
- •Шығыстану факультеті Қытайтану кафедрасы
- •Оқу әдістемелік кешен
- •5B020900 - шығыстану
- •Силлабус Пән аты «Оқитын елдің діні және діни ахуалы»
- •3 Курс, к/б5b020900– шығыстану
- •5 Семестр, 2 кредит
- •«Оқитын елдің діні және діни ахуалы» пәні бойынша студенттердің практикалық сабақтары бойынша тапсырмалар мен әдістемелік нұсқаулар
- •«Оқитын елдің діні және діни ахуалы» пәні бойынша студенттердің өздік жұмыстары бойынша тапсырмалар мен әдістемелік нұсқаулар
- •«Оқитын елдің діні және діни ахуалы» пәнінен білімді бақылауға арналған тапсырмалар мен сұрақтар.
«Оқитын елдің діні және діни ахуалы» пәні бойынша студенттердің практикалық сабақтары бойынша тапсырмалар мен әдістемелік нұсқаулар
Семинар № 1.
Тақырыбы: Б.э.д. Ү-ІІІ мың жылдықтардағы Қытай. Дін және мифология. Күнге, аспан шырақтарына табыну
Өткізу түрі: ауызша
Методикалық нұсқаулар: Практикалық сабақ барысында тақырып бойынша материалдарды меңгеру керек. Алдыңғы сабақты жете меңгеру келесі сабақты түсінуге мүмкіндік береді.
Әдебиет:
Алдабек Н.А. Қытай тарихы. Алматы., 2007
Васильев Л.С. Культы, религии, традиции в Китае. М.,1988..
Васильев Л.С. История религии Китая. М., 1988
История Китая. М., 1998
Юань Кэ. Мифы Древнего Китая.
Семинар № 2.
Тақырыбы: Чжоу дәуіріндегі Қытайдағы ойсана мен дін. Чунцю және Чжаньго кезеңдеріндегі Қытай . Аспанға табыну.
Өткізу түрі: ауызша
Методикалық нұсқаулар: Практикалық сабақ барысында осыған дейінгі өткен тақырыптар мен алған білімге сүйеу қажет. Алдыңғы сабақты жете меңгеру келесі сабақты түсінуге мүмкіндік береді.
Әдебиет:
Алдабек Н.А. Қытай тарихы. Алматы., 2007
Васильев Л.С. Культы, религии, традиции в Китае. М.,1988..
Васильев Л.С. История религии Китая. М., 1988
История Китая. М., 1998
Семинар № 3.
Тақырыбы: Ежелгі Қытайда философиялық мектептердің пайда болуы.. Конфуций ілімі бойынша мораль және дін. Конфуций іліміндегі Көк Тәңірі және билеуші. “Сяо” ілімі.
Өткізу түрі: жазбаша/ауызша
Методикалық нұсқаулар: Практикалық сабақ барысында осыған дейінгі өткен тақырыптар мен алған білімге сүйеу қажет. Алдыңғы сабақты жете меңгеру келесі сабақты түсінуге мүмкіндік береді.
Әдебиет:
Алдабек Н.А. Қытай тарихы. Алматы., 2007
Васильев Л.С. Культы, религии, традиции в Китае. М.,1988..
Васильев Л.С. История религии Китая. М., 1988
История Китая. М., 1998
Семинар № 4.
Тақырыбы: Конфуций шығармаларына табыну. «У цзин» және «Сышу». Конфуцийшілдік тәрбие мен білім беру. Мемлекеттік емтихандар жүйесі және шэньшилер . Конфуций және оның еңбегін әулие тұту. * Ортодаксальды конфуцийшілдік
Өткізу түрі: ауызша
Методикалық нұсқаулар: Практикалық сабақ барысында осыған дейінгі өткен тақырыптар мен алған білімге сүйеу қажет. Алдыңғы сабақты жете меңгеру келесі сабақты түсінуге мүмкіндік береді.
Әдебиет:
.Древнекитайская философия. Т 1-2. М.,1973.
Конфуции. Яверю в древность. М.,1985.
Глаголева О.С. Религия Китая. М.,1981.
Семинар № 5.
Тақырыбы: Даостардың жалған ғылымдары. Бой тұмар мен алхимия. Астрология және бал ашу, геомантика, магия, медицина. Діни даосизм және «Сары орамалдылар» көтерілісі..
Өткізу түрі: ауызша
Методикалық нұсқаулар: Практикалық сабақ барысында осыған дейінгі өткен тақырыптар мен алған білімге сүйеу қажет. Алдыңғы сабақты жете меңгеру келесі сабақты түсінуге мүмкіндік береді.
Әдебиет:
1. Китай: традиции и современность. М.,1976.
2. .Борох Л.Н.Общественная мысль и социализм. М.,1984.
3. . Быков Ф.С. Зарождение общественно-политической мысли в Китае. М.,1966.
4. .Васильев Л.С. Проблемы генезиса китайской мысли. М.,1989.
Семинар № 6.
Тақырыбы: Буддизм және чань-буддизм. Буддизмнің пайда болу. Будда монахтары және сангха. Буддизмнің киелі кітаптары. Ерте буддизм және мемлекет. Ерте уддизмнің әлеуметтік ілімі мен этиксы. Хинаяна.
Өткізу түрі: ауызша
Методикалық нұсқаулар: Конституциясы және мемлекеттің құрылысы. Ұлтық жиын. Президент. Мемлекеттік кеңес және атқарушы органдар
өткен тақырыптар мен алған білімге сүйеу қажет. Алдыңғы сабақты жете меңгеру келесі сабақты түсінуге мүмкіндік береді.
Әдебиет:
1.Васильев Л.С. Проблемы генезиса китайского государства. М.,1983
2. . Китайские социальные утопии. М.,1987.
3.Стабурова Е.Ю. Анархизм в Китае: 1900-1921. М.,1983.
Семинар № 7.
Тақырыбы: Қытайлық буддизмнің мектептері. «Чань» сектасы.
Өткізу түрі: ауызша
Методикалық нұсқаулар: Практикалық сабақ барысында осыған дейінгі өткен тақырыптар мен алған білімге сүйеу қажет. Алдыңғы сабақты жете меңгеру келесі сабақты түсінуге мүмкіндік береді.
Әдебиет:
1. .Конфуции. Яверю в древность. М.,1985.
2. .Глаголева О.С. Религия Китая. М.,1981.
3. .Юань Кэ. Мифы Древнего Китая
Семинар № 8.
Тақырыбы: Таң дәуіріндегі буддизм. Буддизм және Қытай мәдениеті. Қытайдағы будда монастырлары. Монастырлар және Қытай экономикасы. Таң дәуіріндегі буддистерге қарсы күрес. Қытай буддизмінің құлдырауы
Өткізу түрі: ауызша
Методикалық нұсқаулар: Практикалық сабақ барысында осыған дейінгі өткен тақырыптар мен алған білімге сүйеу қажет. Алдыңғы сабақты жете меңгеру келесі сабақты түсінуге мүмкіндік береді.
Әдебиет:
1. Китай: традиции и современность. М.,1976.
2. .Борох Л.Н.Общественная мысль и социализм. М.,1984.
3. . Быков Ф.С. Зарождение общественно-политической мысли в Китае. М.,1966.
4. .Васильев Л.С. Проблемы генезиса китайской мысли. М.,1989.
5.Древнекитайская философия. Т 1-2. М.,1973.
Семинар № 9.
Тақырыбы: Магия, мантика, ырымшылдық, фэн-шуй, О дүние туралы түсінік. Дәстүрлі Қытайдағы құндылық жүйесі. Қытайдағы дәстүрлер мен жаңалықтар..
Өткізу түрі:ауызша
Методикалық нұсқаулар: Практикалық сабақ барысында осыған дейінгі өткен тақырыптар мен алған білімге сүйеу қажет. Алдыңғы сабақты жете меңгеру келесі сабақты түсінуге мүмкіндік береді.
Әдебиет:
1. Китай: традиции и современность. М.,1976.
2. .Борох Л.Н.Общественная мысль и социализм. М.,1984.
3. . Быков Ф.С. Зарождение общественно-политической мысли в Китае. М.,1966.
4. .Васильев Л.С. Проблемы генезиса китайской мысли. М.,1989.
5.Древнекитайская философия. Т 1-2. М.,1973.
Семинар № 10.
Тақырыбы: Далай-лама және ламаизмнің негізгі теориялары. Ламаизм этикасы. Пантеондар және салт-жоралар. Қазіргі замандағы ламаизм.
Өткізу түрі: ауызша
Методикалық нұсқаулар: Практикалық сабақ барысында осыған дейінгі өткен тақырыптар мен алған білімге сүйеу қажет. Алдыңғы сабақты жете меңгеру келесі сабақты түсінуге мүмкіндік береді.
Әдебиет:
Васильев Л.С. Проблемы генезиса китайского государства. М.,1983
Китайские социальные утопии. М.,1987.
Стабурова Е.Ю. Анархизм в Китае: 1900-1921. М.,1983.
Семинар № 11.
Тақырыбы: Құран. Шариат. Ислам оқуының негізгі ілімдері
Өткізу түрі: ауызша
Методикалық нұсқаулар: Практикалық сабақ барысында осыған дейінгі өткен тақырыптар мен алған білімге сүйеу қажет. Алдыңғы сабақты жете меңгеру келесі сабақты түсінуге мүмкіндік береді.
Әдебиет:
1. Китай: традиции и современность. М.,1976.
2. .Борох Л.Н.Общественная мысль и социализм. М.,1984.
3. . Быков Ф.С. Зарождение общественно-политической мысли в Китае. М.,1966.
Семинар № 12.
Тақырыбы: Ислам дінінің Қытайда таралуы.
Өткізу түрі: ауызша
Методикалық нұсқаулар: Практикалық сабақ барысында осыған дейінгі өткен тақырыптар мен алған білімге сүйеу қажет. Алдыңғы сабақты жете меңгеру келесі сабақты түсінуге мүмкіндік береді.
Әдебиет:
Китай: традиции и современность. М.,1976.
.Борох Л.Н.Общественная мысль и социализм. М.,1984.
Быков Ф.С. Зарождение общественно-политической мысли в Китае. М.,1966.
Семинар № 13.
Тақырыбы: Правослвие шіркеуі. Кальвинизм. Англикан шіркеуі.Христиан дінінің Қытайға енуі.
Өткізу түрі: ауызша
Методикалық нұсқаулар: Практикалық сабақ барысында осыған дейінгі өткен тақырыптар мен алған білімге сүйеу қажет. Алдыңғы сабақты жете меңгеру келесі сабақты түсінуге мүмкіндік береді.
Әдебиет:
Васильев Л.С. Проблемы генезиса китайского государства. М.,1983
Китайские социальные утопии. М.,1987.
Стабурова Е.Ю. Анархизм в Китае: 1900-1921. М.,1983.
Семинар № 14.
Тақырыбы: ХХ ғасырдағы Қытайдағы философиялық және қоғамдық-саяси ой-пікірдің дамуы.
Өткізу түрі: ауызша
Методикалық нұсқаулар: Практикалық сабақ барысында осыған дейінгі өткен тақырыптар мен алған білімге сүйеу қажет. Алдыңғы сабақты жете меңгеру келесі сабақты түсінуге мүмкіндік береді.
Әдебиет:
Бутин Ю.В. Корея от Чосона к трем государствам. новосиб., 1984.
Ким До Бон История Кореи. М., 1960.
