Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
информатика ёёёёёё.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
302.08 Кб
Скачать

80. Информациялық жүйелер

"Информация" термині латынның түсіндіру, баяндау, білу

деген үғымынан туындаған ағылшынның information сөзінен

шыққан. Информацияны біз ауызша немесе жазбаша түрде,

қимыл не қозғалыс түрінде бере аламыз. Кез келген керекті

информацияның мағынасын түсініп, оны басқаларға жеткізіп,

соның негізінде белгілі бір ой түйеміз. Информация алу дегеніміз - бізді қоршаған қүбылыстар мен нысандардың өзара байланыстары, қүрылымы

шмесе олардың бір-біріне қатысуы жөнінде нақты мағлүматтар

мен мәліметтер алу деген сөз. Егер информация оны түсінуге және белгілі бір шешім қабылдауға жеткілікті болса, онда оның толық болғаны.

Информацияның толық болмауы ол жөнінде белгілі бір түжы-

рымға келуге кедергісін тигізіп, қателікке үрындыруы мүмкін.

Информацияның бағалылығы, оны пайдалана отырып,

қандай мәселелер шеше алатынымызға байланысты болады.

Өзекті (дер кезінде берілген) информация жүмыс шарттары

өзгерген жағдайда өте керек болады.

81. Іздеу жүйесі, интернетте ақпаратты іздеу.

Іздеу жүйесі — мәліметті Интернеттен іздеу мүмкіндігін ұсынатын веб-сайт,. Іздеу жүйесінің басым бөлігі мағлұматты Әлемдік өрмек сайттарынан іздейді, алайда файлдарды ftp-серверінен, тауарларды интернет-дүкендерінен , сондай-ақ мәліметті Usenet жаңалықтар тобынан іздей алатын жүйелер бар. Іздеу жүйесінің функционалдығын қамтамасыз ететін программалар кешені іздеу движогы немесе іздеу машинасы деп аталадыМәлімет индексациясы арнайы іздеу роботтары арқылы жүзеге асырылады. Іздеу жүйесі жұмысындағы негізгі қиындықтар Терең өрмек мақаласында сипатталған. Іздеу жүйесі жұмысын жақсарту — бүгінгі Интернеттің ең негізгі міндеттерінің бірі. іздеуді жеңілдетіп, адамдарға қазіргі ақпаратпен аса қамтылған Интернет кеңістігінде бағыт-бағдар табуды жеңілдететін құрал ретінде жасақталған болатын. comScore Inc. негізгі іздеу жүйелерінің жеке зерттеулері іздеулердің 30 пайызы оң нәтиже бермегенін, ал қалған үштен екі іздеулер іздеу нәтижесінің бетінде нақтылауды талап ететінін көрсетіп отыр. Жаңа іздеу жүйесіне іздеу категориясы ұғымы енгізілген, ол адамдарға алғышарттарды одан әрі нақтылауға мүмкіндік береді. Әр категория өзінің опциялар жиынтығына ие.

82. Қабықша бағдарламалар, Norton Commander

Пайдаланушының амалдық жүйемен, атап айтқанда компьютермен жұмысын жеңілдету үшін бірқатар амалдық қабықшfлар деп аталатын бағдарламалар жинағы енгізілген. Солардың бірі - Norton Commander. NC көптеген командалары пернелерге бекітілген. Мұнда файлдарға жəне каталогтарға қатысты көптеген іс-əрекеттерді жылдам да көрнекті орындауға болады. NC қабықшасын 1992 жылы Symantec корпорациясының құрамына кірген Peter Norton Computing американдық фирмасы жасаған.

84. Қолданбалы және жүйелік бағдарламалар

Компьютер жүйелік бағдарламалар, қолданбалы бағдарламалар және бағдарламалау жүйелерінен құралатын бағдарламалық жасақтама көмегімен жұмыс істейді. Жүйелік бағдарламалардың негізгісі компьютердің мәліметтерді өңдеу жөніндегі барлық жұмысын ұйымдастыратын, компьютердің барлық құрылғыларын басқаратын, компьютер құрылғылары және адам мен компьютер арасында мәлімет алмасуды жүзеге асыратын амалдық жүйе (АЖ) болып табылады. Компьютердің қолданылу аясы шектелмеген десе де болады. Түрлі мамандық иелері қазіргі таңда компьютерді жұмыс істеу үшін аса қажет аспап ретінде қарастырып отыр. Компьютерлердің көмегімен күрделі әрі зиянды өндіріс үрдісін автоматты түрде басқару жүзеге асырылады, түрлі агрегаттардың үздіксіз жұмыс істеуі қамтамасыз етіледі, көп рет қайталанатын амалдар орындалады, компьютерлік жаттықтырушылар көмегімен кадрларды кәсіби қайта даярлау жүргізіледі және басқа да көптеген жұмыстар атқарылады.