Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
информатика ёёёёёё.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
302.08 Кб
Скачать

70. Дискілермен жұмыс, дискіні форматтау және дефрагментациялау

Бiр компьютерден екiншi компьютерге шағын көлемдi мәлiмет алмастыру үшiн иiлгiш диск немесе дискет (флоппи­диск) қолданылады, олар арнаулы ұяға - дискiжетекке салынады. Диск – файл түрінде берілген мәліметтерді магниттік тәсілмен жазып алатын құрылғы. Қазiргi шығарылатын дискеттердiң диаметрi - 3,5дюйм, яғни 89мм шамасында болады. Қатты дискiдегi мәлiмет жинақтауыштар (винчестер) көлемдi информацияны тұрақты caқayғa арналған, олардың көлемi 40 - 100 Гбайт немесе одан да жоғары деңгейде болады. Қатты диск opнынан алынбайды, ауа кiрмейтiңдей жабық корпусқа салынып, жүйелiк блокта орналаса­ды. CD-R (Сompact Disk - Recordable) дискici компакт-дискiлерден мәлiмет оқумен қатар оларға 650Мбайтқа дейiн мәлімет жаза да алады. ДК-лерде бұлардан басқа лазерлiк компакт-диск, магниттiк оптика­лық диск, ZIР-диск, т.с.с. тәрiздi құрылғылар болуы мүмкін.

Дискті алғаш рет пайдалану алдында оны арнайы тәсілмен форматтайды, яғни беттеріне белгі салады. Форматтау операциялық жүйенің командасымен жүргізіледі.

71. Жедел және тұрақты есте сақтау жадылары

Оперативті есте сақтау құрылғысы немесе ЭЕМ-нің жедел жадысы (RAM) және тұрақты есте сақтау құрылғысы (ROM) компьютердің ішкі жадысын құрайды.

Жедел (оперативті) жады – осы мезетте орындалып жатқан программалар мен оларға оперативті қажетті деректерді сақтайтын электрондық жад. өңделуге тиісті кез-келген мәлімет алдымен сыртқы жадыдан жедел жадыға жазылады. Комп-ң жедел жадысының кқлемі өскен сайын, оның есептеу жылдамдыңы да артады. Инф-я көлемін өлшеуде сегіз байт бірлігі қолд. Жедел жадыдағы сақталынатын инф-я 360кб, 720кб немесе 1,44 мб болып жазылуы мүмкін. Сиымдылығы 1 мб немесе одан жоғары болып келетін жедел жады 2 бөлімнен тұрады – алғ 640 лб қолданбалы программалар мен опер-қ жүйе үшін, қалғаны қарапайым енгізу-шығару жұмыстарын орандау үшін, экранға кескіндерді беру үшін, әртүрлі кеңейтілген мәліметтерді сақтау үшін, тб.

Тұрақты жады – компьютер жұмысы кезінде мазмұны өзгермейтін инф-яны сақтайды, ешкім оны көшіріп жаза алмайды, тек оқуға болады. Әдетте тұраөты жадтық көлемі шағын 32-64 кб шамасында. Тұр жадқа керекті программалар оны шығаратын заводта жазылады, олар көбінесе компьютерді ток кқзіне жалғаған кезде оны тексеріп, іске қосу үщшін қажет.

72 Желілер топологиясы

Компьютерлік желі – бір-бірімен мәлімет алмаса алатын кем дегенде екі комп-ң байланыс құралдары көмегімен қарым-қатынас жасауына арналңған ақпарат өңдеудің тармақталған жүйесі. Атқаратын қызметіне байл топологиялардың 3 түрі бар:

Шиналық топ-я – жұмыс станциялары желі адаптерлері арқылы жалпы шинаңа немесе магистральға (кабельге) қосылады.

Жұлдыз тәрізді топ – ортақтандырылған коммутациялық түйін - желілік сервер болуы тиіс, ол барлық мәліметтерді жеткізуді жүзеге асырады.

Сақиналық топ – байланысу арналары тұйықталған сақина бойында отн. Мәлімет біртіндеп барлық жұмыс станцияларын аралап шығады да, керекті ком қабылдаған соң жұмыс тоқтайды.