Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
GIS wpora.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
78.58 Кб
Скачать

2)Электронды карталар мен атластар

Электронды карта – геоақпараттық жүйелерде дегі мәліметтер базасының немесе сандық карталар негізінде мониторда визуалданған картографиялық бейне.

Электронды атлас дегеніміз – электронды карта формасындағывизуализация жүйесі, яғни функциональды электронды картаға ұқсайтын электронды картографиялық көрініс. Түрлі бағдарламалық қамтуға байланысты типтері: картографиялық браузер, картографиялық визуализаторлар, үстелдің картографиялаудың жүйесі. Картографиялық бейнелер мен легендалардан басқа электронды атластар кеңейтілген тексттік комментарийлер, кестелік мәліметтерді де өзіне қосып көрсетеді, ал мультимедиялық электронды атластар – анимацияны, видеотізбектерді және дыбыстық айналымды қамтиды.

Обьектілердің (атрибут) немесе олардың арақатынастарының түрлі сипаттамаларын қамтитын кестелер мен графиктер басқа визуализациялау құралдарына жекелей де немесе қосымша ретінде де қолданыла алады.

Анимациялары динамикалық процесстерді көрсету үшін қолданадығ яғни салынған статистикалық бейнелердің (кадрлар) кезекпен көрсетілуі, соның нәтижесінде суреттердің үздіксіз ауысуының иллюзиясы құрылады.

3)Мәліметтерді талдау нәтижелерін бейнелеудің картографиялық тәсілі.

      ГАЖ-дағы мәліметтер талдау нәтижесін беру үшін тақырыптық карталарды құрастырған кезде қолданатын әдістер тізбегі бар.

Өлшемді символдар(белгі) әдісі – талдау жасалынатын обьект сипаттамалары арнайы символдармен беріледі, олардың өлшемдері сандық ақпарат берсе, формасы мен түсі сапалық ақпаратты береді.

Сапалық немесе сандық фон әдісі – бұл жағдайда жуықталған мәндермен мәліметтер топтастырылады және топтарға белгілі бір түстер, символдар мен сызықтардың түрлері бөлінеді

Нүктелік әдісі – көрсететін зат ретінде бір өлшемді өте көп нүктелер болады, олардың әрқайсысы сандық көрсеткіштің белгілі бір мәнін анықтайды.

Бағаналық, дөңгелек локалды диаграммалар – көптеген сипаттамалардың ара жігін бірден көрсетеді, бұл кезде диаграммалар географиялық байлануда болады (мысалы, бақылау пунктінде ластайтын заттардың үлесін көрсетіп отырады).

Изосызықтар әдісі – түрлі көрстекіштерді көрсетудің ең кең таралған әдістерінің бірі. Олардың көмегімен изогипс, (топографиялықжәне гипсометриялық), изотерма, изобара, изокоррелят карталарын құрастырады. Изосызықтар көмегімен сипаттамалары бірдей қасиетті болып келетін (температура, жауын-шашын, аномалия тұрақтысы, жылдамдық т.б) аумақтар ажыратылады. Изосызықтарды екі топқа бөліп қарстырады: шындыққа ұқсас изосызықтар (кез келген көрсеткіштің үздіксіздігін сипаттайды, оған горизонталдарды жатқызуға болады) және статистикалық табиғат мәліметтері бар жалған изосызықтар. Изосызықтарды бейнелеу үшін түрлі құралдарды қолданады: түрлі типті сызықтар, изосызықтар арасындағы қабатты фонның түрлі-түсті бояуы.

4)Үшөлшемді визуализация.Беттің үшөлшемді бейнесі (3D-бет) – сымды диаграммалар түрінде көрсететін көлемді сандық бейнесі. Рельефтің бейнесі ретінде растрлық бейнелер де құрастырылуы мүмкін. Растрлық бет (бейне) - Grid-модельдер бойынша қалыптасады да және пропорциялық биітікте торша ұяшықтарындағы әрбір пиксельге өзінің мәні беріледі,

Көлеңкелік рельеф (рельефтің аналитикалық шайылуы) – растрлық бейнесі қалыптасу кезінде Grid-модельдегі ұяшық аймағынан басқа барлық еңістің жарықтануы ескеріледі.3D бейнелерді басқа тақырыптық қабаттармен байланыстыру мүмкіндігі бар.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]