История Кореи, Т.-1, М.,1974.
История Кореи, М., 2003.
Семинар № 15.
Тақырыбы: Конфуций ілімінің қазіргі Қытай қоғамындағы рөлі.
Өткізу түрі: ауызша
Методикалық нұсқаулар: Практикалық сабақ барысында осыған дейінгі өткен тақырыптар мен алған білімге сүйеу қажет. Алдыңғы сабақты жете меңгеру келесі сабақты түсінуге мүмкіндік береді.
Әдебиет:
Васильев Л.С. Проблемы генезиса китайского государства. М.,1983
Китайские социальные утопии. М.,1987.
Стабурова Е.Ю. Анархизм в Китае: 1900-1921. М.,1983.
ҚЫСҚАША ДӘРІСТЕР МАЗМҰНЫ
№1 лекция. Діннің пайда болуы және оның алғашқы формалары
Діннің пайда болуы және оның алғашқы формалары. Тотемизм. Анимизм. Ата-бабалар аруағына табыну.
Ежелгі қытайлық діни түсініктер мен ата-баба аруақтарына табыну өзге халықтардың сенімінен бөлек болды деуге болмайды. Тек уақыт ағымымымен және белгілі бір жағдайларға байланысты өзге өркениет ошақтарынан қашықтағы әртүрлі тайпалар мен халықтардың мәдени дәстүрінің интеграциясы процесі нәтижесінде қытайлықтарға тән, ешкімге ұқсамайтын қытай өркениеті қалыптасты.
Қытайлықтардың алғашқы діни наным сенімдері ерте тас ғасырында, палеолитте қалыптасты. Пекин маңындағы Чжоукоудяндағы Шаньдидун үңгіріндегі археологиялық қазба жұмыстары кезінде осы үңгірде шамамаен 25 мың жыл бұрын өмір сүрген адамдардың адамды жерлеу дәстүріне куә болды. Олар адам денелерін қызыл түске бояған және оларды арнайы дайындалған тастармен, теңіз қабыршақтарымен әшекейлеген. Зерттеушілердің айтуы бойынша қызыл түс-қанның түсі- діни-магиялық маңызға ие дүниеге қайта келу деген мағынаны білдірген.
Ғылымда осымен қатар діннің мынадай көне наным-сенімдері бар. Олар – фетишизм, тотемизм, анемизм және магия.
Фетишизм (португал тілінен «ерекше қасиеті бар зат» деген мағынада) – жансыз заттардың табиғаттан тыс қасиетіне, олардың магиялық қуатына деген сенімге негізделген. Оның негізгі көрінісі пұтқа табыну, бойтұмар тағыну.
Тотемизм «оның тегі» деген мағына береді. Зерттеуші ғалым Э. Дюркгеймнің ойынша, діни сенімдердің бастауы, ең қарапайым формасы осы тотемизм. Тотем белгілі бір әлеуметтік топ үшін оның генеологиялық бастауы, әрі желеп-жебеушісі. Сондықтан ол (белгілі бір құс, аң немесе өсімдік) құлшылық объектісі, осымен бірге сол топты біріктіруші, рулық, тайпалық тұтастығын сақтаушы.
Тотемді құрметтеу – оны қасиет иесі санап құлшылық етушілердің бәрін қастерлеу деген сөз. Яғни, тотем белгілі бір әлеуметтік топқа қатыстылықтың рәмізі. Тотемизм бастапқыда рулар мен тайпалардың, бертін келе тұтастай халықтардың діни наным нысаны және олардың өзгелерден даралығын сипаттайтын белгі болып тұрықтайды. Осыған қарай бұл тайпаның, халықтың өзіндік ғұрыптары мен салттары қалыптасады. Олар мифологияға ауысады.
Көне замандарда тотем көбіне зооантропоморфты (адам және хайуан кескінді ) бейнеленіп келді. Біртіндеп реинкарнация, яғни адамның өлген соң тотем бейнесінде дүниеге қайта оралуы туралы ұғым қалыптасты. Осыдан тотемдік жануарды, өсімдікті т.б. өздерінің бұрынғы ата-бабаларының аруағы санап, оларды асқа пайдаланбау, ерекше қадірлеу салты орнықты. Осылайша тотемизм рулық қауымда тұтастырушы, рулар мен тайпаларда әлеуметтік қатынастарды реттеуші қызмет атқарды.
Археологиялық қазба жұмыстары кезінде табылған бұйымдар ертеде Қытайды мекендеген жермен айналысқан тайпалардың тотемистік сенімді ұстанғандығын көрсетеді. Мацзяяодан табылған қыш ыдыстардағы тасбақа мен құрбақа суреті соған дәлел. Бұндай бейнелер сонымен қатар Мяодигоудан табылған Яншаолық ыдыстарда да табылған, Баньподан табылған ыдыстарда балықтар мен жабайы ешкі суреттері бейнеленген.
Баньподан табылған көптеген ыдыстардағы зооморфты бейнелерде көбіне адам мен жануар бірге бейнеленген. Мысалы: балық адам- келбеті адам, басы үлкен балық немесе мүйізіді, балық құлақты адам басты бейне. Мұндай мүсіндер реинкарнация туралы түсінікпен тікелей байланысты, яғни адамның өз тотеміне айналуы немесе керісінше адам бейнесіне айнала алады деген түсініктен шыққан, былайша айтқанда баньполықтар балықты өз ата-баба-тотемі ретінде есептеген.
Неолитік Қытайда тотемдік сенімнің болғандығын Шакотунь үңгірінен табылған жолбарыстың мүсінін айтуға болады. Мұндай жолбарыс-адам бейнесін жасау иньдік жазбаларда да кездеседі. Бұл көбіне жолбарыс маскасын киген шаман болуы мүмкін деген болжам бар. Тотемизмдегі басты ерекшелік- тотемдік жануарлардың сол тотемге сенетін адамдармен неке құруға құқы деген сенімі. Жазба деректерде де ежелгі Қытай халқының тотемдік сенімі туралы көптеген мәліметтер сақталған. Оған «ғажайып» дүниеге келу туралы аңыздарды айтуға болады. Мысалы, иньдіктер өздерінің бабалары Се-нің дүниеге келуі туралы мынадай аңызды айтады: анасы киелі құстың жұмыртқасын жұтып қойған соң жүкті болып, осы баласын дүниеге әкелген дейді. Мұндай аңыздар кейінгі қытайлық әулеттерде де жиі кездеседі.
«Го юй» мен «Цзочжуань» атты ежелгі қытайлық жазба деректерде Гунның ұлы Юйдің елін топан судан құтқару жолында аюға айналғаны жайлы мәліметтер бар. Оған қоса иньдік балгерлік жазбаларда кездесетін көрші тайпалардың: Ит, Қой, Жылқы, Жолбарыс, Айдаһар, Жер, Құдық және т.б. деп аталуы да дәлел болады. Кейбір деректерде самұрық құстың да тайпа тотемі болғандығы жайлы айтылады.
Тотемдік дәстүр ежелгі Қытайда ұзақ сақталған және билеуші топтар арасында, әсіресе өзінің шығу тегін құдайландыруға тырысқан билеушілер оған қатты табынған. Мысалы Цинь әулетінің билеушісі Цинь Шихуанди Сыма Цяннің жазуы бойынша өзін киелі құс ұрпағы деп есептеген. Бұл дәстүр кез-келген жоғарғы билікке ұмтылған адамға қажет болды. Эркестің айтуы бойынша шаруа отбасынан шыққан Лю Бан хань императоры ретінде таққа отырғаннан кейін өзіне тотем ойлап табуына тура келді. Осылайша ол айдаһарды өзінің тотемі деп ресми жариялады. Ежелгі қытайлық «Лицзи» трактатында жолбарыстардың құрметіне орай күзгі мерекеде арнайы құрбандық шалу рәсімін өткізетіні жайлы баяндалған.
Анемизм (латын тілінде animus – жан, рух). Анемизм – алғашқы қауымдық құрылыста пайда болған құбылыс. Әлем осы және о дүние болып бөлінеді. О дүниеде рухтар мекен етеді. Бастапқыда бұл рухтар осы дүниедегі қасиеттердің бәріне ие болып келген. Бертін келе рух, жан дегендер материалдық емес денелер деген ұғым орныққан.
Жаратылыстан тыс күштер шақыратын тұтастай ғұрыптар жүйесін құрайтын көнедегі нанымдардың бірі – магия немесе тылсым («ауызекі сөзде сиқыр, аяр, жады» деп те атайды). Бұл да анемизм және тотемизм қатарлы бүниеге келген құбылыс. Оның негізінде де рухқа, жанға иланым жатыр. Жоғарыдағы айтылған діни наным – сенімдердің тұтас кешені Қытайда белгілі бір деңгейде таралыста болған.
Қытай қарапайым халқының діни өмірінде трансқа түсумен байланысты салт көрнекті орын алды. У немесе ши деп аталатын шамандар мен медиумдар ауылдық мерекелердің маңызды қатысушылары болды. Емшілер міндетін де солар атқарды, жын шайтаннан аластады. Қытайда шаманистік және медиумдық тәжірибенің негізгі үш түрі болды. Шамандар категорияларының бірі транс күйінде рухтар дүниесіне өте алатын ер адамдардан тұрды. Бұларды оңтүстік-батыс және орталық Қытайда «билеуші дуань-гун» деп атаған. Кейбір мәліметтер бойынша, олар телпек пен буддист монахының қызыл киімінде жүрген. Оң қолында даостың киелі кітапшасы, ал сол қолында қоңыраулармен пышақ. Олардың негізгі істері – көріпкелдік және дуалау.
Шаманистік тәжірибенің екінші түрі – рухтар даусымен сөйлей алатын шаман әйелдердің медиумдық сеанстары. Ереже бойынша мұндай шамандар
тек күйеуі мен балаларынан айрылған әйелдер ғана бола алды. Ескі қытай қоғамында олар тірілер мен олардың өлі ата-бабалары арасында ғы байланысты реттеді. Медиумдардың үшінші категориясы – цзи тун, «бал ашатын ұлдар» немесе шэнь тун - «құдай ұлдары», яғни аяқ астында трансқа түсіп болашақ болжайтын жастар.
Медиумдық сеанстардан басқа қытайлар құдай еркін білудің қарапайым әдістеріне де жүгінді. Солардың арасында ең таралғаны бэй деп аталатын бұйым көмегімен бал ашу. Айтылған бұйым ағаш немесе бамбук тамырынан жасалып, бір ұшына ұшталатын дөңгелек формада болды. Оны екіге бөлген. Бал ашушы идол алдында тізерлеп отырып, оған өтінішін білдірген. Бэй екі бөлігін жерге тастап, олардың түсуіне сәйкес өз жауабын алған. Бэй бұйымдарымен қатар бал ашуда бамбук таяқшалары қолданылған.
Қытайлар үшін табиғи және одан тыс дүниелердің органикалық бірлігіне сену тән. Қытайда рухани материалдықтың ажырамас бөлігі ретінде қаралды. Қытайлар дүниетанымы бойынша дүние – бұл санжетпес жақсы және жаман әсерлердің жиынтығы, яғни кез келген сәттілік бақытты комбинацияларды - дұрыс уақыт, орын, сан,есім және т.б. білумен байланысты. Осыдан осындай білімі бар профессионалды балгерлердің ескі қытай қоғамының күнделікті өміріндегі үлкен ролі шығады.
