Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1_Emtikhan_materialdary_FPP_2012-13_1_semestr.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
561.15 Кб
Скачать

3.Мәтінді оқып, төменде берілген тапсырмаларды орындаңыз Ұлттық байлық

Ұлттық байлық дегеніміз – елдің экономикалық күш-қуатының ең маңызды көрсеткіштерінің бірі. Ұлттық байлықты алғаш рет 1664 жылы ағылшын экономисі У. Петти есептеп шығарды. Ұлттық байлықты тұңғыш бағалау Францияда 1789 жылдан, АҚШ-та 1805 жылдан, Ресейде 1864 жылдан жүргізіле батады. Біздің Қазақстанда ше?

Экономикалық әдебиеттерде ұлттық байлық деп – еңбекпен жасалынатын, өндіріс пен тұтыну үшін пайдаланылатын материалдық игіліктердің қорын айтады. Кейбір экономистер ұлттық байлыққа табиғи ресурстарды да қосады. Кейбіреулері ұлттық байлық ұғымы ғылыми білім мөлшерін, халықтың мәдени дәрежесін т.б. қамтуы тиіс деп санайды.

Әдеби, мәдени, тарихи мұраларымыз – халықтың, мемлекеттің өсіп-өркендеуін, байлығын көрсететін ұлттық игілігіміздің күре тамыры. Кез-келген мемлекет өзінің ұлттық мұрасын мақтан тұтады. Оның құны – сол елдің байлығының кепілі.

Әлемнің қай мемлекетін алмаңыз, тіпті дамып келе жатқан ел болсын, барлығының да ұлттық байлықтарының құны бар. Әр тасына дейін есептеп, тіркеп, құнын анықтап, халықаралық каталогке тіркеп, бірін кеденіне, екіншісін интерполға беріп қойғалы қашан.

Ұлттық байлыққа жеке коллекционердің қолындағы көне заттар да жатады.

Венеция хартиясы бойынша, отыз жылдан артық тұрған сәулет құрылысы, мекеме, мәдени, ресми, жеке үй т.б. ұлттық байлыққа жатады.

Барлық мемлекетте ғасырлар бойы жинақталған ұлттық байлықтары бар. Оның ғалымдар ең құндысын рет-ретімен ғылыми жұмыстарымен дәлелдеп қана қоймай, ол заттың құны валютамен есептеліп шығарылған.

Сонымен, ұлттық байлыққа не жатады?

Ұлттық байлық негізінен мына салалардан тұрады:

а) Қазақстан аймағындағы және сырт жерлердегі ғасырлар бойы ата-бабалардың қалдырған барлық мұрасы.

ә) Табиғатымыздың және жер асты байлығымыз.

б) Әдеби, мәдени, тарихи мұралар.

Орындалатын тапсырмалар:

- Мәтіннен сан есімдерді теріп жазып, түрлерін ажыратыңыз.

- Мәтіннің мазмұнына қарай сұраулы сөйлемдер құрастырыңыз.

- Мәтінді мағыналық бөлімдерге бөле отырып, тақырып қойыңыз.

- Ата-баба мұрасы дегенді қалай түсінесіз?

18- нұсқа

Мәтінді тыңдап, тапсырмалады орындаңыз

«Астана»

  1. Астана қаласында жаңа салынған қандай қонақ үй бар?

  2. парламент үйінің алдында не орналасқан?

  3. 1925 жылдан бастап Қазақстан Республикасының астанасы қай қала болды?

  4. Алматы қаласы қай жылға жейін Еліміздің астанасы болды?

  5. Қазақстанның астанасы болған қалаларды атаңыз?

Лексика-грамматика

1.Атау септіктегі сөзді көрсетіңіз.

А) Әкесі

В) Әкесін

С) Әкеден

Д) Әкемен

Е) Әкеме

2. Барыс септікте тұрған сөзді табыңыз

А) Жорға

В) Баласына

С) Қаламмен

Д) Ойынның

Е) Атамда

3. Дұрыс жіктелген сөзді табыңыз

А) Баласын

В) Қалалық

С) Маманмын

Д) Қатарбын

Е) Бақшабыз

4. Жіктік жалғауының 3-жағында тұрған сөзді табыңыз.

