
Құқықтық қатынас – қоғамдық қатынастар жиынтығының құқықтық нормалармен
реттелуі.
Абсолюттік құқықтық қатынас – құқықтық қатынастың бір түрі. Бұл құқықтар
анықтығы белгісіз, субъектілердің өз міндеттерін
енжар түрде орындауы арқылы қамтамассыз
етіледі. Абсолюттік құқықтарға мыс: меншік
құқығы, өмір сүру құқығы, отбасын құру құқығы
және т.б құқықтар жатады.
Құқық қолдану актілері – құқықтық акт, белгілі заңды істі шешу нәтижесінде
шығарылған өкілетті органның жекелеген билік жарлығы.
Ұқсастық – заңда және басқа да актілерде тікелей көрсетілмеген құқықтық реттеуді
қажет ететін қоғамдық қатынастарға ұқсас қатынастарды реттейтін
құқықтық нормаларды қолдану. Қылмыстық заң аналогия бойынша
қолданылмайды.
Құқық ұқсастығы – нақты заңдық істі жалпы қағидаттар (принциптер) мен
мағынасы негізінде шешу.
Заң ұқсастығы - нақты заңдық істі дәл сол жағдайға арналмаған, тек осыған ұқсас
жағдайларға ғана арналған құқықтық норма негізінде шешу.
Бюрократизм – 1. демократиялық бақылаудың дамымауы немесе деградация
жағдайындағы түрлі мемлекеттік және саяси ұйымдардың арнайы
аппараты қызметкерлерінің қолына шынайы билік рычагтарының
жеке мудде мақсатында шоғырлануы; 2. аппараттық билікпен
басқарудың бюрократиялық жүйесі; 3. істің мәніне қарамастан
қабылданған нормаларға ритуалды еру түрінде көрінетін, жеке
мүдделі формализммен сипатталатын басқару стилі
Заңдылық кепілі – заңдар мен заңға негізделген нормативтік актілердің
бұлжытылмай сақталуын, азаматтар құқықтарының және қоғам
мен мемлекет мүдделерінің ешбір кедергісіз жүзеге асырылуын
қамтамассыз ететін құралдар мен жағдайлар.
Адам және азаматтардың құқық кепілдіктері – мемлекеттің адамды қорғауға, оның
құқықтары мен бостандықтарының
іске асырылуы үшін құқықтық,
саяси, экономикалық, әлеуметтік
және мәдени жағдайлар жасауға
міндеттілігі.
Гипотеза - өмірде болатын нақтылы жағдайларда құқықтық норманың қолданылуы.
Диспозиция – құқық нормасы бекіткен субъектілердің мінез – құлық ережелерін
айтады.
Санкция – мемлекет тарапынан құқық нормасын субъектілерге қолданылатын жаза,
заңды жауапкершіліктің түрлері.
Мемлекеттік билік – көпшілік-саяси үстемділік және субъектілер арасындағы
мемлекеттік мәжбүрлеуге сүйенген бағынушылық жүйесі.
Мемлекеттік мәжбүрлеу – мемлекеттік биліктің заң негізінде қоғам мүшелеріне
ұйымдасқан түрде, жекешеленіп жасайтын психикалық
не идеологиялық ықпалы, мемлекеттік аппараттың
көмегімен мемлекеттік ерікті, азаматтардың
бостандығын, құқығын, қоғамның қауіпсіздігін қорғау,
құқық бұзушылықпен күрес жүргізіліп кінәлілерді
қылмыстары үшін жазалау.
Мемлекеттік орган – мемлекеттік аппараттың өкімет билігіне өкілеттігі бар
құрылымдық элементі. Мемлекеттік органның өкімет билігін
іске асыруы мемлекеттің мәжбүрлеу күші арқылы
қамтамассыз етіледі.Мемлекеттік органдардың сыныпталуы:
1) мемлекеттік органдарды қалыптастыратын субъектілеріне
байланысты: өкілдігі бар мемлекеттік органдар (президент,
парламент); мемлекеттік органдардың өздері құратын
органдары (үкімет, министрліктер); 2) мемлекеттік органдар
құрылымына байланысты: жай; күрделі.Жай органдардың ішкі
бөлімдері болмайды, ал күрделі органдарының бірнеше ішкі
бөлімдері болады; 3) аумақтық қызмет аясына байланысты:
федералдық; республикалық; жергілікті. 4) өкілеттіліктерінің
сипатына байланысты: жалпылама құзыретті органдар (Қ.Р
Үкіметі); арнайы құзыретті органдар(Бас прокуратура); 5)
құзырларының иіске асуы ретіне байланысты: алқалыға
жататындары (үкімет); дара басшылыққа жататындары
(президент); 6) ұйымдық – құқық қызметтері түрлеріне
байланысты; биліктері толық болатындары; биліктері
шектеулі болатындары.
Мемлекеттік егеменділік (суверенитет)- мемлекеттерге тән, өз аумағындағы
үстемдік және халықаралық
қатынастардағы тәуелсіздігі.
Мемлекет – белгілі аумақ көлеміндегі саяси биліктің ұйымы, мүдделердің іске
асырылуына тікелей ат салысады. (топтардың, адам баласының,діни,
ұлттық, нәсілдік т.с.с)
Азаматтық қоғам – адамгершілік, діни,ұлттық,әлеуметтік – экономикалық, отбасы
қатынастарының және институттарының жиынтығы, сол арқылы
тұлғалар мен олардың топтарының мүдделері
қанағаттандырылады.
Әрекет қабілеттілік – тұлғаның өз құқықтары мен міндеттерін жүзеге асыру
мүмкіндігі және өз әрекеттері үшін жауапты болу қабілеттілігі.
