Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
информатика ёёёёёё.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
302.08 Кб
Скачать

52.Ақпарат.Ақпараттың берілу түрлері.Ақпараттың көлемі.

"Информация" терминi латынның түсiндiру, баяндау, бiлу деген ұғымдapды бiлдiретiн iпforтatio сөзiнен шыққан. Жалпы тұрғыдaн алғанда, информация - таңбалар мен сигналдар түрiнде берiлген әлемнiң, заттың бейнесi болып саналады. Информация (материалистік филосо­фия бойынша) - нақты дұние бейнесiнiң мәлiметтер, хабарлар apқы­лы айтылуы. Хабарлар - информацияның тiл, мәтін, цифрлық мәлi­меттер, график, кесте түрiнде бейнелену түpi.Информация - қоршаған ортаның объектiлерi мен құбылыстары, олардың параметрлерi, қacиeттepі және қалып-күйлерi жөнiндегi мәлiметтер жиыны. Олар бiздердi қоршаған объектiлер туралы толық хабарлар eтiп, солар туралы мәлімсiздiк, белгiсiздiк деңгейiн азайтады.

Сонымен, информация - белгiлi бiр объект (адам, жануар, зат, құбылыс) туралы таңбалар мен сигналдар түрiнде берiлeтiн мағлұ­маттар жиыны.

Информацияның негiзгі қаcueттepiн - пайдалылығы мен өзектiлiгi, дәлдiгi мен толықтығын, бағалылығы мен қажеттiлiгiн, анықтылығы мен түсiнiктiлiгiн атап өтуге болады.

Информация шыққан жерiнен (көзiнен) оны қабылдаушыға сигналдар арқылы жеткiзiледi. Алынған мәлiметтi қабылдаушыға дәлме­дәл немесе шамамен жеткiзу информацияны тасымалдау деп аталады.

Информацияның шыққан көзі, оны тасушы жене қабылдаушы болуы керек. Мыс., оқығанда, бiз - информация қабылдаушымыз, кiтап - инфор­мация көзi, қағаз - тасушы немесе байланыс арнасы рөлiн атқарып тұр.

Кез келген информация басқа өнiмдер секiлдi өңделедi. Информация­ны өңдеу - оны қабылдау, сақтау, түрлендiру және басқаларға беру әpe­кеттерiнен тұрады. Адам, компьютер, теледидар - информация өңдей алатын объектiлер болып табылады. Компьютердiң жадында сақталатын информацияның барлық түрлерi - сөздер, сандар, суреттер, компьютер жұмысын басқару программалары – бәрi де екiлiк сандар тiзбегi түрiнде жазылады. Сондықтан есептеу техникасында 0 мен 1-ден тұратын екiлiк сан таңбалары арнайы тeрминмен бит деп аталады. Бит - ағылшын тiлiндегi bit (binary digit - екiлiк таңба) деген қысқарған сөз. компьютерде қолданылатын символдық таңбаларды бейнелейтiн сегiз разрядты екiлiк санды "байт" (ағылшынның byte деген сөзiнен) деп атау келiсiлген.

1 байт=8 бит

1 Кбайт=210 байт=1024 байт

1 Мбайт=210 Кбайт=1024 Кбайт

1 Гбайт=210 Мбайт=1024 Мбайт

53.Ақпараттың түрлері мен қасиеттері.

Реваленттілік–ақпараттың пайдаланушы сұраныстарына сәйкес келу қабілеті.Туралық–ақпараттың зерттеп жатқан процессін тура бейнелеу қабілеті. Эргономдылық–қолданушының ақпаратпен тиімді жұмыс жасауын сипаттайтын қасиет.Толықтылық–ақпараттың берілген процессті жеткілікті мөлшерде сипаттау қабілеті.Өміршеңдік–ақпараттың қолданушының уақыт өткен сайын өзгеретін талаптарына сәйкес келуі.Қорғандылық–ақпаратқа бөгде қолданушының қол жеткізуін болдырмау қасиеті.Орындылық–ақпараттың қолданушының сұраныстарына керек уақытында сәйкес келуі.Ақпаратқа қол жеткізу – пайдаланушының ақпаратты алу мүмкіндігін қамтамасыз ететін қасиеті.