Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
anb_teorya.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
121.12 Кб
Скачать

8.Ақша айналысының заңы

- тауарлар айналысы үшін қажетті ақшалардың санын анықтайды.АТА=тауар бағасының сомасы/ақша айналым саны.Бұл жерде бір айта кететіні,ақшаның төлем құралы қызметін атқаруымен б/ты бұл формула да нақтылануды талап етуде.

Айналысқа қажетті ақша саны келесі формуламен анықталады:

С тб- Нтб+Мте-Өте

Ақ =

Аос

Стб- сатылатын тауарлардың бағасының сомасы

Нтб- несиеге сатылатын тауарлар бағасының сомасы

Мте- міндеттемелер бойынша төлемдер сомасы

Өте- өзара төленетін төлемдер сомасы

Аос- айналыс және төлем құралы ретінде ақша айналымының орташа саны.Осындай жағдайларда айналысқа қажетті ақша санына өндірістің дамуының шарттарына тәуелді болып келетін әр алуан факторлар ықпал етеді.Оның біріне айналыстағы тауарлар санының өзгерісі жатады.Сондай-ақ шар/ғы ақшаға деген қажеттілік тауарлар ж/е көрсетілетін қызметтер бағаларының деңгейіне б/ты да анықталады.

9.Несие формалары

Несиенің формасы - бұл несие қатынасының сырттай нақты көрніс табуы. Ол несие қатынасының мәні мен ұйымдастырылуын синтездейді.Несие қатынасының формасы мен мазмұны ажырағысыз әрі диалектикалық жағынан біртұтас болады. Несие қатынасының формасы оның мазмұны мен дамуына сәйкесуі керек.Негізінен 2 түрі бар:коммерциялық(тауарлы) ж/е банктік(ақшалай).

Коммерциялық несие - бұл жеткізушінің сатып алушыға ұсынған тауары немесе көрсетілген қызметі үшін төлемді кейінге қалдыруы. Мұнда қарыз алушы да және оны берушілер ретінде кәсіпкерлер мен бизнеспен айналысатындар бола алады. Коммерциялық несие, көбіне тауарды сатып алушыда нақты ақшаның болмай қалуы барысында туындайды. Мұндай жағдайда айналыс құралы ретінде, қарыз алушының көрсетілген қарызын уақытында төлейтіндігін куәландыратын арнайы қарыздық міндеттеме, яғни вексель қолданылады. Ол оның иесіне белгілі – бір уақыт өткенне кейін, борышқордан векселде көрсетілген ақшалай соманы талап етуге құқығы бар. Несиенің бұл формасының объектісі ретінде тауарлық капитал қызмет атқарады. Коммерциялық несиенің ерекшелігі мынада: қарыз капиталы өнеркәсіптік капиталмен біріккен, ал оның мақсаты – тауарларды өткізуді жылдамдату.

Банктік несие-бұл банктік мекемелерден қарыз алушыларға ақшалай түрде берілетін несие.Б.несие-бұл эк/ғы кеңінен тараған несиелік қатынастардың формасы б.т.Б.несие б/ша несиелік қатынастың құралына несиелік шарт н/се несиелік келісім жатады.Б.несиеде несие беруші-банк ж/е арнайы қаржы мекемелері болса,ал қарыз алушылар ретінде-кәсіпкерлікпен н/се бизнеспен шұғылданатын қаржы ресурстарына деген сұаранысы бар кез келген заңды ұйым б.т.

10. Қолма қолсыз есеп айырылысу құралдары.

Қолма қолсыз ақшамен есеп айырысу-бұл ақшалай қаражаттарды төлеушілермен алымшыларды шоттарына байланысты жазбаша түрде ақшалай есеп айырылысуды білдіреді. Қолма қолсыз ақшамен есеп айырылысудың келесідей формасы бар:төлем тапсырмасы;төлем талабы тапсырмасы;инкассалық үкім;пластикалық карточкалар.

Төлем тапсырмасы - бұл клиенттің (төлеушінің) белгілі бір соманы жабдықтаушының шотына аудару туралы банкке берген тапсырмасы.Төлем тапсырмасымен есеп айырысу кең көлемді төлемдерді жүзеге асыру үшін қолд.:алынған тауарлары мен көрсеткен қызметтері үшін,тауарлы емес операциялар б/ша,жабдықтаушылар мен мердігерлерге тауары ж/е көрсетілген қызметтері үшін алдын ала төлеуге,аванстық төлемдер б/ша.Төлем тапсырмасы оны толтырған күннен бастап 10күнге жарайды ж/е төлеушінің шотында қаражат болған жағдайда ғана іске асырылады.Сызбасы:

4↑Бенефициар --1--→Аударушы↓2

Бенефициар банкі←-3-Аударушының банкі.

1-тауарды жабдықтау;2-төлем тапсырмасын банкке беру ж/е шоттан қаражатты шегеру;3-бенефициар банкіне қаражатты аудару ж/е алушының шотына есептеу;4-бенефициардың шотына қаражат түскендігін хабарлау.

