
- •1. Геодезия пәні, оның мақсаты.
- •3.Кеңістіктік координаталар жүйелері
- •4. Горизонтальдардың қасиеті
- •5.План туралы түсінік
- •6.Тірек торлар туралы түсінік
- •7.Бұрыштық өлшемдер
- •8.Меридиан немесе географиялық меридиан
- •9.Масштабтар, олардың түрлері
- •10. Картадағы нүктелердің координаталарын анықтау
- •11.Өлшеу түрлері
- •18.Геодезия тарихына қысқаша мәлімет
- •19. Румбылар.Дирекциялық бұрыштар
- •21.Нивелирлеу және оның түрлері
- •2 3.Ж ердің пішіні мен мөлшері
- •25.Проекция әдісі
- •26. Ситуация дегеніміз-
- •27.Нүктелердің биіктіктері бойынша горизонтальдарды сызу
- •28.Тура және кері геодезиялық есептер
- •29. Теодолиттердің топталуы
- •30.География бойлық дегеніміз не? Оның олшем бірлігі
- •33. Геодезияда қолданылатын өлшем бірліктер:
- •34. Профиль дегеніміз
- •36. Буссоль - магниттік азимуттармен румбтар бірліктерін анықтайтын аспап.
- •39. Жер ситуациясын тусірудің қанша түрі бар;
- •42. Геодезияның халық шаруашылығындағы орны.
- •46. Дайындық жумыстары кезіндегі теодалиттік түсірістер
- •47.Нивелирлік рейкалар түрлері.
- •49. Далалық жұмыстардағы теодолиттік түсірістер.
- •50. Тд тахеометр
- •52. Өлшемдер нәтижелеріндегі қателіктер нешеге бөлінеді, оның қандай түрлері бар.
- •53. Бақылау түтікшелерінің түрлері мен құрылысы.
- •54. Теодолиттік журіс пунк координаталарындағы есептеу жұмыстары:
18.Геодезия тарихына қысқаша мәлімет
Жер өлшеу әдістері мен ірі құрылыстардың көрнекті ескерткіштері дүние жүзінің бірнеше аймақтарында сақталған.
Жер өлшеу өнерін египеттіктерден үйренген гректер,оны алғашқы кезде “геометрия” деп атаған.Геометрия заңдары жер өлшеуде әрдайым қолданылды,барлық ғылымдарға ұстаздық еткен ұлы ғалым Аристотель жер өлшеу ғылымын геометриядан бөліп айту үшін “геодезия ”деп атаған.
Ш.Уалиханов география және топография саласындағы елеулі еңбектері жайлы еңбектер жазды.
Геод-қ қызметтің қарқындап дамуына Кеңес өкіметі кең жол ашты.
19. Румбылар.Дирекциялық бұрыштар
Сызықтарды бағдарлау және өлшеу нәтижелерін өңдеу кезінде ”румб” деп аталатын сүйір бұрыш пайдаланылады .Шамасы 0°-тан 90°-қа дейін өзгеретін осьтік меридианның сол-к және оңт-к жағынан екі жаққа қарай бір нақты сызыққа дейін есептелетін сүйір бұрышты “румб “дейді.
Карталар мен пландар координаталардың зоналық тік бұрышты жүйесінде жасалатындықтан,геодезияда дирекциялық бұрыштар қолданылады.Дирекциялық бұрыш деп осьтік меридианның солт-к жағынан сағат тілінің бағытымен бір нақты сызыққа дейінгі горизонталь бұрышты айтады.Дирекциялық бұрыштар азимуттар сияқты 0°-тан 360°-қа дейін өзгереді.
20.Параллельдер немесе параллель жазықтықтар жердін айналу осіне перпиндикуляр бағытта болып,деңгейлік беттер жазықтықтарының сызықтарын қия өтетін жазықтықтар.
21.Нивелирлеу және оның түрлері
Жергілікті жердегі нүктелердің биіктіктерін немесе өсімшелерін анықтау мақсатымен жүргізілетін өлшеулерді нивелирлеу д.а.
1.геометриялық нивелирлеу-өзара биіктік горизонталь көздеу сәулесі арқылы анықталады және нивелир аспабының көмегімен орындалады.
2.тригонометриялық нивелирлеу-өзара биіктік көлбеу көздеу сәулесі арқылы анықталады және теодалит аспабының көмегімен орындалады.
3.гидростатикалық нивелирлеу-өзара биіктік өзара байланысқан ыдыстың сұйық бетінің бір деңгейде тұруына негізделген.
