Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1_Emtikhan_materialdary_FPP_2012-13_1_semestr.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
561.15 Кб
Скачать

Лексика-грамматика

1. Жуан дауысты дыбыстар қатарын белгілеңіз:

А) а, ә, о, ө;

В.) а, о, у, ү;

С) а, о, ұ, ы;

Д) а, ө, ұ, ү;

Е) а, ө, ұ, у.

2. Үнді дауыссыз дыбыстарды көрсетіңіз:

А) р, л, й, у;

В) м, н, у, ұ;

С) ң, у, ү, з;

Д) б, в, г, д;

Е) б, в, г, т.

3. Көптік жалғаулы сөзді табыңыз:

А) жануар;

В) жанар;

С) жазар;

Д) жаулар;

Е) жабар.

4. Тәуелдік жалғаулы сөзді белгілеңіз:

А) тауға;

В) тауы;

С) таулар;

Д) таумен;

Е) таудың.

5. Ілік септікте тұрған сөзді табыңыз:

А) емделдің;

В) келдің;

С) желдің;

Д) бердің;

Е) көрдің.

6. Барыс септіктегі сөзді белгілеңіз:

А) отаны;

В) отанына;

С) отанынан;

Д) отанымен;

Е) отанда.

7. Табыс септік жалғауын дұрыс жалғаңыз:

Ол өз елі...мақтан етеді.

А) –ні;

В) –ді;

С) –ті;

Д) –н;

Е) –ң;

8. Жатыс септіктің сұрағын белгілеңіз:

А) қайдан;

В) қалай;

С) қашан;

Д) қандай;

Е) қайда.

9. Шығыс септіктегі сөзді табыңыз:

А) арыстан;

В) алыстан;

С) ағаштан;

Д) ашулан;

Е) алысқан.

10. Көмектес септіктің жалғауларын белгілеңіз:

А) -мен,-тен;

В) -пен,-бен;

С) -нен,-мен;

Д) -тен,-бен;

Е) -нан-мен.

11. Сөйлемді дұрыс құраңыз.

Онымен, келеді, талай, тура, маған, кездесуге.

А) 312645;

В) 452613;

С) 654231;

Д) 513642;

Е) 153642;

12. Ежелгі өткен шақтағы етістіктің аудармасын табыңыз: Оқыппын.

А) прочитал;

В) прочитаю;

С) оказывается, читал;

Д) не прочитал;

Е) читаю.

13. Мүмкіндік модальдық мағыналы етістікті табыңыз:

А) байқадым;

В) алып келді;

С) көре аласыз;

Д) жақындамайды;

Е) жанып тұр.

14. Жіктік жалғауы жалғанбайтын сөзді белгілеңіз:

А) студент;

В) екінші,

С) ақылды;

Д) алақай;

Е) келер.

15. Келер шақта тұрған етістікті көрсетіңіз:

А) сөйлейді;

В) сөйледі;

С) сөйлеп тұр;

Д) сөйлемеді;

Е) сөйлемеген.

16. Нақ осы шақтағы етістікті табыңыз:

А) жатыр;

В) жатады;

С) жатты;

Д) жатпайды;

Е) жатқан.

17. Қай етістік өткен шақта тұрған жоқ?

А) болған;

В) болды;

С) болыпты;

Д) болар;

Е) болған екен.

18. Болымсыз етістікті табыңыз:

А) барма;

В) үйірме;

С) түйме;

Д) тырма;

Е) жама.

19. Тиісті сұрау есімдігін қойыңыз.

Сіз ... жылы оқуға түстіңіз?

А) қашан;

В) қандай;

С) қай;

Д) қалай;

Е) қайда.

20. Сұраулы сөйлемді табыңыз.

А) Дауысы қандай керемет.

В) Ол қандай адам.

С) Қандай мамандықты таңдайтыныңды ойлан.

Д) Қандай деген сұраққа жауап береді.

Е) Қандай – сұраулы есімдік.

3.Мәтінді оқып, төменде берілген тапсырмаларды орындаңыз Қазақтың азаттық аңсаған азаматтары.