А) Дойбы ойнаймыз

В) Тақырыпты жазыңдар

С) Қонақтарды қабылда

Д) Қыз ұзату

Е)Үстелде жатыр

5. Көп нүктенің орнына тиісті жалғауды жалғаңыз:

«Сендер елге танымал қайраткер туралы ақпарат жина...»

А) - ңыз

В) - сын

С) - ыңдар

Д) - ңдар

Е) - сақ

6. Зат есімді табыңыз

А) Алдама

В) Аялдамаңыз

С) Ақылды

Д) Алтыбақан

Е) Асықпа

7. Тұйық буыннан тұратын сөздерді табыңыз

А) Ойын, әйел;

В) Адам, ауыл;

С) Бала, кітап;

Д) Әсем, өлең;

Е) Өрік, мейіз.

8. Асты сызылған сөздің омонимін табыңыз: «Бұрыш деген өсімдік»

А) Бақшаға бұрыш отырғыздық

В) Тамаққа бұрыш сал

Д) Тәтті болгар бұрышын сатып алдым

С) Бөлменің төрт бұрышы да бос емес

Д) Ащы бұрышты ұнатпаймын

9. «Рұқсат етіледі» сөзінің антонимін табыңыз

А) Мүмкіншілік береді

В) Тыйым салынады

С) Қарсы болмайды

Д) Есте сақтайды

Е) Наразылық білдіреді

10. «Духовное богатство» тіркесінің дұрыс аудармасын табыңыз

А) Рухани қазына

В) Мәдени жәдігер

С) Ресми құжаттар

Д) Ұлттық байлық

Е) Саяси одақ

11. Ұлттық байлыққа не жатады

А) Техникалық құралдар

В) Жеке коллекционердің қолындағы көне заттар

С) Жекеменшік үйлер

Д) Жаңа оқулықтар

Е) Соңғы жыдары салынған дәмханалар

12. Синонимдік қатарды табыңыз

А) Ерте, кеш

В) Бағасы, құны

С) Ғалым, ғалам

Д) Ашық, қысаң

Е) Жалқау, еңбексүйгіш

13. Көшбасшыға тән қасиет

А) Өзгелерді сендіре алмау

В) Көпшілікті артынан ерте білмеу

С) Қай жағынан да үлгі болу

Д) Жауапкершілігі жоқ

Е) Өзгелермен кеңесе білмеу

14 Ауыл шаруашылық саласына жататын мамандықтар

А) Егінші

В) Сәулетші

С) Кенші

Д) Зергер

Е) Тілші

15 Антонимдерді белгілеңіз

А) Татуласу – достасу

В) Араздасу – ұрсысу

С)Татуласу – араздасу

Д) Көмектесу – жәрдемдесу

Е) Кездесу – жүздесу

16. . Көп нүктенің орнына тиісті сөзді қойыңыз: «Көшбасшылық – кез-келгеннің қолынан ... міндет»

А)Келмейтін

В) Келетін

С) Жасалатын

Д) Шығатын

Е) Алынатын

17. Көп нүктенің орнына тиісті сөзді қойыңыз: «Отанды сүйетіндігіңді сөзбен емес, ... дәлелде»

А) Мінезбен

В) Өлеңмен

С) Қарумен

Д) Іспен

Е) Ерлікпен

17. Бізге 4 мың жылдан бері аман жеткен жәдігер

А) Қожа Ахмет Йассауи кесенесі

В) Отрар кітапханасы

С) Эрмитаж мұражайы

Д) Хеопс пирамидасы

Е) Эйфель мұнарасы

18. Білімнің қайнар бұлағы

А)Кітап

В) Қоғам

С) Өнер

Д) Өзен

Е) Арман

19. Күшейткіш үстеуді табыңыз

А) Екі жүз тоқсан

В) Кеше

С) Тым

Д) Әдейі

Е) Ертең

20. Жинақтау сан есіміне жатпайтын сан есімді табыңыз

А) Біреу

В) Үшеу

С)Тоғызау

Д) Екеу

Е) Жетеу