
- •1.Ақшаның шығу тегі және тауарлы жаратылысы.
- •2.Ақшаның қызметтері
- •3. Қазақстандағы мемлекеттік бюджеттен тыс қорлары
- •4. Несиенің атқаратын қызметтері
- •5.Несие жүйесі ж/е құрылымы.
- •8.Ақша айналысының заңы
- •9.Несие формалары
- •10. Қолма қолсыз есеп айырылысу құралдары.
- •12.Ақша массасы- Ақша базасы
- •8 Несиелеу обьектісіне қарай
- •14.Ақша реформасының мәні.
- •2. Капитал қозғалысына байланысты операцияларға жататындар:
- •3.Шетел банктерiмен корреспонденттiк қатынас орнатуға қарай:
- •4.Конверсиондық операциялар сипатына қарай:
- •16.Ақша теориялары
- •17. Ссудалық пайыз мәні және түрлері.
- •18.Жинақтаушы зейнетақы қоры
- •19. Қағаз ақшалар және олардың айналыс заңдылықтары.
- •20. Құн формаларының дамуы
- •21. Қр Ұлттық банктің құрылымы мен басқару органдары.
- •23. Ссудалық пайызға ықпал етуші факторлар
- •24.Сақтандыру компаниялары
- •25. Депозиттік операциялар
- •26. Коммерциялық банктердің активтік операциялары.
- •27. Ақшаның қызметтері, типі, қасиеттері
- •28. Инфляция. Инфляцияға қарсы саясат
- •29. Банкнота,түрлері
- •30. Қр Ұлттық банкінің қызметтері.
- •31. Тұтыну бағалар индексі
- •32. Металл ақша айналысы.
- •33. Пластикалық карточкалар арқылы есеп айырысу
- •35. Қор биржасы.
- •36. Банктің қаржылық операциялары.
- •37. Коммерциялық банктердің пассивтік операциялары.
- •38. Бағалы қағаздар нарығы.
- •39.Коммерциялық банктердің жіктелуі.
- •40. Ақша массасы, ақша агрегаттары.
- •41.Ақша-несие саясатының типтері.
- •42. Бағалы қағаздар және олардың жіктелуі
- •43. Ақша жүйесі және оның элементтері.
- •44. Ссудалық пайыздың қалыптасу негізі
- •45. Ақша айналысын тұрақтандыру әдістері
- •46.Коммерциялық банктер түрлері,негізгі функциялары
- •47. Дүниежүзілік валюта жүйесі
- •48. Қр банк жүйесі
- •49. Төлем талабы және инкассалық үкім арқылы есеп айырысу
- •50. Ұлттық валюта.Жүйе
39.Коммерциялық банктердің жіктелуі.
Коммерциялық банктер тікелей кәсіпорындарға, ұйымға, сондай-ақ халыққа қызмет көрсететін екінше деңгейлі банктер болып табылады.
1 Меншік сипатына қарай:
Мемлекеттік
Акционерлік
Жеке
Пай қосу арқылы(мысалы ЖШС)
Аралас (шетел капиталының қатысуымен)
Кооперативтік
2 Операциялардың түрлеріне қарай:
әмбебап, яғни экономиканың барлық салаларына бірдей және кең көлемді банктік қызмет көрсететін банктер
маманданған, яғни бір ғана салаға қызмет көрсетеді
3 Аумақтық белгісіне қарай:
халықаралық
ұлттық
аймақтық
4 Салалық белгісіне қарай:
өнеркәсіптік банктер
Сауда банктері
Ауылшаруашылық банктері
Құрылыс банктері
Басқа да
5 Филиалдар санына қарай:
Филиалсыз
Көп филиалды
40. Ақша массасы, ақша агрегаттары.
Ақша массасы- ақша айналысының негізгі сандық көрсеткіштерінің біріне жатады. Ол жеке тұлғаларға, кәсіпорындарға және мемлекетке тиісті және шаруашылық айналымына қызмет ететін стып алу және төлем құралдарының жиынтық көлемін білдіреді. Ол ақша агрегаттарының көмегімен анықталады.
Ақша агрегаттары-белгілі бір күндегі және белгілі бір кезеңдегі ақша айналымының сандық өзгерісін талдау үшін, сондай-ақ ақша массасының өсуімен көлемін реттеуге байланысты шаралар жасау үшін пайдаланатын көрсеткіштер.
Қазақстандағы қаржы статистикасында келесідей агрегаттардың есептері жүргізіледі:
М0- айналыстағы қолма-қол ақша (банкноталар мен монеталар)
М1-М0+заңды тұлғалардың есеп айырысуы, ағымдық және чектік шоттардағы қаражаттары, коммерциялық банктердің салымшылыарының ақшалары, халықтың талап еткенге дейінгі депозиттері.
М2- М1+халықтың банктегі мерзімді салым ақшалары.
М3-M2+мемлекеттік қарыз облегациялары, депозиттік сертификаттар.
41.Ақша-несие саясатының типтері.
Ақша несие саясаты- бұл айналыстағы ақша массасын, несие көлемін, сыйақы мөлшерлемесін өзгертуге жалпы банк жүйесінің қызметін реттеуге бағытталған шаралар жиынтығы.Қазақстан Ұлттық банкі мемлекеттік ақша несие саясатын анықтайтын және жүзеге асыратын орган болып табылады.ҚҰБ ақша- несие саясатының басты мақсаты: ұлттық валютаның тұрақтылығын қамтамасыз ету, яғни оның төлем қабілеттілігі мен басқа шетел валюталарына қатысты тұрақтылығын қамтамасыз ету.