Еліміздің отанды жаудан қорғаған, елді басқыншылықтан азат еткен, халықтың қонысын, жерін кеңейтіп, жау қолында өлген ата кегін қайтарған, азаттық аңсаған азаматтарымыз аз емес. Ел тағдырын өз тағдырынан биік қойған, ұлтының тұтастығын, жерінің бүтіндігін мұрат еткен қазақ батырлары әрқашан еліміздің есінде қалады. Қазақ батырларының бейнесі сонымен бірге жазба әдебиетімізде де, әсіресе прозалық туындыларымызда көбірек сомдалды. ХХ ғасыр әдебиетінің бастапқы кезеңінің өзінде-ақ қазақ қаламгерлері халық жүрегінен берік орын алған қазақ батырларының тұлғасын қазақ әдебиетіне алып келді.

20–30 жылдардағы және кейінгі онжылдықтар кезеңінде қабырғалы қаламгерлеріміз бен ақын-жыршыларымыз І.Жансүгіров, С.Мұқанов, М.Жұмабаев, М.Әуезов, Жамбыл, Иса, Нүрпейіс, Кенен, Қалижан Бекхожин т.б. өз шығармаларының негізгі кейіпкерлері етіп батырлар тұлғасына қол артуы осыны аңғартады. Қара қыпшақ Қобыланды, Қара қасқа атты Қамбар батыр, Ер Тарғын, Абылай, Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Шапырашты Наурызбай, Батыр Баян, Қарасай, Өтеген, Сұраншы, Саурық, Сыпатай, Райымбек, Махамбет, Исатай, Сырым, Кенесары, Наурызбай, Амангелді, Бекболат, т.б. есімі елге белгілі, қол бастаған немесе ұлт-азаттық күрестің ұйтқысы, басшысы болған батырларымыз бен хандарымыздың көркем әдебиеттегі байтақ кеңістікке шығарды.

Қабанбай батыр Найман тайпасының Қаракерей руынан шыққан, сондықтан оны «Қаракерей Қабанбай», ал батырлығы үшін «Хан батыры» деп атаған.Ол осы рудың биі де болған. Қабанбай батыр тек Орта жүзде ғана емес, Кіші жүздегі уақиғаларға да араласқан. Оның ерлік істері Абылай ханның жоңғарларға жасаған жорықтарына байланысты. Қазақстанның көптеген қалаларында Қабанбай батыр атындағы көшелер бар.

Бөгенбай батыр да Абылай хан заманындағы атақты қолбасшы, батыр болған.Ол Абылай ханның батырларының ішіндегі ең үлкен ағасы болған. Бөгенбай батыр Қанжығалы руынан болған соң, оны халық аңызында “Қанжығалы қарт Бөгенбай” деп атаған. XVIII ғасырдың бірінші жартысында Қазақ халқын торлаған көп жаудан елді қорғауда Бөгенбай батыр көп ерлік көрсетті.

Наурызбай батыр-Абылай ханның үш батырының бірі, қолбасшы. Ол Шапырашты тайпасының Тілеміс руынан, қазіргі Алматы облысы, Жамбыл ауданындағы Жалпақтас, Серіктас деген жерлерде мекендеген. Оның бар өмірі жоңғарлармен соғыста өткен. Қазақстан облыстарында, аудандарында Наурызбай батырға арнап ескерткіштер орнатылған. Қазақтың азаттық аңсаған азаматтары –батырларымыз, билеріміз, шешендеріміз әрқашан да ел есінде.

Орындалатын тасырмалар:

- Қазақтың аңсаған азаматтарына кімді жатқызуға болады?

- Мағжан Жұмабаев, Абай Құнанбаев, Мұхтар Әуезов, Қалижан Бекхожин т.б ақындарды қазақтың аңсаған азаматтарына жатқызуға болады ма?

-Сіздің тұратын жеріңізде осы батырлардың атында көшелер, батырларға арналған ескерткіштер бар ма

13-нұсқа

Мәтінді тыңдап, тапсырмалады орындаңыз

«Астана»

  1. Орынбор қаласы қай мемлекеттің бірінші астанасы болды?

  2. Қазақстан Республикасының жаңа астанасы қалай аталады?

  3. 1998 жылдың 10 маусымында Қазақстанда қандай мереке өткізілді?

  4. Астана қандай қала?

  5. Тәуелсіз Қазақстанның жаңа астанасының салтанатты ашылу рәсімі қашан өтті?