Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
shpor.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
160.49 Кб
Скачать

43.Калькуляция, оның пайда болу және даму тарихы

Калькуляция-өнім,жұмыс,және көрсетілген қызмет бірліктерінің өзіндік құнын есептеу.Ол кәсіпорын жұмысына оперативті басшылық жасау үшін өте маңызды.Өйткені ішкі резервтерді уақытылы ашуға және өнімнің өзіндік құнын одан әрі түсіндіруге,оның бәсекеге қабілеттілігін артыруға мүмкіндік береді.К-я өнімнің өзіндік құнын жоспарлауда және оған нарықтағы сұранысты есепке ала отырып,жұмысқа,көрсетілетін қызметкке негізді баға белгілеуге қолданылады.Қазіргі заманға экономикалық әдебиет калькуляциялауды өнімнің жеке түрлері бірліктерінің өзіндік құнын эк-қ есептеу жүйесі деп белгілейді. К-дың міндеті-шығындардың оның көтеруші бірліктерге, яғни өткізуге,сондай-ақ ішкі тұтынуға арналған өнімнің бірлігіне қанша болатынын есептеу.К-дың түпкілікті нәтижесі к-ны ұсыну.Өнімнің,жұмыстың және көрсетілген қызметтің өзіндік құнын к-дың әртүрлі түрін айқындайды.К-ды жасау мерзімі:алдын ала және кейінгі болып 2 бөлінеді.АЛдын ала жасалатын к-я өнімді шығырғанға дейін өндіріске қажетті деңгейдегі шығындардың мөлшерін тапшылайды,оған жоспарлы,сметалық және нормативтік к-я жатады.Жоспарлы к-я –еңбек шығындарының озық және одан әрі техникалық өрлеуді,өндіріс пен еңбекті ұйымдастыруды жақсартуды көрсететін өндіріс құралдары негізінде жоспарланатын кезеңге арналып жасалады.Сметалық к-я – бұл жоспарлы к-ның бір түрі ол жоспарланған және жаңадан көрсетілген бұйымның негізінде жасалады.Оны бір рет шығатын бұйымға және жұмысқа,тапсырыс берушілермен есептесу,баға белгілеу және басқа мақсаттар үшін жасайды.Нормативтік к-я -ағымдағы жоспарлы к-ның бір түрі.Бұл әдіс шығындарды есептеудің нормативтік әдісін және ұйымның өзінде пайдаланып жүрген өнімнің өзіндік құнының к-сын қолданады.Оның негізінде қол жеткен шығындар деңгейін сипаттайтын ағымдағы және әрекет етіп тұрған нормаларды пайдаланады.Жобалық к-я – келешектік к-ның бір түрі,олар күрделі қаржының,жаңа техниканың және технологияның тиімділігін анықтау үшін қолданылады.К-я тәсілі- к-лық бірліктің өзіндік құнын есептеп шығару үшін қолданылатын әдістер жүйесі.Шығынды есептеу мен к-ялау тәсілдерін белгі б-ша топтастыруға болады.Шығын есебі объектілері б-ша: процестік, бөлістік,тапсырыстық.К-дың процестік тәсілі.Өзіндік құнды к-дың процестік жүйесі біртекті н-е шамамен ұқсас,бірдей өнімді сериялап және жаппай өндіретін не болмаса үздіксіз өндірістік циклі бар өндірісте қолданылады.Процестік тәсіл көбіне өнеркәсіптің кен өндіруші энергетика салаларында қолданылады. К-ның бөлістік тәсілі.Бұл кеңінен тараған.Ол технологиялық процестің жеке сатыларында бастапқы шикізатты қайта өңдеу жолымен өнім алатын барлық кәсіпорында қолданылады.

К-дың тапсырыстық тәсілі.Бұл тәсіл бұйымға,жеке жұмысқа н-е көрсетілген қызметке ашылған өндірістік тапсырыстың к-дың объектісі болып шығыуына байланысты аталды.Нақты өзіндік құн тапсырыс аяқталған соң анықталады,бұған дейін барлық шығындар бітпеген өндірісті құрайды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]