- •1.Ақшаның шығу тегі және тауарлы жаратылысы.
- •2.Ақшаның қызметтері
- •3. Қазақстандағы мемлекеттік бюджеттен тыс қорлары
- •4. Несиенің атқаратын қызметтері
- •5.Несие жүйесі ж/е құрылымы.
- •8.Ақша айналысының заңы
- •9.Несие формалары
- •10. Қолма қолсыз есеп айырылысу құралдары.
- •12.Ақша массасы- Ақша базасы
- •8 Несиелеу обьектісіне қарай
- •14.Ақша реформасының мәні.
- •2. Капитал қозғалысына байланысты операцияларға жататындар:
- •3.Шетел банктерiмен корреспонденттiк қатынас орнатуға қарай:
- •4.Конверсиондық операциялар сипатына қарай:
- •16.Ақша теориялары
- •17. Ссудалық пайыз мәні және түрлері.
- •18.Жинақтаушы зейнетақы қоры
- •19. Қағаз ақшалар және олардың айналыс заңдылықтары.
- •20. Құн формаларының дамуы
- •21. Қр Ұлттық банктің құрылымы мен басқару органдары.
- •23. Ссудалық пайызға ықпал етуші факторлар
- •24.Сақтандыру компаниялары
- •25. Депозиттік операциялар
- •26. Коммерциялық банктердің активтік операциялары.
- •27. Ақшаның қызметтері, типі, қасиеттері
- •28. Инфляция. Инфляцияға қарсы саясат
- •29. Банкнота,түрлері
- •30. Қр Ұлттық банкінің қызметтері.
- •31. Тұтыну бағалар индексі
- •32. Металл ақша айналысы.
- •33. Пластикалық карточкалар арқылы есеп айырысу
- •35. Қор биржасы.
- •36. Банктің қаржылық операциялары.
- •37. Коммерциялық банктердің пассивтік операциялары.
- •38. Бағалы қағаздар нарығы.
- •39.Коммерциялық банктердің жіктелуі.
- •40. Ақша массасы, ақша агрегаттары.
- •41.Ақша-несие саясатының типтері.
- •42. Бағалы қағаздар және олардың жіктелуі
- •43. Ақша жүйесі және оның элементтері.
- •44. Ссудалық пайыздың қалыптасу негізі
- •45. Ақша айналысын тұрақтандыру әдістері
- •46.Коммерциялық банктер түрлері,негізгі функциялары
- •47. Дүниежүзілік валюта жүйесі
- •48. Қр банк жүйесі
- •49. Төлем талабы және инкассалық үкім арқылы есеп айырысу
- •50. Ұлттық валюта.Жүйе
17. Ссудалық пайыз мәні және түрлері.
Ссудалық % тауарлары өндіріс жағдайда қоғамда несие қатынастары дамығанда п.б. несие жоқ болс, ссуда да жоқ.. ссудалық % несие сияқты-ссудаға уақытша пайд-ға берілген құнның бағасын білд-н объективті эк-қ категория.
Ссудалық пайыздың мәні-ссудаға берілген құнды пайд-ны үшін төленетін төлемнің, несиеге қосылатын үстеменің, несие берушінің шығындарынығ орнын толтыру әдістерінің жиынтығымен сипатталады.
Ссудалық пайыз мәні:
а) ссудаға берілген құнды пайдаланғаны үшін төленетін төлемді
ә) несиеге қосылатын үстемені
б) несие берушінің шығыстарының орнын толтыру әдістерін.
Ссудалық пайыз несие формалары б/ша:
1.коммерц пайыз.2.банк пайызы.3.тұтыну пайызы.4.лизингтік мәлім б/ша пайыз.5. мемл/к пайыз б/ша пайыз болып бөлінеді.
Жай % - бұл ссудалық бөлшектің (депозиттің) сомасына есептелген %
I=iPn/360*100%
i- пайыздық жылдық мөлшерлемесі
P- берешек («депозит) қалдығы
n- ссуданың (салым ақшаның) барлық мерзімі үшін есептелген кезеңдегі күндер саны
күрделі %- ccудалық депозит табысының сомасына ғана емес, есептелген %дар табысының сомасына есептелетін %
I= P[(1+i/1200)n-1]
P- cсуданың (салым ақшаның) бастапқы сомасы
I- cсуданың барлық мерзімі үшін есептелетін % сомасы
n- бір айдағы ссуданың ұзақтығы
18.Жинақтаушы зейнетақы қоры
1997 жылдың 20 маусымында «Қазақстан Республикасынды зейнетақымен қамту» Заңы жарық көрді.Ол өз күшіне 1998 жылдың 1 қаңтарынан бастап енді. Заң екі бөліктен тұрды:
Жинақтаушы;
Ұрпақтардың бірігіп төлеуі (солидарлы).