Шан кезіндегі бал ашу мен балгерлерге тоқталсақ, ол кезде бал ашу салты құрбан шалу салтымен сәйкестендірілген. Бал ашу мақсаты - өлгендерге жердегі жағдайды баяндау, сәйкесінше олардың осыған қатысты ойларын білу. Бал ашу процесінде қой жауырыны немесе тасбақа панцирі қолданылды. Осы бұйымдарға ниет жазу жазылып күйдірілген, пайда болған жарық бойынша жауап алған. Айта кететін бір жайт, осы жазулар кейін қытай иероглифтерінің қалыптасуына себеп болды. Нәтижесінде осы әдіс бал ашу әдісі ретінде Ицзин бал ашу кітабы негізіне енді. Шан балгерлері біріншіден сауатты болды, екіншіден олардың билікке қатысы болды. Бір сөзбен айтқанда, бал ашу салтының мемлекеттік маңызы болды.
№2 лекция. Б.э.д. ІІ-І мыңжылдықтар. Шан-Инь және Чжоу дәуірлері. Ақсүйектердің жерасты қабірлері
Қытай қарапайым халқының діни өмірінде трансқа түсумен байланысты салт көрнекті орын алды. У немесе ши деп аталатын шамандар мен медиумдар ауылдық мерекелердің маңызды қатысушылары болды. Емшілер міндетін де солар атқарды, жын шайтаннан аластады. Қытайда шаманистік және медиумдық тәжірибенің негізгі үш түрі болды. Шамандар категорияларының бірі транс күйінде рухтар дүниесіне өте алатын ер адамдардан тұрды. Бұларды оңтүстік-батыс және орталық Қытайда «билеуші дуань-гун» деп атаған. Кейбір мәліметтер бойынша, олар телпек пен буддист монахының қызыл киімінде жүрген. Оң қолында даостың киелі кітапшасы, ал сол қолында қоңыраулармен пышақ. Олардың негізгі істері – көріпкелдік және дуалау.
Шаманистік тәжірибенің екінші түрі – рухтар даусымен сөйлей алатын шаман әйелдердің медиумдық сеанстары. Ереже бойынша мұндай шамандар
тек күйеуі мен балаларынан айрылған әйелдер ғана бола алды. Ескі қытай қоғамында олар тірілер мен олардың өлі ата-бабалары арасында ғы байланысты реттеді. Медиумдардың үшінші категориясы – цзи тун, «бал ашатын ұлдар» немесе шэнь тун - «құдай ұлдары», яғни аяқ астында трансқа түсіп болашақ болжайтын жастар.
Медиумдық сеанстардан басқа қытайлар құдай еркін білудің қарапайым әдістеріне де жүгінді. Солардың арасында ең таралғаны бэй деп аталатын бұйым көмегімен бал ашу. Айтылған бұйым ағаш немесе бамбук тамырынан жасалып, бір ұшына ұшталатын дөңгелек формада болды. Оны екіге бөлген. Бал ашушы идол алдында тізерлеп отырып, оған өтінішін білдірген. Бэй екі бөлігін жерге тастап, олардың түсуіне сәйкес өз жауабын алған. Бэй бұйымдарымен қатар бал ашуда бамбук таяқшалары қолданылған.
Қытайлар үшін табиғи және одан тыс дүниелердің органикалық бірлігіне сену тән. Қытайда рухани материалдықтың ажырамас бөлігі ретінде қаралды. Қытайлар дүниетанымы бойынша дүние – бұл санжетпес жақсы және жаман әсерлердің жиынтығы, яғни кез келген сәттілік бақытты комбинацияларды - дұрыс уақыт, орын, сан,есім және т.б. білумен байланысты. Осыдан осындай білімі бар профессионалды балгерлердің ескі қытай қоғамының күнделікті өміріндегі үлкен ролі шығады.
Шан кезіндегі бал ашу мен балгерлерге тоқталсақ, ол кезде бал ашу салты құрбан шалу салтымен сәйкестендірілген. Бал ашу мақсаты - өлгендерге жердегі жағдайды баяндау, сәйкесінше олардың осыған қатысты ойларын білу. Бал ашу процесінде қой жауырыны немесе тасбақа панцирі қолданылды. Осы бұйымдарға ниет жазу жазылып күйдірілген, пайда болған жарық бойынша жауап алған. Айта кететін бір жайт, осы жазулар кейін қытай иероглифтерінің қалыптасуына себеп болды. Нәтижесінде осы әдіс бал ашу әдісі ретінде Ицзин бал ашу кітабы негізіне енді. Шан балгерлері біріншіден сауатты болды, екіншіден олардың билікке қатысы болды. Бір сөзбен айтқанда, бал ашу салтының мемлекеттік маңызы болды.
Даостардың жалған ғылымдары. Ғажайып эликсирлар мен пилюлаларды қолдану Қытайда алхимияның дамуын тудырды. Императорлар тарапынан қолдауға ие болған даос-алхимиктар металлдарды өндірумен, минералдар мен органикалық дүние өнімдерін өңдеумен айналысты. Қытайлық алхимияда, араб немесе еуропалық сияқты көптеген тәжірибелер барысында пайдалы ашылулар орын алды (мысалы, жарылғыш зат ашылды). Бірақ бұл ашылулар теориялық мағынасыз болғандықтан жаратылыстану және техникалық ғылымдардың дамуына айтарлықтай әсер етпеді. Бұған ғылым ретінде тек гуманитарлы білімді санаған конфуцишілдіктің ресми бағыты себеп болды. Алхимияның кейбір басқа протоғылымдық дисциплиналар сияқты даостар қолында жалған ғылым болып қалуы таңқаларлық емес.
Олардың ішінде астрология – ежелгі конфуцишілдер айналысқан ғылым да болды.Даостардың конфуцишілдерден айырмашылығы, олар астрологиядағы бал ашу мен болжау мүмкін дігін көрді. Жұлдыздар мен планеталардың орналасуын жетік білген даостар дірнеше астрологиялық карталар, атластар, күнтізбелер жасаған.
Айтылғандардың көмегімен адамның қай жұлдыз астында туылғаны, оның тағдыры жайлы шешім қабылданды. Ортағасырлық Қытайда оккультті ғылымдар саласында монополистерге айналған даостар жұлдыз - жорамал құрып, болжау жасаған және даостық балгер кеңесінсіз ешкім маңызды іс бастамаған, ал үйлену әрқашан бір-бірінің жұлдыз-жорамалымен танысудан басталған.
Әйгілі оккультті ғылымдардың бірі геомантия (фэншуй) болған. Аспан құбылыстарын,жұлдыздарды, планеталарды космостық күштермен және символдармен байланыстырып, геоманттар барлық осы күштердің өзара байланысының күрделі жүйесін жасап шығарды. Аспан күштерінің дұрыс сәйкес келуінде ғана жер құрылысқа, мүрде тұрғызуға немесе сатып алуға жарайтын. Даостық геомантия әрқашан сұранысқа ие болды: тіпті ең ақылды әрі ырымды жек көретін конфуцишілдер оған қарсы шықпады, керісінше қажет жағдайларда даос-балгерлерге жүгініп отырды.
Даостар қытай медицинасына да өз үлестерін қосты. Емші-шамандардың тәжірибесіне сүйеніп және оған өздерінің магиясын дарытып, даостар мәңгілік өмірді іздеу процесінде анатомиямен және адам организмінің қызметтерімен танысты. Олар адам физиологиясының ғылыми негізін білмесе де, олардың көптеген емдік заттары мен әдістері жақсы нәтиже берген. Бірақ айта кететін жайт, даостар өздері де ,олардың емделушілері де емдік дәрілерден гөрі магиялық дұғаларға, бойтұмарларға, кейбір бұйымдардың ғажайып күшіне, мысалы қола айнаға көбірек үміт артты. Даостар ауруды күнә үшін берілген жаза деп санады, және ауырғандар өздері үшін жазылып қана қоймай, даостық маг көмегімен «тазалану» керек .
Фэншуй – дүниемен үйлесімділікте өмір сүру жайлы ежелгі қытайлық ғылым. Фэншуй – түсінуге бағынбайтын жел және ұстауға бағынбайтын су. Фэншуй – үй айналасындағы және жерлеу орнындағы жел мен су бағыты сол үйде тұратындар мен қайтыс болғандар ұрпағының тағдырын белгілейді дегенге сенім (Ци Хай сөздігі). Фэншуй – дін емес. Бұл өз өміріңді табиғи энергетикалық заттарды ескере отырып дұрыс құрудың тексерілген білім жүйесі. Фэншуйды жалпыадамзат үйлесімділігі жайлы ғылым ретінде қарастыруға болады. Кезінде бұл жағдай адамдар үшін табиғи болғандықтан, олар шындығында бақытты әрі дендері сау болды. Бірақ, біртіндеп табиғаттан алыстаған адамдар бұл үйлесімділікті жоғалтты. Дегенмен қытай дәстүрі біздің күндерімізге табиғатпен үйлесімділікке жетудің көптеген әдістерін алып келді. Ең бастысы олар табиғилыққа жақын болумен байланысты болды. Яғни, өзіміз көп уақыт өткізетін орнымыз – үй мен жұмыста үйлесімді кеңістік құру. Үй салғанда немесе мүрде тұрғызуда «бақытты » жер іздеген. Жердің орналасуынан бөлек, ол геомантия – фэншуй ережелеріне сәйкес болу керек. Ол жерде бұрын соңды өлім немесе өрт орын алмау керек.
Фэншуйдың негізгі үш бағыты қалыптасқан: компастық, формальды және символдық. 1. Астрологиялық жұлдыз – жорамалға негізделе отырып,
адамның белгілі бір жерге сәйкес келу келмеуін қарастырған. 2. Берілген жердің көрінетін әрі көрінбейтін ерекшеліктерінің адам энергиясына сәйкес келу келмеуін қарастырған. 3. Қоршаған ортаның барлық элементтері энергия қозғалысының символы ретінде қарастырылды. Негізгі көңіл тұрғын жерлердегі энергетиканың бөлінуіне және тұрғындардың сезімі мен эмоциясына бөлінді.
Ежелгі Фэншуй ғылымының мақсаты – сіздің өміріңізді өзгерту, қатынасқа үйлесімділік енгізу, сіздің үйіңіз бен әулетіңізге гүлдену және сәттілік әкелу. Фэншуй бойтұмарлары сәттілік энергиясын шақырып, жаманшылықтардан қорғаған.
Тірі алтын балықтармен аквариум – Фэншуй бойтұмарларының ең мықтыларының бірі. Бірақ оның орналасуы Сань Юань жұлдыздар мектебіне сәйкес болуы керек. Тибеттік фэншуйде гүлдену, жанұялық бақыт, әкелетін әрі арман орындайтын керемет бойтұмар бар. Ол «Бум Па» ыдысы. Веер – Қытайда ең әйгілі қорғаныш символының бірі. Оның көмегімен жақсы энергияны аудартуға болады. Веерде жастықты, әдемілікті, рухани тұрақтылықты білдіретін гүлденген сакура бейнеленеді. Тасбақа – ұзақ өмір сүру мен даналық символы. Сонымен қатар ол дүниежүзінің кейпі болып саналады: оның панцирі – аспан, ал іші – жер беті. Тасбақа үйге тұрақтылық пен жақсылық әкеледі.
№3 лекция. Б.э.д. ІІІғ-б.э. ІІІғ. Цинь және Хань империялары кезіндегі Қытай . Дін. Қытайға буддизмнің ене бастауы. Конфуций ілімі. Конфуций және оның заманы. Конфуций іліміндегі әлеуметтік идеал әлеуметтік тәртіп
Конфуций ілімі.
