Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1_Emtikhan_materialdary_FPP_2012-13_1_semestr.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
561.15 Кб
Скачать

3.Мәтінді оқып, төменде берілген тапсырмаларды орындаңыз

Қазақстандағы оқу жүйесі.

Елімізде балалар мектепке барғанша, алты немесе жеті жасқа шейін көбінесе балалар бақшасына барады. Білім беру Қазақстанда 6-7 жастан басталады. Мектепте он бір жыл оқиды. Бірақ кейбір оқушылар 9-шы сыныптан кейін мектепті тастап, оқуын кәсіптік-техникалық колледждерде жалғастыра алады.

Алдымен бала бастауыш мектепке барады. Онда төрт жыл оқиды. Бесінші сыныптан бастап орта білім алады. Осы жылдары әдебиет, тарих, жаратылыстану ғылымдары сияқты көптеген жаңа пәндер өтеді. Оқушылар 9-шы және 11-ші сыныптарда міндетті түрде мемлекеттік емтихан тапсырады.

Қазақстанда негізгі типтік мектептен басқа да орта типтік мектептер бар. Сондай-ақ бір пәнді, мысалы, шет тілін, әдебиетті, физиканы, тағы басқаларын әрі тереңдетіп, әрі жедел оқытатын арнаулы мектептер де аз емес. Сонымен бірге мамандырылған музыкалық, балет, көркемсурет және спорттық мектептер де бар. Олар аса дарынды балаларға арналған. Мүгедек балалар да арнаулы орта мектептерде білім ала алады.

Орта білім алу біздің елімізде тегін. Бірақ жаңа типті гимназия, колледж және лицей сияқты оқу орындарының көбісі ақылы оқу жүйесіне көшкен.

Елімізде жоғары оқу орындарынан институт, жоғары білім беру мектептері, университет және академиялар жұмыс істейді. Қазақстанның жоғары оқу жүйесі 1992 жылдан бастап төрт жыл білім беріп – бакалавр және қосымша екі жыл оқытып – магистр дәрежесін алатын батыс елдерінің үлгісін қабылдады. Жоғары оқу орнына түсу үшін міндетті түрде сол оқу орнында арнайы сынақтан өту керек.

Тегін жоғары білімді тестен өтіп, тиісті балл жинаған талапкерлер ғана ала алады. Басқа жағдайларда оқу негізі – ақылы.

Орындалатын тапсырмалар :

- Мәтінді оқып, етістіктерді теріп жазыңыз, бір етістікті шақ формасының барлық түрінде жіктеңіз

- Мәтін бойынша сұрақтар құраңыз.

- Мәтінге жоспар құрып, негізгі ойын айтыңыз.

- Баксқа елдердегі оқу жүйе туралы не білесіз ?

8- нұсқа

Мәтінді тыңдап, тапсырмалады орындаңыз

«Астана»

  1. Астана қаласында жаңа салынған қандай қонақ үй бар?

  2. парламент үйінің алдында не орналасқан?

  3. 1925 жылдан бастап Қазақстан Республикасының астанасы қай қала болды?

  4. Алматы қаласы қай жылға жейін Еліміздің астанасы болды?

  5. Қазақстанның астанасы болған қалаларды атаңыз?

Лексика-грамматика

1.Атау септіктегі сөзді көрсетіңіз.

А) Әкесі

В) Әкесін

С) Әкеден

Д) Әкемен

Е) Әкеме

2. Барыс септікте тұрған сөзді табыңыз

А) Жорға

В) Баласына

С) Қаламмен

Д) Ойынның

Е) Атамда

3. Дұрыс жіктелген сөзді табыңыз

А) Баласын

В) Қалалық

С) Маманмын

Д) Қатарбын

Е) Бақшабыз

4. Жіктік жалғауының 3-жағында тұрған сөзді табыңыз.

