Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
anb_teorya.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
121.12 Кб
Скачать

3. Қазақстандағы мемлекеттік бюджеттен тыс қорлары

Халықты жұмыспен қамту туралы

(Қазақстан Республикасының Заңы. 2001 жылғы 23 қаңтар N 149-ІІ) 23 бап           

Орталық атқарушы орган

1. Орталық атқарушы орган қызметiнiң тәртiбiн, оның құқықтық мәртебесiн және құзыретiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi. (РҚаО-ның ескертуі: қараңыз. P010983). 2. Орталық атқарушы орган өз құзыретi шегiнде:       уәкiлеттi органдарға әдiстемелiк және ұйымдық басшылықты жүзеге асыруға; еңбек рыногының бiрыңғай ақпараттық базасын құру негiзiнде жұмыс күшiне сұраныс пен ұсынысты талдауға, болжауға және халық пен Қазақстан Республикасының Үкiметiне еңбек рыногының жай-күйi туралы хабарлап отыруға;      халықты жұмыспен қамтудың Республикалық бағдарламасын әзiрлеуге; iшкi еңбек рыногын қорғау мақсатында инвестициялық келiсiм-шарттар жобаларын қарауға қатысуға;      шетелдiк жұмыс күшiн тартуға, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан шетелге жұмыс күшiн шығаруға байланысты қызметке Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен лицензия беруге, оны тоқтата тұруға және керi қайтарып алуға; (РҚаО-ның ескертуі: қараңыз. P990862) Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметiн жүзеге асыру үшiн жұмыс берушiлерге Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлеген квота шегiнде шетелдiк жұмыс күшiн тартуға рұқсат беруге; мүдделi органдармен бiрлесе отырып, кадрлар әзiрлеу мен оларды жұмысқа орналастыруға қажеттiлiктi анықтауға;

еңбек рыногының бiрыңғай ақпараттық базасын қалыптастыруға мiндеттi.

Жергiлiктi атқарушы органдар

  • Жергiлiктi атқарушы органдар халықты жұмыспен қамту саясатын iске асыруды:       1) мемлекеттiк жұмыспен қамту саясатына сәйкес аймақтық бағдарламалар әзiрлеу;       2) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктер аумағында тұратын нысаналы топтарды және оларды қорғау жөнiндегi әлеуметтiк шараларды жыл сайын анықтап отыру;       3) жеке кәсiпкерлiктi, шағын және орта бизнестi дамыту арқылы қосымша жұмыс орындарын ашуды қолдау;       4) жұмыссыз азаматтарды әлеуметтiк қорғау;       5) қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру;       6) халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесетiн басқа да iс-шараларды жүзеге асыру арқылы қамтамасыз етедi.     

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 316 Қаулысымен Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы бекітілді.

Бағдарламаның мақсаты - жұмыспен тұрақты және нәтижелі қамтуға жәрдемдесу арқылы халықтың табысын арттыру.

Бағдарламаның міндеттері:

  • Өз бетінше жұмыспен айналысушыларды, жұмыссыздарды және табысы аз адамдарды жұмыспен нәтижелі қамтылуға тарту;

  • Үдемелі индустриялық - инновациялық дамыту жөніндегі

  • бағдарламаны іске асыру үшін кадр әлеуетін дамыту;

  • Әлеуметтік көмек көрсету жүйесін жетілдіру.

  • Қазақстан Республикасының азаматтары және оралмандар өз ісімен айналысушылар , жұмыссыздар мен табысы аз адамдар  Бағдарлама қатысушылары бола алады.

Бағдарламаны іске асыру келесі бағыттар бойынша жүзеге асырылады:

  • 1.Өз бетінше жұмыспен айналысушыларды, жұмыссыздарды және табысы аз  адамдарды оқыту және олардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесу.

  • 2. Ауылда кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесу.

  • 3. Еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру.

«Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ

(ҚР Үкіметінің 2004 жылғы 27 ақпандағы № 237 қаулысымен құрылды)

Қор бiрден-бiр құрылтайшысы мен қатысушысы мемлекет болып табылатын акционерлiк қоғам нысанындағы коммерциялық емес ұйым. 

Қордың негізгі мақсатыҚазақстан Республикасында міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесін енгізу, әлеуметтік аударымдардың сақталуын және мақсатты жұмсалуын қамтамасыз ету болып табылады. 

