
- •1.Ақшаның шығу тегі және тауарлы жаратылысы.
- •2.Ақшаның қызметтері
- •3. Қазақстандағы мемлекеттік бюджеттен тыс қорлары
- •4. Несиенің атқаратын қызметтері
- •5.Несие жүйесі ж/е құрылымы.
- •8.Ақша айналысының заңы
- •9.Несие формалары
- •10. Қолма қолсыз есеп айырылысу құралдары.
- •12.Ақша массасы- Ақша базасы
- •8 Несиелеу обьектісіне қарай
- •14.Ақша реформасының мәні.
- •2. Капитал қозғалысына байланысты операцияларға жататындар:
- •3.Шетел банктерiмен корреспонденттiк қатынас орнатуға қарай:
- •4.Конверсиондық операциялар сипатына қарай:
- •16.Ақша теориялары
- •17. Ссудалық пайыз мәні және түрлері.
- •18.Жинақтаушы зейнетақы қоры
- •19. Қағаз ақшалар және олардың айналыс заңдылықтары.
- •20. Құн формаларының дамуы
- •21. Қр Ұлттық банктің құрылымы мен басқару органдары.
- •23. Ссудалық пайызға ықпал етуші факторлар
- •24.Сақтандыру компаниялары
- •25. Депозиттік операциялар
- •26. Коммерциялық банктердің активтік операциялары.
- •27. Ақшаның қызметтері, типі, қасиеттері
- •28. Инфляция. Инфляцияға қарсы саясат
- •29. Банкнота,түрлері
- •30. Қр Ұлттық банкінің қызметтері.
- •31. Тұтыну бағалар индексі
- •32. Металл ақша айналысы.
- •33. Пластикалық карточкалар арқылы есеп айырысу
- •35. Қор биржасы.
- •36. Банктің қаржылық операциялары.
- •37. Коммерциялық банктердің пассивтік операциялары.
- •38. Бағалы қағаздар нарығы.
- •39.Коммерциялық банктердің жіктелуі.
- •40. Ақша массасы, ақша агрегаттары.
- •41.Ақша-несие саясатының типтері.
- •42. Бағалы қағаздар және олардың жіктелуі
- •43. Ақша жүйесі және оның элементтері.
- •44. Ссудалық пайыздың қалыптасу негізі
- •45. Ақша айналысын тұрақтандыру әдістері
- •46.Коммерциялық банктер түрлері,негізгі функциялары
- •47. Дүниежүзілік валюта жүйесі
- •48. Қр банк жүйесі
- •49. Төлем талабы және инкассалық үкім арқылы есеп айырысу
- •50. Ұлттық валюта.Жүйе
33. Пластикалық карточкалар арқылы есеп айырысу
Электрондық ақшалар – компьютер торабының, ақпараттарды автоматты түрде өңдеу құралдарын қолданатын байланыс жүйелері арқылы жүзеге асыратын банктер және олардың клиенттері, сатушылар мен сатып алушылар арасындағы төлемдер жиынтығы.
Электронды ақшалар пластикалық карточка формасында болады. Олар екі түрлі болып келеді:
Дебеттік (төлем) карточка – банкте арнайы карточкалық қаражаты бар, клиент арасындағы келісімшарқа сәйкес шоттағы қаражаты бар, клиент арасындағы келісімшартқа сәйкес шоттағы қаражатты пайдалануға, банкомат арқылы қолма-қол ақша алуға, сондай-ақ тауарлар мен қызметтер үшін төлеуге арналған төлем құралы.
Кредиттік карточка – оның эмитенті мен карточка иесі арасындағы келісімшартқа сәйкес, несиелік көлемінде тауарлар мен қызметтер үшін төлемді жасауға, не қолма-қол ақша алуға арналған карточка.
ҚР екінші деңгейдегі банктер дебеттік және кредиттік карточкалардың отандық және халықаралық түрлерін кеңінен қолдануда. Оларға: “Eurocard”, “Master Card”, “Visa”, “ALTYN” және тағы басқа.
Пластикалық карточкалардың иелері тауарларды сатып алып және қызметтерге төлем төлеп қана қоймай, сонымен бірге тұтынушылық мақсатта банктерден қысқа мерзімді несиелерді де ала алады. Қазіргі таңда пластикалық карточкалардың бірнеше түрлері қолданылады,олардың ішінде банктік және саудалық карточкалар өте кең таралған.
Электрондық төлемдер жүйесі қоғамның өте кең тобының өміріне тікелей ықпал етті. Көптеген дүкендер пластикалық карточкалар көмегімен сатып алулардыжүзеге асыруға мүмкіндік береді, қажетті сома тауарларға төлеу үшін сіздің шотыңыздан алынады.
34. Банктің меншікті қаражаттарына сипаттама беріңіз
Банктің меншікті қаражаттары қатарына меншікті капиталы мен оған сай келетін баптар кіреді. Банктің меншікті капиталы арқылы, оның барлық қаражаттарға деген қажеттілігінің 10%-ы өтіледі.
Банктің меншікті қаражаттарының банктің үнемі тұрақтылығын ұстап тұруда маңызы бар. Банктің бастапқы құрылуы барысында, осы меншікті құражаттары алғашқы шығындарды, яғни жерге, ғимаратқа, жабдықтауға, жалақыға жұмсалатын шығындарды жабады. Себебі, меншікті қаражатсыз банктің қызметін бастау мүмкін емес. Осы меншікті қаражаттар есебінен меншікті қаражаты – бұл ұзақ мерзімді активтерге жұмсалымдардың басты көзі болып табылады.
Банктің меншікті қаражаттары-банктің экономикалық дербестігін және қызмет ету тұрақтылығын қамтамасыз ететін әр түрлі қорлар мен бөлінбеген пайда жиынтығы.
Банктің меншікті қаражатына жататындар:
банктің жарғылық капиталы;
банктің резервтік капиталы;
қосымша капиталы және пайда есебінен құрылған басқа қорлары;
сақтандыру резервтері;
бөлінбеген пайдасы.
Банктің жарғылық капиталы – банктің заңды тұлға третінде міндетті түрде құрылуын және өмір сүруінің экономикалық негізін құрайды. Жарғылық капиталдың төменгі мөлшері Қазақстан Ұлттық банктердің пруденциалық нормативтерімен реттеліп отырады.
Резервтік қор – банк қызметінде пайда болуы мүмкін зияндардың орнын жабу мақсатында құрылған ақшалай қаражаты.
Резервтік қор банктің тұрақты қызмет етуін қамтамасыз етеді.
Резевтік қордың шамасы заңды түрде жарғылық қормен теңескен жағдайда жарғылық капиталға толығымен аударылады.
Қосымша капиталдар негізгі құралдардың тозуына байланысты аударылған аударымдар есебінен және белгілі мақсатқа бағытталатын пайданы бөлу нәтижесінде құрылады.
Бөлінбеген пайда – акциялар бойынша дивидендті төлегеннен кейін және резервтік қорға аударғаннан қалған пайданың бөлігі.