Конфуций ілімі б.э.д. ҮІ-Үғғ. аралығында Чжоу дәуірінде пайда болған. Оның негізін салған Шаньдун түбегіндегі Лу патшалығында ұсақ шенеунік отбасында дүниеге келген, латын жазуы бойынша Конфуций атанып кеткен Куң-цзы ұстаз.
Конфуций б.з.д. 551 – 479 жж. өмір сүрген ежелгі Қытай ойшылы. Ол өмірге келген кезде чжоулық Қытай саяси дағдарысты бастан кешіріп жатқан болатын. Жас кезінде әкесінен айрылған ол, анасының тәрбиесінде болады. 7 жасында мектепке барады. Анасынан ерте айрылған ол көп қиыншылықтар көріп өседі. 19 жасында отбасын құрады да, астық қамбасы күзетшісі қызметіне тұрады. Ұзақ жылдар бойы бірнеше қызметтер атқарған Конфуций 50 жасында мемлекеттік қызметті тастап, қалған 13 жылын Қытай жерін аралап, өз ілімін насихаттап, кішігірім патшалықтарда билеушілер кеңесшісі болып жүрді. Ол сол замандағы адамдарға ежелгі дәстүрлерді мадақтап, оларды ұмытпауға және орындауға шақырған. Оның жалпы 3000-дай шәкірті болған деседі. Конфуцийдің ең жақын 72 шәкірті болған, оның 12 –сі әрдайым ұстаз жанында жүрген. 66 жасында өз жері Лу патшалығына оралып, өмірінің соңына дейін ешқайда шықпаған, ал б.э.д. 479 жылы 72 жасында Цюйфуда қайтыс болған.
Конфуцийдің тағылымдарын, ақыл-өсиеттерін оның шәкірттері жазып отырған және ол «Луньюй» ( «Әңгімелер мен тұжырымдар») атты шығармасында жинақталған. Бұл еңбек ғасырлар бойы конфуцийшілдікті уағыздаудың негізі болды. Сондықтан да Қытайда сауаттылықты тікелей Конфуций атымен байланыстырады. Аңыз бойынша Конфуций ең алғаш жеке меншік мектеп ашқан адам. Өз шәкірттерін оқу мен жазуға, көне кітаптарды оқып, талдауға үйреткен. Білім ежелгі кітаптарда, жазбалар мен канондарда деп есептеген Конфуций жаңа білімді қабылдамаған, ол Қытай ғылымының дамуына және жеке тұлғаның бостандығына үлкен кедергі болады деді. Өздерінің («Өзгерістер кітабы») «Ицзин», («Жыр кітабы») «Шицзин», ( «Өсиеттер кітабы») «Шуцзин» сияқты көне кітаптарын Конфуций жазған дейді. Өйткені конфуцийшілдер бұл кітаптарды кейіннен Конфуций тексеріп, толықтырған дейді.
Адам мен адамзат қоғамы - Конфуций философиясының негізі. Конфуций iлiмі бойынша, қоғамдық және мемлекеттiк құрылыс дүниенiң құрылымы сияқты мәңгiлiк және өзгермейтiн нәрсе. Аспан асты адамдарын «билеушi» - «парасатты ерге» (цзюньцзы) және тумысынан көргенсiз және ақымақ бағыныштыларға (сяоминь) бөлді. Оның айтуы бойынша Көк Тәңiрі сяоминдерге қара жұмыспен айналысып, билеушi ақсүйектердi асырауға және оларға қызмет етуге бұйырған. Ал, «цзюнцзы» дәрежесіне тек ақсүйектер ғана қол жеткізе алады. Олар - өзiн-өзi үнемi жетiлдiрiп, толықтырып отыруға қабiлеттiлер.
Конфуцийшілдік дiни салт-дәстүрлердi және әлеуметтiк бағыныштылықты қатаң сақтауды талап еттi: төменгiлер сөзсiз жоғарыларға, кiшiлер - үлкенге бағынуы тиiс. Конфуцийдiң ұстанымы: «Билеушi – билеушi болуы, бағынышты – бағынышты болуы, әке - әке болуы, бала - бала болуы тиiс». Осылайша ол: әке мен бала, әйелі мен ері, аға мен іні, билеуші мен бағынышты арасындағы қатынастарды қалыптасырды. Конфуций қайтыс болған соң, конфуцийшілдіктің сегiз мектебi құрылды, олардың iшiнде Мэнцзы мен Сюньцзы мектептері ерекше көзге түстi.
Мэнцзы (372-289жж) дiни әдет-ғұрыптар мен құрбандық шалуды мемлекеттiк билiк жүйесiне енгiздi. Конфуций өсиеттерiн тiршiлiкте қатаң сақтаған «парасатты ерге» о дүниеде лайықты құрметтi орын сақталған делiндi. «Ең бастысы Халық, одан кейiн ата-баба аруағы, ең соңында билеушi» - деді Мэнцзы. Осы арқылы Мэнцзы Аспан еркiн, яғни Тәңірдің дегенін бұзған билеушiнi халық жазаға тартады дегендi меңзедi. Оның айтуынша, адам жаратылысынан мейiрiмдi болып келедi.
Ежелгi конфуцийшілдіктің ақсүйектік тектілік, адамгершілік туралы тұжырымдамаларын Сюньцзы (313-238 ж.) қалыптастырды. Сюньцзының адам туралы түсiнiгi Мэнцзыдан айрықша, қарама-қарсы пiкiрде болды. Сюньцзының пiкiрiнше, адам жаратылысынан зұлым болып келедi. Теңсiздiк адамның табиғатына тән, сондықтан ауқатты ақсүйек топтар мен қарапайым халық арасындағы айырмашылық қатаң сақталуы тиiс дедi. Конфуций мемлекетте жазылған құқықтық заңның болуына табанды түрде қарсы шықса, Сюньцзы мемлекетте заңның болуы қажет деп есептедi. Ол «заң - халық үшiн, дәстүрлі рәсімшілдік -ақсүйектер үшiн» дегендi ұстанып, соңғылардың заңға бағыныштылығын жоққа шығарды.
Ата – бабаға табыну кез -келген қытайлықтың міндеті болды, тірі болсын болмасын оған табыну өзінше бір міндет саналды. Дәл осы жайында сяо түсінігі пайда болды. Сяо - Конфуцийдің айтуынша: адамгершіліктің негізі, ата-ананы құрметтейтін ұл болу кез –келгеннің, әсіресе ақылды, оқыған цзюньцзыға тырысатын адамдар міндеті. Нағыз ұл өмір бойы әке - шешесіне қарайтын, олардың көңілінен шығуы, олар үшін бәріне де дайын болуы тиіс және оларды құрмет тұтуы қажет. Және әке -шешені құрметтеуін қайтыс болған жағдайда дәстүр бойынша жерлеу және оларға арнап құрбандық шалуда ерекше орында болды.
Отбасы - қоғамның жүрегі саналған. Және жанұяға жеке тұлғаға қарағанда көп назар аудырған. Сол кездері балаларын ата - ана өз қалауы бойынша үйлендіріп отырған, махаббатқа қарамды. Әйел еркектерге қарағанда төмен сатыда тұрды. Бірақ ер адамның рөлі қанша жоғары болса да отбасыда құрмет тек ата - анаға көрсетілді. Егер жанұяда ер бала дүниеге келсе әйелге деген құрмет өсіп отырған., ал қыз бала келсе бәрі керісінше болды.
Көк тәңірі және оның құдіреті жайлы ойлар Конфуцийге дейін де кейін де болған. Ал, Конфуций болса : Аспан – ұлы күш , ақыл мен ақиқатқа толы, ал билеуші – Көк тәңірі жіберген елші, ол Көк тәңіріне бағына отырып елді билейді деген.
Цинь Шихуанди тұсында қудаланған Конфуций ілімі У ди кезінде мемлекеттік идеологияға айналды, ол қытай қоғамында алдыңғы қатарға шықты. Хань кезінен бастап конфуцишілдік өз қолында мемлекет пен қоғамды басқару ісін шоғырлап, конфуцийшілдік тәртіпті бәріне бірдей танытуға тырысты. Адам дүние есігін ашқаннан бастап барлық конфуцишілдік дәстүрлерді орындаушы болды, жас балаларға сяо тәртібін және дәстүрлерді сақтауды үйретті және ежелгі жазбалар мен канондарды оқытты. Хань кезінен бастап емтихан жүйесі құрылды, онда Конфуций еңбектері мен ілімдерінен емтихан тапсырды, талаптары өте қатаң болған.
555 ж императордың бұйрығымен барлық қалаларда Конфуцийге арнап храмдар салды және онда үнемі құрбандық шалу рәсімі өткізіліп отырған. Тан әулеті (618 – 907) тұсында Конфуцийға «ерекше қасиетті » деген титул берілді, Сұң династиясында (960 - 1270) Конфуций басына барып табыну ісі қолға алынса, ал Миң әулетінде (1368 - 1644) ол - «Ұлттың ұлы ұстазы » атанды .
19 ғасырдың соңына қарай елде Конфуций арнап салынған 1560 храм болған, құрбандыққа шошқа, қоян, қой , бұғы сойылса , жібек матасы да қолданылды .
Соңғы әулеттер императорлары жылына 2 рет көктем мен күзде Пекиндегі Конфуций храмына барып ант беріп отырған, сонымен қатар бірнеше күн ауыздарын бекіткен (ораза). Ал құрбандық шалған күні “ Сен ұлысың, ұлы ақылшысың, сенің ілімің ерекше қасиетті, барлық билеушілір сені құдірет тұтады“ – деп дәріптеген. Мұндай кезде музыка ойналып, дәстүрлі билер биленді және әндер айтылып отырған. Манчжурлар Қытайда билікке келгенімен де Конфуцийшілдіктен бас тартқан жоқ, қайта өз биліктерін сол арқылы күшейтуге тырысты, оған көп көңіл бөлді.
1912 ж Қытай Республикасының басшылығы Конфуцийге арнап құрбандық шалуға тиым салды, дегенмен Конфуций рухына табыну сақталды және құрбандықтар да шалынып отырды. Сонымен қатар мектептерде де жылына 2 рет еске алулар болып тұрған
№4 лекция. Конфуций іліміндегі неке және отбасы. Адамдар арасындағы қатынас. Ата- бабаны құрмет тұту. Жерлеу жоралары.Конфуцийшілдік- ресми мемлекеттік идеология. Конфуцийшлідік және легизм
Ежелгi конфуцийшілдіктің ақсүйектік тектілік, адамгершілік туралы тұжырымдамаларын Сюньцзы (313-238 ж.) қалыптастырды. Сюньцзының адам туралы түсiнiгi Мэнцзыдан айрықша, қарама-қарсы пiкiрде болды. Сюньцзының пiкiрiнше, адам жаратылысынан зұлым болып келедi. Теңсiздiк адамның табиғатына тән, сондықтан ауқатты ақсүйек топтар мен қарапайым халық арасындағы айырмашылық қатаң сақталуы тиiс дедi. Конфуций мемлекетте жазылған құқықтық заңның болуына табанды түрде қарсы шықса, Сюньцзы мемлекетте заңның болуы қажет деп есептедi. Ол «заң - халық үшiн, дәстүрлі рәсімшілдік -ақсүйектер үшiн» дегендi ұстанып, соңғылардың заңға бағыныштылығын жоққа шығарды.
