
- •1.Ақшаның шығу тегі және тауарлы жаратылысы.
- •2.Ақшаның қызметтері
- •3. Қазақстандағы мемлекеттік бюджеттен тыс қорлары
- •4. Несиенің атқаратын қызметтері
- •5.Несие жүйесі ж/е құрылымы.
- •8.Ақша айналысының заңы
- •9.Несие формалары
- •10. Қолма қолсыз есеп айырылысу құралдары.
- •12.Ақша массасы- Ақша базасы
- •8 Несиелеу обьектісіне қарай
- •14.Ақша реформасының мәні.
- •2. Капитал қозғалысына байланысты операцияларға жататындар:
- •3.Шетел банктерiмен корреспонденттiк қатынас орнатуға қарай:
- •4.Конверсиондық операциялар сипатына қарай:
- •16.Ақша теориялары
- •17. Ссудалық пайыз мәні және түрлері.
- •18.Жинақтаушы зейнетақы қоры
- •19. Қағаз ақшалар және олардың айналыс заңдылықтары.
- •20. Құн формаларының дамуы
- •21. Қр Ұлттық банктің құрылымы мен басқару органдары.
- •23. Ссудалық пайызға ықпал етуші факторлар
- •24.Сақтандыру компаниялары
- •25. Депозиттік операциялар
- •26. Коммерциялық банктердің активтік операциялары.
- •27. Ақшаның қызметтері, типі, қасиеттері
- •28. Инфляция. Инфляцияға қарсы саясат
- •29. Банкнота,түрлері
- •30. Қр Ұлттық банкінің қызметтері.
- •31. Тұтыну бағалар индексі
- •32. Металл ақша айналысы.
- •33. Пластикалық карточкалар арқылы есеп айырысу
- •35. Қор биржасы.
- •36. Банктің қаржылық операциялары.
- •37. Коммерциялық банктердің пассивтік операциялары.
- •38. Бағалы қағаздар нарығы.
- •39.Коммерциялық банктердің жіктелуі.
- •40. Ақша массасы, ақша агрегаттары.
- •41.Ақша-несие саясатының типтері.
- •42. Бағалы қағаздар және олардың жіктелуі
- •43. Ақша жүйесі және оның элементтері.
- •44. Ссудалық пайыздың қалыптасу негізі
- •45. Ақша айналысын тұрақтандыру әдістері
- •46.Коммерциялық банктер түрлері,негізгі функциялары
- •47. Дүниежүзілік валюта жүйесі
- •48. Қр банк жүйесі
- •49. Төлем талабы және инкассалық үкім арқылы есеп айырысу
- •50. Ұлттық валюта.Жүйе
43. Ақша жүйесі және оның элементтері.
Ақша жұйесі –бұл тарихи түрде қалыптасқан және ұлттық заңдылықтармен бекітілген ақша айналысын ұйымдастыру формасы. Ақша жүйесінің өзіне тән типтері және элементтері болады. Ақша жүйесінің мынадай типтері бар:1. металл ақша айналысы, яғни мұндай ақша тауары тікелей айналыста бола отырып, ақшаның барлық қызметтерін атқарады.2. несиелік және қағаз ақшалар айналысы. Яғни алтын айналыстан алынып тасталынып, оның орнына несиелік және қағаз ақшалар айналысқа түседі.
Металл ақша айналысы екіге бөлінеді: 1. Биметализм –жалпыға балама рөлі екі бағалы металға негізделген ақша жүйесі. Биметализмнің 3 түрі болған:
қос валюталы жүйе –мұнда алтын мен күмістің арасындағы шектік қатынас олардың нарықтық құнына негізделген
қатар жүретін валюталық жүйе –мұнда бұл қатынас мемлекет тарапынан белгіленген
ақсақ валюталық жүйе-мұнда алтын мен күміс монеталары заңды төлем құралы ретінде пайдаланылған, бірақ бірдей негізде емес. Себебі күміс монеталарды жасау жабық түрде жүзеге асырылып, алтын монеталарды жасау жабық түрде жүргізілді.
