Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Мамырова курсовой смж.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
95.15 Кб
Скачать

бөлімшелерінде және сәйкес деңгейлерде әзірленуін қамтамасыз етуі қажет. Сапа саласындағы мақсаттар өлшене алатын жэне сапа саласындағы саясатпен сәйкестендіріле алуы керек.

Сапасыз өнім шығарудың тұтынушыларға ғана емес, фирмалардың заңды жауапкершіліктерін қатаңдандыру және бұл салада мемлекеттік реттеуді арттыруды талап ететін көлеңкелі жақтары бар. Сапаны басқару қажеттілігі кәсіпорынның өзінің де қажеттілігі болып табылады. Себебі сапасыз өнім шығару өнім шығарушының тікелей зиян шегуіне әкеліп соғады. Сапаны кешенді басқару теориясының негізін қалаушы Фигенбаумның бағалауына сәйкес жұмысы жақсы жолға қойылған кәсіпорынның қуатының 15-40% тиімсіз пайдаланылады. Бұлар тұтынушыға ақаулы өнімдердің орнына берілетін тұтынушының талаптары бойынша кемшіліктерді жою және жарамсыздықты кайта жасауға, ақауларды жөндеуге, сынау мен басқаруды қайталауға арналған «тығылып қойылған» өндіріс болып табылады.

Сапа менеджментін әзірлеу және енгізу.

Сапа менеджментінің жүйесін құру үшін ұйымның жоғарғы басшылығының стратегиялық шешімі қажет етіледі. Ұйымның сапа менеджментінің жүйесін әзірлеуге және енгізуге ұйымның өзгерген қажеттіліктері, нақты мақсаттары, өндірілетін өнім, қолданылатын процестер, көлемдер және құрылым әсер етеді.

«ПКОП» ЖШС-нде сапаны жақсарту бойынша кез-келген жұмыс

түрлерін мына төмендегідей функциялардың біреуіне жатқызуға болады: өнімнің қажеттілігін, техникалық деңгейін жэне сапасын йплжамдау;

  • өнім сапасын арттыруды жоспарлау;

  • өнім сапасына қойылатын талаптарды нормалау;

  • өнімді аттестациялау;

  • өндірісте жаңа өнімді жасап дайындауды ұйымдастыру;

  • өндірісті технологиялық дайындауды ұйымдастыру;

  • метрологиялық қамтамасыз етуді ұйымдастыру;

  • материалдық-техникалық қамтамасыз етуді ұйымдастыру;

  • кадрларды арнайы дайындау;

  • өнімді жасап дайындау, шығару,сақтау, тасымалдау, өткізу және жұмысқа пайдалану кездерінде жоспарланған сапа деңгейін тұрақты қамтамасыз ету;

  • өнім сапасын арттыру;

  • өнім сапасын жергілікті және мемлекеттік бақылау және сынау;

  • стандарттарды, техникалық шарттарды және өлшеу құралдарының күйін сақтау және жұмысқа ендіру үшін мемлекеттік қадағалау;

  • өнім сапасын басқаруды құқықтық қамтамасыз ету;

  • өнім сапасын ақпараттык қамтамасыз ету.

Осы функцияларды кез-келген өнім сапасын жақсартудың тұқымдас немесе мазмұны бойынша жақын түрлерінің міндеттерін үйлестіру болып табылады.

СМЖ-н әзірлеу мен енгізуде қарастырылатын тәсілдемелер:

1. Тұтынушылар және басқа да қызығушылық танытқан тараптардың қажеттіліктері мен күтулерін бекіту;

2. Сапа саласында ұйымның саясаты мен мақсаттарын әзірлеу;

3. Сапа саласындағы мақсаттарға жету үшін керекті үрдістер мен жауапкершіліктерді бекіту;

  1. Қажетті қорды бекіту;

  2. Әрбір үрдістің нәтижелілігі мен тиімділігін анықтайтын әдістер;

6. Осы анықтаулардың нәтижелерін әрбір үрдістің нәтижелілігі мен тиімділігін жоғарылату үшін қолдану;

7. Сәйкессіздіктердің алдын алу және олардың себептерін жою;

8. CМЖ-н үнемі жақсарту үшін үрдісті әзірлеу және қолдану.

Сонымен қатар, сапа менеджментінің жүйесін дайындау жэне ендіру кезінде жұмыстарды жүргізу 5 кезеңнен өтеді, олар төменде көрсетілген:

Кезең 1. Сапа менеджмент жүйесінің қүжаттарын жасауға дайындық.