Ата – бабаға табыну кез -келген қытайлықтың міндеті болды, тірі болсын болмасын оған табыну өзінше бір міндет саналды. Дәл осы жайында сяо түсінігі пайда болды. Сяо - Конфуцийдің айтуынша: адамгершіліктің негізі, ата-ананы құрметтейтін ұл болу кез –келгеннің, әсіресе ақылды, оқыған цзюньцзыға тырысатын адамдар міндеті. Нағыз ұл өмір бойы әке - шешесіне қарайтын, олардың көңілінен шығуы, олар үшін бәріне де дайын болуы тиіс және оларды құрмет тұтуы қажет. Және әке -шешені құрметтеуін қайтыс болған жағдайда дәстүр бойынша жерлеу және оларға арнап құрбандық шалуда ерекше орында болды.
Отбасы - қоғамның жүрегі саналған. Және жанұяға жеке тұлғаға қарағанда көп назар аудырған. Сол кездері балаларын ата - ана өз қалауы бойынша үйлендіріп отырған, махаббатқа қарамды. Әйел еркектерге қарағанда төмен сатыда тұрды. Бірақ ер адамның рөлі қанша жоғары болса да отбасыда құрмет тек ата - анаға көрсетілді. Егер жанұяда ер бала дүниеге келсе әйелге деген құрмет өсіп отырған., ал қыз бала келсе бәрі керісінше болды.
Көк тәңірі және оның құдіреті жайлы ойлар Конфуцийге дейін де кейін де болған. Ал, Конфуций болса : Аспан – ұлы күш , ақыл мен ақиқатқа толы, ал билеуші – Көк тәңірі жіберген елші, ол Көк тәңіріне бағына отырып елді билейді деген.
Цинь Шихуанди тұсында қудаланған Конфуций ілімі У ди кезінде мемлекеттік идеологияға айналды, ол қытай қоғамында алдыңғы қатарға шықты. Хань кезінен бастап конфуцишілдік өз қолында мемлекет пен қоғамды басқару ісін шоғырлап, конфуцийшілдік тәртіпті бәріне бірдей танытуға тырысты. Адам дүние есігін ашқаннан бастап барлық конфуцишілдік дәстүрлерді орындаушы болды, жас балаларға сяо тәртібін және дәстүрлерді сақтауды үйретті және ежелгі жазбалар мен канондарды оқытты. Хань кезінен бастап емтихан жүйесі құрылды, онда Конфуций еңбектері мен ілімдерінен емтихан тапсырды, талаптары өте қатаң болған.
555 ж императордың бұйрығымен барлық қалаларда Конфуцийге арнап храмдар салды және онда үнемі құрбандық шалу рәсімі өткізіліп отырған. Тан әулеті (618 – 907) тұсында Конфуцийға «ерекше қасиетті » деген титул берілді, Сұң династиясында (960 - 1270) Конфуций басына барып табыну ісі қолға алынса, ал Миң әулетінде (1368 - 1644) ол - «Ұлттың ұлы ұстазы » атанды .
19 ғасырдың соңына қарай елде Конфуций арнап салынған 1560 храм болған, құрбандыққа шошқа, қоян, қой , бұғы сойылса , жібек матасы да қолданылды .
Соңғы әулеттер императорлары жылына 2 рет көктем мен күзде Пекиндегі Конфуций храмына барып ант беріп отырған, сонымен қатар бірнеше күн ауыздарын бекіткен (ораза). Ал құрбандық шалған күні “ Сен ұлысың, ұлы ақылшысың, сенің ілімің ерекше қасиетті, барлық билеушілір сені құдірет тұтады“ – деп дәріптеген. Мұндай кезде музыка ойналып, дәстүрлі билер биленді және әндер айтылып отырған. Манчжурлар Қытайда билікке келгенімен де Конфуцийшілдіктен бас тартқан жоқ, қайта өз биліктерін сол арқылы күшейтуге тырысты, оған көп көңіл бөлді.
1912 ж Қытай Республикасының басшылығы Конфуцийге арнап құрбандық шалуға тиым салды, дегенмен Конфуций рухына табыну сақталды және құрбандықтар да шалынып отырды. Сонымен қатар мектептерде де жылына 2 рет еске алулар болып тұрған
№5 лекция. Ежелгі Қытайда философиялық мектептердің пайда болуы. Лао-цзы және «дао» туралы ілім. Даостық «увэй» түсінігі. Даостар философиясы мен діни даосизм. «Мәңгілік өмір» туралы ілім
Даосизм (қытайша “дао цзяо” – “жол ілімі”) б.з.б. ІV-ІІІ ғасырларда Ежелгі Қытайда пайда болды. Аңыз бойынша бұл ілімнің құпиясын аты аңызға айналған Хуан-ди (“Сары император”) ашқан. Ақиқатында даосизм шамандық нанымдардан және ежелгі магтар ілімінен бастау алады, ал оның негізгі қағидалары данышпан авторы Лао Дань немесе Лао-цзы деп саналатын “Жол мен ізгіліктер туралы канонда” (Дао-дэ-цзинде) және философ Чжуан Чжоу немесе Чжуан Цзы көзқарастары көрініс тапқан (б.з.б. ІV-ІІІ ғғ.) “Чжуан цзы” еңбегінде баяндалады. Аңыз бойынша Чжуан -цзы б.э.д. ІІІ ғасырда Мэн патшалығында дүниеге келген, және ұзақ уақыт бойы лак ағаштары плантациясында қараушы қызметін атқарған.
Ал, Лао Цзы туралы көптеген аңыздар бар: онда ол қартайып дүниеге келген кәрі бала немесе өмірге 72 рет қайта келген адам деген сияқты аңыздарды айтуға болады.. Оны философтың атының өзінен “Кәрі бала” “Лао Цзы” деп аталуынан-ақ көруге болады.
Тұтас жүйе ретіндегі Даосизм “Лэ-цзы” (б.з.б. ІV-ІІІ ғғ.) және “Хуайнань-цзы” (б.з.б. ІІ ғ.) еңбектерінде тұжырымдалған. Даосизм – адамға қоршаған әлемнің сырларын ашуды, өмір мен өлім мәселелерін айқындауды мақсат етіп қоятын ілім. Даосизмнің негізгі категориясы дао (жол, ақиқат, тәртіп) – табиғат заңдылығы, бар нәрсенің бастауы. Даоны ешкім жаратпаған, бірақ барлық нәрсе даодан пайда болады және соңында даоға қайта оралады. Дао – бұл тұтас нәрсе, сонымен қатар ол еш нәрсе де емес, ол – мәңгілік және шексіз, даоның аты да заты да жоқ болғанмен, ол – бәріне есім мен атау беруші бастама. Дао – беймәлім, оны сезім органдары арқылы танып білу мүмкін емес, ол уақыт пен кеңістік аясын қажет етпейді. Даоның нақты көрінісі тек “дэ” (ізгілік) күші арқылы ғана байқалады: егер дао барлығын жаратушы болса, дэ – қоректендіруші. Діндар адам мақсаты – даоны тану, ол бойынша даоны “ғарыш үйлесімділігі” – адамның табиғатпен қауышуы деп түсіндіреді. Даосизм философиясының мәні – бес алғашқы элементтер (топырақ, ағаш, металл, от және су) туралы ілім болып табылады. Осы алғашқы элементтерден әлем құралған. Дүние дегеніміз даостық түсінік бойынша бөлінбейтін материалдық бөлшектерден –циден тұрады, және ол үнемі өзгерісте болады, барлығы қарама-қарсы жағдайына өтіп отырады: «жарты нәрсе бүтінге, қисық – түзуге, бос-толыға, ескі-жаңаға». Даостық ілім бойынша даоны толық біліп болмайтындықтан да ол заттық күйге -дэге айналады.
Даостар Аспан еркі дегенді мойындамады және олар «аспан да жер сияқты табиғаттың бір бөлшегі» деді. Дегенмен құдайдың бар екенін мойындады. ІІ ғасырда даосизм толық қалыптасып бітті. Олар Лаоцзыны құдіретке айналдырып, құдаймен теңестірді, оны «Дао құдайы» деп есептеді. Даостық дін ата-баба аруақтарына сиынуды теріске шығарды және тәңірге табынуға тиым салды.
Даосизмнің тағы бір негізгі ұғымы “әрекетсіздік” (“у-вэй”) - табиғи үйлесімділікті бұзбау, табиғат дамуына араласпау, адамның табиғилығын ұстану, қандай күйде жаратылса, сол күйде болу. Басынан жаратылған нәрсені өзгертуге тырысу ұмтылысын жоққа шығаратын әрекеттенбеу қағидатына сүйенген ел билеушісі Аспан асты елін тәртіпке келтіріп, мемлекетті басқарған, толқулардың алдын алған. Даосизм ғарыштағының бәрін бір тұтастық ретінде қарастырады, қарама- қайшылықтарды үйлестіруге талпынады.
Даостар күнәһарлар жаны жазаланатын әзәзілдер патшалығы мен әділетті жандар үшін дайындалған құдайлар мекендейтін аспан бар деп сенді. Орта ғасырларда мәңгілік өмір туралы ілім ұзақ өмір культіне, ал өмір бастауы ретіндегі дао доктринасы көп балалық культіне және т.б. айналды.
Белсенді әрекет ететін Қытай құдайлары пантеонында шаман – медиумдар, бал ашатындар қызмет жасайды. Даолық храмдарға, монастырлар мен киелі орындарға мыңдаған діндарлар барады.
Ғажайып эликсирлар мен ішірткі қолдану Қытайда алхимияның дамуын тудырды. Императорлар тарапынан қолдауға ие болған даос-алхимиктар металлдарды өндірумен, минералдар мен органикалық дүние өнімдерін өңдеумен айналысты. Қытайлық алхимияда, араб немесе еуропалық сияқты көптеген тәжірибелер барысында пайдалы ашылулар орын алды. Бірақ бұл ашылулар теориялық мағынасыз болғандықтан жаратылыстану және техникалық ғылымдардың дамуына айтарлықтай әсер етпеді.
Олардың ішінде астрология – ежелгі конфуцишілдер айналысқан ғылым болды. Даостардың конфуцишілдерден айырмашылығы, олар астрологиядағы бал ашу мен болжау мүмкіндігін көрді. Жұлдыздар мен планеталардың орналасуын жетік білген даостар бірнеше астрологиялық карталар, атластар, күнтізбелер жасаған.
Ортағасырлық Қытайда жорамал құрып, болжау жасаған және даостық балгер кеңесінсіз ешкім маңызды іс бастамаған, ал үйлену әрқашан бір-бірінің жұлдыз-жорамалымен танысудан басталған.
Тағы бір маңызды ғылымдардың бірі геомантия (фэншуй) болған. Аспан құбылыстарын, жұлдыздарды, планеталарды космостық күштермен және символдармен байланыстырып, геоманттар барлық осы күштердің өзара байланысының күрделі жүйесін жасап шығарды. Аспан күштерінің дұрыс сәйкес келуінде ғана жер құрылыс тұрғызуға, мүрдені жерлеуге немесе сатып алуға жарайтын. Даостық геомантия әрқашан сұранысқа ие болды: тіпті ең ақылды әрі ырымды жек көретін конфуцишілдер оған қарсы шықпады, керісінше қажет жағдайларда даос-балгерлерге жүгініп отырды. Ежелгі Фэншуй ғылымының мақсаты – сіздің өміріңізді өзгерту, қатынасқа үйлесімділік енгізу, сіздің үйіңіз бен әулетіңізге гүлдену және сәттілік әкелу. Фэншуй бойтұмарлары сәттілік энергиясын шақырып, жаманшылықтардан қорғаған.
