Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1_Emtikhan_materialdary_FPP_2012-13_1_semestr.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
561.15 Кб
Скачать

13. Тәуелдік жалғауының II жағында тұрған сөзді табыңыз

А) Университеттің мерекесі

Ә) Мен өзіңнің кім екеніңді білмей

қалдым

Б) Ауа райы өзгерді

В) Күн шығып тұр екен

Г) Өздері келер деп ойладым

14. Шығыс септігінде тұрған сөзді табыңыз

А) Адамзат

Ә) Адамзатқа

Б) Адамзаттан

В) Адамзаттың

Г) Адамзатты

15. Ауыспалы осы шақтың ІІІ жағында

тұрған сөзді табыңыз.

А) Сара сабақта

Ә) Үсен сынақ тапсырып отыр

Б) Болат дүкенге кетті

В) Балалар киноға барады

Г) Сәкен үйден келді

16. Ілік септігінде тұрған сөзді көрсетіңіз

А) Бақылау

Ә) Бақылауға

Б) Бақылаудың

В) Бақылауды

Г) Бақылаудан

17. Табыс септігінде тұрған сөзді көрсетіңіз

А) Бағдарламаларды

Ә) Бағдарламалардың

Б) Бағдарламалар

В) Бағдарламаларда

Г) Бағдарламалардан

18. Жедел өткен шақты табыңыз

А) Оқып отыр

Ә) Келе жатыр

Б) Сабаққа барады

В) Сабаққа барды

Г) Сабаққа бар

19. Тәуелдік жалғаулы сөзді табыңыз

А) Ауданнан

Ә) Аударуда

Б) Аудармадан

В) Ауданға

Г) Ауданында

20. Жіктік жалғаулы сөзді табыңыз

А) Кезекшіміз

Ә) Кезекшім

Б) Кезекшілер

В) Кезекшіге

Г) Кезекшіні

3.Мәтінді оқып, төменде берілген тапсырмаларды орындаңыз

Білім – қазына

«Білімді мыңды жығады, білекті бірді жығады» дегендей, білім адам өмірінде үлкен рөл атқарады. Білімнің қайнар бұлағы, сенің рухани қазынаңның асыл қоры, өміріңнің қиын сәттеріңдегі сенімді сырласың да – кітап.

Кітап – асыл досымыз. Жақсы кітап – жақсы қоғам тәрізді. Кітап – оқудың, үйренудің ең жақсы түрі, әлемдегі құпиялы ұлы ғажайыптардың бірі, алтын қазына, ұлттық байлық.

Кітап – кәріліктің жақсы достары, сонымен бірге жастықтың жетекшілері де. Кітап адамзат ақыл-ойының інжу-маржанын бойына жинайды да, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізеді. Мәдениетті адам болып тәрбиеленуге екі құдіретті күш әсер етеді, олар – көркем өнер мен ғылым. Бұл екеуімен де кітап бетінде дидарласасың. Өркениеттің жалпы көрінісінде әрбір халықтың орны оның оқыған кітабының санымен анықталады.

Білімге құмартып, кітапты бүкіл жан-дүниеңмен сүйе біл. Ол сенің ең жақсы досың ғана емес, өміріңнің соңына дейінгі сенімді серігің.

Жақсы кітапты алғаш оқығанда жаңа дос тапқандай боласың. Осы кітапты қайталап оқу – ескі досыңды тағы да кездестіргенмен бірдей.

Жақсы кітапты оқу - өткен ғасырдағы кемеңгерлермен ауызба-ауыз сөйлескенмен бірдей және олар өздерінің ең озық ақыл-ойларын алдымызға жайып салады.

Орындалатын тапсырмалар:

- Мәтіннен тәуелдік жалғаулы күрделі зат есімдерді тауып, оларды тәуелдеңіз.

- Берілген сөз тіркестерімен сөйлем құраңыз: асыл дос, жақсы қоғам, қайнар бұлақ, рухани қазына, сенімді серік, сүйе білу, ұлттық байлық.

- Мәтінге жоспар құрып, негізгі ойын айтыңыз.

- Мәтіннен етістіктерді теріп жазыңыз,бір етістікті шақ формасының барлық түрінде жіктеңіз.

27 - нұсқа

Мәтінді тыңдап, тапсырмалады орындаңыз

«Астана»

  1. 1997 жылы қазанның 20-сында Қазақстан Республикасының Елбасы қандай жарлыққа қол қойды?

  2. Ақмола қаласы Астана қаласы болып қай кезде аталды?

  3. Астана қаласында қандай көрікті жерлер бар?

  4. Астананы экономикалық, мәдени орталық деп атауға бола ма?

  5. Астана қаласындағы Парламент үйінің алдында кімнің ескерткіштері орналасқан?