Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
anb_teorya.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
121.12 Кб
Скачать

4. Несиенің атқаратын қызметтері

Несие –пайыз төлеу ж/е қайтару шартында,уақытша пайдалануға беретін ссудалық капитал қозғалысы.Несиенің эк/ғы орны мен рөлі оның атқаратын қызметтерімен сипатталады. Несие эк/қ категория ретінде келесідей қызметтерді атқарады:

1)қайта бөлу–кез келген елдің ұлттық эк/ң толық жұмыс жасауынаүлес қосады.Несиенің бұл қызметі көмегімен эк/қ жүйенің бір саласынан екінші саласына капитал ағымы б/ды.Несиенің бұл қызметінің қаржының қайта бөлу қызметінен айырмашылығы қаржының бөлінуі әкімшілік негізде жүргізілсе,ал салалар мен аймақтар арасындағы капитал ағымы несие арқылы,яғни ол нарықтық механизм негізінде жүзеге асырылады.

2)айналыс шығындарын үнемдеу– шар.субьектілеріндегі ақшалай қаражаттардың түсуі мен жұмсалуы ар/ғы уақытша болатын алшақтық пен кей жағдайда қаржылық ресурстарға деген қажеттіліктерден туады.Сондықтан да мұндай жағдайларда қарыз алушылардың барлық категориялары өздерінің меншікті қаражатқа деген жетіспеушіліктің орнын толтыру үшін несиені пайд.Бұл д/з капитал айналымын қамт. Етіп қана қоймай,айналыс шығындарын үнемдеуге мүмкіндік береді.

3)айналыстағы нақты ақшалардың орнын уақытша алмастыру.Қазіргі несиелік шар/та мұндай орын алмастыруға толық мүмкіндік бар.Бұл қызметі іске асу процесінде тек қана тауар айналысын емес,сондай-ақ нақты ақшалардың уақытша орнын ауыстыра отырып,ақша айналысын да жылдамдатады.Бұл қызмет несиелік ақшалар:чектер,вексельдер,несиелік карточкалар арқ. жүз.асыр.

4)капиталдың шоғырлану процесі қызметі эк/ның тұрақты дамуына жағдай жасау үшін маңызды б.т.Мұндай міндеттерді шешуде несиенің бұл қызметі өндірістің ауқымын ұлғайта отырып,пайда алуға мүмкіндік береді.

5)несиенің ҒТП-ті жеделдету қызметі ғылыми-техн. Ұйымдардың қызметін қаржыландырумен сипатталады.Сондықтан да несиенің көмегінсіз көптеген ғылыми ұйымдардың жұмыс жасауы қиынға соғады.Сондай-ақ несие өндіріске ғылыми технологияларды жаңалық ретінде енгізу үшін де маңызды.Себеі,ондай шығындар бастапқыда кәсіпорынның қаражатымен қаржыландырылады.

5.Несие жүйесі ж/е құрылымы.

Несие жүйесі – жалпы банктердің (ұлттық және коммерциялық) және банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын банктік емес мекемелердің жиынтығы.Несие жүйесі ұғымы банк жүйесіне қарағанда кеңірек, яғни мұнда өзге де несиелік мекемелер қамтылады. Әр елдің өзіндік ерекшелігіне қарай несие немесе банк жүйесінің құрылымы қалыптасады. ҚР-дағы несиелік жүйе екі буыннан тұрады: біріншісі – банктік жүйе, ал екіншісі – парабанктік жүйе (банктік емес мекемелер).

Ұлттық банк қызметі-ақша айналысын ж/е қолма-қолсыз есеп айырысуды ұйымдастыру;үкіметке несие есеп айырысу қызметін көрсету;алтын-валюта резервін басқару;ақша-несиелік реттеу.ЕДБ қызметі-клиенттерге несие-есеп айырысу қызметін кешенді түрде көрсету.Маманданған банктер қызметі-банк көрсететін қызметінің жекелеген түріне ғана маманданған.Банктік емес мекемелер қызметі-маманданған несие-есеп айрысу ж/е қаржылық қызмет көрсету.Пошта-жинақ мекмелернің қызметі-халыққа несие-есеп айрысу қызметін көрсету,ұсақ салымдарды тарту. Банктік емес мекемелердің немесе парабанктік мекемелердің банктерден айырмашылығы – олар біріншіден, клиенттердің белгілі бір түріне ғана қызмет етсе, екіншіден, банктік операциялардың жекелеген түрлері бойынша ғана қызмет көрсетеді.