Тірі алтын балықтармен аквариум – Фэншуй бойтұмарларының ең маңыздыларының бірі. Бірақ оның орналасуы Сань Юань жұлдыздар мектебіне сәйкес болуы керек. Тибеттік фэншуйде гүлдену, жанұялық бақыт әкелетін әрі арман орындайтын керемет бойтұмар бар. Ол «Бум Па» ыдысы.
Желпуіш – Қытайда ең әйгілі қорғаныш символының бірі. Оның көмегімен жақсы энергияны аудартуға болады. Веерде жастықты, әдемілікті, рухани тұрақтылықты білдіретін гүлденген сакура бейнеленеді. Тасбақа – ұзақ өмір сүру мен даналық символы. Сонымен қатар ол дүниежүзінің кейпі болып саналады: оның панцирі – аспан, ал іші – жер беті. Тасбақа үйге тұрақтылық пен жақсылық әкеледі.
Даостар қытай медицинасына да өз үлестерін қосты. Емші-шамандардың тәжірибесіне сүйеніп және оған өздерінің магиясын дарытып, даостар мәңгілік өмірді іздеу процесінде анатомиямен және адам организмінің қызметтерімен танысты. Олар адам физиологиясының ғылыми негізін білмесе де, олардың көптеген емдік заттары мен әдістері жақсы нәтиже берген. Бірақ айта кететін жайт, даостар өздері де ,олардың емделушілері де емдік дәрілерден гөрі магиялық дұғаларға, бойтұмарларға, кейбір бұйымдардың ғажайып күшіне, мысалы қола айнаға көбірек үміт артты. Даостар ауруды күнә үшін берілген жаза деп санады, және ауырғандар өздері үшін жазылып қана қоймай, даостық маг көмегімен «тазалану» керек .
№6 лекция. Діни даосизм және буддизм. Даосизм эволюциясы. Ортағасырлық Қытайдағы даостық теориялар мен идеялардың дамуы. «Халықтық» даосизм және даостық патеон.
Даостық “увэй” түсінігі және оның мәні.
Даосизмнің тағы бір негізгі ұғымы “әрекеттенбеу” (“у-вэй”) – табиғи әлемдік тәртіпке кереғар келетін мақсаттық әрекетті терістеу, табиғи үйлесімділікті бұзбау, табиғат дамуына араласпау, адамның табиғилығын ұстану, қандай күйде жаратылса, сол күйде болу. Басынан жаратылған нәрсені өзгертуге тырысу ұмтылысын жоққа шығаратын әрекеттенбеу қағидатына сүйенген ел билеушісі Аспан асты елін тәртіпке келтіріп, мемлекетті басқарған, толқулардың алдын алған. Даосизм ғарыштағының бәрін бір тұтастық ретінде қарастырады, қарама- қайшылықтарды үйлестіруге талпынады.
“Халықтық” досизм және даостық пантеондар.
Даолық дін көне анимистік нанымдарды, Көкке табынуды және әулие даналар культін өзіне қабылдады. Ортағасырлық даосизм қытайдың рухани мәдениетімен тығыз байланыста болды. Даошылар күнәһарлар жаны жазаланатын әзәзілдер патшалығы мен әділетті жандар үшін дайындалған құдайлар мекендейтін аспан бар деп сенді. Орта ғасырларда мәңгілік туралы ілім ұзақ өмір культіне, ал өмір бастауы ретіндегі дао доктринасы көп балалық культіне және т.б. айналды.
Құдайлар иерархиясына аңыздық ел билеушілерді, мифтік батырлар мен даналарды, конфуцийшілдіктің көрнекті қайраткерлерін, тарихи тұлғаларды қабылдаған даолық пантеон синкретизмнің айқын көрінісі болып табылды. Халық арасында әділеттілік пен ізгі істі жақтайтын сегіз мәңгілік данышпан тұлғалары кең таралды (оларға адамдық және сиқырлық қасиет тән деп саналды).ІІ ғасырда “Аспан ұстаздарының жолы” деп аталатын Чжан Даомин (І-ІІ ғғ.). негізін қалаған бағыт пайда болды. Аңызға сай ол Лао-цзыдан аян алып, оның жердегі өкілі болу құқын иеленеді. Оның “Көктен түскен ұстаз” титулы осы уақытқа дейін ұрпақтан ұрпаққа мирас болып келеді. ІV ғасырда “Жоғары тазалық” және “Рухани асыл қазына” атты даолық мектептер пайда болды. Олар медитациялық пайымдау тәсілдеріне көп көңіл бөлді. Белсенді әрекет ететін Қытай құдайлары пантеонында шаман – медиумдар, галлопаттар, бал ашатындар, физиогномистер қызмет жасайды. Даолық храмдарға, монастырлар мен киелі орындарға мыңдаған діндарлар барады.
Хань династиясының аяғы Қытайда дағдарыс және саяси күйзелісімен белгілі. Сонымен қатар табиғи апаттан кейін эпидемияның орын алған кезі. Сол кезде Чжан Цзюэ деген даостық маг өзінің дұғаларымен, сиқырымен ауруларды емдеп, атаққа ие болды.Қайғы мен апаттан жынданған адамдар одан көмек сұрап, көп ұзамай Чжан Цзюэ қуатты ұйымның басшысына айналады. Сөйтіп, даосизм тез қарқынмен алхимиктер мен мәңгі өмір насихатшылар ілімінен қайғырғандар, зардап шеккендердің символына айналады.
Чжан Цзюэнің ұйымының мақсаты, сол кездегі құрылымды ұлы теңсіздік патшалығына өзгерту. Ең бірінші орынға азап шегіп жатқан қарапайым шаруалар қажеттілігі қойылды. Чжан Цзюэ өзінің көмекшілерімен 184-ші жылды 60 жылдық циклдың басы ретінде жариялады, ол жаңа “Сары аспан” дәуірінің басы, әлемге қуаныш, бақыт алып келеді және “Көк аспан” дәуірін жояды. Өздерінің қолдаушылығының белгісі ретінде көтерісшілер бастарына сары орамал киетін болған. Көп ұзамай билік басындағылар бұл көтерілісті басады. Чжан Цзюэ өлгеннен кейін, оның ізбасарлары батысқа қарай қашады. Ол жерде де Чжан Лу басқарған даостық ұйым болды. Хань династиясының құлаған кезеңінде бұл даостық ұйым белгілі автономияға қол жеткізген теократиялық білімге айналады. Кейіннен онымен ресми Қытайдың өкіметі санасатын болды.
№7 лекция. Буддизмнің Қытайда таралуы және қытайлануы. Дао-ань және матрейге, Гуань-инге табыну.
Будда діні Қытайда б.э. І-ІІІ ғ.ғ. тарала бастады. Махаянаның жергілікті синтезі нәтижесінде VІ ғасырда чань-буддизм (чань – медитация, қиялмен шолу) ілімі пайда болды. Оның уағызшысы үнділік Бодхихарма деген адам еді. Қытай буддизмі толып жатқан бағыттар мен секталарға бөлінеді. VІ ғасырдан Х ғасырға дейін будда діні Қытайда мемлекеттік дін болып келіп, одан кейінгі кездері оны конфуцилік біртіндеп ығыстыра бастады.
Будда дінін Қытайда таратушылар ретінде орта азиялық саудагерлер мен монахтарды айтуға болады. ІІ ғасырдан ортасына таман будда дінімен император сарайы танысады. Айтулар бойынша, ең бірінші буддистік сутралар Шығыс Хань империясының астанасы Лоян қаласына ақ-боз атпен әкелінген делінеді. Дәл осы жерде кейінірек ең алғашқы буддистік монастырь – Баймасы салынған.
Қиыр Шығыстан тараған буддизм ілімінің ағымы мен сектасы – Махаяна – «Үлкен дөңгелек арба» немесе «Құтқарудың кең жолы» деп аталады. Ежелгі буддизмге қарағанда Махаяна ілімінде адамның жан дүниесі өзін ұзақ уақыт бойы жетілдіре, байыта келе, осы дінге сезімін сақтаған жағдайда, ұжмаққа тап болады деген сенімде болды.
Алғашқы монахтар мен дін таратушылар Қытайға Орталық Азия арқылы келіп, олар ең алдымен Ганьсу, Шэньси, және Хэнань жеріне орналасады. Буддистік уағыздар арқылы олар халыққа ауыр еңбектің, азап пен жоқшылықтың болуы тиіс сынақ екенін, оған шыдағанда ғана адамдар жұмаққа бара алатындығын дәлелдейді. Махаянада дінге сенбеушілерге, күнәһарларға, үрейлі уағыздармен қорқыныш сезімін туғызу арқылы, олардың өлген соң ана дүниеде ыстық және суық тозаққа түседі деп қорқытты.
Ортағасырдағы Қытай қоғамы мен мемлекетінің дамуындағы буддизмнің ықпалы. Қытайдың ерте ортағасырлық дәуіріндегі қоғамдық дамуында буддизмнің таралуы ерекше роль атқарады. Қытайды жаулап алушы көшпенділер буддизм дініне барынша қолдау көрсетіп, оның елге кеңінен таралуына ықпал етті. Соған қарамастан буддистік діндарлар мен зиялы қауым арасында тартыстар да болып тұрды. Мұндай келіспеушіліктердің негізгі себебі буддистік монастырлар көптеген жер иеліктерін басып алып, шаруаларды қанауды күшейтіп, зиялы қауым өкілдері мен мемлекеттің өзімен де бәсекелетікке түсе бастайды. V ғасырда діни топтар тіпті билігі күшейіп бара жатқан патша сарайына қарсы бүлік те ұйымдастырады.
Қытайдағы буддизмнің ықпалының біртіндеп күшейе түсуіне ІІІ-VI ғғ. жалпы әлеуметтік-саяси жағдай, ондағы дағдарыстар мен шиеленістер және болмыстың тұрақсыз жағдайы көп себеп болды деуге болды. Қытай топырағына орын тепкен буддизм діні өзіне қытайлық идеология мен мәдениеттердің қасиеттерін бойына сіңірді. Буддизмнің «қытайлану» үрдісі жүрді, оның бұл жердегі өзіндік ерекшелігі, дербес даму сипаты қалыптасты. ІІІ-ІV ғғ. Лоян мен Чанъань сияқты астаналық орталықтарда 180-ге жуық буддистік монастырлар, ғибадатханалар болды, ал V ғ. аяғына қарай Шығыс Цзинь мемлекетінде олар 1800, монахтар 24 мыңға жеткен. Бір кездегі жат жерлік дін жаңа жағдайға тез бейімделе келе, жергілікті салттарды бойына сіңірді, ата-баба аруағына сыйыну сияқты және басқа да халықтың салт-дәстүрлерді мойындады, өздерінің қасиетті пантеондарын Қытайдың аңызға айналған батырлары мен ежелгі данышпандарын қосып қойды. Қытайлық буддизмде, алдыңғы қатарға ең алдымен дәстүрлі қытайлық заңдар мен ережелерге сәйкес келетін принциптер мен идеялар шығарылды.