2. монометаллизм –бұл барлығына бірдей балама және ақша айналысының негізі ретінде бір ғана металл қызмет ететін ақша жүйесі. Ол мына түрлерге бөлінеді:
- алтын монета стандарты – бұл еркін бәсеке тұсындағы капитализмнің талаптарына біршама сәйкес келе отырып, несие жүйесінің, өндірістің, дүниежүзілік сауданың, капиталды сыртқа шығарудың дамуын қалады. Белгілері: алтын елдің ішкі ақша айналысында болып, ақшаның барлық қызметтерін бірдей атқарды. Алтын монеталарды құюға рұқсат етілді. Толық құнды емес ақшалар айналыста бола отырып, еркін мөлшерде алтын монетаға ауыстырылды. Алтынды және шетел валюталарын еркін түрде сыртқа шығаруға болатын болды.
-алтын құйма стандарты – мұнда айналыста монета болмайды, алтын монетаны еркін түрде жасауға тыйым салынады. Мұнда банкноталар алтын құймасына тек олардыі сомасы көрсетілген жағдайда ғана айырбасталды.
-алтын девиз стандарты –Австрия, Германия, Дания, Норвегия елдерінде бекітілді. Мұнда да айналыста алтын монета еркін жүрмеді. Мұнда банкноталарды алтынға ауыстырылған шетел валюталарына ауыстыру жүргізілді.
Ақша жүйесінің элементтері: ақша бірлігі, ақша түрлері, эмиссиялық жүйе.
Ақша бірлігі – барлық тауарлардың бағаларын бейнелеуге қызмет ететін, заңды түрде бекітілген ақша белгісі. Қазақстанда ақша бірлігі – теңге.
Ақша түрлеріне заңды төлем құралы болып табылатын несиелік және қағаз ақшалар жатады.
Эмиссиондық жүйе – бұл әр елдің орталық банктерінің айналысқа ақша шығаруын білдіреді.
44. Ссудалық пайыздың қалыптасу негізі
Ссудалық пайыз негізінен несиенің төменділігі принципіне байланысты.
Несиенің төлемділігі дегеніміз несие беруші, қарыз алушыға берілетін қаражатты қайтару барысында бастапқы сомманың өсіп қайтарылуын білдіреді. Іс жүзінде ақылық несиені пайдалану үшін сыйақы пайыз түрінде беріледі.
Қарыз пайызы неиенің негізгі атрибуты ретінде несие бағасының иррационалды формасы болады. Қарыз пайызының абсолютті шамасы қарыз алушының несиені пайдаланғаны үшін төлейтін белгілі бір соманы білдіреді және пайыздық сома д.а. Фоаманың иррационалдылығы , біріншіден, қарызға берілген құн ақшалай формада бола отырып, тағы да қашалай формада екінші бағаны алғандай болады;екіншіден , пайыз сомасы ретінде қарыз алушы төлейтін сома оған бастапқыда қарызға берілген құнның шамасына тең келмейді.Қарыз пайызы тауар өндірісі негізінде п.болды.Қарыз пайызы, демек , қоғамда тұрақты ақша айналысы және ақша капиталының қызмет етуі бар болған икезде п.б. Қарыз пайызы үшін несиенің бар болуы қажет. Қарыз пайызының мәнін оны қарыз капиталын қайтарымдылық принципімен пайдалану негізінде пайда болатын экономикалық қатынастар ретінде түсіну керек. Бұл экономикалық қатынастардың субъектілері – қарыз пайызын тиісінше алушы және төлеуші ретінде болатын кредитор және қарыз алушы. Қарыз пайызына қатысты экономикалық қатынастар ерекше, оларды несиелік қатынастармен араластыруға болмайды. Олардың айырмашылықтары арқылы қарыз пайызының экономикалық мәні ашылады, айырмашылықтары төмендегілер болып келеді:
Қарызға берілген құнның және несиені пайдаланғаны үшін төленетін пайыздық сома қозғалысының сипаты;
Несие мен қарыз пайызы арасындағы экономикалық құқықтық айырмашылық;
Қарызға берілген құн мен пайыз төлеу сомасы қозғалысының әр түрлі бастамасы;
Несие және қарыз пайызының ұдайы өндірі процесінің әр түрлі сатыларында пайда болуы