Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
информатика ёёёёёё.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
302.08 Кб
Скачать

92. Операциялық жүйенің негізгі ұғымдары

Операциялық жүйелер немесе системалар (ОС) - компьютердi басқаратын және құрылғыларды қолданбалы программалармен байланысты­ратын программа. Дербес компьютерлерде кең тараған операциялыц жүйелерге MS (РС) DOS, WINDOWS 95/98, WINDOWS 2001XP, 08/2, UNIX, т.б. жатады.

MS DOS, WINDOWS, OS/2, UNlX – көп тапсырмалы (многозада­чность) жүйелер болып саналады. Бұл - бiр компьютерде бiр уақытта қатарласа бiрнеше есептi шығару мүмкіндiгi немесе бiрнеше epeкeттiң қатар атқарылып жатуы. Мысалы, сiз мәтiн көшiрiлiп жатқап шақта ойнап та отыруыңызға болады, өйткенi бұл жұмыстарды әр түрлi құрылғылар атқарады немесе ол құрылғылардың жұмыс жылдамдығы адамның жылдамдығынан өте жоғары болып келедi.

IВM тәрiздi компьютерлердiң көбiсi дискiдегi MS D08 операциялық жүйесiн және көп терезелi WINDOWS графикалық операциялық жүйесiн пайдаланады.

Операциялық жүйелер көптеген функцияларды орындайды: информацияны дискiге жазу-оқуды, мәлiметтер сақтауды ұйымдастырып, компьютер құрылғыларының бiрге жұмыс icтeyiн, барлық қолданбалы программалар жұмысын қамтамасыз етедi. Операциялық жүйе ЭЕМ icкe қосылғаннан кейін иiлгiш немесе қатты дискiден қосылып алғаш жұмыс ic­тетін программа болып табылады. ОС-тар құрамына олардың прог­раммалық қоршаулары (оболочки), драйверлер және утилиттер кiредi.

93. Операциялық жүйенің файл жүйесі

Мәтіндер мен прогараммаларды бар тұрақты сақтауға арналған мәліметтер жиыны файл деп аталады да дискі де сақталады. Файл белгілі бір атпен магниттік дискіде жазылған біртектес информациялау жиыны. Файл программадан, не оларға қажетті берілген сандар тобынан, мәтіннен тұруы мүмкін. Әрбір файлдың файлдар каталогында тіркелген өзіндік аты болуы керек. Файлдың толық аты латынның бас не кіші әріптерімен беріледі. Файлды дискіге жазғанда не өзгерткенде, оның көлемі, жазылған уақыты, мерзіме де тіркеледі. Файлдың аты, типі, символымен берілген көлемі, күні, айы, сағаты файылдың аттрибуттары деп аталады.

94. Программалау жүйелері.

Деректерді өңдеу кезінде процессордың орындайтын командалар тізбегі программа деп аталады. Жүйелік программалар компьютердің барлық құрылғыларымен жұмыс істеуге арналған. Олар аралық деңгейге жатады. Жүйелік программалар төменгі деңгейдің программаларын қолдана отырып, компьютердің құрылғыларын басқарады және жоғары деңгейлі программалардың сұраныстарына жауап беріп отырады. Компьютердің құрылғыларын басқаратын жүйелік программаларды драйверлер деп те атайды. Пайдаланышулар бұл программалармен құрылғыларды баптау керек болған жағдайда ғана жұмыс істейді

95. Программалау тілдері

Өткен ғасырдың 60-жылдары жоғары деңгейлі программалау тілдерінің (Алгол, Фортран, Basic, Pascal және басқалары) пайда болуы программистердің жұмысын едәуір жеңілдетті. Соңғы кездері пайда болған Visual Basic, Delfi секілді визуалды программалау жүйелері дербес компьютерді жаңадан үйренушілердің де программа құруына мүмкіндік береді. Ондаған жылдар бойы әртүрлі деректерді өңдеуге мүмкіндік беретін алуан түрлі программалар жасап шығарылды. Белгілі бір мақсатта пайдаланылатын программалық жасақ әр адамның нақты есептерін шығаруға арналған, сондықтан оны пайдалану аймағы да