Қордың миссиясы: әлеуметтік тәуекел туған жағдайда әлеуметтік қамсыздандыру үшін азаматтардың жауапкершілігін ынталандыру болып табылады. 

Қордың негізгі қызмет түрлері:

1) міндетті әлеуметтік аударымдарды шоғырландыру;

2) әлеуметтік төлемдерді жүзеге асыру үшін уақытылы қаржы аудару;

3) тiзбесiн Қазақстан Республикасының Yкiметi айқындайтын уақытша бос қаржы құралдарына Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі арқылы Қор активтерін орналастыру жолымен инвестициялық қызметін жүзеге асыру. 

Сонымен қатар Қор тұрақты түрде әлеуметтік аударымдарды есептеу мен төлеу және әлеуметтік төлемдерді тағайындау мен алуға қатысты сұрақтар бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.

Әлеуметтiк аударымдарды төлеушi  - Заңда белгiленген тәртiппен әлеуметтiк аударымдарды есептеудi және Қорға төлеудi жүзеге асырушы жұмыс берушi немесе өзiн-өзi жұмыспен қамтыған адам.

Қор міндеті:

  • Орталықтың әлеуметтiк төлемдердi жүзеге асыруы үшiн қаражаттың уақтылы аударылуын қамтамасыз етуге;  

  • Қордың уақытша бос қаражатын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi арқылы қаржы құралдарына орналастыруға;  

  • жыл сайын аудит өткiзудi қамтамасыз етуге;  

  • Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес өзге де мiндеттердi атқаруға мiндеттi.  

Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесін қаржыландыру жұмыс берушілер мен өзін-өзі жұмыспен қамтыған тұлғалардың Қорға төлеген әлеуметтік аударымдарынан тұрады және оларға салық жүктемесінің көбеюін болдырмау үшін төленетін әлеуметтік аударымдар сомасына әлеуметтік салық мөлшері төмендетілген. Зейнетақы 1997 жылы маусымның 20-сы

Зейнетақы - бұл қартайғанда, толық немесе ішінара еңбек ету қабілеттігінен, асыраушысынан айырылған және заңда көзделген басқа жағдайларда азаматтарды қамтамасыз ету үшін берілетін ай сайынғы ақшалай төлемақы, қызмет атқарған уақыттағы табыстың бір бөлігі. Зейнетақы төлемдерінің мөлшерлері тек қана жұмыс өтіліне және зейнетақыны есептеу үшін берілген орташа айлық табыс деңгейіне байланысты болады.

Зейнетақы қорларының басты мақсаты: азаматтарды қартайғанда және әрекетке қабілетсіз болғанда әлеуметтік қамтамасыз ету.

Міндеті:

1) Балаларға жәрдемақы мен зейнетақы төлеу үшін мақсатты алым және қаражатты жинақтау, оларды қаржыландыруға қатысу

2) Халықты әлеуметтік қолдау бойынша аймақтық бағдарламаға келісімшарт негізінде республикалық тұрғыда қаржыландыруға қатысу

3) Өзін өзі қаржыландыру негізінде ұдайы өндіру қаржы қорын кеңейту

Зейнетақы қызметі:

1) Заңға сәйкес зейнетақымен қамсыздандырылуға құқығы бар азаматтарға бюджет қаражаты есебінен зейнетақы төлемдерін төлеуді;

2) Азаматтарға әлеуметтік жеке кодтар беруді;

3) Қазақстан Республикасының Үкiметі белгiлеген тәртiппен мiндеттi зейнетақы жарналары бойынша салымшылардың (алушылардың) деректер базасын және міндеттi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасқан жеке тұлғалардың бiрыңғай тiзiмiн қалыптастыруды;

4) міндетті зейнетақы жарналарын дербес тұрғыдан есепке алуды;

5) міндетті зейнетақы жарналарын агенттерден жинақтаушы зейнетақы қорларына аударуды;

6) мемлекет алдындағы салықтық міндеттемелердің орындалуына салықтық бақылауды қамтамасыз ететін орталық атқарушы органға агенттердің Орталық есебіне аударған және Орталықтан агентке қайтарылған міндетті зейнетақы жарналарының сомалары бойынша тізілімдер мен төлем құжаттарын табыс етуді;

7) Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес басқа да функцияларды жүзеге асырады.

