Бутин, әсіресе бухгалтерлік есеп саласының республикада орнығуына бухгалтер мамандар даярлауға үлкен үлес қосты. Еңбектер: «Бухгалтерлік есеп және бухгалтерлік сараптау», «Қазақстан тамақ өнерксібінің экономикасы».

Владимир Константинович Радостовец (196-1988)экономика ғылымының докторы, профессор, ҚР ғылымы мен техникасына еңбек сіңірген қайраткер, аудиторлар палатасының құрметті мүшесі. Еңбектері: «Коллективный подряд: организация, учет, контроль», «Трудовой коллектив: демократизация управления производством», «Общественные фонды потребления», «Встречное планирование: теория и практика» және т.б.

Сатыбалдин Сағындық Сатыбалдыұлы (1937 ж туылған) экономист, қоғам қайраткері, экономика ғылымдарының докторы, Қазақстан ҰҒА академигі (2003). Ғылыми зерттеулерінің негізгі бағыты бухгалтерлік есеп пен аудиттің халықаралық стандарттары, өнеркәсіпте нарықтық тетіктерді қалыптастыру.

Еңбектері: «Экономика және өмір», «Учетные системы», «Қазақстан тұтынушылар одағы», «Қазақстан ғасырлар асуында» жне т.б

Нәрібаев Көпжасар Нәрібайұлы (1938 ж туылған) экономист, ғалым, мемлекет және қоғам қайраткері, экономика ғылымының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі, Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым және техника қайраткері.

Еңбектері: «Есеп жұмыстарын механикаландыру», «Организация и методология бухгалтерского учета в условиях АСУ», «Международные экономические отношения»

Дүйсенбаев Кәкім Шаяхметұлы (1939 ж туылған) экономика ғылымының докторы, профессор. Дүйсенбаев 118 ғылыми еңбектің, 8 монографияның авторы. Еңбектері: «Қаржылық есептемесінің аудиті мен талдауы», «Қаржы басқару жүйесіндегі аудит пен талдау», «Аудит теориясы».

54 ХХІ ғасырдағы Бухгалтерлік есеп теориясыны БЕзаңды тұлғалардың қорлары мен қор көздерін және қаржы айналысын, шаруашылық операцияларының мазмұнын нақты құжаттар негізінде үздіксіз және өзара байланысын сақтай отырып, арнайы өлшеу бірлігімен тіркеп отыру. Бухгалтерлік есеп жүргізу құжаттау мен түгелдеу, есепшоттар мен екіжақты жазу, бағалау мен өзіндік құн шығару, баланс пен қорытынды есеп әдістеріне негізделген. 1997 жылдан бастап Қазақстанда Бухгалтерлік есеп халықар. стандарт жүйесіне көшірілді. Бухгалтерлік стандарт — есеп көрсеткіштерін арнайы ережелерге сай бағалау, өлшеу және шаруашылық операцияларының маңызын анықтау мен ажырату тәртібі. Халықар. стандартқа сай, БЕ қаржы және басқарушы есеп салаларынан тұрады. Қаржы есебі қаржы салымшылары мен несие берушілер, заңды тұлғалардың дамуына үлес қосушылар, шетелдік инвесторлар, т.б. үшін жүргізіледі. Басқарушы есеп заңды тұлғалардың өз ішінде басқару жүйесін жетілдіру, ішкі резерв қорларын табу, оны іске қосу мақсатында жүргізіледі. ҚР заңды тұлғалар жыл сайын аталмыш есеп салаларына қосымша өз кәсіпорнының есеп саясатын, оны жүргізудің принциптерін, қолданылатын есепшоттар жүйесінің тізімін жасап, бекітіп, арнайы орындарға тапсырып отырады. Тиісті заң актілері мен нормативтік материалдардың және есеп стандарттарының талабына сай, Бухгалтерлік есеп объектілерінде қолданылатын бірнеше әдістер ішінен заңды тұлғалардың өзіне ыңғайлы жолын таңдап алуы есеп саясатын көрсетсе, кең көлемде қолданылатын Бухгалтерлік есепке тән ережелер жүйесі есеп принципіне жатады. Бухгалтерлік есеп жүргізудегі басты құрал — есепшоттар жүйесі. Бухгалтерлік есеп көрсеткіштері (мәліметтері) бухгалтерлік баланс жасау арқылы қорытындыланады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]