Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1_Emtikhan_materialdary_FPP_2012-13_1_semestr.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
561.15 Кб
Скачать

8.Тәуелдік жалғауының II жағында тұрған сөзді табыңыз

А) Университеттің мерекесі

В) Мен өзіңнің кім екеніңді білмей қалдым

С) Ауа райы өзгерді

Д) Күн шығыпты

Е) Өздері келер

9. Шығыс септігінде тұрған сөзді табыңыз

А) Адамзат

В) Адамзатқа

С) Адамзаттан

Д) Адамзаттың

Е) Адамзатты

10. Төл дыбыстардан құралған сөзді табыңыз

А) Дана

В) Дәнекер

С) Бала

Д) Ана

Е) Сен

11. Ілік септігінде тұрған сөзді көрсетіңіз

А) Бақылау

В) Бақылауға

С) Бақылаудың

Д) Бақылауды

Е) Бақылаудан

12. Табыс септігінде тұрған сөзді еөрсетіңіз

А) Бағдарламаларды

В) Бағдарламалардың

С) Бағдарламалар

Д) Бағдарламаларда

Е) Бағдарламалардан

13. Төрт түрлі жалғау жалғанған өздік есімдігін табыңыз

А) Өздері

В) Өздеріңіздің

С) Өздерімізденсің

Д) Өздеріменен

Е) Өзіңнен

14 Қатыстық сын есімді табыңыз

А) Тентек

В) Кең

С) Ашық

Д) Қарлы

Е) Қара

15.-лау, -леу жұрнағы арқылы жасалатын сын есім шырайын табыңыз

А) Жай шырай

В) Күшейткіш шырай

С) Күшейтпелі шырай

Д) Асырмалы шырай

Е) Салыстырмалы шырай

16. «Мен»» жалғауы дұрыс жалғанған сөзді көрсетіңіз

А) Сізмен

В) Емен

С) Сеймен

Д) Онымен

Е) Қызмен

17 Төмендегі сөздерден түбір зат есімді табыңыз

А) Заңгер

В) Кеңесші

С) Бала

Д) Бастық

Е) Балалық

18 Тәуелдік жалғауының 2-жағында тұрған сөзді көрсетіңіз

А) Ата-анамда

В) Ата-анамның

С) Ата-анамды

Д) Ата-анаңа

Е) Ата-анама

19. Болжалдық сан есімді табыңыз

А) Бес-бестен

В) Оннан бір

С)Мыңдаған

Д) Төртеу

Е) Екіден-бір

20 Сілтеу есімдіктерін табыңыз

А) Біз, ол, олар

В) Кім, не. қашан

С) Осы, мына, мынау

Д) Бәрі, түгел

Е) Кімде-кім, біреу, әлдебіреу

3.Мәтінді оқып, төменде берілген тапсырмаларды орындаңыз Еліміздің экологиясы қандай жағдайда ?

Адамдар өздерінің тұрмыс-тіршілігін жақсартамыз деп жаңа өндірістерді дамытудың салдары айналаны, қоршаған ортаны ластауға әкеп соқты. Әлемдегі ауаның, судың және құрылықтардың көпшілік бөлігі әртүрлі дәрежеде уланған. Сол ластанудың арқасында адамдарға түрлі ауруға шалдығу қаупі төніп тұр. Өсімдіктер мен жануарлардың көптеген түрлері құрып бітудің аз алдында, немесе құрып біткен. Осы құбылыстарға орай өкімет, қоршаған ортаны ластауды тоқтатуды қарастырып, заңдар қабылдап жатыр. Біз қазір ауаның ластану проблемасын бөлек қарап көрейік.

Заводтар мен көліктердің жұмысы тұтастай алғанда үлкен көлемдегі жанармайға байланысты, бүкіл әлемде жыл бойына миллиард тонна тас көмір, мұнай сатып алынады. Жаққан кезде бұл жанармайлар атмосфераға түтін мен көрер көзге әзер байқалатын заттар шығарады. Түтінді жел мен жауын айдап әкеткенмен, өндірістік заводтар мен көліктердің салдарынан пайда болатын аккумулятивтік әсер адам үшін өте қауіпті.

Ашық алаңдарда жатқан қоқыстардың өртенуі де ауаны ластайды. Ауаны ластаудың тағы бір көзі – жоғарғы құрамдағы күкірт және мазутпен араластырылған көмірмен жұмыс істейтін жылу электростанциялар бөлетін қос тотық күкірт және басқа да азот құрамдас газдар. Заводтардағы өндірістік пештер де сол секілді ауаға көп көлемде түтін шығарады.

Осылардың нәтижесінде біздің “смок “деп жүрген бұлттың тығыз қабаты пайда болады. “Смок” қоңыр түсті болуы мүмкін, яғни оның құрамында жоғарғы концентрацияда азоттың қос тотығы бар деген сөз, немесе оның түсі көгілдір сұр болып та келеді, яғни құрамында үлкен көлемде озон бар. Осы екі жағдай адам өкпесіне ұзақ уақыт әсер етсе, оның тканьдарын бүлдіріп тынады.

Ауаның ластануының тағы бір қауіпті формасы – ол хлорофторкарбондар деп аталатын әртүрлі химикаттардан тарап отыр. Бұл химикаттар, компьютерлерді тазалаудан бастап ауа кондиционерлері мен мұздатқыш камераларда қолдалынатын ертінділерден бастап көптеген өндірістік мақсаттарда қолданылады. Жердегі озон біздің өкпемізге өте қауіпті, бірақ атмосфераның жоғарғы қабатында озон күннің ультрокүлгін радиациясынан қалқан секілді қызмет атқарады. Егер де озонды қалқан өте жіңішке болып немесе мүлде жоғалып кетсе, онда ультрокүлгін радиацияның әсерінен егін шықпай қалуы мүмкін және эпидемиялық аурулар, тері аурулары және басқа аурулар тарайды.

Эпидемиялық аурулардың алдын алу үшін күл-қоқыстарды көшеге тастамай, тазалықты сақтайық. Елімізді таза ұстау және көгалдандыру – әр азаматтың борышы. Тазалық – денсаулық кепілі.

Тапсырмаларды орындаңыз.

Сұрақтарға жауап беріңіз:

- Өзіңіз тұратын өлкенің экологиялық жағдайы туралы не айтасыз?

- Қазақстанның қай жерінде тұрғыңыз келеді? Неліктен?

- Қоршаған ортаның тазалығын сақтау үшін үлес қостыңыз ба? Қандай?

- Егер сіз әкім болсаңыз, қаламыздың ауасын ластандыруды тоқтату үшін қандай іс-шаралар қолданар едіңіз?

10- нұсқа

Мәтінді тыңдап, тапсырмалады орындаңыз

«Астана»

  1. Қазақстан астанасы Қызылордадан Алматыға қай жылы көшіп келді?

  2. Астана қай жылы Қазақстанның бас қаласы болды?

  3. Астана қаласында қандай жаңа ғимараттар бой көтерді?

  4. 1997 жылы қазанның 20-сында Елімізде қандай тарихи оқиға болды?

  5. Қазақстанның жаңа астанасының салтанатты ашылу рәсімі қай жылы өтті?