4.барометрлік нивелирлеу-нүктелердің арасындағы өзара биіктіксол нүктелердегі атмосфералық қысымдардың айырмашылығына негізделген.
5.механикалық нивелирлеу-аспаптар арқылы жердің профилі автоматты түрде жазылады.
22.Бастапқы меридиан-Лондон қаласына жақын орналасқан Гринвич обсерваториясы арқылы өтетін меридиан.Бастапқы меридиан атауы,көптеген геод-қ есептеулерде нөлдік меридиан деп те аталады.
2 3.Ж ердің пішіні мен мөлшері
Жердің пішіні мен көлемін зерттеу жер бетін картада дұрыс кескіндеуте мүмкіндік туғызады және ол ғылым мен техниканың көптеген міндеттерін шешу (жасанды серіктерді және ғарыш кемелерін ұшыру, теңізде жүзу, авиация, радиобайланыс және т. б.) үшін кажет.
Жердің физикалық бетінің жалпы ауданы 510 млн км2-қа тең және геометрия жағынан алғанда пішіні күрделі. Орасан кеңістікті (жер бетінің 71 %-ін) мұхиттар мен теңіз шұңқырлары алып жатыр, олардың тереңдігі 11000 м-ге дейін жетеді. Дүниежүзілік мұхиттың орташа терендігі — 3800 м-ге жуық. Құрлықта тау жоталары, шатқалдар, жазықтар, өзен алқаптары және жыра, сайлар бар. Кейбір таулардың, мәселен, Эверестің (Джомолунгма) биіктігі 9000 м-ге жуық. Құрлыктың теңіз деңгейінен орташа биіктігі 875 м-ге тең. Сонымен, құрлықтың көлемі дүниежүзілік мұхитқа қарағанда аз ауданды алып жатқандықтан, сондай-ақ кұрлықтың мұхит тереңіндегі қыраттармен салыстырғанда онша биік болмайтындықтан, мұхит деңгейін жердің фигурасы ретінде қабылдауымыз кажет.
Егер де бүкіл планета материктер астымен үздіксіз жалғасып жататын дүниежүзілік мұхит бетінің тынық кезіндегі жағдайымен шектелген десек, тұтас алғанда жердің пішіні туралы түсінік алуға болады. Осындай тұйық бет өзінің әрбір нүктесінде вертикаль бағытқа, яғни ауырлық күшінің бағытына перпеидикуляр болады, ал ол деңгейлік бет деп аталады. Осы деңгейлік бетпен шектелген денені геоид дейді. Геоид — толқын мен ағынның жоқ кезінде мұхиттардағы судың орта деңгейі мен материктегі мұхитпен жалғасқан шартты түрде алынатын су деңгейінің фигурасы. Салмақ күші деңгей бетінің потенциалы болып табылатын геоид жер фигурасы деп есептелінеді. Геоид пішіні күрделі, дегенмен осы фигура жалпы сфероидқа ұқсас.
Жердің фигурасына мейлінше жақын келетін эллипсоидты жер эллипсоиды деп атайды. Жер эллипсоидының көлемдерін анықтау үшін жер бетінің барлық жерінде геодезиялық өлшеулер жүргізілуге тиіс. Әзірше мұндай өлшеулер толық жүргізіл-мегендіктен, жер эллипсоидының дәл параметрлерін анықтауға мүмкіндік болмай отыр. Осы орайда кейбір елдерде геодезиялық өлшеулерді өңдеу барысында геодезиялық жұмыстардың нәтижелері бойынша шығарылған өз эллипсоидтары қолданылады; олар сол елдің немесе бірнеше елдің территориясын толық, не ішінара қамтиды. Осындай эллипсоид референц-эллипсоид деп аталады. Референц-эллипсоид дегеніміз нақты бір елде геодезиялық өлшеулерді өңдеу үшін қолданылатын, жер денесінде белгілі түрде бағдарланған, нақты көлемі анықталған ЭЛЛИПСОИД.
Жер эллипсоидының көлемін әлденеше рет әр түрлі елдердің ғалымдары анықтады. Соның нәтижесінде жер радиусы 6371,11км деп алынып, зерттеу жұмыстарында колданылады.
24.Дирекциялық бұрыш плюс не минус таңбаларымен анықталып берілуі мүмкін. Егер «+» болса, онда оның сан мані
α=A+γ
ал егер минус болса, онда
α=A-γ