- •1 Блок бойынша сұрақтар
- •1. Ақпарат дегеніміз не? Ақпарат түрлері. Ақпараттарға қолданылатын амалдар
- •2. Ақпараттар мөлшері қалай өлшенеді?
- •3. Ақпаратты технология пəнінің приоритетті бағыттары
- •4. Санау жүйелері. Позициялық жəне позициялық емес санау жүйесі.
- •5. Есептеу техникасының даму сатылары
- •6. Жүйелік блоктың ішкі құрылғылары
- •7. Жады түрлері
- •8. Дербес компьютердің сыртқы құрылғылары
- •9. Программалық жабдықтар құрамы
- •10. Аналық тақша. Микропроцессор
- •11. Компьютерлік жүйелер функцияларының негізгі қағидаттары
- •12. Тұрақты есте сақтау құрылғысы
- •13. Алгоритм ұғымы жəне қасиеттері
- •14. Алгоритм құрылымы
- •15. Алгоритм көрсетілімі
- •16. Вирустардың бар болу белгілері
- •17. Вирустардың деструктивті əрекеттері
- •18. Вирустарды активтеу тəсілдері
- •19. Компьютерлік вирустардың негізгі түрлері
- •20. Вирустардың пайда болуы
- •21. Си бағдарламалау тілі
- •22. Машиналық тіл
- •24. Қашықтан оқытудың білім саласындағы міндеттері
- •25. Қашыктықтан оқытуды ұйымдастырудың əр түрлі технологиялары
- •26. Компьютердің логикалық элементтері
- •27. Типтік логикалық құрылғылар: триггер, сумматор, регистр, шифратор,
- •28. Фон Нейманның принципіне сəйкес компьютердің құрамына кіретіндер
- •29. Ауқымды желі. Базалық хаттамалар
- •30. Аймақтық желі. Қолданбалы хаттамалар
- •31. Internet қашан жəне қалай пайда болды?
- •32. Деректер қорының жіктелуі
- •33. Абсолютті, салыстырмалы, аралас сілтемелерді қолдану. Əрбір сілтемелерге
- •Сызықты алгоритмді бағдарламалау
- •2. Тармақталған алгоритмді бағдарламалау
- •3. Циклдық алгоритмді бағдарламалау
- •4. Программалық құралдар эволюциясы
- •5. Есептерді эем-де шығару кезеңдері
- •6. Электронды кесте
- •7. Электрондық кестені деректер қоры ретінде қолдану
- •8. Желілердің типтері
- •9. Негізгі желілік топологиялар.
- •10. Желілік хаттамалар
- •11. Web сайттың негізгі типтері
- •12. Html құжаттың құрылымы
- •13. Html тiлi
- •14. Мультимедиялық компьютердің аппараттық бөлігі
- •15. Қауіпсіздік пен электротұтыну стандарттары
- •16. Қолданбалы мультимедиялық бағдарлама
- •17. Компрессионды менеджерлер
- •18. Ақпараттық жүйелердегі ақпаратты қорғаудың криптографиялық əдістері
- •19. Криптожүйелер класы
- •20. Криптожүйелерге қойылатын талаптар
- •21. Ақпаратты жүйелерді қорғау əдістері
- •22. Компьютерлік вирустардың классификациясы
- •23. Вирустан қорғауға арналған арнайы программалар
- •24. Ақпараттық –коммуникациялық технология
- •25. «Электронды үкімет» жүйесі негізгі компоненттері
- •26. Электронды үкіметті қалыптастыру концепциясының негізгі есептері
- •27. «Электронды үкімет» бағдарламасын іске асырудың негізгі бағыттары
- •28. «Электронды үкімет» бағдарламасының мақсаты мен міндеттері
- •29. «Электронды үкімет» бағдарламасының негізгі бағыттары мен тетігі
- •31. Деректер қорын басқару жүйесінде деректер типтері
- •32. Access дқбж объектілері
31. Internet қашан жəне қалай пайда болды?
Интернет – кез-келген компьютерлер мен бүкіл әлем бойынша ақпарат алмасу мен беру мүмкіндігі, желілер жүйесі. Интернет - байланыс арналарын өзара біріктіретін, тораптардың жиынтығы (коммуникациялық жабдық пен серверлері бар).
Әрбір торапта көбіне UNIX операциялық жүйесін басқару арқылы жұмыс істейтін бір немесе бірнеше қуатты компьютер - сервер болады. Мұндай торапты кейде хост деп атайды.
