
2.3 Мемлекеттің буржуазиялық типі
Мемлекетті туғызған басқа жағдай – географиялық жағдайлармен қоғамның жалпы экономикалық функциялары мен қызметтері (мысалы, Египет мемлекетінде – Ніл өзенімен байланысты жер суару жұмыстары). Сонымен, марксистік типологиясының негізін қалыптастыратын қоғамның экономикалық базисі мен таптық құрылысы. Марксизм мемлекеттің тарихи типтерін қоғамның даму құрылысымен және экономикалық формация деген түсінікпен байланыстырады. Экономикалық формация базис (бұл қоғамның белгілі бір даму дәуіріндегі экономикалық құрылыс) пен қондырмадан (әрбір базистің өзінің қондырмасы болады) тұрады. Базисті өндірістің тәсілі белгілейді. Өндіріс –өндірістік қатынастар мен өндіруші күштерден тұрады. Осы формацияларға марксизм құлиеленушілік, феодалдық, буржуазиялық және социалистік мемлекеттерді сәйкес келтіреді. Мемлекеттің тарихи типтері осы экономикалық-қоғамдық формациямен тығыз байланыста дамуға тиісті.
Буржуазиялық мемлекет типінің экономикалық негізін буржуазия табының өндірістік құрал-жабдыққа деген меншігін құрса, саяси негізін буржуазияның саяси билігін заңдастырады. Буржуазия мен пролетариат қоғамның әлеуметтік негізін құрайды. Маркстің саяси-құқықтық ілімі бойынша буржуазиялық мемлекет тарихтың даму зандылықтары социалистік мемлекетпен ауыстырылды. Бұл процесс негізінде төңкеріс арқылы болады. Және ол барлық елдерде міндетті түрде болатын құбылыс.
Мемлекеттердің көпішілігінде конституция қабылданып – қоғамның негізгі қарым-қатынастарын реттеп, азаматтардың құқытары мен бостандықтарына кепілдік береді. Заңдар жазбаша түрде қабылданатын болды. Буржуазиялық құқықтық актілердің арасында ерекше орын алатын Францияның 1789 жылғы Азаматтық және адам құқығы туралы декларациясы, АҚШ-тың 1776 жылғы Тәуелсіздік декларациясы, Англияның Хабеас корпус актісі; Наполеонның басқаруымен алынған кодекстер және басқа құжаттар прогрессивтік дамуға ықпалын тигізді. [25]
Буржуазиялық (капиталистік) мемлекеттің экономикалық негізі – өндіріс құрралдарына алынған жеке меншік. Негізгі таптары – буржуазия және жұмысшылар. Сонымен қатар люмпен-пролетариат деген әлеуметтік қабатшасы бар.
Буржуазиялық мемлекеттің функциялары:
а) экономикалық, яғни экономиканы мемлекеттік реттеу мемлекеттің белсенжі араласуы арқылы өтеді;
б) әлеуметтік (халықтың әлеуметтік жағдайы нашар топтарын қолдау).
Мемлекет билігінің ұйымдастырылуы әр түрлі (республикадан монархияға дейін).
Мемлекеттің буржуазиялық типі ең төзімді, өмір сүруге қабілетті, өмірдің кез келген жағдайларына бейімделе алатын тип болып шықты. Алғашқы буржуазиялық мемлекеттер үш жүз жылдан астам уақыт бұрын пайда болды, ал Ұлы Франция революциясынан кейін буржуазиялық жүйе тез арада әлемді жаулап алды.
Осыған дейінгі таптар арасындағы теңсіздік, сословиелік артықшылықтарды ресми бекітуге негізделген қоғамдық-экономикалық формацияларға қарағанда өндірудің капиталистік әдісі өз еңбегін еркін сататын жұмысшыны талап етті. Халықтық қауымдар революцияға «Еркіндік, теңдік, ағайындылық!» деген лозунгтарымен қатысты. Адамдар мен азаматтардың құқықтары туралы француз декларациясында, АҚШ-тың Тәуелсіздік декларациясында және басқа да осыған ұқсас құжаттарда барлық адамдар тең болып және тең құқықтарымен дүниеге келеді деп көзделген. Сонымен қатар сословиелік теңсіздік әлеуметтік теңсіздікпен алмасады, себебі, біреулері өндіріс құралдарына ие болды, ал, екіншілері, олардан айырылғандар өз жұмыс күшін сатуға мәжбүр болды. Өз дамуында буржуазиялық қоғам бірнеше сатылар қатарын өтеді, онымен бірге мемлекет те өзгереді. [19]