Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1_Emtikhan_materialdary_FPP_2012-13_1_semestr.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
561.15 Кб
Скачать

3.Мәтінді оқып, төменде берілген тапсырмаларды орындаңыз

Басшы

Басшы – белгілі бір жүйемен жұмыс істейтін топты бастаушы, жол көрсетуші.

Жан-жақты басшылық қызметке дайын болу үшін қандай ерекшеліктер адам бойынан табылуы тиіс?

Басшы кәсіпкерлікке бейім болуға тиіс. Ол не? Мұның негізінде еңбекқорлық жатады. Кәсіпкерлік – іске кірісе кету, нақты шешімге келу, батылдық, динамизм, ынталылықтан бастау алады. Тез тіл табыса кетумен бірге жоғарғы және төменгі қызмет сатысындағы адамдармен бірдей қарым-қатынасты сақтайды.

Басшылық қызметті мұрат тұтқан жастар өзгені сыйлай білуі, мәдениет қағидаларын орындап, батыл да дұрыс қадам жасай білулері керек. Кез-келген басқару ісінде жұмысты ғана біліп қоймай, адамдарға әсер ету қабілеті маңызды рөл ойнайды, яғни көшбасшылық қажет.

Көшбасшылар өзгелерді сендіргіш, қай жағынан да үлгі болып, артынан көпшілікті ерте білуі тиіс. Жауапкершілік және өзгелермен кеңесу де басшы үшін ауадай қажет.

Жүйелі пікірі бар адам негізінен ойлай біледі, ал ойлау оқумен тікелей байланысты. Басшы үшін оқу аса қажет: кәсіптік оқу, мәдени оқу, қызметпен байланысты оқу…

Мәтін бойынша орындалатын тапсырмалар:

- мәтінді оқып, аударыңыз;

- мәтіннің мазмұнына қарай сұраулы сөйлемдер құрастырыңыз;

- мәтін бойынша сұқбат құрыңыз;

- мәтіннен сын есімдерді тауып, талдаңыз;

- сіз басшы болсаңыз ұстанымыз қандай болар еді ?

17- нұсқа

Мәтінді тыңдап, тапсырмалады орындаңыз

«Астана»

  1. 1929-1997 жылдар аралығында Қазақстан Республикасының астанасы қай қала болды?

  2. Астана қаласы қай күннен бастап Еліміздің астанасы болып жарияланды?

  3. Астана қаласында қандай көркем ғимараттар бар?

  4. «Бәйтерек» ғимараты қай қалада орналасқан?

  5. Ақмола қай жылы Астана қаласы болып аталды?

Лексика-грамматика

1.дікі жұрнағы дұрыс жалғанған сөзді табыңыз?

А) Маратдікі

В) Олдікі

С) Студентдікі

Д) Сендікі

Е) Әсемдікі

2. Көп нүктенің орнына тиісті жалғауды жалғаңыз:

«Сендер елге танымал қайраткер туралы ақпарат жина...»

А) - ңыз

В) - сын

С) - ыңдар

Д) - ңдар

Е) - сақ

3.Қай етістік келер шақта тұрған жоқ

А) Үйренеді

В) Келмеді

С) Айтпайды

Д) Бармақ

Е) Меңгерер

4.. Ежелгі өткен шақтағы етістіктің аудармасын табыңыз: Оқыппын

А) Оказывается, читал

В) Прочитал

С) Прочитаю

Д) Читаю

Е) Не прочитал

5. Ауыспалы өткен шақтағы етістіктің аудармасын табыңыз: Ұшатынмын

А) Я тогда летал

В) Не летал

С) Улетел

Д) Прилетел

Е) Летаю

6. Асты сызылған сөздің омонимін табыңыз: «Жас кезінде»

А) Жас адам келді

В) Жас болдым

С) Көзіне жас келді

Д) Ол әлі жас еді

Е) Жас бала тәрізді

7. Асты сызылған сөздің омонимін табыңыз: «Бұрыш деген өсімдік»

А) Бақшаға бұрыш отырғыздық

В) Тамаққа бұрыш сал

С) Тәтті болгар бұрышын сатып алдым

Д) Бөлменің төрт бұрышы да бос емес

Е) Ащы бұрышты ұнатпаймын

8. Қазақ халқының ұлттық тағамына не жатпайды

А) Құрт

В) Ірімшік

С) Қазы

Д) Қарта

Е) Палау

9. Асты сызылған сөздің омонимін табыңыз: «сиырдың бауыры»

А) Бауырыңның есімі кім

В) Қуырылған бауыр

С) Бауырдан жасалған тағам

Д) Бауырды көп қайнатуға болмайды

Е) Пісірілген бауыр

10. «Сәлемдесу» сөзінің синонимін табыңыз

А) Көрісу

В) Қоштасу

С) Амандасу

Д) Әңгімелесу

Е) Хабарласу

11.Шаруашылық саласына жататын мамандықтар

А) Егінші

В) Сәулетші

С) Кенші

Д) Зергер

Е) Тілші

12.. Көшбасшыға тән қасиет

А) Өзгелерді сендіре алмау

В) Көпшілікті артынан ерте білмеу

С) Қай жағынан да үлгі болу

Д) Жауапкершілігі жоқ

А) Өзгелермен кеңесе білмеу

13.Сыйлықтардың «атасы» – қандай сыйлық

А) Мемлекеттік сыйлық

В) Нобель атындағы сыйлық

С) Оскар сыйлығы

Д) Грэмми сыйлығы

Е) Пулцер сыйлығы

14.Үстеулер негізінен қай сөйлем мүшесі бола алады

А) Баяндауыш

В) Толықтауыш

С) Анықтауыш

Д) Пысықтауыш

Е) Анықтауыш

15. Салыстырмалы шырайда тұрған сын есімді табыңыз

А) Тым биік

В) Өте жақсы

С) Қысқалау

Д) Қып-қызыл

Е) Балалық

16.. Жинақтау сан есіміне жатпайтын сан есімді табыңыз

А) Біреу

В) Үшеу

С) Тоғызау

Д) Екеу

Е) Жетеу

17.. Күшейткіш үстеуді табыңыз

А) Екі жүз тоқсан

В) Кеше

С) Тым

Д) Әдейі

Е) Ертең

18.. Тәуелдік формадан соң жалғанып тұрған барыс септік жалғауы бар сөзді табыңыз

А) Мұғалімнің

В) Студентпен

С) Дәптерге

Д) Әкесіне

Е) Институтта

19. Көп нүктенің орнына тиісті жұрнақты қойыңыз

«Күн жарқырап тұр..., дала суық»

А) -генмен

В) -ғанмен

С) -кенмен

Д) -ған

Е) -кен

20. «Кімді, нені» қай септіктің сұрағы

А) Көмектес септік.

В) Жатыс септік.

С) Табыс септік.

Д) Барыс септік.

Е) Шығыс септік.