Жинақтаушы зейнетақы қоры - зейнетақы жарналарын тартуды және зейнетақы төлемдері жөнінде қызметті, сондай-ақ Қазақстан Республикасының зандарында белгіленген тәртіппен зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын занды тұлға.
Зейнетақы қорының қызметі келесідей қағидаттарға негізделеді:
қорларды жеке басқару және салымшылардың қорды ерікті таңдау мүмкіндігі;
қарапайымдылық, сенімділік және ашықтық;
уәкілетті мемлекеттік орган тарапынан қатаң реттеу және қадағалау;
операциялық тиімділік;
олардың зейнетақы жинақтарының көлемі туралы ақпарат беру.
ЖЗҚ өз қызметін жүзеге асыру үдерісінде:
зейнетақы жарналарын жинауға;
өз қызметтері үшін комиссиялық сыйақылар алуға;
зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдармен шарт жасасуға;
зейнетақы шарттарының талаптарына сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.
Жинақтаушы зейнетақы қорының (ЖЗҚ) міндеттері:
алушыларға зейнетақы төлеу;
жинақталған зейнетақы қаражаттары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асыру;
алушының жинақталған зейнетақы қаражатының жай-күйі туралы ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз ету;
зейнетақы заңдары және зейнетақы шартының ережелерін бұзғаны үшін жауап беру;
алушының өтініші бойынша оның жинақталған зейнетақы қаражатын бір жинақтаушы зейнетақы қорларынан екіншісіне аудару;
бір, үш, бес, он күнтізбелік жылда стандартты уақыт аралығында есептілік пен өз қызметі туралы ақпаратты жариалау.
Жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерi: зейнетақы жарналары, инвестициялық кiрiс, өсiмпұл және жинақтаушы зейнетақы қорларының комиссиялық сыйақыларын шегерiп тастағандағы залалдарды өтеу ретiнде түскен қаражат есебiнен қалыптасады.
Зейнетақы қорының қаражаты:
жұмыс берушілердің сақтандыру жарналарынан;
жеке еңбек қызметімен айналысушы азаматтардың сақтандыру жарналарынан;
әскери қызметшілерге және зейнетақы төлеу жөнінен оларға теңестірілген азаматтарға, мемлекеттік зейнетақы мен жәрдемақы төлеуге, олардың отбасыларына әлеуметтік зейнетақы төлеуге, балаларға, жалғызілікті аналарға жәрдемақы төлеуге, Семей ядролық сынақ полигонындағы сынақтардан зардап шеккендерге, экологиялық апат аймақтарындағы азаматтарға берілетін жеңілдіктерге, т.б. арналып, елдің республикалық бюджетінен бөлінген қаражаттан;
ерікті жарналардан құралады.
Жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтері тек мына мақсаттарға ғана жұмсалуы мүмкін:
1) тізбесін уәкілетті органдар белгілейтін қаржы құралдарына орналастыруға;
2) зейнетақы төлемдерін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асыруға;
3) Қазақстан Республикасының зейнетақы жинақтарын басқа жинақтаушы зейнетақы қорына не зейнетақы аннуитетi бойынша Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртiппен сақтандыру ұйымына аударуға;
4) қате есептелген зейнетақы жарналарын және өзге де қате есептелген ақшаны қайтаруға;
5) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес зейнетақы төлемдерiн төлеудi және жинақталған зейнетақы қаражатын аударуды жүзеге асыруға байланысты шығыстарды өтеуге.
Жинақтаушы зейнетақы қорлары:
мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры
мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қоры
Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры — белгіленген тәртіппен салымшылардың міндетті зейнетақы жарналарын жинайтын және алушыларға зейнетақы төлемдерін төлейтін, сондай-ақ зейнетақы активтерін қалыптастыру жөніндегі қызметті жүзеге асырып, оларды бағалы қағаздарға, банкілердің депозиттеріне, халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздарына инвестициялайтын заңы тұлға; құрылтайшысы үкімет болып табылатын жабық акционерлік қоғам нысанында құрылады.