Декларативті нормалар - негізгі құқықтық идеялар жариялану мағынасында
көрсетіледі.
Демократиялық режим – мемлекеттік билікті жүзеге асыруда халықтың оған
тікелей қатысуы немесе өкілдік демократия арқылы
халық көпшілігінің азшылық мүдделерін ескере отырып
шешім қабылдауларында қолданылатын әдістер мен
тәсілдер жүйесі.
Дефинивті нормалар - арнаулы ғылыми түсініктер. М: гипотеза, диспозизия, санкция.
Әрекет – субъектінің ықтияры мен санасына байланысты болып келетін заңды айғақ.
Мыс: қолдану актісін шығару, құқық бұзушылыққа бару және т.б
Құқықтық реттеудің диспозитивтік әдістері – келісуші жақтардың рұқсат етуі мен
олардың тең құқықтылығы мен
үйлестілігіне негізделетін құқықтық
ықпал жасау тәсілі.
Құжат - фактілер туралы мағлұматтар жасанды немесе табиғи тілдің элементтері
және символдар, таңбалар және суреттер арқылы бекітілген материалдық
объект.
Табиғи құқық (табиғи құқықтар) – адамның табиғи қамтамассыз етілген
құқықтары мен еркіндігінің жиынтығы, сонымен
қатар, белгілі заң шығарушыдан тәуелсіз.
Заң – ерекше жағдайда, заң шығару органдарының билігімен не референдуммен
қабылданған, халықтың еркін көрсететін аса маңызды қоғамдық қатынастарды
реттейтін, жоғарғы заңдылық күші бар нормативті акт.
Заңдылық – қоғамның және мемлекеттің құқық нормаларын іске асудағы барлық
адамдардың, ұйымдардың, дәл және бұлтарыссыз орындауға қажет
талаптарының жиынтығы.
Заң шығару бастамасы – Қ.Р Конституциясында бекітілгендей, заң шығару
бастамасымен шұғылданатын субъектілерге:парламенттің
депутаттары, палаталардың комитеттері, мемлекет
басшысы, үкімет және орталық атқару билігінің органдары
жатады. Заң жобалары, ұсынушы субъектілерге
байланысты үкіметтік және депутаттық болып екіге
бөлінеді. Заң жобалары өздерінің мазмұндарына
байланысты мынандай негізгі түрлерге бөлінеді: Көпшілік
(белгілі мемлекеттік және қоғамдық өмірді реттеу үшін
белгіленген); қаржылық; жекешеленген (әдеттегідей, олар
белгілі азаматтарға не болмаса заңды тұлғаларға қатысты
болады)
Заң шығару үрдісі – заң нормалпрында белгіленген, құқықтық шығарамашылық
процестің түрі, мемлекеттің заң шығару органдарының заңдарды
жазу, қабылдау және шығару қызметтерінің тәртібін белгілейді
Мемлекет дамуының заңдылығы
Тыйым – құқықтық реттеу жолы, сол арқылы белгілі әлеуметтік – зиянды, құқық
бұзу әрекеттерін жасамауды талап етеді.
Құқықты асыра пайдалану- субъективтік құқықты жеке бастың, қоғамның немесе
мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделеріне нұқсан
келтіретін тұрғыда, оның әлеуметтік мәніне қайшы
пайдалану.
Идеология- таптың, әлеуметтік топтардың мүддесін білдіретін, қоғамдық сана,
философиялық, моральдық, эстетикалық және діни көзқарастар мен
теориялардың жиынтығы
Құқықтық реттеудің императивтік әдістері - өкіметтің ұйғарымдары мен қызметтік
бағыныштылықтардан туындайтын,
тыйым салуларға, міндеттер және
жазалауларға негізделетін құқықтық
ықпал ету әдісі.
Инкорпорация- заңдарды жүйелеудің бір түрі. Онда нормативтік актілердің мазмұны
өзгертілместен жинаққа біріктіріледі, әрбір акті өзінің дербес заңдық
маңызын сақтайды.
Құқық институты –қоғамдық қатынастардың белгілі түрін (тобын) реттейтін,
тәртіпке келтірілген заңды нормалардың жиынтығы.
Интерпретациялық актілер юридикалық нормаларға түсінік беретін құқықтық акт.
Құқық нысаны (құқық қайнар көздері) - мемлекеттік ерікті сырттан көрсету жолы,
заңды тәртіп долдарын объективтік
жағдайға келтіру.
Кодификация –нормативтік актілердің олардың мазмұндарын өзгерту арқылы
біріктірілген логикалық жағынан тұтас заңды акт.
Коллизиялық нормалар – халықаралық сипаты бар азаматтық, отбасылық, еңбек
қарым-қатынастарына қай мемлекеттің құқығы
қолданылатын көрсететін норма.
Конфедерация – мемлекеттің уақытша одағы, олар саяси, әскери, экономикалық
және басқа да мақсаттар үшін бірігеді (одақтасады).
Координация - мемлекеттер арасындағы әр түрлі салалар бойынша достастықты
орнатудың бір түрі.
Корпоративтік нормалар - қоғамдық ұйымдармен құрылатын және олардың іщкі
қатынастарын реттейтін нормалар.
Жемқорлық – лауазымды тұлғалардың сеніп тапсырылған құқықтар мен өктем
өкілеттіліктерді жеке баю мақсатында пайдалануынан тұратын саясат
немесе мемлекеттік билік аясындағы қылмыстық әрекеттері.
Құқықтық мәдениет – қоғамдағы құқықтық сана мен ондағы құқықтық
белсенділіктің деңгейі, заң нормалары мен заңдық іс-
әрекеттердің (қызметтердің) прогрестілік дәрежесі.