6. Қолма қол ақшалар айналысы

Ақша айналысы-елдегі тауарлық ж/е тауарлық емес сипаттарына қызмет етеін қолма қол ақша мен қолма қолсыз ақшалар формасындағы ақша қозғалысы.Ол 2-ге бөлінеді.Қолма қол ақша айналысы- бұл нақты ақшалар қозғалысын білдіреді. Оған банкноталар, монеталар және қағаз ақшалар жатады.Банкнота-орталық банктің айналымға шығарған әр түрлі номиналды ақша бірліктері.Қағаз ақша-бюджет тапшылығын жабу мақсатында шығарылады,металл ақшаға ауыстырылмайды,сондай-ақ мемлекет белгілеген өзіндік номиналы бар құндық белгілері.Қолма-қолсыз ақша айналысы-қолма қолсыз ақша айнылмының ақшалай қозғалысы.Оған чек,палстикалық карточка,электронды аударымдар көмегімен пайд-н клиент шотындағы ақшалары жатады.Дамыған елдерде нақты ақшалар айналысының едәуір бөлігін орталық банктерден шығарылған банктік билеттер құрайды. Ақша шығарудың кішкене бөлігі қазыналық билеттерді шығарушы қазынашылықтың үлесіне тиеді. Нақты қолма- қол ақшаға банк кассаларындағы және банкке қатысы жоқ салалардың , яғни кәсіпорындардың, ұйымдардың және мекемелердің кассаларындағы, халықтың өз қолындағы ҚР Ұлттық банк шығарған банкноттар мен тиындар жатады.Қолма- қол ақша өз қозғалысын ақшаны айналымға шығаруға және эмиссияны монополиялық құқығы бар ҚР Ұлттық банк кассасынан бастайды. Қолма- қол ақшаның ұйымдастырылуына екінші деңгейдегі банктер маңызды рөл атқарады.

7.Банктік емес мекемелер қызметі.

Банктік емес мекемелердің банктен айырмашылығы- олар біріншіден клиенттердің белгілі бір түріне қызмет көрсетсе, екіншіден- банктік операциялардың жекелеген түрлері бойынша қызмет көрсетеді. Банктік емес мекемелерге: ломбардтар, несиелік серіптестіктер, несиелік одақтар, жинақтаушы зейнетақы қорлары, пошта жинақ мекемесі жатады.Ломбард операциялары: депозитке салынатын жеңіл өткізілетін бағалы қағаздарды және өзге жылжитын мүлікті кепілге салумен қысқа мерзімді кредиттер беру;лизинг қызметін жүзеге асыру;құрамында қымбат металдар мен асыл тастар бар зергерлік бұйымдары сатып алу, кепіл зат ретінде қабылдау, есепке алу, сақтау және сату;сейф операциялары: сейф жәшіктерін, шкафтарын және үй-жайларды жалға беруді қоса алғанда, құжаттандырылған нысанда шығарылған бағалы қағаздарды, клиенттердің құжаттары мен құндылықтарын сақтау бойынша қызмет көрсету.

Жинақтаушы зейнетақы қорлары салымшылардың зейнетақы жарнасын ж/е алушылардың зейнетақы төлемін,сондай-ақ зейнетақы активтерін мемлекеттік бағалы қағаздарға,банктердің депозиттеріне,х/а қаржы институттарының бағалы қағаздарына инвестициялап тарту жөніндегі қызметті жүзеге асырады. ЖЗҚның ең басты міндеті салымшылардың ақшасын инфляциядан қорғау ж/е оларды молайту б.т.

Қазпошта дәстүрлі пошталық қызмет көрсетумен ғана шұғылданбай, сонымен қатар халықаралық және ұлттық жедел пошта ,аралас пошта, депозиттер қабылдау, кассалық есеп айырылысу қызметін атқарады. Пошта-жинақ мекемелері пошта бөлімдері арқылы халықтың салымдарын жинақтап, қаражаттарды қабылдау және беру қызметін жүзеге асырады. Соңғы уақыттарды көптеген елдерде пошта-жинақ жүйелерінің несие-есеп айырысу қызметтері қанат жаюда. Сондай-ақ банктік заңдылықтардың шектеу қойылуына байланысты аталған мекемелердің кейбір көрсететін қызметтері дами алмай отыр.Несиелік серіктестік – өз мүшелеріне несие-есеп айырысу қызметін көрсету мақсатында құрылған несиелік мекеме. Несиелік серіктестіктің басты пассив операцияларына – салымдарды тарту және займдарды орналастыру; актив операцияларына – ссудалық, комиссиондық, сауда-делдалдық операциялары жатады.

Несиелік одақтар – бұл белгілі бір жеке тұлғалардан немесе ұсақ несиелік мекемелерден ұйымдастырылатын несиелік кооперативтер. Негізгі операцияларына мыналар жатады: салымдарды тарту және займдарды шығару; өзінің мүшелеріне қамтамасыз етілген ссудалар беру, вексельдерді есепке алу; сауда-делдалдық және комиссиондық операциялар; кеңес беру және өз мүшелеріне аудиторлық қызмет көрсету.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]