Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1_Emtikhan_materialdary_FPP_2012-13_1_semestr.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
561.15 Кб
Скачать

Білім – қазына

«Білімді мыңды жығады, білекті бірді жығады» дегендей, білім адам өмірінде үлкен рөл атқарады. Білімнің қайнар бұлағы, сенің рухани қазынаңның асыл қоры, өміріңнің қиын сәттеріңдегі сенімді сырласың да – кітап.

Кітап – асыл досымыз. Жақсы кітап – жақсы қоғам тәрізді. Кітап – оқудың, үйренудің ең жақсы түрі, әлемдегі құпиялы ұлы ғажайыптардың бірі, алтын қазына, ұлттық байлық.

Кітап – кәріліктің жақсы достары, сонымен бірге жастықтың жетекшілері де. Кітап адамзат ақыл-ойының інжу-маржанын бойына жинайды да, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізеді. Мәдениетті адам болып тәрбиеленуге екі құдіретті күш әсер етеді, олар – көркем өнер мен ғылым. Бұл екеуімен де кітап бетінде дидарласасың. Өркениеттің жалпы көрінісінде әрбір халықтың орны оның оқыған кітабының санымен анықталады.

Білімге құмартып, кітапты бүкіл жан-дүниеңмен сүйе біл. Ол сенің ең жақсы досың ғана емес, өміріңнің соңына дейінгі сенімді серігің.

Жақсы кітапты алғаш оқығанда жаңа дос тапқандай боласың. Осы кітапты қайталап оқу – ескі досыңды тағы да кездестіргенмен бірдей.

Жақсы кітапты оқу - өткен ғасырдағы кемеңгерлермен ауызба-ауыз сөйлескенмен бірдей және олар өздерінің ең озық ақыл-ойларын алдымызға жайып салады.

Орындалатын тапсырмалар:

- Мәтіннен тәуелдік жалғаулы күрделі зат есімдерді тауып, оларды тәуелдеңіз.

- Берілген сөз тіркестерімен сөйлем құраңыз: асыл дос, жақсы қоғам, қайнар бұлақ, рухани қазына, сенімді серік, сүйе білу, ұлттық байлық.

- Мәтінге жоспар құрып, негізгі ойын айтыңыз.

- Мәтіннен етістіктерді теріп жазыңыз,бір етістікті шақ формасының барлық түрінде жіктеңіз.

2 - нұсқа

Мәтінді тыңдап, тапсырмалады орындаңыз

«Астана»

  1. 1997 жылы қазанның 20-сында Қазақстан Республикасының Елбасы қандай жарлыққа қол қойды?

  2. Ақмола қаласы Астана қаласы болып қай кезде аталды?

  3. Астана қаласында қандай көрікті жерлер бар?

  4. Астананы экономикалық, мәдени орталық деп атауға бола ма?

  5. Астана қаласындағы Парламент үйінің алдында кімнің ескерткіштері орналасқан?

Лексика-грамматика

1. Жуан дауысты дыбыстар қатарын белгілеңіз:

А) а, ә, о, ө;

В.) а, о, у, ү;

С) а, о, ұ, ы;

Д) а, ө, ұ, ү;

Е) а, ө, ұ, у.

2. Үнді дауыссыз дыбыстарды көрсетіңіз:

А) р, л, й, у;

В) м, н, у, ұ;

С) ң, у, ү, з;

Д) б, в, г, д;

Е) б, в, г, т.

3. Көптік жалғаулы сөзді табыңыз:

А) жануар;

В) жанар;

С) жазар;

Д) жаулар;

Е) жабар.

4. Тәуелдік жалғаулы сөзді белгілеңіз:

А) тауға;

В) тауы;

С) таулар;

Д) таумен;

Е) таудың.

5. Ілік септікте тұрған сөзді табыңыз:

А) емделдің;

В) келдің;

С) желдің;

Д) бердің;

Е) көрдің.

6. Барыс септіктегі сөзді белгілеңіз:

А) отаны;

В) отанына;

С) отанынан;

Д) отанымен;

Е) отанда.

7. Табыс септік жалғауын дұрыс жалғаңыз:

Ол өз елі...мақтан етеді.

А) –ні;

В) –ді;

С) –ті;

Д) –н;

Е) –ң;

8. Жатыс септіктің сұрағын белгілеңіз:

А) қайдан;

В) қалай;

С) қашан;

Д) қандай;

Е) қайда.

9. Шығыс септіктегі сөзді табыңыз:

А) арыстан;

В) алыстан;

С) ағаштан;

Д) ашулан;

Е) алысқан.

10. Көмектес септіктің жалғауларын белгілеңіз:

А) -мен,-тен;

В) -пен,-бен;

С) -нен,-мен;

Д) -тен,-бен;

Е) -нан-мен.

11. Сөйлемді дұрыс құраңыз.

Онымен, келеді, талай, тура, маған, кездесуге.

А) 312645;

В) 452613;

С) 654231;

Д) 513642;

Е) 153642;

12. Ежелгі өткен шақтағы етістіктің аудармасын табыңыз: Оқыппын.

А) прочитал;

В) прочитаю;

С) оказывается, читал;

Д) не прочитал;

Е) читаю.

13. Мүмкіндік модальдық мағыналы етістікті табыңыз:

А) байқадым;

В) алып келді;

С) көре аласыз;

Д) жақындамайды;

Е) жанып тұр.

14. Жіктік жалғауы жалғанбайтын сөзді белгілеңіз:

А) студент;

В) екінші,

С) ақылды;

Д) алақай;

Е) келер.

15. Келер шақта тұрған етістікті көрсетіңіз:

А) сөйлейді;

В) сөйледі;

С) сөйлеп тұр;

Д) сөйлемеді;

Е) сөйлемеген.

16. Нақ осы шақтағы етістікті табыңыз:

А) жатыр;

В) жатады;

С) жатты;

Д) жатпайды;

Е) жатқан.

17. Қай етістік өткен шақта тұрған жоқ?

А) болған;

В) болды;

С) болыпты;

Д) болар;

Е) болған екен.

18. Болымсыз етістікті табыңыз:

А) барма;

В) үйірме;

С) түйме;

Д) тырма;

Е) жама.

19. Тиісті сұрау есімдігін қойыңыз.

Сіз ... жылы оқуға түстіңіз?

А) қашан;

В) қандай;

С) қай;

Д) қалай;

Е) қайда.

20. Сұраулы сөйлемді табыңыз.

А) Дауысы қандай керемет.

В) Ол қандай адам.

С) Қандай мамандықты таңдайтыныңды ойлан.

Д) Қандай деген сұраққа жауап береді.

Е) Қандай – сұраулы есімдік.