Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
shpor.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
160.49 Кб
Скачать

45 Лука Пачолидің «Шоттар және жазбалар туралы трактаты» атты еңбегінің Батыс Еуропадағы есептің даму эволюциясына әсері

Л. Пачоли (1445-1517) әлемдік аты бар математик, эмбебап білімдері бар адам .Пьеро Франческа мен Баттист Альбертидің окушысы болған, Леонардо до Винчидің досы мен ұстазы болган. Пачолиге атак II - трактаттагы шоттар мен жазбалар туралы кол жазбасын шыгарган соң келді. 'Грактат: «Арифметика, геометрия сомалары, пропорциялар мен катынастар туралы білімдер» 1494 жыл. Бүл трактат көптеген тілдерге аударылды.

XVIII ғасырдан бастап XIX ғасырдың ортасына дейін екіжақты бухгалтерия ұлттық шаруашылықтың бір саласынан екінші саласын, бір елден кейін екінші елді жаулап алады. Оның жетістігінің шешуші кезеңі 1494 жылы ұлы итальян математигі Лука Пачолидің «Арифметика, геометрия соммасы, пропорциялар мен қатынастар туралы ілімі» атты кітабының шағуымен қатар келеді. Ондағы «Шоттар мен жазулар туралы трактаты» атты трактатында екіжақты бухгалтерияның сауда кәсіпорынының практикасына қолданысы кеңінен сипатталған. Бұл кітап кейінгі есептік ойлардың дамуына үлкен ықпалын тигізді.

Лука Пачоли өзінің «Шоттар мен жазулар» туралы трактатында, шаруашылық операцияларын, тіркеу және кітаптарды жүргізу жөніндегі орын алған әдістерді, мемориалды «естелік кітаптар» және «журналдары». Басты кітапты, көшірмелері түскен кітаптар, жазылған хаттар және меншік иесі мүліктің тізімі толық түскен мүліктік кітаптардағы жазуларды талдай келе екі жақтылық жазуды жазып, мұның негізінде сөзсіз тиімді шоттар мен кітаптар құруға болатын дәлелдейді.

Лука Пачоли өзінің «Шоттар жэне жазулар туралы» трактатында шаруашылык операпияларын тіркеу және кітаптарды жүргізу женіндегі орын алған әдістерді ,мемориялдарды (естелік кітаптар), журналдарды, бас кітапты, кошірмелері түскен кітаптар, жазылған хаттар жэне меншік иесі муліктерінің тізімі толык гүскен мүліктік кітаптардағы жазуларды талдай келе екі жактылык заңдылыкты жазып,: мұның негізінде созсіз тиімді шоттар мен кітатар кұруға болатындығын дәлелдеген. Лука Пачоли математика мен бухгалтерлік есеп тарихына жер жүзінде екі жақтылық принциптің негізін кағазға түсіріп жазған ғалым ретінде танылды. Алайда кейбір тарихи деректерге сүйенсек көптеген ғалымдардың келісілген тұжырымына карағанда бухгалтерлік есептегі екі жактылык жазу Лука Пачолидің жазган трактатынан бурын едәуір ертеректе пайда болса керек. Мұның дәлелі регінде бельгиялык тарихшы Раймонда де Рувераның «Как возникла двойная бухгалтерия (1958 жыл)» атты еңбегінде жазған бух-к есеп тарихына тән флорентикалык есеп варианты жөнінде келтірген мэліметтерін айтуга болады. Л. Пачоли (1445-1517) әлемдік аты бар математик, эмбебап білімдері бар адам .Пьеро Франческа мен Баттист Альбертидің окушысы болған, Леонардо до Винчидің досы мен ұстазы болган. Пачолиге атак II - трактаттагы шоттар мен жазбалар туралы кол жазбасын шыгарган соң келді. 'Грактат: «Арифметика, геометрия сомалары, пропорциялар мен катынастар туралы білімдер» 1494 жыл. Бүл трактат көптеген тілдерге аударылды.

