Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
информатика ёёёёёё.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
302.08 Кб
Скачать

77 Жұмыс алаңы. Терезелер. Ярлықтар. Программаларды шақыру. Программаларға өту. Папкалар құру.

Жұмыс алаңы - Windows опер-қ жүйесінің стандартты терезелерінің ішкі жұмысын істеу кеңістігі, енгізілетін информация орналасатын терезе облысы. Терезе – дисплей экранының бөлігі, пайдаланушы немесе программа белгілі бір экран тәрізді жұмыс істейтін, хабарды алатын және өңдейтін объект.

Жарлық (ярлык) – бумалар (папка) ішінен іздеу жүргізбей кез келген дискідегі объектіні пайдалануды қамтамасыз ете алатын командалық файл.

Каталог немесе бума - дискiде өте көп файлдар болған кезде, керектiciн жылдам тауып қарап шығуды қамтамасыз eтeтiн иерархиялық құрылымның маңызды элементi. Кiтапханадағы каталог ұғымына өте ұқcac болып келедi.

Бума құpy. Жаңа бума құpy үшiн, алдымен, Сiлтеуiштiң (Проводниктiң) сол жақ тақтасынан жаңа бума ашылатын кepeктi дискiнi (немесе буманы) тандаймыз, яғни оны ашу қажет. Содан кейiн оң жақ тaқтaғa көшiп, белгiшелерден бос аймақта тышқанның оң жақ батырмасын шертiп (немесе кoнтeкcтiк менюден) Создать-Папку командасын орындаймыз.

Windows жүйесінің стандартты программалар құрамына бір топ программалар жиыны кіреді. Олар арқылы мәтіндік құжаттар дайындау, графикалық бейне көріністерді даярлау және оларды өңдеу, жұмыс уақытын жоспарлау, математикалық есептеулерді орынбау, тб жасауға болады. Әдетте бұл прог «Стандартты» тобында орн-қан. Бұны шақыру үшін жұмыс үстеліндегі «Іске қосу» («Пуск») батырмасын шертіп, «Программы»-«Стандартные» тобынан керекті прог таңдаймыз.

79. Интернет, негізгі түсінік.

Интернетке қосылу мүмкіндігі болған жағдайда, білім беру мекемелері, мемлекеттік ұйымдар, коммерциялық кәсіпорындар және жеке адамдар сияқты миллиондаған қайнар көзінен ақпарат алуға болады. Интернет мыңдаған корпоративті, үкіметтік, ғылыми және үй желілерінен құралған. Әртүрлі архитектуралы және топологиялы желілерді біріктіруге IP (Internet Protocol) протоколын және мәліметтер пакеттерін маршрутизациялауды қолдану арқылы қол жеткізілді. IP протоколы әдейі физикалық байланыс арналарына тәуелсіз етіп жасалды. Яғни цифрлық мәліметерді тасымалдауға арналған кез-келген жүйе Интернетпен де байланыса алады. Желілердің байланысқан түйіндерінде арнайы маршрутизаторлар (бағдарламалық немесе аппараттық) пакеттердің қабылдаушылардың IP-адрестерін қарай отырып, мәліметтер пакеттерін сұрыптаумен және бағыттаумен айналысады. IP протоколы бүкіл әлем көлемінде біртұтас адрес кеңістігін құрады, бірақ әрбір жеке желіде өзіндік адрес кеңістігі болуы мүмкін. IP-адрестерді осылайша ұйымдастыру маршрутизаторларға әрбір мәлімет пакетінің бағытын анықтауға мүмкіндік береді. Осылайша, Интернет құрамындағы жекелеген желілер арасында конфликттер болмайды, ал мәліметтер бүкіл әлем көлемінде дәл жеткізіледі. IP протоколын IETF (Internet Engineering Task Force) ұйымы ойлап тапқан болатын. IETF және оның жұмыс топтары қазіргі күні де Бүкіләлемдік желінің протоколдарын дамытумен айналысады. IETF қызметіне қарапайым пайдаланушылар қатыса алады. Бұл ұйым комитеттері RFC құжаттарын жариялайды. Бұл құжаттарда көптеген сұрақтардың техникалық спецификациялары және дәл түсініктемелері беріледі.