
- •1.Ақшаның шығу тегі және тауарлы жаратылысы.
- •2.Ақшаның қызметтері
- •3. Қазақстандағы мемлекеттік бюджеттен тыс қорлары
- •4. Несиенің атқаратын қызметтері
- •5.Несие жүйесі ж/е құрылымы.
- •8.Ақша айналысының заңы
- •9.Несие формалары
- •10. Қолма қолсыз есеп айырылысу құралдары.
- •12.Ақша массасы- Ақша базасы
- •8 Несиелеу обьектісіне қарай
- •14.Ақша реформасының мәні.
- •2. Капитал қозғалысына байланысты операцияларға жататындар:
- •3.Шетел банктерiмен корреспонденттiк қатынас орнатуға қарай:
- •4.Конверсиондық операциялар сипатына қарай:
- •16.Ақша теориялары
- •17. Ссудалық пайыз мәні және түрлері.
- •18.Жинақтаушы зейнетақы қоры
- •19. Қағаз ақшалар және олардың айналыс заңдылықтары.
- •20. Құн формаларының дамуы
- •21. Қр Ұлттық банктің құрылымы мен басқару органдары.
- •23. Ссудалық пайызға ықпал етуші факторлар
- •24.Сақтандыру компаниялары
- •25. Депозиттік операциялар
- •26. Коммерциялық банктердің активтік операциялары.
- •27. Ақшаның қызметтері, типі, қасиеттері
- •28. Инфляция. Инфляцияға қарсы саясат
- •29. Банкнота,түрлері
- •30. Қр Ұлттық банкінің қызметтері.
- •31. Тұтыну бағалар индексі
- •32. Металл ақша айналысы.
- •33. Пластикалық карточкалар арқылы есеп айырысу
- •35. Қор биржасы.
- •36. Банктің қаржылық операциялары.
- •37. Коммерциялық банктердің пассивтік операциялары.
- •38. Бағалы қағаздар нарығы.
- •39.Коммерциялық банктердің жіктелуі.
- •40. Ақша массасы, ақша агрегаттары.
- •41.Ақша-несие саясатының типтері.
- •42. Бағалы қағаздар және олардың жіктелуі
- •43. Ақша жүйесі және оның элементтері.
- •44. Ссудалық пайыздың қалыптасу негізі
- •45. Ақша айналысын тұрақтандыру әдістері
- •46.Коммерциялық банктер түрлері,негізгі функциялары
- •47. Дүниежүзілік валюта жүйесі
- •48. Қр банк жүйесі
- •49. Төлем талабы және инкассалық үкім арқылы есеп айырысу
- •50. Ұлттық валюта.Жүйе
23. Ссудалық пайызға ықпал етуші факторлар
Ссудалық пайыз тауарлары өндіріс жағдайында және қоғамда несие қатынастары дамығанда пайда болады. Несие болмаған жерде ссудалық пайыз болмайды. Ссудалық пайыздың мәні мыналарды білдіреді:
а) ссудаға берілген құнды пайдаланғаны үшін төленетін төлемді;
ә) несиеге қосылатын үстемені;
б) несие берушінің шығыстарының орнын толтыру әдістерін.
Ссудалық пайыз сандық тұрғыдан пайыз мөлшерлерінен білінеді. Банктік тәжірибеде ссуда бойынша жай және күрделі сыйақы есептеу формулалары қолданылады. Жай пайызды есептеу: I = (ipn)/(360*100). i – сыйақы мөлшерлемесі, p – қарыз қалдығы, n – сыйақы есептелген кезеңдегі күндер саны.
Күрделі пайыз: I = p[(in/1200) - 1] .
Егер несиелеу мерзімі кезеңінде қарыз қалдығының бір бөлігі мерзімі өткен ссудалық қарызға сыйақы есептеу келесі формуламен анықталады: g = Q[(1+(ig/1200))t1 – (1+(ig/1200))t2] мұндағы ig – мерзімі өткен сыйақы бойынша есептелетін сома.
Ссудалық пайыз мөлшерлемелері мазмұнының жалпы сызбасы былайша берілуі ықтимал: банк беретін несиенің пайыздық мөлшерлемесі жалпы жағдайда тартылған ресурстардың плюс пайыз маржасының төлем мөлшерлемелерінен қалыптасады. Соңғысы өз кезегінде бірнеше бөліктерден тұруы ықтимал: қалыпты маржалар, яғни банктің жұмыс істеуімен және банктің қалыпты пайда алуымен байланысты шығыстардың орнын толтыруды қамтамасыз етушілер. Қалыпты маржа сенімділік деңгейі жоғары несиеге бағдарланады; тәуекелдік үстемесі неғұрлым жоғары болса, банктің ссуданы қайтарып алуға сенімділігі соғұрлым төмен болады; нарық жағдайына (сұраныс - ұсыныс) жеңілдік және ондағы сатушының (бәсекелес - монополия) жағдайы.
24.Сақтандыру компаниялары
Сақтандыру компанияларының мақсаты:қоғамдық ұдайы өндірістің үздіксіздігін қамтамасыз ету үшін азаматтарды,мүліктерді,өндіріс прцестерін қоғамдық және ұжымдық қорғау болып табылады.
Міндеттері:
-әлеуметтік сақтандыру түрі ретіндегі сақтық қорғауды ұсынудың қағидаттарын нақтылау;
-сақтандыруды қолдану аясын кеңейту және міндетті сақтандыру түрлерін нақтылау;
-әлеуметтік сақтандыру жүйесіне енгізілген адамдарды сақтандыру арқылы қорғауын күшейту;
-сақтандыру жарналарын жинау және қорларды қалыптастыру есебінен әлеуметтік көрсетілген қызметтерді қаржыландыру үшін ресурстарды шоғырландыруға бағдарланған экономика;
-инвестициялық-уақытша еркін ақша қаражаттарын мемлекеттік қарыздар,кәсіпорындар акцияларына,банкінің бағалы қағаздарына және басқа қаржы құралдарына жұмсаудан пайда алу есебінен сақтандыру қорларын арттыруға бағыттау;
-реттеу-сақтандыру тәуекелдерін бөлу.
Қызметтері:
-сақтандыру;
-инвестициялық қызмет;
-сақтандыру қызметіне байланысты мәселелер бойынша консультациялық қызмет көрсету;
-сақтандыру саласында мамандардың біліктілігін арттыру мақсатында оқытуды ұйымдастыру мен жүргізу;
-тиісті жинақтаушы салық шартында көзделген сатып алу сомасы шегінде өзінің сақтанушыларына қарыз беру;
-консорциум және серіктестік құруға құқылы;
Табысы:
1.Сақтандыру қызметінен тікелей алынған табыс.Сақтандыру компаниялары сақтандырудан алынған салымдардан сақтандыру төлемдері мен сақтандыру салаларын төлеуден резервтік қорларды құрайтын,сақтандыру салымдарының ағымдағы түсімдерінің қорын құрайды;
2.Компанияның сақтандырылмайтын қызметінен түскен табыс (банк депозиттері,қозғалмайтын мүлік және т.б).Алынған табыстар сақтандыру компаниясының табыстарына қосылады;
3.Басқа қызметтерден түсетін табыс-консультациялық,делдалдық.