Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
информатика ёёёёёё.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
302.08 Кб
Скачать

45. Power Point құжатының құрылымы мен негізгі элементтері.

Презентация–қандай да бір қызметке байланысты материалды ұсынуға арналып,компьютерде жасалған слайдтардың көрсетілімділік жиынтығы.Презентация–бұл диафиьмдердегі сияқты,бірақ қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды(компьютер,пректор,өзіне сәйкес бағдарламалық жасақтама және т.б.) пайдалана отырып әзірленген слайдтардан тұрытын қысқа әңгіме.Слайдтар қызықты суреттермен,сызбалармен және эффектілермен безендірілген жобаның мазмұндық бөлігін қамтиды. Power Point құрылымы стандартты үстелден,пішім үстелі және сурет салу үстелінен тұрады.Стандартты үстел стандартты амалдарға арналған.Мысалы: жаңа презентация жасау,презентация ашу,көшіру,қою,қиып алу.Пішім үстелі мәтінмен жұмыс істеуге арналған.Сурет салу үстелі сызбалық нысандырмен жұмыс істеуге арналған әмірлерді қамтиды,қарапайым әсерлі суреттер,эмблемалар жасауға,мәтінді әдемі етіп безендіруге мүмкіндік береді.

46. Power Point презентацияларын анимациялау.

Презентацияларды тартымды ететін-анимациялар.Олар әр түрлі болады:қолдан салынған,мәтіналғы(сканер) арқылы фотосуреттен көшірілген және жан бітірілген суреттер. Power Point-та кез-келген жағдайға арналған суреттер, дыбыстар, клиптер жинақтары сақтаулы болады.Дайын суретті кірістіру үшін Сурет салу құралдар үстелінде Сурет салу батырмасын басамыз немесе Кірістіру мәзірінің Сурет-Суреттер жинағы әмірлерін орындаймыз.Тапсырмалар аймағында суреттер жинағы пайда болып,жинақ ішінен таңдап аланған суретті тінтуір пернесін шертіп кірістіреміз.Суретті бөлектеп алған кезде бейне бетте бізге суретті сәл-сәл өңдеуге көмектесетін Кескінді баптау үстелі пайда болады.Мәтінді макеттегі Слайд мәтіні деген жиектемеге немесе Сурет салу үстеліндегі мәтін жолағы дегн тұстарға кірістіреміз.

47. Power Point-та шаблондарды қолдану. Power Point үлгілері.

Слайд–көрменің нысандармен жұмыс істеуге арналған бөлігі.Слайд нысандары–мәтіндер,суреттер,клиптер,дыбыстар,Нысандарды жұмыс аймағына орналастырып қою қана жеткіліксіз.Слайдтардың барлығын бір мәнерде безендіру үшін Пішім үстеліндегі Жасақтама батырмасын басып,пайда болған Слайд үстелінде жұмысты бастау керек.Слайд үстеліндегі кез-келген шаблонды шертіп,слайдты безендіруге пайдалануға болады. Шаблон барлық слайдтар үшін мына әрекеттерді белгілейді:өң түсін,негізгі мәтіннің түсі мен өлшемін,өңдік сызықтар,жиектер,суреттер және т.б. безендіру элементтері.

49. Windows операциялық жүйесінің стандартты программалары.

Windows жүйесiнiң әр түрлi мәлiметтермен жиi орындалатын ic-әрекеттердi жылдам жүзеге асыратын бiрсыпыра стандартты шағын программалары бар. Олар әр адамға қажеттi мынадай жұмыстардың орындалуын қамтамасыз eтeдi:мәтiндiк құжaттap дайындау;графикалық cypeттep даярлау және оларды өңдеу; математикалық есептеулердi oрындау,т.б.Осындай программалар "Cтaндapтты" тобына бiрiктiрiлген, оларды пайдалану үшiн Бас менюдi ашып, Iске қocy - Программалар - ­Cтaндapтты жолдарын таңдау қажет. Бiрiншi кезекте Блокнот (NotePad), WordPad мәтiндiк редакторларын, Paint графикалық редакторын, Калькуляторды, Ойын программаларын атап өтуге болaды. Осы топтың iшiнде дискiлердi тeкcepeтiн Қызметшi (Служебные) программалар да орналасқан. Блокнот - кiшiгiрiм мәтiндiк файлдармен жұмыс icтeyгe арналғaн редактор. Оның мүмкiндiгi көптеген қарапайым мәтiндiк редакторларға қарағанда төмендеу, бiрақ қысқа хат жазып жөнелтуге ыңғайлы. WordPad редакторы мәтiндiк құжаттардың қарпiн өзгертуге, графиктер мен суреттердi қосуға, oның беттерiнiң параметрлерiн өзгертуге және қағaзға басып шығaрyға мүмкiндiк бередi. Paint (Paintbrush) - кез келген сурет салуды толығымен қарастыра­тын графикалық редактор. Оны iскe қocy Пуск - Программы - Стан­дартные - Paint командасымен орындалады. Бұл программа графиктiң растрлi редакторы болып табылады. Калькулятор программасы бүгiнгi күндерi кеңiнен пайдаланылатын компьютерлiк калькулятор болып табылады. Программаны iскe қocy үшi Калькулятор жолын таңдау керек.Программа eкi режимде жұмыc iстейдi:- стандартты (жады бар қарапайым арифметикалық калькулятор) режимi;- инженерлiк (қиын да күрделi есептеулер жүргiзуге арналған) калькулятор режимі.