Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
anb_teorya.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
121.12 Кб
Скачать

19. Қағаз ақшалар және олардың айналыс заңдылықтары.

Қағаз ақшалар (қазыналық билеттер)-нағыз ақшалардың өкілдері, олар бюджет тапшылығын жабу мақсатында шығарылады, металл ақшаға ауыстырылмайды, сондай – ақ мемлекет белгілеген өзіндік номиналы бар құндық белгілері. Тарихи тұрғыда қағаз ақшалар металдық айналымнан туындады және бұрын-соңды айналымда болған күміс және алтын монеталардың орынбасарлары ретінде әрекет етті. Айналым барысында металл ақшалар көшті және тозды, сонымен бірге оларды сақтау, тасылмалдау және тауарларды көп мөлшерде сатып алу кезінде пайдалану өте ыңғайсыз болды. Осыған байланысты қағаз ақшалар пайда болды. Қағаз ақшалардың өзіндік құны жоқ, егер оларды шығару шығындары болса, онда олар номиналды құнға сәйкес келмейді. Қағаз ақшалар екі қызметті ғана атқарады: айналым құралы және төлем құралы. Қағаз ақшалардың ұзақ, дербес айналымы мүмкін емес, өйткені олардың көптеген кемшіліктері бар.

Қағаз ақшалардың айналыста ұлғаюы мемлекеттің қаржы жетіспеушілігіне байланысты шығаруымен түсіндіріледі. Олар өзінің табиғаты жағынан тұрақсыз және құнсыздануға тез икемді. Олардың құнсыздану себептеріне : айналысқа басы артық қағаз ақшалардың шығарылуын, эмитентке деген сенімнің төмендеуін және төлем балансының қолайсыздық жағдайын жатқызады.

20. Құн формаларының дамуы

Тауарлар айырбасының дамуы өз кезегінде құнның мынандай формаларының қалыптасуына себеп болған:

1. алғашқы формасы өндіргіш күштердің төменгі даму сатысына тән құннын жай және кездейсоқ формасы. Айырбастың бұл формасында бір еңбек өнімі екінші бір еңбек өніміне тікелей айырбасталып отырған.

2. Бұл құнның толық немес жалпы формасымен сипатталады. Еңбек бөлінісінің дамуы және өндірістің өсуі нәтижесінде нарықтағы тауарлар саны мен түрлері арта түседі. Мұнда көбіне бір тауар басқада көптеген балама тауарлардың айырбасында жүрген.

3. Бұл құнның жалпылама формасы әр тауар өндіруші өздерінің еңбектеріне қарай барлығына бірдей қажет жалпылама тауар алуға тырысады. Осыған байланысты жергілікті нарықтарда, тауарлар массасына жалпылама балама рөлде жүретін тауарлар ығысып шығады. Құнның жалпыға балама формасының дамуы нәтижесінде барлық тауарларға тікелей айырбасталатын тауарлар әлемінен ерекше бір тауар ақша тауары қалыптасты. Ол тауар рөлін бағалы металда: алтын мен күміс атқарды.

Ақшаның қызметі – құн өлшемі. Ақшаның көмегімен басқа барлық тауардың құнын көрсетуге болады. Осы қызметті ойша нағыз ақшалар атқарады. Кез-келген тауардың құнын ақшалай түрде көрсету үшін, нақты ақшаны талап ету керек емес. Тауар құнының ақшалай көрсетілуі баға деп аталады.Баға сұраным мен ұсынымның әсерінен құннан ауытқуы мүмкін. Сондықтан тауар өз құнына да және сұраным мен ұсынымнан да тәуелді.

Алғашқы қауымдық құрылыстың өрістеген шағында, яғни бір қауым өзінің тұтынуынан артылған кез-келген өнімін анда-санда, кездейсоқ кездескенде басқа қауымның өніміне айырбастағанда құнның алғашқы формасы- құнның қарапайым, жеке немесе кездейсоқ формасы көрінеді.Мысалы, 1 өлшем астық 1 қойға және т. б.айырбасталды немесе Т=Т. Бұл теңдікте бір тауардың құны екінші тауарға айырбасталғанда көрінеді. Тосынан қарағанда айырбасталатын екі тауардың ролі бірдей сияқты. Ал шын мәнінде екінші тауар (мысалда қой) бірінші тауарда (астық) құнының көрінісі, яғни ол бірінші тауардың құнның білдіретін материалдың ролін атқарады. Өз құнын басқа тауармен көрсететін тауар (екінші) құнның салыстырмалы (относительді) формасында болады. Ал екінші тауардың құнын білдіретін тауар (бірінші)құнның баламалы (эквивалентті) формасында болып, оның эквиваленті, яғни баламасы болып есептеледі.

Құнның бұл формасы, аты айтып тұрғандай айырбас процесінің алғаш пайда болған кезіне, оның көп тарамай кездейсоқ сипатта болған кезіне сай келеді. Бұл кезеңде эквивалент ролін кез-келген әр түрлі тауарлар атқарады.

Тауар өндірісі дамыған сайын кездейсоқ айырбас тұрақты процеске, ал айырбас құнының қарапайым түрі толық немесе дамыған түріне айналды.Егіншіліктен мал шруашылығының бөлінуі, яғни алғашқы ірі қоғамдық еңбек бөлінісі нәтижесінде мал кездейсоқ емес, қайта басқа тауарларға мол айырбасталатын болды. Енді басқа тауарлар малға айырбасталғанда кездейсоқ тауарлар емес, қайта айырықша эквиваленттер ретінде жүрді. Олардың әрқайсысы мал теңестірілетін көптеген эквиваленттердің бірі болып, айырбас мынадай формаға енді: 1 қой = 4 қап астыққа немесе 1 балтаға немесе т с.с. тауарларға тең болады. Айырбас дамуының жаңа сатысын білдіретін формасы құнның толық немесе кеңейтілген формасы деп аталды.

Құнның екінші формасы тауарлы өндірістің ұлғайып, одан әрі нығаюын, өндірістік байланыстардың өрістеуін сипаттайды. Бұл сәтте өнім өндірушілер тауарлар арасындағы сандық арақатынастардың дәлдігіне айрықша мән беретін болды, өйткені, айырбас процесі тауарларды өндіруге жұмсалған еңбекті өтеуде барған сайын зор роль атқарады.

Қоғамдық еңбек бөлінісінің одан әрі дамуы адамдардың қолөнер кәсібімен шұғылданып, енді еңбек құралдарының дамуымен байланысты олардың еңбек дағдылары да жетіле бастады. Бұл кез, яғни егіншіліктен қолөнер кәсіпшілігінің бөлініп шығуы ғылымда екінші ірі қоғамдық еңбек бөлінісі деп аталады. Осының нәтижесінде өндіргіш күштер дамудың жаңа сатысына көтерілді. Кәсіпшілікте тас қалаушылар, ағаш ұсталары, құмыра жасаушылар, металл өңдейтін шеберлер және с.с. мамандықтар мен кәсіптер пайда болып, өндірісте ұста көрігі, құмыра, арба, тоқыма станогі, қол диірмен, аттұрмандары сияқты көптеген еңбек құралдары әзірленіп, пайдалана басталды.

Сөйтіп, тауар өндірісінің өсуі, айырбастың жиілігі мен жүйелілігі барлық тауарлар арасынан бір тауардың бөлініп шығуына әкеп соқтырды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]