Төлем талабы тапсырмасы - бұл жабдықтаушының төлеушінің банкісіне жөнелтілген тауар немесе көрсетілген қызмет үшін төлеу туралы талабы төлеушінің өз банкісіне берген тапсырмасын білдіреді.Төлем талап тапсырмасын бенефициар толтырады да,оны клммерциялық құжаттармен бірге бірден аударушының банкіне жібереді.Ал аударушы банкке келіп түскеннен бастап,3күн ішінде төлем туралы банкке келісімн беруге тиіс.Т.т.т. банктегі аударушының шотында ақша болған жағдайда ғана қабылданады.Төленбеген төлем талап тапсырмасы 3-30күн аралығында #1 картотекаға орналастырылуы мүмкін.Сызбасы:

6↑Бенефициар 2↘--1-→Аударушы 3↓ ↑4

Бенефициар банкі←--5--Аударушының банкі

1-тауарды жабдықтау;2-т.т.т-н аударушының банкіне жіберу;3-есеп айырысу құжаттары аударушыға келісім беруі үшін беріледі;4-төлеуге келісім берген есеп айырысу құжаттары банкке қайтарылып,ондағы банкте сатып алушының шотынан шегеріледі;5-бенефициардың банкіне қаражат аударылып,онда бенефициардың шотына есепке алынады;6-бенефициардың шотына қаражат келіп түскендігін хабарлайды.

Инкассалық үкім- заң актілірінде көзделген жағдайда ақшаны жөнелтушінің келімінсіз оның банктік шотынан ақшаны алу үшін пайдаланатын төлем құжаты.Инкассалық үкім салық ж/е кеден органдарына төленбеген төлемдерді,сондай-ақ соттың шешімі б/ша басқа да төлемдерді талап ету жағдайында қолд.Мұндағы салық ж/е кеден органдарының инкассалық үкімінен басқасы міндетті түрде соттың шешімдері,бұйрығы,қарары ж/е қаулысы б/ша берілетін орындау парағымен бірге жүреді.

Төлем кезектілігі:салық комитеті,бюджеттік төлемдер,міндетті төлемдер:зейнетақы т.б.,коммуналық қызметке төлемдер,банктік төлемдер %,жіберілген тауарлар мен көрсетілген қызметтер үшін төлемдер,қолма қол ақша чек арқ.

11.Ақша-несие саясаты

Қазақстан Ұлттық банкі мемлекеттік ақша несие саясатын

Анықтайтын және жүзеге асыратын орган б.т.

ҚҰБ ақша несие саясатының басты мақсаты: ұлттық валютаның тұрақтылығын, яғни оның төлем қабілеттілігі мен басқа шетел валюталарына қатысты тұрақтылығын қамтамасыз ету.

Ақша несие саясаты- айналыстағы ақша массасын, несие көлемін, сиақы мөлшерлемесін өзгертуге жалпы банк жүйесінің қызметін реттеуге бағытталған шаралар жиынтығы.

Ақша несие саясатының макроэкономикалық деңгейдегі субьектісі Ұлттық банк б.т. Ал ақша несие саясатының Ұлттық банк тарапынан реттеу обьектісіне экономикадағы қолма қол және қолма қолсыз ақша массасының жиынтығы жатады.Шаруашылық конъюктурасының жағдайына байланысты ақша несие саясатының келесідей екі түрі бар: рестрикциялық және экспанциондық ақша несие саясаты. Соңғы жылдары ақша несие саясатының басты көздеген бағыты: инфляцияны төмендету және теңгенің тұрақтылығын қамтамасыз ету.

Ақша несие саясаты 2 типке бөлінеді:

1 рестрикциялық – ЕДБң несиелік операциялар көлемін шектеуге және қатаң шарт белгілеуге, сондай ақ сыйақы мөлшерлемесінің деңгейін арттыруға бағытталған шаралар жиынтығы

2 экспанциялық несие беру көлемін, айналыстағы ақша массасының өсуіне бақылаудың әлсіздігімен және сыйақы мөлшерлемесінің төмендеуімен байл шарал

Ақша- несие саяс басты көздеген бағыты- инфляцияны төмендету және теңге тұрақтылығын қамтамасыз ету. Осы мақсатқа жету үшін ҰБ қатаң ақша несие саяс жүргізеді.

Заңға сәйкес ҰБ ақнесие саясатының ннегізгі құралдарымен реттейді:

  • Сыйақы мөлшерлемесін белг

  • Ен төменгі міндетті резерв норм белг

  • мемлекттік бағалы қағдарын сатып алу сау бойынша ашық нарықтағы операц жүрг

  • банктерге және үкіметке несиелер беру

  • валюталық нарықта интервенциялау

  • кей жағдайларда несиелк операциялардың жекелеген түрлерінне сандық шектеулер енгізу

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]