
- •1 Блок бойынша сұрақтар
- •1. Ақпарат дегеніміз не? Ақпарат түрлері. Ақпараттарға қолданылатын амалдар
- •2. Ақпараттар мөлшері қалай өлшенеді?
- •3. Ақпаратты технология пəнінің приоритетті бағыттары
- •4. Санау жүйелері. Позициялық жəне позициялық емес санау жүйесі.
- •5. Есептеу техникасының даму сатылары
- •6. Жүйелік блоктың ішкі құрылғылары
- •7. Жады түрлері
- •8. Дербес компьютердің сыртқы құрылғылары
- •9. Программалық жабдықтар құрамы
- •10. Аналық тақша. Микропроцессор
- •11. Компьютерлік жүйелер функцияларының негізгі қағидаттары
- •12. Тұрақты есте сақтау құрылғысы
- •13. Алгоритм ұғымы жəне қасиеттері
- •14. Алгоритм құрылымы
- •15. Алгоритм көрсетілімі
- •16. Вирустардың бар болу белгілері
- •17. Вирустардың деструктивті əрекеттері
- •18. Вирустарды активтеу тəсілдері
- •19. Компьютерлік вирустардың негізгі түрлері
- •20. Вирустардың пайда болуы
- •21. Си бағдарламалау тілі
- •22. Машиналық тіл
- •24. Қашықтан оқытудың білім саласындағы міндеттері
- •25. Қашыктықтан оқытуды ұйымдастырудың əр түрлі технологиялары
- •26. Компьютердің логикалық элементтері
- •27. Типтік логикалық құрылғылар: триггер, сумматор, регистр, шифратор,
- •28. Фон Нейманның принципіне сəйкес компьютердің құрамына кіретіндер
- •29. Ауқымды желі. Базалық хаттамалар
- •30. Аймақтық желі. Қолданбалы хаттамалар
- •31. Internet қашан жəне қалай пайда болды?
- •32. Деректер қорының жіктелуі
- •33. Абсолютті, салыстырмалы, аралас сілтемелерді қолдану. Əрбір сілтемелерге
- •Сызықты алгоритмді бағдарламалау
- •2. Тармақталған алгоритмді бағдарламалау
- •3. Циклдық алгоритмді бағдарламалау
- •4. Программалық құралдар эволюциясы
- •5. Есептерді эем-де шығару кезеңдері
- •6. Электронды кесте
- •7. Электрондық кестені деректер қоры ретінде қолдану
- •8. Желілердің типтері
- •9. Негізгі желілік топологиялар.
- •10. Желілік хаттамалар
- •11. Web сайттың негізгі типтері
- •12. Html құжаттың құрылымы
- •13. Html тiлi
- •14. Мультимедиялық компьютердің аппараттық бөлігі
- •15. Қауіпсіздік пен электротұтыну стандарттары
- •16. Қолданбалы мультимедиялық бағдарлама
- •17. Компрессионды менеджерлер
- •18. Ақпараттық жүйелердегі ақпаратты қорғаудың криптографиялық əдістері
- •19. Криптожүйелер класы
- •20. Криптожүйелерге қойылатын талаптар
- •21. Ақпаратты жүйелерді қорғау əдістері
- •22. Компьютерлік вирустардың классификациясы
- •23. Вирустан қорғауға арналған арнайы программалар
- •24. Ақпараттық –коммуникациялық технология
- •25. «Электронды үкімет» жүйесі негізгі компоненттері
- •26. Электронды үкіметті қалыптастыру концепциясының негізгі есептері
- •27. «Электронды үкімет» бағдарламасын іске асырудың негізгі бағыттары
- •28. «Электронды үкімет» бағдарламасының мақсаты мен міндеттері
- •29. «Электронды үкімет» бағдарламасының негізгі бағыттары мен тетігі
- •31. Деректер қорын басқару жүйесінде деректер типтері
- •32. Access дқбж объектілері
14. Алгоритм құрылымы
Алгоритм жасалу құрылымына қарай үш түрлі болады: сызықтық, тармақталған, циклдік.
Егер орындаушы командаларды бірінен соң бірін ілесу тəртібімен орындайтын болса, алгоритм
сызықты деп аталады.
Орындаушының əрекеттері кейбір шарттарды тексеру нəтижелерімен белгіленетін болса, ол
алгоритм тармақталған болып саналады.
Жеке командалар мен команда топтары көп рет қайталанатын болса, алгоритм циклдік деп аталады.
Іс жүзінде алгоритмдердің көбінде үш құрылым да болады.
Компьютер, біз білетіндей, сандық, мəтіндік, графикалық, дыбыстық деректерді өңдей алады.
Программалау тілінің командаларымен өңделетін деректер шамалар деп аталады. Шамалар сандық,
символдық жəне логикалық болады.
Шама атымен, типімен жəне мағынасымен сипатталады.
