Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1_Emtikhan_materialdary_FPP_2012-13_1_semestr.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
561.15 Кб
Скачать

3.Мәтінді оқып, төменде берілген тапсырмаларды орындаңыз

Қазқстан Республикасының мерекелері.

Бүгінгі таңда біз тәуелсіз, егеменді мемлекетте өмір сүріп жатырмыз. Сондықтан біздің мейрамдардың Кеңес уақытындағы мейрамдардан айырмашылығы бар. Қазір біз жаңа мерекелер мен бірге бұрынғы ұмытылған мерекелерді де тойлаймыз. Мәселен, Қазақстан конституциясы азаматтарына құдайға құлшылық етуге еркін екеніне кепілдік бергендіктен, еліміздің мұсылмандары Ораза айтты, Құрбан айтты, ал христиандары Рождество, Пасханы тойлайды. Басқа да діндегі өзге ұлттар өздерінің мейрамдары мен еске алу күндерін ашық түрде атап өтеді.

Әрине, кеңес дәуірінің кейбір мейрамдары осы кезге дейін ұмытылмай тойланып келе жатыр. Олар – 1 қаңтарда болатын Жаңа жыл мерекесі, 8 наурыздағы Әйелдер күні және 9 мамырда атап өтілетін Жеңіс күні. Себебі бұл мейрамдар барлық елдерге ортақ.

Ал жаңа мерекелер Қазақстан тәуелсіздігін алғаннан бері пайда болды. Олар үкіметіміз ресми түрде бекіткен тойлар: Наурыз мейрамы, Қазақстан халықтарының бірлігі күні, Отан қорғаушылар күні, Конституция күні, Республика күні және Тәуелсіздік күні. Қысқа мерзімде бұл мерекелер салтанатты, қуанышты әрі жалпы қазақстандық мейрамдарға айналды

Мәтін бойынша орындалатын тапсырмалар:

- Қазақстан республикасында қандай атаулы мерекелер бар ?

- Саған қандай мереке ұнайды ?

- Университетте қандай мерекелер аталынады ?

- Өзіңіз қандай мерекені ұйымдастыруға қатыстыңыз?

- Отбасылық мерекелеріңіз қандай ?

23- нұсқа

Мәтінді тыңдап, тапсырмалады орындаңыз

«Астана»

  1. Орынбор қаласы қай мемлекеттің бірінші астанасы болды?

  2. Қазақстан Республикасының жаңа астанасы қалай аталады?

  3. 1998 жылдың 10 маусымында Қазақстанда қандай мереке өткізілді?

  4. Астана қандай қала?

  5. Тәуелсіз Қазақстанның жаңа астанасының салтанатты ашылу рәсімі қашан өтті?

Лексика-грамматика

1. Қазақ тіліне тән дыбыстар қатарын белгілеңіз.

А) а, ә, о, ө

В) а, о, у, ү

С) ұ, і, ә, ң

Д) қ, к, ұ, ү

Е) ү, ө, о, у

2. Қатаң дауыссыздар қатарын көрсетіңіз.

А) р, л, й, у

В) м, н, у, ұ

С) ң, у, ү, з

Д) б, в, г, д

Е) қ, т, ф, к

3. Көптік жалғаулы сөзді табыңыз.

А) қазуар

В) анар

С) жазар

Д) баулар

Е) жабар

4. Тәуелдік жалғаулы сөзді белгілеңіз.

А) халыққа

В) халқы

С) халықтар

Д) халықпен

Е)халықтарда

5. Ілік септікте тұрған сөзді табыңыз.

А) келдің

В) иілдің

С) елдің

Д) бердің

Е) емдейсің

6. Барыс септіктегі сөзді белгілеңіз.

А) үйде

В) әкеме

С) сенен

Д) жіңішке

Е)кереге

7. Табыс септік жалғауын дұрыс жалғаңыз:

Адам бәрі... жасайды.

А) -ні

В) -ді

С) -ті

Д) –н

Е)-ң

8. Жатыс септіктің сұрағын белгілеңіз.

А) қалай

В) қалайша

С) қашан

Д) қандай

Е) қайда

9. Шығыс септіктегі сөзді табыңыз

А) кеден

В) кешеден

С) еден

Д) кешен

Е) бөтен

10. Көмектес септікте тұрған сөзді белгілеңіз

А) емен

В) көңілден

С) көңілмен

Д) өрлеу

Е) жең

11. Сөйлемді дұрыс құраңыз.

Қазақстан қабылдаудың бар өзіндік азаматтығын шарттары

А) 312645

В) 452613

С) 654231

Д) 152463

Е) 153642

12. Берілген сөздің аудармасын табыңыз: ылғалды

А) влажный

В) прохладный

С) сухой

Д) теплый

Е) водинистый

13. Берілген сөздің антонимін табыңыз: жоғары

А) биік

В) аласа

С) төмен

Д) жақын

Е)жаны

14. Жіктік жалғауы жалғанбайтын сөзді белгілеңіз

А) студент

В) екінші

С) ақылды

Д) әй

Е) келер

15. Келер шақта тұрған етістікті көрсетіңіз.

А) бағалайды

В) бағалады

С) бағалап жүр

Д) бағаламады

Е) бағаламапты

16. Нақ осы шақтағы етістікті табыңыз

А) жүр

В) жүреді

С) жүрді

Д) жүрмейді

Е) жүрген

17. Мүмкіндік модальдық мағыналы етістікті табыңыз:

А) қадағаладым;

В) алып келді;

С) бара аласыз;

Д) бара жатыр;

Е) жанып тұр.

18. Болымсыз етістікті табыңыз.

А) алма

В) үйірме

С) түйме

Д) тырма

Е) жама

19. Тиісті сұрау есімдігін қойыңыз.

Сіз ... курста оқисыз

А) қашан

В) қандай

С) қай

Д) қалай

Е) қайда

20. Сұраулы сөйлемді табыңыз

А) Дала қандай керемет

В) Ол қандай жер

С) Қандай мамандықты таңдайтыныңды ойлан

Д) Қандай деген сұраққа жауап береді

Е)Шіркін, дүние