ІV ғ. Будда – Даоның жаңа өңі деп қабылданды. Жалпы алғанда, даосизм қытайлықтардың мәдени сана-сезімінің жалғасы болғандықтан, ол буддизм мен халықтың діни нанымдары арасындағы делдалдық рөлді атқарды. Сондықтан да, алғашқы кезде үнділік-буддистік түсініктерді, уағыздарды халыққа түсіндіру үшін қытайлықтарға таныс даостық діни терминдерді қолданған, тек V ғ. кейін ғана, тікелей буддистік терминдердің транскрипциясына көшкен.
Дегенмен, Қытайда буддизмнің таралуына қарсылық көрсетушілер де болды. Әсіресе бұрын үстемдік жағдайда болып келген конфуцийшілдік ілімді ұстанушылар тарапынан да, халықтық дін саналған даосизмді ұстанушылар тарапынан да наразылық туындады. «Жабайылардың дінін» сынаушылар белсенді түрде үгіт-насихат жүргізіп, оны уағыздаушылармен айтысқа түсті. Бұл тартыс V ғ. айқын көрініп, сол кезде с.т-вэйлік император Тоба буддизмге тиым салып, барлық монастырларды жауып тастауға бұйрық береді. 557 жылғы Солтүстік Чжоу империясындағы қабылданған шаралар тәрізді бұл әрекеттерде буддизмнің бүкіл елге таралуына тосқауыл қоя алмады.
Қытайлық буддизм өзінің сипаты жағынан көп қырлы болды. Әртүрлі діни абыздар – патриархтар мен сутраларды аударушылар, өзінің шығу тегі жағынан бір-бірінен айырмашылықтары бар түрлі көптеген секталарды құрды. Қытайлық буддизмнің әрбір мектебі өзін Будда ілімінің барынша толыққанды және тұтас түрі деп санады.
Буддизм ІV-V ғғ. елдің оңтүстігінде де, солтүстігінде де кең құлаш жайды. V ғ. ортасына қарай Солтүстік Вэй империясында 6500-ге жуық буддалық ғибадатхана болса, 77 мың монах болса, ал 530 жылы 30 мыңнан астам ғибадатхана мен 2 млн. монах болған. Қытайдың Оңтүстік және Солтүстік әулеттер билеген бұл ерте ортағасырлық кезеңінде буддизмнің діни доктринасы мен даостық мистика үстемдік құрып тұрған кез болатын.
V ғ. оңтүстік патшалыққа Бирма арқылы көрнекті буддизм ілімін таратушылар – Хинаяналар келіп, олар император сарайының ықыласына ие болады. Оңтүстік патшалықтарды буддизм ерекше қолдауға ие болып, монахтар император сарайына өте жақын болады. Тіпті оңтүстік әулеттің бір императоры өзінің сарайын монастырға айналдырған деген де дерек бар. Ал солтүстіктегі тобалық императорлар буддизм дінін қабылдай отырып ғибадатханаларға көп ақшалай қаржы бөліп, монастырларға көп жер иеліктерін берді.
Ерте ортағасырлық Қытай мәдениетіне буддизмнің ықпалы күшті болғанын Қытай Халық республикасында күні бүгінге дейін сақталып отырған, сол кезден сақталған архитектуралық құрылыстарынан, будданын бейнелеу өнеріндегі көріністерінен, қабырғаға салынған көркемсурет шығармаларынан көруге болады. Бинлинсы, Дуньхуан үңгірлеріндегі және басқа да ғибадатханаларда сақталған ескерткіштер бейнелеу өнерінің өте жоғары дәрежеде дамығандығын көрсетеді.
№8 лекция. Діни синкретизм және дәстүлі Қытай мәдениеті. Ортағасырлық Қытайдағы даосизмнің, буддизмнің, конфуцийшілдіктің дамуы. Неоконфуцийшілдік
Конфуцийшілдердің көбі өз өмірлерін білім беруге арнады , ежелгі жазбаларды, дәстүрлерді зеріттеуге көп уақыт бөлді және оларды қайта өңдеп отырған , дәл осы жазбалардан қытай халқы ежелгіні танып отырған . Чжанго (б.з.б. 5 – 3 ғ ) кезінде түрлі философиялық мектептер арасында бәсекелестік пайда болды , конфуцийшілдік бірінші орынға шықты . Легисттер конфуцишілдіктерге қарсы тұрған болатын , олардың ұстанымары: мемлекетті заң бойынша , яғни тәртіп бойынша билеу, жазалап отыру т.б., қорыққанда ғана мемлекетте тәртіп орнайды деп сенген және соған ұмтылған. Мұндай қарама - қайшылықтарға қарамастан олардың арасында ұқсастықтар болды : 1. басқарушылар жоғарғы тап өкілдері , билеуші , чиновник , ал халық міндеттерді атқарушы , табынушы . 2. екеуінің де қойылған ойлары мемлекетке өте қажет болды .
Конфуций ілімі У ди кезінде мемлекеттік идеологияға айналды , ол қытай қоғамында алдыңғы қатарға шықты . Хань кезінен бастап конфуцишілдік өз қолында мемлекет пен қоғамды басқару ісін шоғырлап , конфуцийшілдік тәртіпті бәріне бірдей танытуға тырысты. Адам туылғанынан бастап барлық конфуцишілдік дәстүрлерді орындаушы болды , жас балаларға сяо тәртіптерді және дәстүрлерді сақтауға үйретті және ежелгі жазбалар мен канондарды оқытты . Хань кезінен бастап емтихан жүйесі құрылды , онда Конфуций еңбектері мен ілімдері сұралды , талаптары өте қатаң болған . Экзаменнен өткен адам цзюйжэнь дәрежесіне жетіп , енді жоғарғы дәрежеге цзиньши тапсыруға мүмкіндік алады, ал одан өткен адам жоғарғы дәрежелі жұмыс орындарына қызмет атқара алды . Ал Шэншилер Қытайда ең жоғарғы атаққа ие болғандар , шэншилер қоғамына экзаменнан өткен адамдар кірсе олардың жағдайлары жақсы болған . Бірақ та байлардың балдары бұл шэнши дәрежесіне тез жетіп отырды .
Конфуцийлік 9 кітап Конфуций қолынан туған шығармалар құрайды . 5 кітап:
Өзгерістер кітабы . Мұнда құлшылық пен тылсым дұғалар , өсиет сөздер топтастырылған . Ең көнесі болып есептелінеді .
Көне тарих кітабы . Ол көне уақыттырда жасаған императорлардың аңызбен астасқан тарихынан мәлімет береді .
Діни өлеңдер кітабы . Жинаққа әлемнің жаратылуы мен құрылуы туралы мифтер , діни мадақ өлеңдер енгізілген.
Салтанатты рәсімдер кітабы .
Көктем мен күз. Даусыз Кун Цзының төл туындысы , Лу князьдығының тарихы баяндалады .
Да Сюэ , Чжун юн , Лун юй , Мэн цзы атты 4 кітап , ол Кун Цзы шәкірттерінің қаламдарынан туған деседі .
Конфуций білімі - тұтас дерлік адамгершілік туралы ілім , мифологияға көп көңіл бөлген , ежелгі мен ескіні мұқият сақтауды уағыздаған .
Конфуций түсіндірмесі бойынша : ғұрыптар мен салтанаттарды сақтамайтын адам , басындағы шашына да күтім жасай алмайтын надан адам .
Ол 3000 ереже мен 300 ғұрып орындаған , храмдарға баруды ұнатқан , Тяндиге арналған ғұрыптарды жібірмей қатысып отырған , тұрмыста талғампаз , кінамшыл болған , уақыты келмей асқа отырмаған және тамақ дұрыс дайындалмаса ішпеген .
Ізгіліктің 5 түрлі жолы бар деген :
- Даналық жол
- Қайырымдылық жол
- Адалдық жол
- Үлкендерді құрметтеу
- Қайраттылық жолдары
Кез келген Қытайлық үшін ең ауыры – ұрпақсыз өту . Оны еске алатын , қошеметтейтін ешкім болмайды . Ең сыйлы адам - қарт деп есептеген .
555 ж императордың бұйрығымен барлық қалаларда Конфуцийге арнап храмдар салуды бұйырды және онда үнемі құрбандықшалулар өткізіліп отырған . Тан династиясында (618 – 907) кезінде Конфуцийға «ерекше қасиетті » деген титул берілді , Сун династиясында (960 - 1270) моласына табынушылықты жүргізілді , Мин династиясында (1368 - 1644) «Ұлттың ұлы оқытушысы » атанды .
19 ғасырдың соңына қарай елде 1560 храм болған , құрбандыққа : шошқа , қоян , қой , бұғы сойылса , жібек матасы да қолданылды .
Соңғы династия императорлары жылына 2 рет көктем мен күзде Пекиндегі Конфуций храмында ант ішіп отырған , сонымен қатар бірнеше күн ауыздарын бекіткен (ораза) . Ал құрбандық шалған күні “ Сен ұлысың , ұлы ақылшысың , сенің оқуың ерекше қасиетті , барлық билеушілір сені құдірет тұтады “ – деп дәріптеген . Мұндай кезде әуен ойналып , дәстүрлі билер биленді және әндер айтылып отырған . Манчжурлар Қытайды жаулап алған соң Конфуцийшілдіктен бас тартқан жоқ , қайта өз биліктерін сол арқылы күшейтуге тырысты , оған көп көңіл бөлді .
1912 ж Қытай Республикасының басшылығы Конфуцийге , күн - айға , аспанға арнап құрбандық шалуларға тиым салды , дегенмен Конфуций рухына табыну сақталды және құрбандықтар да шалынып отырды . Сонымен қатар мектептерде де жылына 2 рет еске алулар болып тұрған .
Қытай үшін жат жерлік буддизмнің кеңінен құлаш жая дамуы және таза қытайлық даосизмнің халық арасындағы танымалдылығының ұлғая түсуі классикалық конфуцияшылдықтың дағдарысқа ұшырағандығын, сондықтан, ежелгі данышпандық ілімді реформалаудың қажеттігін барынша айқын көрсетіп берді. Бұл әрекетті сұң дәуірінің конфуцийшіл ұстаздары – Чжоу Дуньи (1007-1073), Шао Юн (1011-1077), Чжан Цзай (1020-1078), Чэн И (1033-1107), Чэн Хао (1032-1085) және олардың бәрінен де ұлысы – Чжу Си (1130-1200) іске асыруға кіріседі.
Таң заманында-ақ басталған конфуциандық уағыздарды жаңаша түсіндіру, жаңаша қабылдау туралы қозғалыс ХІ-ХШ ғғ. ежелгі ілімнің жаңаруына әкелді. Шынайы, нағыз түп нұсқадағы алғашқы конфуцийшілдік ілімді қалпына келтіру негізінде, буддизм мен даосизмге көбірек тән болып келетін көзқарас тұрғысынан оны терең ой-санадан қайта өткізу әрекеті жүрді. Осы мақсаттағы іс-қимылдың ең көрнектісі Чжоу Дуньидің шығармашылығы болды. «Ұлы шектеудің жоспарына түсініктеме» (Тай цзи тушо) атты шығармасында, философ Әлемнің құрылымы туралы түсінікті кең көлемде ұғындыра отырып, космогенез процесіне мүлдем жаңа көзқарас тұрғысынан сипаттама берді. Ол мұны шектелу принципінің (тай цзи) өңін айналдырудың салдары, яғни өзіне космостық трансформацияның қайдағы бір бағдарламасын қабылдаған әрекеттің нәтижесі деп түсіндірді: әлемнің барлық әртүрлілігін, әмбебабтығын туғызатын Ұлы шектеуді (екі бастама - инь мен ян, бес алғашқы элемент – жер, су, ағаш, от, металл, жылдың төрт мезгілі мен «заттардың сансыз көп түнегі», жақсылық пен жамандық, қайырымдылықтың бес түрі және т.б.) Чжоу Дуньи Шексіздік түсінігімен, немесе «Даодэ-цзинге» бастап апаратын, алғашқы пайда болудың түпсіздігі, жоқ болудың шегі туралы түсінікпен қатар қойды. Оның пікірі бойынша, жағымды және теріс материалдық бөлшектердің қозғалысы және өзара бір-бірімен байланысы алғашқы бастама болып табылатын бес элементті - жер, су, ағаш, от, металл тудырды, ал олар өз кезегінде бүкіл заттар мен адамның пайда болуының негізін қалады. Чжоу Дуньидің түсінігінде жақсылық пен жамандықтың мәңгілік күресі туралы ежелгі заманғы ілімнің ұшқыны байқалды.
