Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
азима.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
73.27 Кб
Скачать

2.1Мемлекеттің құлиеленушілік типі

Мемлекет және құқық теориясында жалпы тарихтың жетістіктерін пайдалана отырып, мемлекеттің типологиясын екі мағынада түсіндіреді:

- формациялық;

- өркениеттік.

Формациялық ұғым мағынасында мемлекеттердің типтері қоғамға тән экономикалық құрылысы бар, билік жүргізетін үстем тап мүддесіне кызмет ететін басқару күштер құралы ретінде танылды. Формациялық типология негізінде марксистік ілімге тән марксизм-ленинизмнің саяси-құқықтық ілімі адамзат тарихыңда пайда болған мемлекеттердің типтерін қоғамдық-экономикалық формацияның дамып, тарихтың бір сатысынан бір сатысына көтерілуімен тығыз байланыстырып қарайды. Формация өзгеріске ұшырағанда - мемлекеттің типі де соған сәйкес келетін формалық мағынаны қабылдайды.

Мемлекеттің формациялық типтерінің негізін қоғамдық-экономикалық формацияның өндірістік қатынастарының жиынтығы (базисі) құрайды. Марксистік ілім бойынша коғамдағы өндіргіш қарама-қайшылықтар пайда болғанда әлеуметтік төңкеріс болып, жаңа қоғамдық-экономикалық формация пайда болады. Бұл процесс жаңа формацияға сәйкес келетін мемлекеттің типін қалыптастырады. К.Маркс өзінің формациялық ілімі туралы былай деп жазды: «Менің зерттеулерім мені мынадай нәтижеге жеткізді: праволық қатынастарды, дәл сол сияқты мемлекеттердің формацияларын да өзінен-өзі де, адам рухының жалпы дамуы дейтінінен де түсініп болмайды, керісінше, олар материалдық өмірлік қатынастарға негізделеді. Осы өндірістік қатынастардың жиынтығы қоғамның экономикалық кұрылымы, реалдық базисі болып табылады, осыған келіп зандылық және саяси қондырма орнайды. Қоғамның материалдық өндіргіш күштері өз дамуының белгілі саласында сол кездегі өндірістік қатынастарға немесе осы күнге дейін өздері солардың ішіңде өркендеп келген өндірістік қатынастардың заңдық жағынан алғандағы бейнесі ғана болып табылатын меншік қатынастарға қайшы келеді. Өндіргіш күштердің даму нысандары болған бұл қатынастар енді олардың бұғауына айналады. Сол кезде әлеуметтік революция заманы басталады, экономикалық негіздің өзгеруімен бірге азды-кепті қысқа уақыт ішінде бүкіл орасан зор қондырмада төңкеріс жасалады».

Мемлекеттің тарихи түрлері - қоғамның тарихи дамуы кезеңіндегі барлық мемлекеттерге тән қасиеттерді білдіретін ұғым. Бұл жіктеудің алғышарты болған мемлекет жайлы марксистік ереже еді. Оған сәйкес, бір тарихи кезеңде өмір сүретін әртүрлі мемлекет түрлеріне ортақ мәнді белгілер бар. Осы көзқарасқа сүйеніп мемлекеттің

құлиеленушілік,

феодалдық және

буржуазиялық түрлері анықталған.

К.Маркстің ашқан бұл жаңалығын коммунистік идеология құл иеленуші, феодалдық, буржуазиялық және социалистік мемлекеттер типологиясын тек догматикалық қағида ұғымдарымен түсіндірді. [5]

Кұл иеленушілік типтердегі мемлекеттердің экономикалық негізін құл иеленушілердің өндірістік кұрал-жабдықтарға деген жеке меншігін құрайды, ал сол өндірістік қатынастардан тікелей құл иеленушілердің саяси билігі, диктатурасы қалыптасады. Біріншісі – қоғамның экономикалық негізі, екіншісі – саяси негізі. Әлеуметтік негізін екі тап қалыптастырады: құл иеленушілер және құлдар.

Құлиеленуші мемлекетте үстемдік құрушы тап өзіне бағыныштылардың еңбегімен өндірілген бүкіл өнімді өзі иеленеді. Құлдар қандай да бір саяси, заңдық құқықтардан жұрдай. Оларды затқа ұқсатып сатуға, еш сұраусыз өлтіруге, азаптап қинауға болады. Мемлекет осы жағдайда ұзақ уақыт бойына тек құлиеленушілердің мүддесін қорғап келді. Феодалдық мемлекетте ірі жер иеленушілерінің, феодалдардың, помещиктердің шексіз билігі үстемдік құрды. Бұл мемлекетте бай тап шаруаларға жерді пайдалануға беріп, одан түскен пайданың бір бөлігін алып, еңбегін қанайды. Құлдардан айырмашылығы, феодалды мемлекетте шаруалар еңбек құралдары мен өз үйлеріне иелік етеді. Буржуазиялық мемлекет өндіріс дамуының индустриалды кезеңінде пайда болады. Мұнда ресми түрде заң алдына барлығының теңдігі жарияланады, сословиелік артықшылықтар жойылады. Ол азаматтарға жұмысшыларды жалдауға немесе жалдануға құқық береді.

