 
        
        - Қамтамасыз етуші норма
- Құқықтық реттеудің жалпы рұқсат беруші типі - субъекттердің жүріс-тұрысы мен 
іс-әрекетінің заңмен
шектелмегеннің бәрін істеуге
болады принципіне негізделе
құқықтық реттеу.
- Қоғамдық қатынас - адамдардың өзара әлеуметтік байланысы, қарым қатынасы. 
- Қоғам – (кең мағынада) тарихи қалыптасқан адамдардың өмір ортасы, бірігіп 
жасайтын қызметтерінің жиынтығы; (қысқа мағынада) – тарихи нақты
әлеуметтік кейіптің жүйесі, қоғамдық қатынастардың белгілі нысаны.
- Құқық бұзушылықтың объектісі - құқық арқылы реттелетін, қорғалатын қоғамдық 
қатынастар түрлері
- Құқық бұзушылықтың объективтік жағы – сол адамның әрекетін сипаттайтын 
сыртқы белгілердің жиынтығы, (әрекет
не әрекетсіздік), себебі ол құқықтық
ұйғарымды бұзады, қоғамға,
мемлекетке, жеке адамға зиянын
тигізеді.
- Объективті құқыққа қайшы әрекет - әрекетімен не әрекетсіздігімен, өзінің 
объективтік белгілерімен, құқық бұзғанға
ұқсайды, бірақ кінәлі емес, яғни субъективтік
жағынан, құқыққа сай мақсатқа жетуге
бағытталған.
- Әдет-ғұрып – қоғамдағы пайда болатын қатынастарды реттейтін, атадан балаға 
беріліп отыратын, жалпыға бірдей міндетті нормалар жиынтығы.
- Міндеттеме - бір жақтың екінші жақ пайдасына жасайтын азаматтық құқықтық 
қатынасы.
- Мекеме- белгілі бір ережелер негізінде мақсат пен бағдарламаны орындау үшін әрекет 
ететін адамдар бірлестігі.
- Қатысты құқықтық қатынас- өзінің қатысушылары тиісті субъективтік құқықтары 
мен заң белгілеген міндеттері болатын, құқық
нормаларымен реттелетін қоғамдық қатынастар
(байланыстар).
- Құқық саласы- қоғамдық қатынастардың белгілі бір аясын реттейтін заң 
нормаларының тәртіпке келтірілген жиынтығы.
- Қорғаушы нормалар- құқық бұзушылыққа барған субъектілерге мемлекет атынан 
шара, күш қолдану арқылы қол сұғылған, бұзылған құықтарды
орнына келтіреді, реттейтін нормаларды қорғау функциясын
атқарады.
