Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Geodezia jauap.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
144.61 Кб
Скачать

6.Тірек торлар туралы түсінік

Кез келген топогафиляық түсірістер жер бетінде пландық және биіктік жәйі (Х,Ү,Н) белгілі нүктелерге негізделген. Бұндай нүктелерді тірек пункттері д.а. Осы пункттердің жиынтығы тірек торларын құрайды. Тірек пункттерінің жер бетіндегі жәйі астраномиялық және геодезиялық әдістермен анықталады. Біздің еліміздің территорясында тірек торларын жасаудағы басты әдіс геодезиялық әдіс болып табылады.

Жалпы геодезиялық торлар пландық және биіктік геодезиялық торлар болып бөлінеді. Пландық геодезиялық торларда әр пункттің жалпы мемлекеттік жүйесіндегі төртбұрышты координаталар (Х,Ү) анықталады, ал биіктік геодезиялық торларда әр пукттің Балтық биіктік жүйесі бойынша (Н) анықталады.

7.Бұрыштық өлшемдер

Өлшемдер атауы негізінен, белгілі бір өлшемді шаманы, өлшем бірлігі ретінде алынған, аттас, екінші өлшемді шамамен салыстыру бағытындағы сипаттамаларды анағтайтын ағым болып табылады.

Жер бетінде белгіленген нүктелер бағытындағы көкжиектік және тікелік бұрыштарының мәндерін анықтайтын өлшемдер бұрыштық өлшемдер деп аталады.

Бұрыштық өлщем бірлігі үшін – шеңбердің градустық бөліктері, минут, секунд атауларын да анықтауға болады.

8.Меридиан немесе географиялық меридиан

Меридиан немесе географиялық меридиан жазықтықтары дегеніміз – Жердің айналу осі арқылы деңгейлік беттер жазықтықтарының сызықтарын қия өтетін жазықтықтар.

Бастапқы меридиан дегеніміз – Лондон қаласына жақын орналасқан Гринвич обсерваториясы арқылы өтетін меридиан. Бастапқы меридиан атауы, кейбір деректерде нөлдік меридиан деп те аталады.

9.Масштабтар, олардың түрлері

Пландағы, яғни картадағы кесінді ұзындығының жердегі тиісті кесіндінің горизонталь проекциясына қатынасы планның немесе картаның масштабы деп аталады. Масштаб:

және т. с.с. алынады.

Санды масштаб дегеніміз алымы бір саны, ал бөлімі жергілікті ауданның көкжиектік бағыттағы проекциялық сызығын картада қанша есе азаюына сәйкес болып келетін дұрыс бөлшек.

Сызықтық масштаб дегеніміз қашықтықты есептеуге ыңғайлы болатындай бөліктреге бөлінген санды масштаб атауының түзу сызықты графиктік кескіні болып табылады.

Көлденең масштаб сызықты масштабтың бір түрі. Көлденең масштабты салу үшін тузуге бірнеше рет 2 см-лік кесіндіні салады, ол масштабтың негізі деп аталады. Бөлінген нүктелерден перпендикулярлар тұрғызылады. Масштабтың негізіне параллель тең аралыкта перпендикулярлар арқылы түзулер жүргізіледі. Масштаб негізінің шеткі сол жактарын жоғарыдан және төменнен 10 бөлікке (2 мм-ден) бөледі. 16-суретте көрсетілгендей, алынған нүктелерді көлбеу түзулермен қосады.

10. Картадағы нүктелердің координаталарын анықтау

Топографиялык картадағы нүктенің географиялық координаталарын анықтау, негізінде мынадай жолмен жасалады. А нуктесінің (20-сурет) ендігін (φ) табу үшін осы нүктеден солтүстікке және оңтүстікке қарай параллельдер жургізеді, яғни минут рамкасының тиісті минуттық немесе он секундтык ара-лықтардың аттас ұштары түзу сызықтармен қосылады. Осы сызықтардың ендіктерін φ1 және φ2 әріптерімен белгілейік. А нуктесінен параллель ендігі ф1-ге перпендикуляр түсіріп, оның ұзындығын φ градуспен белгілеп, А нуктесінің ендігін мына теңдіктен табамыз:

(19)

шамасын жанама әдіспен анықтау қолайлырақ. Ол үшін А нуктесі арқылы еркін бұрышпен және параллельдерімен С және D нүктелерінде қиылысқанша сызық жүргіземіз, мұндағы СА = а және СD=b болсын, 20-суреттен

(20)

Сонымен, шамасын анықтау а және b кесінділерін жеткілікті дәлдікпен миллиметрлік сызғыш арқылы өлшеуге келіп саяды.

Осыған ұқсас А нуктесінің λ бойлығын анықтау үшін және меридиан кесінділерін қолдануға болады.

С нүктесінің (21-сурет) тікбұрышты координаталарын анықтау үшін километрлік тордың цифрларын қолдана отырып, берілген нүкте орналасқан оңтүстік-батыс бұрыштың ( ) координаталарын табады. Содан кейін С нүктесінен квадраттық қабырғаларына СС1 және СС2 перпендикулярларын түсіреді де карта масштабын ескере отырып, олардың ұзындығын табады: және C . Сонда С нүктесінің тікбұрышты координаталары мынаған тең:

(21)

Қарастырылып отырған мысалда:

хс =500+42,1 = 542,1 м; =300+54,5=354,5 м.

Осы С нүктесінің тікбұрышты координаталарын мынадай жолмен анықтауға болады: С нүктесі аркылы кез келген бұрышпен километрлік тордың ординаталарымен А және В нүктелерінде қиылысқанша түзу жүргізіледі. Содан кейін а және b кесінділерін өлшейді. Сонда С нүктесінің абсциссасы мына фор-мула бойынша анықталады

Осыған ұқсас теңдіктен С нүктесінің ординатасын анықтайды. Екі жағдайда да а және b кесінділерін көлденең масштабтың көмегімен өлшеген жөн.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]