15. Алгоритм көрсетілімі
Алгоритм сипаттамасының, көрсетімінің əдістері көп. Біз төртеуіне тоқталамыз: табиғи тіл,
графикалық тіл, алгоритмдік тіл жəне программалау тілі. Көрсетімнің əр түрлі алгоритмдерді сипаттаудың
өз орындаушысына бағытталған өзіндік құралдары бар:
• табиғи тіл (орындаушысы - адам) – орыс, қазақ, ағылшын тілдерінің сөздері;
• графикалық тіл (орындаушысы - адам) - əрекеттер сипаттамасы бар графикалық
схемалар (блок-схемалар);
• алгоритмдік тіл (орындаушысы - адам) - əрекет немесе орындаушыға арналған
командалар мағынасы берілетін табиғи тілдің белгілі сөздері;
• программалау тілі (орындаушысы - компьютер) – программалау тілінің
командалары.
Алгоритмдердің құрылымын, құру əдістерін үйрену үш көрсетімде бірден жүреді: блок-схемалар
түрінде, алгоритмдік тілде, программалау тілінде.
Блок-схемалар түріндегі алгоритмдер көрсетімі
Алгоритм көсетімінің ең көрнекі əдісі болып блок-схемалар түріндегі графикалық көрсетім болып
саналады. Алгоритм бұл жерде блокта бірізділігі түрінде бейнеленеді. Олардың ішіне орындалып жатқан
əрекеттерді түсіндіретін ақпарат орналасқан.
Негізгі блоктар мен олардың кескіндері:
алгоритм бас мен соңы
есептеуіш əрекет
деректерді енгізу, деректерді шығару
шартты тексеру
циклдің басы
көмекші алгоритмді шақыру
Алгоритмдерді алгоритм тілінде көрсету
Алгоритм тілі- бұла алгоритмдер мен оларды орындаудың біртекті жəне дəл жазбаларына арналған
белгілер мен ережелер жүйесі.
Алгоритм тілі, бір жағынан, кəдімгі тілге жақын, сондықтан əдеттегі мəтін ретінде оқылады жəне
жазылады. Екінші жағынан, алгоритм тілі пішіні жөнінен программалау тіліне жақындайды, бұл ЭЕМ үшін
программалау тілін тез үйренуге мүмкіндік береді.
Алгоритм тілінің өз сөздігі бар. Оның негізін осы тілдің командасын жеткізетін сөздер құрайды.
Алгоритм тілінде сондай-ақ мағынасы мен қолдану əдісі өзгермейтін сөздер пайдаланылады. Олар қызмет
етуші сөздер деп аталады.
Алгоритм тілінің қызмет етуші сөздері əдетте қысқартылған нұсқада ерекшеленеді жəне жазылады
да, алгоритмді безендіру үшін пайдаланылады.
Алгоритмнің аты қызмет етуші алг (алгоритм) сөзінен кейін жазылады жəне мүмкіндігінше ол осы
алгоритммен сипатталатын есептің шешуін көрсету керек. Алгоритм атынан соң командалар келеді, олар алгоритмнің басталуы мен аяқталуын көрсететін
қызмет етуші басы (начало) жəне соңы (конец) сөздерінің арасында тұрады.
Алгоритмнің жалпы көрінісі мынадай болады:
алг алгоритмнің аты
басы
алгоритм командалары (серия);
соңы
Алгоритм командалары рет-ретімен жазылады. Бір жолда бірнеше команда жазылуы мүмкін.
Мұндай жағдайда олар нүктелі үтірмен «;» бөлінеді.
Бірінен кейін бірі орындалатын бірнеше команданың жиынтығы серия деп аталады. Серияның бір
командадан тұруы да мүмкін.
Алгоритм тілінде ұсынылған алгоритмдердің орындаушысы адам екенін ескере отырып, біз
қажетіне қарай жаңа командаларды айқындаймыз жəне енгіземіз, олардың əрекеттері біздің орындаушыға
түсінікті.
Алгоритмдерді алгоритм тілінде сипаттау бізге алгоритмдерді программалау тілінде тиімді ұсынуға
қосымша қызмет етеді. Алгоритм тілінің ыңғайлы болатыны: командалар ана тілінің сөздерінен тұрады,
жалпыға белгілі символикаларды пайдаланады, өйткені олардың орындаушысы адам жəне командаларының
мағынасы адамның түсінуіне ыңғайластырылған.
1-мысал: Y мəнін Y=(AX-B)*(CX+D) формуласы бойынша X-тің кез-келген мəні үшін есептеп
шығару.
Бұл есепті шешу үшін төмендегі алгоритмде тұжырымдалған əрекеттерді ретімен орындау
жеткілікті:
алг есептеу
басы
A*X көбейту; нəтижені R1 белгілеу
R1-B азайту; нəтижені R2 белгілеу
C*X көбейту; нəтижені R3 белгілеу
R3+D қосу; нəтижені R4 белгілеу
R2*R4 көбейту; нəтижені Y мəні деп есептеу.
соңы
Енгізілген меншіктеу командасын ескеріп, осы алгоритмді былай жазуға болады:
алг есептеп шығару
басы
R1:=A*X;
R2:=R1-B;
R3:=C*X;
R4:=R3+D;
Y:=R2*R4;
Соңы