А) Дойбы ойнаймыз

В) Тақырыпты жазыңдар

С) Қонақтарды қабылда

Д) Қыз ұзату

Е)Үстелде жатыр

5. Көп нүктенің орнына тиісті жалғауды жалғаңыз:

«Сендер елге танымал қайраткер туралы ақпарат жина...»

А) - ңыз

В) - сын

С) - ыңдар

Д) - ңдар

Е) - сақ

6. Зат есімді табыңыз

А) Алдама

В) Аялдамаңыз

С) Ақылды

Д) Алтыбақан

Е) Асықпа

7. Тұйық буыннан тұратын сөздерді табыңыз

А) Ойын, әйел;

В) Адам, ауыл;

С) Бала, кітап;

Д) Әсем, өлең;

Е) Өрік, мейіз.

8. Асты сызылған сөздің омонимін табыңыз: «Бұрыш деген өсімдік»

А) Бақшаға бұрыш отырғыздық

В) Тамаққа бұрыш сал

Д) Тәтті болгар бұрышын сатып алдым

С) Бөлменің төрт бұрышы да бос емес

Д) Ащы бұрышты ұнатпаймын

9. «Рұқсат етіледі» сөзінің антонимін табыңыз

А) Мүмкіншілік береді

В) Тыйым салынады

С) Қарсы болмайды

Д) Есте сақтайды

Е) Наразылық білдіреді

10. «Духовное богатство» тіркесінің дұрыс аудармасын табыңыз

А) Рухани қазына

В) Мәдени жәдігер

С) Ресми құжаттар

Д) Ұлттық байлық

Е) Саяси одақ

11. Ұлттық байлыққа не жатады

А) Техникалық құралдар

В) Жеке коллекционердің қолындағы көне заттар

С) Жекеменшік үйлер

Д) Жаңа оқулықтар

Е) Соңғы жыдары салынған дәмханалар

12. Синонимдік қатарды табыңыз

А) Ерте, кеш

В) Бағасы, құны

С) Ғалым, ғалам

Д) Ашық, қысаң

Е) Жалқау, еңбексүйгіш

13. Көшбасшыға тән қасиет

А) Өзгелерді сендіре алмау

В) Көпшілікті артынан ерте білмеу

С) Қай жағынан да үлгі болу

Д) Жауапкершілігі жоқ

Е) Өзгелермен кеңесе білмеу

14 Ауыл шаруашылық саласына жататын мамандықтар

А) Егінші

В) Сәулетші

С) Кенші

Д) Зергер

Е) Тілші

15 Антонимдерді белгілеңіз

А) Татуласу – достасу

В) Араздасу – ұрсысу

С)Татуласу – араздасу

Д) Көмектесу – жәрдемдесу

Е) Кездесу – жүздесу

16. . Көп нүктенің орнына тиісті сөзді қойыңыз: «Көшбасшылық – кез-келгеннің қолынан ... міндет»

А)Келмейтін

В) Келетін

С) Жасалатын

Д) Шығатын

Е) Алынатын

17. Көп нүктенің орнына тиісті сөзді қойыңыз: «Отанды сүйетіндігіңді сөзбен емес, ... дәлелде»

А) Мінезбен

В) Өлеңмен

С) Қарумен

Д) Іспен

Е) Ерлікпен

17. Бізге 4 мың жылдан бері аман жеткен жәдігер

А) Қожа Ахмет Йассауи кесенесі

В) Отрар кітапханасы

С) Эрмитаж мұражайы

Д) Хеопс пирамидасы

Е) Эйфель мұнарасы

18. Білімнің қайнар бұлағы

А)Кітап

В) Қоғам

С) Өнер

Д) Өзен

Е) Арман

19. Күшейткіш үстеуді табыңыз

А) Екі жүз тоқсан

В) Кеше

С) Тым

Д) Әдейі

Е) Ертең

20. Жинақтау сан есіміне жатпайтын сан есімді табыңыз

А) Біреу

В) Үшеу

С)Тоғызау

Д) Екеу

Е) Жетеу