Ақша несие саясаты 2 типке бөлінеді:
1 рестрикциялық
2 экспанциялық
Рестрикциялық ақша несие саясаты- екінші деңгейлі банктердің несиелік операциялар көлемін шектеуге және қатаң шарт белгілеуге, сондай- ақ сыйақы мөлшерлемесінің деңгейін арттыруға бағытталатын шаралар жиынтығы.
Экспанциялық ақша- несие саясаты- несие беру көлемін кеңейтумен, айналыстағы ақша массасының өсуіне бақылаудың әлсіздігімен және сыйақы мөлшерлемесінің төмендеуімен байланысты сипатталады.
42. Бағалы қағаздар және олардың жіктелуі
Бағалы қағаздар — мүліктік құқықты куәландыратын, дивиденд және пайыз түрінде белгілі бір ақша сомасын алуға құқық беретін құжат. Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексіне (15.1. 2001) сәйкес құнды қағаздардарға “облигация, коносамент, акция және заң актілерінде немесе соларда белгіленген тәртіппен құнды қағаз қатарына жатқызылған басқа да құжаттар” жатады (130-бап). Құнды қағазға өтімділік, кірістілік бағамының өзгеріп отыратындығы, сенімділік, дербес айналымдылық сияқты жалпы экономикалық сипаттамалар тән.
Бағалы қағаздар- нарықта айналыста болатын ерекше тауар, бірақ ол заттай тауар немесе қызмет немесе ақша болып табылмайды. Оны ақшаға жақындататын ерекшелігі бар.
Оның ең бастысы- оны әр түрлі формадағы ақшаға айырбастауға болады. Ал, есеп айырысуда пайдаланылуы мүмкін кепіл де бола алады, оның мұра бойынша мерзімсіз беруге де, ұсынуға да болады. Осылайша бағалы қағаз өз иесіне біршама табыс әкелетін, құқығы мен міндеттемесі үшінші тұлғаға жаңа келісімшартпен берілетін құжатты білдіреді.
ҚР-да қолданылатын бағалы қағаздар келесідей болып жіктеледі:
-негізгі бағалы қағаздар- олардың негізінде қандай да бір активке, тауарларға, ақшаға, капиталға, мүлікке, әртүрлі ресурстарға берілетін мүліктік құқықтарға жатады.
-туынды бағалы қағаздар- бұл қандай да бір базиске арналған бағалы қағаздар, бұл аталған бағалы қағаздар негізінде биржалық активтердің баға өзгерісімен байланысты туындайтын мүліктік құқықты куәландыратын құжатсыз бағалы қағаздар.
1.варанкт
2.фючерстік мәмілелер
3.акцион
-үлестік бағалы қағаздар- кәсіпорын таратылғанда өз иесінің мүліктік құқығын бөліп береді, өз иесіне жарғылық капитал құруға және кәсіпорынды басқару құқығына қатысуға мүмкіндік береді.
-борыштық бағалы қағаздар- қарыз иелері мен эмитенттер арасындағы қарыз қатынасын белгілейді.
-атаулы бағалы қағаздар- олардың барлық иелеріне сәйкестендіруді қарастырады, осы бағалы қағаз бекітілген меншік құқығын басқаға өтуін олардың сәйкестендіруін талап етеді.
-ордерлік бағалы қағаздар- ол бойынша құқық бағалы қағаздарды аталған тұлғаға тиесілі болады және осы бағалы қағаздарды табыстау жазуын индоссаментті орындау жолымен беріледі. Үлгілеріне: вексель, ипотекалық куәліктер жатады.
-ұсынбалы бағалы қағаздар- осы бағалы қағаздарын куәландыратын құқық оны ұсынатын адамға тиесілі болады.
-құжаттандырылған бағалы қағаздар- қағазбен тасымалдаушы эмитенттеледі.
-құжаттандырылмаған бағалы қағаздар- счетқа жазу жолымен эмитенттеледі.
-нарықтық бағалы қағаздар- бағамдық айырмашылық ретінде одан табыс алуға мүмкіндік береді.
-инвестициялық бағалы қағаздар- девиденттер, купондар, пайыз түрінде осы бағалы қағаздар бойынша ағымдағы табысты алу мақсатында ұзақ мерзімге сатып алынады.
-қайтарылымды бағалы қағаздар- мерзімінен бұрын өтелуі мүмкін бағалы қағаздар.
-қайтарымсыз бағалы қағаздар- айналыс мерзімі біткенше айналыстан алынбайтын бағалы қағаздар.
Қазақстан Республикасының “Бағалы қағаздар рыногі туралы” заңында (10.7. 2003) эмиссиялық құнды қағаздың шығарылуы, таратылуы, айналысқа жіберілуі және өтелуі барысында туындайтын қоғамдық қатынастар реттелген, сондай-ақ құнды қағаздың инвесторлары мен ұстаушыларының құқықтарын, құнды қағаз рыногінің қауіпсіз, ашық, тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету жолдары белгіленген.
Қазақстан Республикасының құнды қағаздар нарығы туралы заңдылығы Қазақстанның Конституциясына негізделген және ҚР Азаматтық кодекісінен, 2-шілде 2003 жылғы «Құнды қағаздар нарығы туралы» ҚР заңынан және басқа ҚР нормативтік құқықтық актілерден тұрады. Егер де Қазақстан Республикасы қол қойған келісімшарттарда заңда қарастырылғаннан басқа ережелер бекітілген болса, онда халықаралық келісімшарт ережелері қолданылады.