
- •1. Геодезия пәні, оның мақсаты.
- •3.Кеңістіктік координаталар жүйелері
- •4. Горизонтальдардың қасиеті
- •5.План туралы түсінік
- •6.Тірек торлар туралы түсінік
- •7.Бұрыштық өлшемдер
- •8.Меридиан немесе географиялық меридиан
- •9.Масштабтар, олардың түрлері
- •10. Картадағы нүктелердің координаталарын анықтау
- •11.Өлшеу түрлері
- •18.Геодезия тарихына қысқаша мәлімет
- •19. Румбылар.Дирекциялық бұрыштар
- •21.Нивелирлеу және оның түрлері
- •2 3.Ж ердің пішіні мен мөлшері
- •25.Проекция әдісі
- •26. Ситуация дегеніміз-
- •27.Нүктелердің биіктіктері бойынша горизонтальдарды сызу
- •28.Тура және кері геодезиялық есептер
- •29. Теодолиттердің топталуы
- •30.География бойлық дегеніміз не? Оның олшем бірлігі
- •33. Геодезияда қолданылатын өлшем бірліктер:
- •34. Профиль дегеніміз
- •36. Буссоль - магниттік азимуттармен румбтар бірліктерін анықтайтын аспап.
- •39. Жер ситуациясын тусірудің қанша түрі бар;
- •42. Геодезияның халық шаруашылығындағы орны.
- •46. Дайындық жумыстары кезіндегі теодалиттік түсірістер
- •47.Нивелирлік рейкалар түрлері.
- •49. Далалық жұмыстардағы теодолиттік түсірістер.
- •50. Тд тахеометр
- •52. Өлшемдер нәтижелеріндегі қателіктер нешеге бөлінеді, оның қандай түрлері бар.
- •53. Бақылау түтікшелерінің түрлері мен құрылысы.
- •54. Теодолиттік журіс пунк координаталарындағы есептеу жұмыстары:
1. Геодезия пәні, оның мақсаты.
Геодезия — жер туралы ғылымдардың бірі. Адамзаттың бағзы заманда жер бетінде қашықтық пен ауданды өлшеудегі ашқан заңдылықтары геометрия мен геодезияның ғылым ретінде келуіне негіз болды. Грек тілінен аударғанда «геодезия» сөзі «жерді бөлу» деген мағынаны білдіреді.
Геодезия—жердің немесе оның жекелеген бөліктерінің пішіні мен көлемін, жерді карталар мен пландарға түсіру және адамның инженерлік қызметтің әртүрлі міндеттерін атқару мақсатында жер бетін өлшеу әдістерін зерттейтін ғылым.
Адамзат қоғамының дамуына және ғылым мен техниканың есуіне байланысты, геодезия бірнеше дербес ғылыми және ғылыми-техникалық пәндерге бөлінеді:
1. Жоғаргы геодезия-жердің және планеталардың фигура- лары мен келемдерін зерттеу, сондай-ақ геодезиялық негізгі тірек жүйелерін қүру женіндегі міндеттерді шешеді. Жоғарғы геодезия міндеттерін шешу әдістерін зерттеу бойынша жеке пәндер болып геодезиялық астрономия, гео- дезиялық гравиметрия және ғарыш геодезиясы бөлінеді.
Геодезиялық астрономия — геодезиялық тірек жүйелері үшін аспан шырақтарын бақылау негізінде координаталык бастапқы мәліметтерді анықтап беру мәселелерімен айналысады.
Геодезиялық гравиметрия — жер бетінің жекелеген нүктелерінің ауырлық күшін арнайы аспаптармен өлшеу арқылы жердің фигурасын зерттеумен шұғылданады.
Ғарыш геодезиясы—Жердің жасанды серіктерінің көмегімен жербеті нүктелерінің геометриялық арақатынастарын зерттейді.
Геодезия немесе топография жер бетінің біршама шағын учаскелерін түсірумен байланысты мәселелерді зерттейді.
Картография жер бетінің едәуір территорияларынын кескіндерін әр түрлі мақсаттағы карталар түрінде жасау әдістерімен процестерін, оларды жасау және көбейту технологиясын зерттейді.
Аэрофототопография жердің карталары мен пландарын фотосуреттер және әуеден тусірген фотосуреттер бойынша жасаудың әдістерін талдаумен айналысады.
Теңіз геодезиясы мұхиттар мен теңіздер тубінін табиғи корларын барлау мен картаға түсіруге байланысты арнайы өлшеу әдістерін талдау жасайды.
