Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
anb_teorya.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
121.12 Кб
Скачать

21. Қр Ұлттық банктің құрылымы мен басқару органдары.

Ұлттық банк өзінің қызметтерін орындауы үшін басқарма, директорат, бас аумақтық және облыстық басқармалармен қатар, басқа да жергілікті құрылымдық бөлімшелері бар. Ұлттық банкінің 1996 жылғы құрылымы мынадай:

Басқарма-Директорлар кеңесі

Төраға-Төрағаның орнбасарлары

Ұлттық банкінің орталық аппараты

Департаменттер, дербес

басқармалар және бөлімдер(облыстық және қалалық филиалдар; ҚР ҰБ – ның Ресейдегі өкілдігі; ҰБ – ның дербес бөлімшелері: мем-ң алтын қоры, банкнот фабрикасы, монеталы фабрика, өлшемді қадаға- лау мемл-к инспекциясы, Қазақстанның банкаралық есеп айырысу орта лығы, банкаралық есеп айырысу және қаржы телекоммуникациялар орталығы, банктердің сервис бюросы).

ҰБ – ның басқармасы 9 адамнан тұрады. Құрамына: ҚР ҰБ Төрағасы және 5 лауазымды тұлғалар, ҚР Президенттігінен 1 өкіл, ҚР Өкіметінен 2 өкіл кіреді. Ұлттық банк тек қана ҚР Президенті алдында ғана есеп береді. Есеп беру мыналарды білдіреді:

  1. Парламенттің келісімімен ҚР Президенті ҰБ Төрағасын 6жылға сайлайды және қызметінен босатады;

  2. ҚР ҰБ Төрағасының орынбасарларын ҰБ Төрағасының ұсынуымен 6жылға сайлайды және босатады;

  3. ҰБ жылдық есебін ҚР Президенті бекітеді;

  4. ҰБ Президенттің сұрауы бойынша өзінің қызметіне байланысты ақпаратты беріп отыруға тиісті.

ҰБ жедел басқару органы – Директорлар кеңесі (директорат), ол ҰБ төрағасымен басқарылады. Директорат құрамына – төраға, оның орынбасарлары және департамент директорлары кіреді. ҰБ орталық аппараттарында келесідей басқармалар бар: ақша-несие операциялары, банктің қадағалау, халықаралық қатынастар, эмиссиялық кассалық операциялар, ақпараттық технологиялар, бухгалтерлік есеп және бюджет, ішкі қызмет, зерттеулер және статистика, ішкі аудит, есептеу жұмыстары, төлем жүйелері, шетелдік операциялар, заң департаменттері және басқармалар бар.

Басқарма мынадай сұрақтарды шешеді:

  • мемлекеттік ақша-несиелік саясатын жасайды;

  • ҰБ шығарған, банктер ісіне қатысты нормативтік актілерді бекітеді;

  • Парламент бекіткен тұжырым негізінде банкноттар мен монеталардың номиналдық құнын және әшекейлік пішінін бекітеді;

  • ҚР валюталық айырбас бағамын анықтау тәртібін бекітеді;

  • Сыртқы резервтерде сақтауға алатын сыртқы активтер типтерін бекітеді;

  • ҰБ жұмысы туралы есеп береді, жылдық жиынтық балансты қарастырады;

  • ҰБ турады Ережені, ҰБ құрылымын бекітеді және ҰБ департаменттерінің директорларын тағйындайды;

Банктер және олардың филиалдары үшін экономикалық нормативтерін бекітеді.

22. Қолма-қолсыз ақша айналысын ұйымдастыру принциптері.

Қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысулар жүйесі – қолма-қолсыз ақшалармен есеп айырысуларды ұйымдастыру қағидаларын, оларды ұйымдастыруға қойылатын талаптарды, сол сияқты құжат айналымына байланысты есеп айырысу әдістері мен формаларының жиынтығын білдіреді. Қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысуды ұйымдастырудың қағидаларына мыналар жатады.

- Бірінші қағидасы – барлық шаруашылық субъектілердің ақшалай қаражаттары банк мекемелеріндегі шоттарда сақталып, қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысулар сол шоттар негізінде жүзеге асырылуын көздейді. Мұнда клиенттерге ақшалай қаражаттарды сақтау және аударымдар жасау үшін шоттар ашылады.

- Екінші қағидасы – төлемдер шот иелерінің өніміне байланысты белгіленген төлемдер кезегі бойынша, яғни шоттағы қаражат қалдығы шегінде жүзеге асырылуға тиіс. Бұл қағидасы бойынша клиенттердің шарттарындағы қаражаттардың төлемдер бойынша кезектілігін нарық субъектілерінің құқығы бекітіледі. Бұл дегеніміз шаруашылық субъектілерінің экономикалық дербестігіне жасалған мңызды қадамды білдіреді. Сондай-ақ бұл қағиданың жасалуы, төлем көзіне деген нұсқаудың жоқтығына көңіл бөлгізеді. Себебі, бұл да шот иесінің айналымындағы қаражаттарды иеленудегі және төлемді қамтамасыз етуіндегі жауапкершілігін қамтитын экономикалық дерьестігін көздейді.

- Үшіінші қағидасы – нарық субъектілердің қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысу формларын таңдаудағы еркін және оларды банктің араласуынсыз шаруашылық келісім шарттарында бекітуді көздейді. Бұл қағидасы меншік формаларына байланыссыз кез келген нарық субъектілерінің келісім шарттық және есеп айырысу қатынастарын ұйымдастырудағы бұл қатынастардың нәтижелі болуы үшін, олардың материалдық жағынан жауапкершілігін арттырудағы экономикалық дербестігін сипаттайды.

Сонымен қатар, қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысуды ұйымдастырудың мынадай екі қағидасы қолданылады:

- төлемнің мерзімділігі – шаруашылық несиелік сақтандыру шарттарында, ұжымдық шарттарда және ҚР Қаржы министрлігінің нұсқауларында көрсетілген мерзімдерге сәйкес есеп айырысуды жүзеге асыруды білдіреді. Іс жүзінде мерзімінен бұрын, мерзімінен кешіктірілген, мерімінен өткен төлемдер де кездеуі мүмкін.

Мерзімінен бұрынғы төлемдер – келісілген мерзімінен бұрын аұшалай міндеттеменің орындалуын білдіреді. Мерзімі кешіктірілген төлемдер – көзделген уақытты қарыздық міндеттемесін орындай алмауына байланысты бастапқы мерзімінің уақытын ұзарту , яғни жаңа менрзімді белгілеуді білдіреді. Мерзімі өткен төлемдер – төлеушіде төлейтігн қаржы болмауына байланысты туындайды, сөйтіп, төлем мерзімі жеткен кезде төлеушінің банктік немесе коммерциялық несие алу мүмкіндігінің жоқтығын сипаттайды.

- Төлемнің қамтамасыз етілуі – бұл алдындығы мерзімділік қағидамен тығыз байланысты. Себебі, төлемнің қамтамасыз етілуі төлем мерзімінің сақталуы үшін ондағы өтімділік қаражаттардың кепілдеме ретінде болуын білдіреді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]