Капиталы: Жалақының барлық түрлерін, әр алуан сыйлықақыларды, үстеме ақыларды, үстемелерді қоса, жалдамалы жұмыскерлердің еңбегін пайдаланатын заңи тұлғалардың, сондай-ақ дара кәсіпкерлердің, адвокаттар мен жекеше нотариустардың ай сайынғы ақшалай немесе натуралдық нысандағы табысынан (жұмыс берушінің материалдық, әлеуметтік игіліктер немесе басқадай материалдық пайда түріндегі табыстарын қоса) он пайыз мөлшерінде міндетті зейнетақы жарналары нысанында аудару жолымен қалыптасады.

Кайда кетеді: Орталықтан зейнетақы төлемдері зейнеткерлік жасқа жеткен азаматтарға - еркектер 63 жасқа толғанда, әйелдер 58 жасқа толғанда және еркектерге кемінде 25 жыл еңбек өтілі болғанда, әйелдерге 20 жыл еңбек өтілі болғанда тағайындалады.

"Азаматтарды медициналық сақтандыру туралы"

Қазақстан Республикасы Президентінің Заң күшi бар Жарлығын жүзеге асыру жөніндегі шаралар туралы Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің Қаулысы 1995 жылғы 15 маусымдағы № 2330

Медициналық сақтандыру ұғымы

Мiндеттi медициналық сақтандыру Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын сақтау жөнiндегi олардың мүдделерiн әлеуметтiк қорғаудың нысаны болып табылады және ол Мiндеттi медициналық сақтандыру қоры қаражатының есебiнен белгiлi бiр сақтандыру жағдайлары пайда болған кезде мiндеттi медициналық сақтандырудың базалық бағдарламасы шеңберiнде медициналық көмек көрсету жөнiндегi қатынастарды бiлдiредi.

Қордың мақсаты – халықты медициналық сақтандыру қызметтерімен қамтамасыз ету болып табылған еді

Қор қызметі - қорланған қаражат есебінен азаматтардың тегін медициналық көмек алуына кепілдік беруді көздейді.

Қордың мiндеттерi

  • сақтандырушылармен мiндеттi медициналық сақтандыру шарттарын

  • жасауға;

  • медицина ұйымдарымен және жеке медициналық практикамен айналысушы адамдармен медициналық қызметтер көрсету туралы шарттар жасауға;

  • шарттардың жағдайларына сәйкес медицина ұйымының немесе жеке медициналық практикамен айналысушы адамның сақтандырылушыға медициналық қызмет көрсету жөнiндегi шығындарының орнын толтыруға;

  • сақтандырылған адам Қормен медициналық қызмет көрсету шартын жасамаған медицина ұйымының немесе жеке медициналық практикамен айналысушы адамның медициналық қызметiн пайдаланған жағдайда, мiндеттi медициналық сақтандырудың базалық бағдарламасы шеңберiнде оның шығындарының орнын толтыруға;

  • сақтандырылған азаматтарға медициналық сақтандыру құжатын

  • беруге;

  • сақтандырушылардың сақтандыру төлемдерiн уақтылы төлеуiн

  • бақылауға;

  • шартта белгiленген медициналық қызметтердiң ауқымы мен

  • сапасын бақылауға;

  • қолданылып жүрген заңдарға сәйкес медицина қызметкерiнiң

  • терiс iс-әрекетiмен сақтандырылушының денсаулығына келтiрiлген залалдың орнын толтыру үшiн медицина ұйымына немесе жеке медициналық практикамен айналысушы адамға талап қоюға мiндеттi.

Қордың қаражаты

  • Жұмыс берушiлердiң мiндеттi медициналық сақтандыруға арналған сақтандыру төлемдерiнiң Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген мөлшердегi бөлiгi; Қордың қаржы қаражатының нормаланған сақтандыру қоры;

  • Бiр тұрғынға есептелген қаржыландыру шығындарының үлестiк салмағына сәйкес жұмыс iстемейтiн халық үшiн бюджеттiң қаржысы;

  • Қордың уақытша еркiн қаржы қаражатын пайдаланудан түскен табыс;

  • заңды және жеке тұлғалардың ерiктi жарналары мен сыйсияпаттары;

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]