Н.Масанов көшпенділердің жалпы қоғамдық-экономикалық формация типологиясына мүлдем сай келмейтін мемлекеттік дамуы болғанын тілге тиек ете келе олардың қоғамдық-саяси құқықтық дамуын әмбебаптық аграрлық цивилизация деген теориямен байланыстырады. Шын мәнінде назар аударарлық пікір. Бірақ, көшпенділер мемлекетінің мәртебесі типологиясы көрсетілмеген. Біздің ойымызша «көшпелі қазақ өркениетінің эволюциялық дамуы Батыс Европа халықтарының тарихынан мүлдем ерекше және далалық салт-санаға еш уақытта «базис», «қондырма» ұғымдары формула, қағида ретінде жүрмейді. Көшпелі өмірдің ең негізгі ерекшеліктері «жеке адамның мінез-құлқының моральдық талаптарын асқақтату, ұят, ар-этностың рухы, баға жетпейтін құндылығы, әлеумет тыныс-тіршілігінің өзегі болып табылады. Ал, материалдық дәреже, байлық руханият пен даналықты, жалпы өнерді қамтамасыз ету жолында пайдаланатын зат, нәрселер ретінде қабылданған». Осыған байланысты қазақ мемлекеті типологиясының мағынасы мен мәніне баға беретін болсақ оның «билік жүргізу формасы алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырауының ең соңғы кезеңінде қалыптасқан әскери демократия сатысы мен мазмұнына дәлме-дәл сәйкес келетін құрылым. Бұл кезеңде рулық құрылымның дәстүрлері жаңа қалыптасып келе жатқан мемлекеттің нышандарымен бір қайнасып жатады». [6]

Мемлекет типі сәйкес тарихи кезеңде туындайтын оның маңызды жақтары мен қасиеттерінің қатаң жүйесін білдіреді. Белгілі бір кезендегі барлық мемлекеттерге белгілі бір сипаттар тән болып келеді. Мемлекеттерді типке бөлу негізінен формациялық жэне өркениетті тәсілдер тұрғысынан жүзеге асырылады.

Формациялық тәсілдің шегінде негізгі талап ретінде әлеуметтік-экономикалық факторлар, яғни, қоғамдық-экономикалық формация орын алады. Бұл тәсіл тұрғысынан мемлекет типі қоғамның экономикалық базисімен тығыз байланысты қоғамдық құрылымға сәйкес мемлекеттің өзара тығыз байланысты белгілерінің жиынтығы ретінде анықталады. Экономикалық базистің типтеріне қарай мемлекеттің төмендегідей типтерін бөліп қарастырады: құлиеленушілік, феодалдық, буржуазиялық және социалистік мемлекеттер.

Бұл типологияның артықшылықтары болып екі мәселе табылады: мемлекеттерді әлеуметтік-экономикалық негізінде бөлу идеясы өте дұрыс, себебі, шынымен де бұл факторлар қоғамға зор әсерін тигізеді, ол мемлекеттің дамуының табиғи-тарихи сипатын, кезенділігін көрсетеді. Ал формациялық теорияның әлсіз жағы оның тарихтың әртүрлі сипаттарын ескермеуінен және рухани факторларды бағаламауынан көрінеді.

Мемлекеттің алғашқы қауымдық құрылыстағы әлеуметтік биліктен айырмашылығы:

- Халықты туысқандығына қарамай, территориясына сәйкес біріктіру. Билікті осы территорияда жүргізу.

- Қоғамдағы басқаратын арнаулы аппараттың құрылуы. Бұл аппарат үстемдік таптың, топтың, мүдде-мақсатын орындау үшін қалыптасты.

- Салық жүйесінің болуы. Арнаулы мемлекетті басқаратын аппаратта қызмет жасайтын адамдарды әлеуметтік қамтамасыз ету үшін салық қалыптасты. Мемлекеттің пайда болу, даму себептері:

- Қоғамды басқаруды, жақсарту, дамыту: қоғамның жұмысының көлемі де, шеңбері де молайып, кеңейіп ескі басқару аппара­ты тиісті дәрежеде жұмыс жасай алмады. Жаңа мемлекеттік аппа­рат қажет болды;

- Қалың бұқараның, қаналушы таптың үстемдік тапқа, топқа қарсы іс-әрекетін әлсірету, жою үшін күшті мемлекеттік аппарат керек болды;

- Қоғамды, экономиканы дамыту үшін, әлеуметтік жағдайды жақсарту үшін басқарушы аппаратты нығайту керек болды;

- Қоғамның қорғанысын күшейту үшін, зандылықты, құқықтық тәртіпті қатаң сақтау үшін мемлекет керек болды. [7]