46. Бухгалтерлік есептегі бағалаудың орны. Бағалау есеп жүргізудің бұл әдісі баға белгілеумен тікелей б/ты. Баға сауда- саттық кезінде қалыптасты. Орта ғасы/да сауда- саттық бөлу, тұтыну саласы ретінде қарастырылған. Сауда- саттықтың мақсаты- пайда алу емес, шығындарды жабу болды. Есептін басты мақсаты тауар қозғалысын тіркеу болды. Есптік кітаптарда операцияларды тіркеу үшін бағалау қажет болды. Ал баға нарықтың баға б/ша емес үкімет белгілеген баға б/ша анықталады. Орта ғас/да қоғам әділетті баға үшін күресті. Сол кезде заттарда өзінің құнынан қымбат не арзанға сату әділетсіз деп саналды. Ал әділетті баға деп өзіндік баға сатушыға күн көрісті қамтамасыз ететін үстеме баға деп көрсетілген. Бағалау экономикада — материалдық игіліктердің құнын анықтау мақсатында жүзеге асырылатын іс-әрекеттердің жиынтығы. Бағалар экономикалық сипатына қарай номиналды, реалды және оптималды болып, ал қолданылатын обьектісіне қарай жекешелендіруге ұсынылған объектілерді Бағалар, негізгі қорды Бағалар, шаруашылық қорларын бағалар, жылжымайтын мүліктерді Бағалар, т.б. түрлерге бөлінеді. Номиналды Бағалау — инфляцияны есепке алмай бағаланған экономикалық сандық көрсеткіш. Реальды Бағалау — инфляцияның болжалды шегін ескере отырып бағалау. Оптималды Бағалау — дамудың оптималды бағдарламасын жасау құралдары. Ол әкімш. шешімдер қабылдауда басшылыққа алынады. Оптималды Бағалау белгілі бір ресурс қорының бастапқы қалпымен салыстырғанда қаншалықты өзгеріп (көбейіп не азайып) отыруының оптималды өзгерісін көрсетеді. Мұның нәтижесінде қолда бар ресурстарды (еңбек, өндірістік, табиғи т. с.с.) тиімді пайдалануға болады. Жекешелендіруге ұсынылған объектілерді Бағалау — мүлікті аукционда сату кезінде бастапқы бағасын белгілеу немесе кәсіпорын акционерлік қоғам болып қайта құрылған жағдайда оның жарғылық қор көлемін анықтау. Кәсіпорынның мүлкі бухгалтерлік баланс мәліметтеріне, тікелей түгелдеу негізіне сүйеніп бағаланады. Бағаланғалы отырған мүліктің құрамына негізгі қор мен салымдар, ақшалай қаражат пен басқа да қаржылық активтер кіреді. Негізгі қорды Бағалау — негізгі қордың құнын анықтауға бағытталған әдістер жүйесі. Негізгі қор іске қосылу мерзіміне қарай әр түрлі бағаланады. Ол мынандай түрлерді қамтиды: 1) толық алғашқы құн — жаңа іске қосылған негізгі қор құны. Оған ғимаратты жабдықтау, құрылғыларды жеткізу, орнату және қосуға жұмсалған шығындар да енеді; 2) тозбасы шығарылған бастапқы құн — негізгі қор құнының өндірілген өнімге ауыспаған бір бөлігі; 3) толық қалпына келтіру құны — негізгі қорды қайта бағалау кезіндегі нақты жағдайларды: көтерме баға, транспортқа қойылған тарифтер, құрылыстың сметалық бағасын ескере отырып анықталған құн; 4) тозбасы шығарылған қалпына келтіру құны — негізгі қордың өнімге ауыспаған нақты құны. Ол негізгі қорды қайта бағалау кезіндегі мәліметтер негізінде анықталады. *Шаруашылық қорын Бағалау — табиғи көрсеткіштерді ақшаға шағып көрсету тәсілдері. Ол бухгалтерлік есеп жүргізуде қолданылады. Жылжымайтын мүліктерді Бағалау — жылжымайтын мүліктерді сатып алу, сату процесінде олардың нарықтық құнын анықтау үшін қолданылатын іс-әрекеттер жиынтығы. Жылжымайтын мүліктерді Бағалауда мынадай талаптар: тұтынушының көзқарасына негізделген талаптар, жерге қатысты немесе оған орналасқан өндірістік қуаттар мен үй құрылыстарына байланысты талаптар, нарықтық ортаның қалыптасуынан туындайтын талаптар және мүлікті өте тиімді пайдалануға негізделген талаптар басшылыққа алынады.

47. Бухгалтерлік есептің дамуына үлес қосқан ғалымдардың еңбектері (Ж. Савари, Артур Кейли, Б. Катрульи және т.б.). Бухгалтерлік есеп ғылым ретінде сауданың арқасында шықты. Осылайша, 1458 жылы көпес Катрульидің «сауда ж/е нағыз көпес туралы ілімі», бірінші кітабында бухгалтерлік есптің ғылым ретінде пайда болып, қалыптасуы қарастырылды. Бенедетто Катрульи Рагузадан шыққан көпес 1458 жылы жазылған «Сауда ж/е жетілдірілген көпестер туралы» қолжазбаның авторы. Оны Патризи 115 жыл өткен соң 1570 жылы түзетіп басып шығарды. Осы кітаптың екінші басылымы 1602 жылы, ал 3-ші басылымы 1990 жылы басылып шығарылды. Лука Пачолиден кейінгі көрнекті автор- Жак Савари (1622-1690). Ол «нағыз көпестер туралы» жұмысын жариялады, шоттарды аналитикалық ж/е синтетикалық деп бөлді, сауда калькуляциясын түсіндірді. Жак Савари- француз экономисті, саудалық буржуазияның идеологы. Кольбермен 1673 шығарылған саудалық кодекстiң құрастырушылардың бiрі. Өзінің 17ғ өзінде кең атақ алған «Совершенный негоциант» шығармасында (1675) бухгалтерлік есеп- бұл жеке кәсiпорынды басқару туралы ғылымның құрама бөлiгi деп айтқан. Лука Пачолидің еңбектерінен кейінгі ғылымдағы ілгері қадам оның негізгі және қосалқы кітаптарды жүргізу қажеттілігін ұсыну болып табылады. Осылайша,Жак Савари бухгалтерлік есептегі негізгі түсінікті қалыптастырды: шоттар мен түгендеулерді синтетикалық және аналитикалық деп бөлу. Артур Кейли (1821-1895), ағылшын математигі.1821 жылы Ричмондта туылды, бірақ әкесі көпес болып істеген Петербургта өсті. 1842 жылы өзі оқыған Кембридж университетінің Тринити-коллеждінде кеңес мүшесі болды. Өзінің алғашқы жұмыстарын 1841 жылы «Кембридж журналында» жариялады. 1843 мамандығын ауыстырып Лондонда адвокат болып жұмыс істеді. 20 жыл бойы адвокат жұмысымен қатар математика саласында да жұмыс істеді. 1863 жылы Кембридж университетінде математика кафедрасының меңгерушісі болды, ол жерде 30 жыл бойы мұғалім болды. Оның математика салсына байланысты 200ден астам жұмыстары бар.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]