Қолданбалы геодезия іздеулер, кұрылыстар мен инженерлік ғимараттарды салу және пайдалану, жабдықтарды монтаждау, сонымен катар еліміздің табиғат байлықтарын пайдалану кезінде атқарылатын геодезиялық жұмыстардыц әдістерін зерттеумен айналысады. Қолдаибалы геодезия өзінің жұмыс барысында геодезия әдістерін кең пайдаланады, ал кейбір жағдайларда оиы өз тәсілдері мен кұралдары арқылы шешеді.
Геодезия мен топография пәнінін нстізгі ғылыми-техникалық міндеттеріне мына төмендегідей жұмыстар жатады:
а)жер бетіндегі жекелеген иүктелердің орындарын тандап алынған координаталар жүйесінде анықтау;
б)әр түрлі инженерлік ғимараттарды жобалау және салу кезінде сонымен қатар ауыл шаруашылығы өндірісіиде, жер бетінің және қойнауының табиғат байлықтарын пайдалануда қажет болатын түрі, сипаты, дәлдігі жағынан алуан түрлі өлшеулерді жер бетінде немесе жер астында атқару;
г) еліміздің қорғаныс қажеттілігін геодезиялық мәліметтермен қамтамасыз ету.
2.Теодолит құрылымыТеодолиттің (40-сурет) лимб деп аталатын металл немесе шыны дөңгелегі бар, оның қиғаш шетіне 0°-тан 360°-қа дейінгі бөліктер түсірілген. Бөліктерді есептеу сағат тілінің бағыты бойымен дәл келеді. Лимбаның центрі өлшенілетін бұрыштың төбесі арқылы өтетін тік сызыққа орналастырылады. Лимбаның жазықтығына өлшенілетін бұрыштың жақтары проекцияланады. Бұл кезде лимб жылжымайтын әрі горизонталь болуы тиіс.
Лимбаның үстінде тік сызықтың төңірегінде айналатын теодолиттің жоғары бөлігі орналастырылған, бұл бөліктің ішінде алидада және дүрбі (4) бар. Дүрбі тұғырыққа (2) горизонталь болатын НН1 осінің төңірегінде айналғанда, онда коллимациялық деп аталатын жазықтықтары түсіріледі. Лимба мен алидаданың осьтері сәйкес келуі керек, бұл арада алидаданың ҒҒ1 айналу осі аспаптың негізгі немесе вертикаль осі деп аталады.
Алидада да керсеткіш бар, ол алидаданың лимба шкаласындағы орнын белгілеуге мүмкіндік береді және санаудың дәлдігін арттыру үшін арнайы есептеу құрылғысымен қосақтала жасалған. Лимба мен алидада алидадаға бекітілген металл қаптамамен жабылған.
Т
еодолиттің
негізгі осі цилиндрлік деңгей (5)
арқылы үш көтеру винттерінің (1) көмегімен
вертикаль жағдайға келтіріледі.
Теодолиттің дүрбісі горизонталь осі
маңайында 180°-қа айналдырылуы, яғни
зенит арқылы ауыстырылуы мүмкін.
Дүрбінің айналу осінің бір жағында
вертикаль дөңгелек (3) бекітілген, ол
осьпен берік жалғанған әрі онымен бірге
айналады. Негізінде вертикаль дөңгелек
горизонталь дөңгелек тәрізді жасалған;
ол вертикаль бұрыштарды (көлбеу
бұрыштарды) өлшеуге
арналған.
Егер теодолитке окуляр
жағынан
қарасақ вертикаль дөңгелек дүрбінің
оң немесе сол жағында орналасуы мүмкін.
Бірінші орны «оң дөңгелек» (ОD),
екіншісі
— сол дөңгелек» (СБ)
деп
аталады,.
Теодолит буссоль, штатив және тіктеуіштен тұрады. Буссоль магниттік азимутты өлшеу үшін колданылады. Үш сирақты штативтің бас жағы металдан жасалады. Теодолит штативтің басына стан винттің көмегімен бекітіледі. Тіктеуіш теодолитті нүктенің үстіне центрлеу үшін, яғни бұрыштың төбесіне орналастыру үшін қолданылады.
Теодолиттің айналатын бөліктерін қозғалмайтын жағдайға келтіру қысу винттерімен, ал бірқалыпты немесе баяу айналдыру микрометрлік (жетекші) винттермен жасалады.