Кезең 2. Сапа менеджмент жүйесінің құжаттарын жасау. Ұйымдық құрылымды жасау.

Кезең 3. Сапа менеджмент жүйесін енгізу және оның функцияландыру тиімділігін бағалау.

Кезең 4. Жоспарлық ішкі аудиттерді өткізу (тексеру).

Кезең 5. Сапа менеджмент жүйесін халықаралық дәрежеде сертификаттауға дайындау.

Жоғарыда айтылып өткен талаптарды қатаң ұстана отырып, кез келген өндіріс орны өзінің тұтынушыларының көңілінен шығу мүмкіндігі өте жоғары. Сол себептен өздерінің өнімінің нарықта сұранысқа ие ала болуына жағдай жасайды. Ал, өнім егер нарықта сұранысқа ие болса, онда өндірістің жұмыс атқару қарқындылығы әрдайым жоғарылап отырады деген сөз. Қорыта айтқанда, СМЖ-н ендірудің тиімділіктері өндіріс орнының жетістіктерге жетуіне өзінің үлкен септігін тигізеді. Яғни, СМЖ-н ендіру болашақта күмәнсіз қажет екені көрініп отыр.

«ПКОП» ЖШС-нің сапа саласындағы саясаты мен мақсаттары.

«IІКОП» ЖШС-нің сапа саласындағы саясаты кәсіпорынның барлык жұмысшылары мен жетекшіліктің жалпы саясатының ажырамас бөлігі болып табылады, стратегиялық маңызы бэсекеге қабілеттілігі мен өндірісті кеңейту мақсатымен барлық шығарылатын өнім мен көрсетілетін қызмет түрлерінің сапасын бақылау, жоғарылату және ұстап тұруды үнемі жақсартуға негізделген.

Мұнай және газ өндірісіне қатысты және «ПКОП» ЖШС-де қолданылуы мүмкін ИСО 9000 бөлімдерін ескере отырып, тұтынушы талаптары мен қажеттіліктерін толық қанағаттандыра алу үшін сапа концепциясын бекіту және кеңейту жоспарлануда

Сонымен, «ПКОП» ЖШС өзінің негізгі мақсаты ретінде өз өнімі мен қызмет көрсетулер сапасын кәсіпорынның барлық персоналын бұл процеске ынталандыру арқылы үнемі жақсартуды көрсетеді.

Қазір біз МЕСТ , ТШ және басқа да нормативтік-техникалық құжаттар талабына сәйкес өнім шығарамыз. Сапа менеджмент жүйесін ендіру, біздің кәсіпорында оны функцияналдау біздің тұтынушыларымыздың жеткізілетін өнім орнатылған талаптарға сәйкес болатындығына үлкен сенімділігін тудырады.

Біздің сапа саласындағы саясат біздің тұтынушылардың күтулерін толық қанағаттандыратын өнім шығару болып табылады. Бұл үшін кәсіпорындағы әрбір қызметкер сапаға жауап беретін және әрбір қызметкер сапаны жетілдіруге және біздің өнімді шығаруда өнімділікті арттыруда қатысу қажет.

Бұл мақсатқа жету үшін біздің кәсіпорында 9000 сериялы халықаралық ИСО стандарттар талаптарына сәйкес шығарылатын барлық өнімге сапаны қамтамасыз ету жүйесі дайындалады.

Кәсіпорында сапа менеджмент жүйесін ендірудің қорытынды мақсаты шығарылатын өнімге халықаралық сапа сертификатын алу және басқару модельдерін жақсарту болып табылады, өйткені орнатылған басқару жүйесін барлық деңгейде тиімдендіру кәсіпорында көптеген проблемаларды шешу жағы сапалы деңгейге шығаруға мүмкіндік береді: өнім сапасы, персонал жұмысының сапасы, соңында халықаралық деңгейде біздің өнімнің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етеді.

Персонал жұмысының сапасы ИСО сапа менеджментінің сегіз Нципін нақты орындаумен қамтамасыз етіледі:

  1. Тұтынушыға бейімделу.

  2. Басшылық жетекшілігі.

  3. Қызметкерлерді қызықтыру.

  4. Үрдістік келісім.

  5. Менеджментке жүйелі келісім.

6. Ұдайы жақсарту.

7. Фактілерге негізделген шешімдерді қабылдау.

8. Жеткізушілермен өзара тиімді қатынастар.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]