Мемлекеттік емес зейнетақы қорлары – бұл қоғамдағы әлеуметтік шиеленісті төмендететін, мемлекеттің өз міндетін орындаудағы шығындарды азайтатын, қаржы нарығында тұрақтылықты арттыратын, ұзақ мерзімді инвестициялауға «арзан ақшаны» тартатын әлеуметтік - экономикалық институт.
Жинақтаушы зейнетақы қорлары:
Ашық – алушының жұмыс істейтін және тұратын жеріне қарамастан салымшылардан зейнетақы жарналарын қабылдауды жүзеге асырады.
Корпоративтік – сол жинақтаушы зейнетақы қорларының құрылтайшылары және акционерлері болып табылатын бір немесе бірнеше ашық тұлғалардың алушы – қызметкерлері үшін құрылады.
Қазақстан Республикасныда 14 жинақтаушы зейнетақы қоры жұмыс істейді:
«БТА Банкі» АҚ-ның еншілес ұйымы «БТА Қазақстан Жинақтаушы Зейнетақы Қоры» АҚ
«Қазақстан Халық Банкінің Жинақтаушы зейнетақы қоры» акционерлік қоғамы, «Қазақстан Халық Банкі» АҚ еншілес ұйымы
"Қазақмыс Жинақтаушы зейнетақы қоры" АҚ
НефтеГаз-Дем" Жинақтаушы зейнетақы қоры" АҚ
Еуразиялық жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ
"ГРАНТУМ Жинақтаушы зейнетақы қоры" АҚ (“Казкоммерцбанк” АҚ еншілес ұйымы)
«Отан» ашық жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ
«Капитал» Жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ - «Банк ЦентрКредит» АҚ еншілес ұйымы
«РЕСПУБЛИКА» Жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ
"Ұлар Үміт" Жинақтаушы зейнетақы қоры (ашық)" АҚ
"АМАНАТ ҚАЗАҚСТАН" Жинақтаушы зейнетақы қоры АҚ;
"Нұрбанк" АҚ еншілес ұйымы "Атамекен" жинақтаушы зейнетақы қоры" АҚ;
"МЖЗҚ" Жинақтаушы Зейнетақы Қоры" АҚ;
«Қорғау» ЖЗҚ АҚ.
Қазақстан Республикасында 14 жинақтаушы зейнетақы қоры жұмыс істейді, республиканың аймақтарында олардың да 76 филиалы мен 48 өкілдігі бар. Олардың әрекет ету мерзімі ішінде, оларда зейнетақы қорларының 648580 млрд. теңге жинақталған. Зейнеткерлік жасы тұрақты болып келеді және ерлер ұшін 63 жас, ал әйелдер үшін 58 жасты құрайды.
ЖЗҚ бүгінгі таңдағы жағдайы:
Еліміздегі зейнетақы жүйесін реформалаудың 14 жыл ішінде толыққанды көп деңгейлі зейнетақы жүйесін құруға арналған тұжырымды және нормативтік құқықтық база қалыптастырылды, жинақтаушы зейнетақы жүйесінің инфрақұрылымы жасалып, дамытылуда, зейнетақы жүйесін басқарудың белгілі бір тәжірибесі жинақталды. Бұл қолданыстағы жүйеге қажетті талдау жүргізуге және тиісті түзетулер енгізуге мүмкіндік берді.
Қазіргі таңда зейнетақы қызметі рыногында 11 жинақтаушы зейнетақы қоры жұмыс істеуде. Салымшылардың дербес зейнетақы шоттарының саны 8,2 млн. бірлікті құрайды. Бұл ретте қорларға міндетті зейнетақы жарнасын белсенді төлеушілердің саны 5,6 млн. адамды немесе жұмыспен қамтылған адамдардың 67 %-ын құрайды (1999 жылмен салыстырғанда 1,5 есеге көп). Салымшылардың зейнетақы жинақтары 2011 жылдың басынан бері 393,2 млрд. теңгеге немесе 17,4 %-ға көбейіп, 2 триллион 651 млрд. теңгені құрады.