Интернет – миллиондаған компьютерлерді желілердің өте үлкен желісіне біріктіретін əлемдегі ең үлкен жəне белгілі жел. Интернет сөзі халықаралық желі деген сөзді білдіреді (INTERnational NETwork). Интернет –бүкіл əлемнің компьютерлер серверлерінің жиынтығы. Бұл желі ақпаратты сақтайтын серверлер жəне басқа компьютерлерден ақпарат алуға болатындықтан клиент –сервер болып табылады. Интернет миллиондаған тұтынушылар мен серверлерден тұрады, ал ақпарат көлемін бағалауға мүмкін емес. Интернеттің жұмысына жауап беретін нақты адам жоқ. Интернетте президент жоқ. Сондай-ақ басты əкімшілік жоқ. Алайда өз қалауымен Интернет Қоғамдастығын құрайтындар бар (Internet Society, ISOC). ISOC компьютерлер ақпарат алмаса алатындай ережелердің болуына кепілдік береді. Интернет түрлі элементтердің жиынтығы болып табылады, ал Бүкілəлемдік тор – Интернеттің тек бір бөлігі ғана. Интернет сізге қажет ақпаратты желіге біріккен миллиондаған компьютерлерден алуға мүмкіндік беретін бірқатар құралдар ұсынады. Бұл құралдар қарапайым немесе жеткілікті күрделі бола алады
Интернет желісіне әр түрлі ақпараттық плотформаларда, әр түрлі операциялық жүйелерді басқару арқылы жұмыс істейтін компьютерлер кіреді. Алайда, ақпарат алмасу кезінде барлық ЭЕМ хабар беру тәсілдері туралы бірыңғай келсімдер (хаттамалар) қолданылуы тиіс. Сонда ЭЕМ-ның қай- қайсысы да басқа кез келген ЭЕМ–нан алынған ақпарат түсінуге қабілетті болады.
Интернеттің артықшылығы – ол түрлі көлемде әр алуан тақырып бойынша өзінде сақтаулы мәліметтерді экран бетінде көрсетіп бере алады.
Хаттама - Ақпаратты желіде беру ережелері (келсімдер, стандарт).
32. Деректер қорының жіктелуі
Мəліметтер қоры (МҚ) деп өзара байланысқан мəліметтердің интеграцияланған
(шоғырланған) жиынтығын айтады. Көбінесе мəлімет қорлары нақты бір аумаққа, ұйымға
немесе қолданбалы есептерге құрылады.
Мəліметтер қорымен жұмыс жасауды жеңілдету мақсатында мəліметтер қорын
басқару жүйесі – МҚБЖ (СУБД) автоматтандырылған жүйесі қолданылады. МҚБЖ
дегеніміз жаңа мəліметтер базасын құруға, оны мəліметтермен толтыруға, оның мазмұнын
редакциялауға, оларды реттеуге арналған программалық құралдар кешені. Мəліметтер
қорымен жұмыс жасауды жеңілдету мақсатында мəліметтер қорын басқару жүйесі –
МҚБЖ (СУБД) автоматтандырылған жүйесі қолданылады.
Мəліметтерді жəне олардың арасында байланыстарды ұйымдастыру модельдері:
иерархиалық, реляциялық жəне тораптық модельдер болып үшке бөлінеді.
Иерархиялық мəліметтер қорында жазба элементтері реттеліп жазылады да, оның бір
элементі негізгі, қалғандары бағыныңқы элементтер деп есептеледі. Мұнда элементтер
нақты тізбек бойынша сатылы түрде реттеліп қойылады. Онда берілгендерді іздеп табу
саты бойынша төмен бағытта жүргізіледі. Мысалы Norton Commander программасындағы
каталогтар, білім жүйесіндегі иерархиялық кластар тізімі, т.б.
Реляциялық МҚ - кесте түрінде дайындалған шамалар. Мəліметтердің реляциялық
моделінің концепциясын 1970 жылы МҚБЖ зерттеу облысының белгілі маманы Е.Ф.Кодд
ұсынған. Реляция сөзі ағылшынның relation – қатынас сөзінен алынған. Шынында да
реляциялық моделдің негізі кестелер арқылы көрсетілген қатынастардан тұрады. Коддтың
дəлелдеуі бойынша қатынастардың жиыны өмірдегі объектілер туралы мəліметтерді
сақтау үшін жəне оларды өзара байланыста ұстау үшін пайдаланылады. Реляциялық МҚ-
да домен деп белгілі өріске пайдаланылатын мəндер жиынын айтамыз. Мəліметтер
қорының құрылымының негізін кестелер құрайды. Кесте - баған жəне қатардан тұрады.
Кесте бағанын құрайтын жазба элементтері өріс деп аталады.
Өрістің негізгі ерекшелігі – бір өріс элементтері бірдей типті етіп құрылады, мысалы,
сандық немесе символдық. Мұндай мəліметтер қорында кестелерді байланыстырып,
олардың кейбір өрістері арқылы түрлі жаңа кестелер құруға болады. Мұндай кестелерді
сұраныстар деп атайды. Реляциялық мəліметтер қорын құру жəне онымен жұмыс істеуді
басқару үшін көптеген арнайы программалар дайындалған, олар: dBASEII - dBASEIV,
FoxPro, Clipper, Access, т.б. Олардың бəрін де мəліметтер қорын басқару жүйесі деп
атайды.
