Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1_Emtikhan_materialdary_FPP_2012-13_1_semestr.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
561.15 Кб
Скачать

Лексика-грамматика

1. Жуан дауысты дыбыстар қатарын белгілеңіз:

А) а, ә, о, ө;

В.) а, о, у, ү;

С) а, о, ұ, ы;

Д) а, ө, ұ, ү;

Е) а, ө, ұ, у.

2. Үнді дауыссыз дыбыстарды көрсетіңіз:

А) р, л, й, у;

В) м, н, у, ұ;

С) ң, у, ү, з;

Д) б, в, г, д;

Е) б, в, г, т.

3. Көптік жалғаулы сөзді табыңыз:

А) жануар;

В) жанар;

С) жазар;

Д) жаулар;

Е) жабар.

4. Тәуелдік жалғаулы сөзді белгілеңіз:

А) тауға;

В) тауы;

С) таулар;

Д) таумен;

Е) таудың.

5. Ілік септікте тұрған сөзді табыңыз:

А) емделдің;

В) келдің;

С) желдің;

Д) бердің;

Е) көрдің.

6. Барыс септіктегі сөзді белгілеңіз:

А) отаны;

В) отанына;

С) отанынан;

Д) отанымен;

Е) отанда.

7. Табыс септік жалғауын дұрыс жалғаңыз:

Ол өз елі...мақтан етеді.

А) –ні;

В) –ді;

С) –ті;

Д) –н;

Е) –ң;

8. Жатыс септіктің сұрағын белгілеңіз:

А) қайдан;

В) қалай;

С) қашан;

Д) қандай;

Е) қайда.

9. Шығыс септіктегі сөзді табыңыз:

А) арыстан;

В) алыстан;

С) ағаштан;

Д) ашулан;

Е) алысқан.

10. Көмектес септіктің жалғауларын белгілеңіз:

А) -мен,-тен;

В) -пен,-бен;

С) -нен,-мен;

Д) -тен,-бен;

Е) -нан-мен.

11. Сөйлемді дұрыс құраңыз.

Онымен, келеді, талай, тура, маған, кездесуге.

А) 312645;

В) 452613;

С) 654231;

Д) 513642;

Е) 153642;

12. Ежелгі өткен шақтағы етістіктің аудармасын табыңыз: Оқыппын.

А) прочитал;

В) прочитаю;

С) оказывается, читал;

Д) не прочитал;

Е) читаю.

13. Мүмкіндік модальдық мағыналы етістікті табыңыз:

А) байқадым;

В) алып келді;

С) көре аласыз;

Д) жақындамайды;

Е) жанып тұр.

14. Жіктік жалғауы жалғанбайтын сөзді белгілеңіз:

А) студент;

В) екінші,

С) ақылды;

Д) алақай;

Е) келер.

15. Келер шақта тұрған етістікті көрсетіңіз:

А) сөйлейді;

В) сөйледі;

С) сөйлеп тұр;

Д) сөйлемеді;

Е) сөйлемеген.

16. Нақ осы шақтағы етістікті табыңыз:

А) жатыр;

В) жатады;

С) жатты;

Д) жатпайды;

Е) жатқан.

17. Қай етістік өткен шақта тұрған жоқ?

А) болған;

В) болды;

С) болыпты;

Д) болар;

Е) болған екен.

18. Болымсыз етістікті табыңыз:

А) барма;

В) үйірме;

С) түйме;

Д) тырма;

Е) жама.

19. Тиісті сұрау есімдігін қойыңыз.

Сіз ... жылы оқуға түстіңіз?

А) қашан;

В) қандай;

С) қай;

Д) қалай;

Е) қайда.

20. Сұраулы сөйлемді табыңыз.

А) Дауысы қандай керемет.

В) Ол қандай адам.

С) Қандай мамандықты таңдайтыныңды ойлан.

Д) Қандай деген сұраққа жауап береді.

Е) Қандай – сұраулы есімдік.

3.Мәтінді оқып, төменде берілген тапсырмаларды орындаңыз Отаншылдық отбасынан басталады.

Ұлы іс Отанға деген сүйіспеншіліктен, халыққа деген құрметтен, осы екеуі үшін аяусыз еткен еңбек пен ерліктен туады.

Жастарыңыз отаншыл болсын. Отаншылдық – әр адамға керекті ең ұлы қасиет. Ал отаншылдық өз үйіңнен басталады. Кімде-кім ата-анасын ардақтаса, бірге туған бауырларымен тату болса, өзінің өскен ауыл, қаласын, туған ұлтын сыйлап, қадірлесе, сол адам отаншыл болады. Өйткені әке-шешесін ардақтамаған, өзгенің ата-анасын құрметтемейді. Өз ауылының тасын сыйламаған, өзге ауылдың тауын қадірлемейді. Өз ұлтын жақсы көрмеген, өзге ұлттарды ұнатпайды. Мұны ұлтшылдықпен шатастырмау керек, бұл екеуі аспан мен жердей.

Намыс – азаматтың алтын туы. Әке-шешесін сыйлаған бала да ғана намыс болады. Ер жігіттің елі – ата-анасы, Отаны – өз үйі.

Елді, жерді, Отанды сүйетіндігіңді сөзбен емес, іспен дәлелде. Ата-анасын сыйлаған шәкірт, студент сабағын да жақсы оқиды, тәртібін де дұрыс ұстайды, шаруақор, адал, әділ болып өседі. Іспен дәлелдеу деген – осы. Отаншылдық осыдан басталады. (Б.Момышұлы.)

Орындалатын тапсырмалар:

- Отаншыл, азамат, әділ сөздерін жіктеңіз, олармен сөйлем құрыңыз.

- Мәтін бойынша сұраулы сөйлемдер құрастырыңыз.

- Мәтінге жоспар құрып, негізгі ойын жазыңыз.

- Мәтіннен адамды сипаттайтын сөздерді тауып, оларды қолдана отырып

өзің туралы жазыңыз (Мысалы: Мен адалмын...).

- Тарихтан қандай отаншыл, өр тұлғаларды білесіздер?

- Олар Отаны үшін не істеді, қандай ерліктер жасады?

- Отаншыл болу үшін не істеу керек деп ойлайсыз.

28-нұсқа

Мәтінді тыңдап, тапсырмалады орындаңыз

«Астана»

  1. Орынбор қаласы қай мемлекеттің бірінші астанасы болды?

  2. Қазақстан Республикасының жаңа астанасы қалай аталады?

  3. 1998 жылдың 10 маусымында Қазақстанда қандай мереке өткізілді?

  4. Астана қандай қала?

  5. Тәуелсіз Қазақстанның жаңа астанасының салтанатты ашылу рәсімі қашан өтті?