Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
anb_teorya.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
121.12 Кб
Скачать

30. Қр Ұлттық банкінің қызметтері.

ҰБ ақша резервтерінен, алтын валюта резервтерінен басқа да материялдық құндылықтардан тұратын жекеше мүлкі бар заңды тұлға. ҰБ классикалық қызметтері: ақшаны эмиссиялау; ақша-несие саясатын жүргізу; төлем жүйесін ұйымдастыру; төлем балансын құру; валюталық реттеу және валюталық бақылау жүргізу. Ал негізгі қызметтері; айналыстағы ақша массасының көлемін реттеу жолымен республикада мемлекеттік ақша-несие саясатын жүргізеді және монетарлардың монополистік элементі болып табылады. Бағалы қағаздарды эмиссиялайды; ҚР үкіметінің мемлекеттік қағаздарына қызмет етуге қатысады; Қазақстан аумағында банктердің, еншілес банктердің филиалдары мен өкілеттіліктерінің ашылуына сол сияқты банктік опперациялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыруға рұқсат қағазын береді; белгіленген тәртіпке банктің бағасы қағазының эмиссиялау проспектісіне мемлекеттік тіркеуге дейін мемлекеттік сараптама жүргізеді; банктердің қызметін бақылау мен қадағалауды жүзеге асырады; ҚР-да несиелер бойынша сыйақы пайыз мөлшерлемесін реттеуді жүзеге асырады.

31. Тұтыну бағалар индексі

Тауарлармен қызметтердің түрлерін қамтитын тұтыну қоржыны негізінде анықталады.

Тұтыну бағаларның индексін (ТБИ) есептеуде мынандай формула қолданылады:

ТБИ=Ағымдағы жылдағы тұтыну қоржының бағасы/ Базалық жылдағы тұтыну қоржынының бағасы*100

Тұтыну бағаларының индексінің үш сандық мәні болуы мүмкін:

*баға индексі 100 пайызға тең болады, яғни баға өзгермеген болып табылады

*баға индексі 100 пайыздан жоғары, мысалға 140 пайызға тең. Демек, ағымдағы жылдағы бағаны базалықпен салыстырғанда 1,4 есе өскен, яғни ақша инфляциялық құнсызданды

* баға индексі 100 пайыздан төмен, айталық 80 пайызға тең, яғни ағымдағы жылдағы баға базалыққа қарағанда 20 пайыз төмендеген. Бұл дегеніміз дефляцияның болғанын, яғни деңгейінің төмендеуін білдіреді.

32. Металл ақша айналысы.

Металл ақша айналысы- мұндай ақша тауарлы айналыста бола тұрып, ақшаның барл қызметтерін атқарады. Металдық айналым-ға ақша жүйесінің биметализм және монометализм д аталатын 2 түр

Биметализм- баламаның жалпыға бірдей құнының рөлі айналымда болатын екі металл- алтын мен күміске заңмен бекітілген ақша жүйесі. Биметализмнің 3 түрі болған:

- қосарлы валюталар жүйесі. Мұнда алтын мен күміс монеталардың арасындағы арақатынас металдың нарықтық құнына сәйкес нарықта берекесіздік түрде белгіленеді;

- егер мұндай арақатынасты мемлекет анықтайтын болса, онда ол- екі жақты валюта жүйесі;

- «ақсақ» валюта жүйесі. Онда алтын мен күміс бірдей негізде заңды төлем құралдары болып табылады.

Монометализм- ақша жүйесі. Онда бір металл (алтын немесе күміс) жалпыға бірдей балама ретінде әрі ақша айналымының негізі ретінде әрі ақша айналымының негізі ретінде қызмет етеді. Алтын монометализмді алғаш рет Ұлыбританияда 1816 жылы, Германияда- 1871-1873жж., Жапонияда- 1897ж., АҚШ-та- 1990ж. белгіленді. Ал, Ресейде күміс монометализм жүйесі 1839-1843жж. ақша реформасының нәтижесінде енгізілді және бұл жүйе 1852 жылға дейін қолданыста болды.

Алтынның құн белгілеріне айырбасталуы сипатына қарай алтын монометализмнің 3 түрі болады: алтын монета стандарты, алтын құйма стандарты және алтын-девиз (алтын-валюталық) стандарты.

Алтын монеталы стандарт еркін бәсекелестік кезеңінің талаптарына көп сәйкесіп, өндірістің, кредит жүйесінің, әлемдік сауда- саттықтың дамуына және капиталдың шетке шығарылуына ықпал етті. Оның негізгі белгілеріне мыналар жатады:- толық бағалы алтын монета ел ішінде барлық ақша қызметін орындап, айналымда болады.

Алтын құйма стандартына мынадай белгілер тән:

- айналымда алтын монеталар мен олардың еркін шығарылуы болмайды; - толыққұнды емес ақша банкноты тек алтын құймаларына айырбасталады.

Алтын дивиздік стандартта алтын монеталар айналымда болмайды, банкноттар мен толыққұнды ақшалар алтынға тең шетелдік валюта арқылы жүзеге асырылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]