Шыр айналған өмір туралы концепциясында, ойшыл адамгершілік-жасампаздық заңы туралы түсінік – ли принципін (осыдан неоконфуцийшілдіктің жаңа атауының бірі - лисюе атауы шықты) ерекше бөліп алып қарастырды. Осылайша маңызды конфуцийшілдік категорияларға сүйенген өзінің әмбебап жүйесін (космологиядан этикаға дейінгі» өте жіптіктей түзу «Ицзинге» негізделген), Чжоу Дуньи даостық-буддистік мәселелермен байытты. Осы түсініктердің аясында ол қоғамдық өмірде де космос заңдылықтарына бағыну қажет деп болжамдады.
Аспан әлемі туралы даостық түсінік пен Мэн-цзы (б.з.д.ІҮ-Ш ғғ.) ілімінің синтезі негізінде Аспан асты елін тану мен оның өзін-өзі жетілдіруі жағдайында Шао Юн Әлемнің құрылымы туралы адамның санасы мен психикасына лайықты тұтас ілімді құрастырды. Буддизмнің ықпалымен Шао Юн бүкіл тіршіліктің, соның ішінде адамзаттың да дамуына ықпал ететін космостық циклдардың тұжырымдамасын жасады.
Чжоу Дуньидің ілімін сондай-ақ оның ізбасарлары мен шәкірттері де жалғастырды. Олардың арасынан атап айтар болсақ, ағайынды Чэндер оның көзқарасымен бөлісіп, өз пікірлерін де тұжырымдады. Чэн Хао (1032-1085) ұстазының пікіріне үн қоса отырып, табиғаттың ең жоғарғы бастамасы болып табылатын Аспанмен тең «шынайы жүрек», әмбебап принциптің көрінісі деп тұжырымдады. Өз ілімінің онтологиясын (өзіндік дербес даму) жасай отырып, ойшыл адамгершіліктің шыңына көтерілген (парыз-әділеттілік және ли ритуалы, данышпандық-білім – чжи және сенім – синь сияқты аспектілердегі) жүрек дүниемен (ішкі және сыртқы болып бөлшектенбейтін) біртұтас денеге бірігіп кете алады деп тұжырымдады. Осыдан келіп, Чэнь Хао адамгершілікті тануды оқыту әрекеті ең басты міндет деп санады.
Чэн Хаоның інісі Чэн И (1033-1107) ілімінде ли принципінің категориясы бүкіл Аспан астына бірдей құрылымды түзуші бастама ретінде көрінді, ойшылдың түсінігі бойынша, «бір заттың принципі сансыз көп заттардың принципіне барабар, теңбе-тең». Ал, Аспанның табиғатына қатысты ли принципі алдын ала айқындау (мин) принципінің, ал адамға қатысты алғанда оның жеке табиғатының (син) қызметін атқарады. Чэн И іс жүзінде дао принципін екі бастаманың бір-біріне өтуі нәтижесінде, оның шегіне жетуіне келтіретін принциппен теңестірді. Ол осы түсінік принципін Ұлы бос кеңістік категориясымен түйіндестіріп қарастырды. Ойшыл әмбебап принциптің алғашқылығына ден қоя отырып, оның іс-әрекетін әлеуметтік салаға таратуға талпынды. Бұл мағынада Чэн И табиғат пен адамзат үшін бірдей, қоғамның жоғарғылар мен төменгілер деп бөлетін сатылы құрылымының әділеттілігі туралы қорытындыға келеді.
Дүние адамның ақыл-ойынан тыс өмір сүреді деген ілімді жақтаушы ойшыл Чжан Цзай (1020-1078) Көктің бұйрығының әмбебаптығы мен әділеттілігі туралы және оны «қуанышпен» және «жайбарақат» қабылдау қажеттігі туралы түсінікті одан әрі дамытты. Ойшылдың пікірінше, жалпыға тән әлемдік тәртіппен санасу әділеттілік, сондай-ақ қоғамдағы қатынастар да Аспан әлемімен ұқсас құрылым. Ойшыл қоғамдағы өткір әлеуметтік мәселелерді шешу жолдарын іздестіріп, жер беті түгелдей адамдардың өздерін тамақпен асырауы үшін теңдей бөлінуі тиіс, ал қызметкерлер мемлекетте толық қызметке ие болуы тиіс деді. Сонда ғана қоғамдағы бір-біріне қарсы келуші бастамалар келісімге келеді деді.
Чжан Цзай даостық және буддистік «бос кеңістік» сияқты түсініктерге берілген тұжырымдарды, олардың адамның санасын ерекше әлемнің қайнар көзі дейтін түсінігін, сондай-ақ олардың дүниені тану теориясын өткір сынға алды. Ол өз ілімін адамның ішкі субстанциясының сыртқы әлеммен рухани байланысы арқылы туындайтын, «заттарды» сезімдік қабылдаудан шығатын ілімге тәуелді етті.
Осыған дейінгі ойшылдардың көзқарастарын, әсіресе ағайынды Чэндердің пікірлерін ойшыл-данышпан Чжу Си қорытындылайды. Егер бұған дейінгі данышпандар әртүрлі дәрежеде және әртүрлі себептермен буддизм мен даосизмді сынға алып, және әрқайсысы ежелгі конфуцийшілдік пен оппонентерінің ілімінен өздеріне космогониялық құрылым мен философиялық саудагершілікті ала отырып, одан синтез жасап қойғанымен, Чжу Си неоконфуциандық ілімге әмбебап және жүйеленген сипат берді. Бұл ілім этикалық айқын тұжырымға ие болды, ал неоконфуциандықтың доминанты (үстемдік етуші жетекші идеясы) этикалық әмбебапқа айналды: болмыстың кез келген аспектісі Космос пен қоғамға бірдей моральдық категориялармен тұжырымдалды. Осылайша, даостық-буддистік мәдениет пен конфуцийшілдік ілімнің арасындағы әлемнің екі жағы сияқты табиғат пен адамның араласуының сипаты туралы қарама-қайшылық пікір жойылды.
Өзінің ізденістеріне қорытынды жасай отырып, Чжу Си ци категориясымен үзілместей байланыстағы ли – алғашқы принципінің мәңгілігі туралы пікірін тұжырымдады. Космологиялық және моральдық принциптердің жалпылығы мен тұтастығы туралы доктринасында Чжу Си адамның табиғаты, этика мен махаббат мәселелеріне көп көңіл бөлді. Ол индивидуумның абсолютпен бірдейлікке келтіру жолын іздеген буддизмнен өзгеше, адамзат білімінің қуаттылығын уағыздады. Білімнің мәні – «заттарды танып білу» екендігін дәйектей келе, Чжу Си бұл қағиданы чань-буддизм рухында тұжырымдады: шындыққа түйсіктің нұрлануы мен кенеттен жарық көзінің ашылуы арқылы жетуге болады деді.
1241 жылы Чжу Сиді ғажайып конфуциандық беделге ие адам қатарында санады, ал 1313 жылдан бастап неоконфуциандық ілім, чжусиандық деген атаумен, ресми түрде ғылыми атақ алу үшін қабылданатын мемлекеттік емтихан жүйесіне енгізілді.
Бұрында тарихта болғандай, қарама-қарсы ілімдердің бәсекелестігінен туындаған бастапқы таза күйіндегі және соны ой-пікірлер абсолюттік шындық дәрежесіне көтеріле отырып, біртіндеп уақыт өткен сайын қатаң догмаға айнала бастады. Чжу Сидің көптеген идеялары кейіннен империялық идеологияның негізіне алынып, мызғымас қоғамдық тәртіптердің нығая түсуіне қызмет етті.
№9 лекция. Ортағасырдағы діни синкретизм және оның өзіне тән ерекшеліктері. Бүкілқытайлық пантеон. Мемлекетке(императорға) табыну. Жануарлар мен өсімдіктерге табыну
Конфуцийшілдік, даосизм және буддизм көп ғасырлар аясында бірге өмір сүріп, бірте бір біріне жақындай түсті. Сондай-ақ әр доктринаның діни синкретизмдік бүкіл қытайлық жүйесінде өз орындары болды. Конфуцийшілдік этика және әлеуметтік отбасы қатынасы аясында, даосизм өзінің магия, метофизика және құдайлар пантеонымен сезімдер аясында болды; буддизм күнәдән арылуды қолдап, жарқын болашақты тұдырып, соны қолдап отырды.
Синкретизм жүйесі алдымен халықтық наным, дәстүрлерінің аясында яғни төмеңгі деңгейде дамыды. Сауатсыз шаруалар арасында бұл жүйе толықтай үстемдік етті. Орта деңгейдегі қытайлық бұл үш діндегі айырмашылықты көрмеді. Әр қайсысы бір нәрсеге мұқтаж болған кезде үшеуіне бір уақытта табынған.
Олардың ойынша неғұрлым құдай саны көп болған сайын, соғұрлым табысқа мүмкіндік жоғары. Жоғары деңгейде доктриналардың кейбір бір – бірімен әсері болды, алайда білімді Мэнь ши даостар, будда монахтарының арасында әр ілімнің өзіндік ерекшеліктері сақталды. Дегенмен де, әр доктрина көзі сақталды: храм жанында даостық немесе буддистік қажетті жерлер болсын, кез келген даостық және буддистік монах әр қайсысына қажетті салтты жасауға келісімді болды. Жүйе өзіне Қытайдың рухани мәдениетінің маңызды ерекшеліктерін бойыңа сіңірді, бұл оны индуизммен жақындастырады. Алайда жүйенің тек Қытайға тән ерекшеліктері болды.
Мәселен, Қытай дәстүрінде құдай мен қарапайым адам арасында шекара болмады, әсіресе өлгеннен кейін. Кез – келген өлген адам құдайға немесе жаны өшпес адамға айналуы мүмкін. Сондай – ақ құдайлар қарапайым өмір кешуге, жерге түсуі мүмкін. Айтып кететін жайт, бұл жерде адамның қолынан ештеңе келмеді.
Адам өмір бойы мәңгілік өмірге ұмтылып, бірақ өлген соң құдайға айналуы әбден мүмкін. Барлық құдайға олардан бір нәрсеге қол жеткізу үшін табынады. Алайда, Қытайда құдайлар міндетіне маңызды түрткі қойылды. Тек Қытайда ғана билеушілерге келіп құдайларына шағым жасай алды. Құдайлар тілектеріне құлақ аспан, көкейіндегілері орындалмаса оларға шағым жасаумен қатар, саздан жасалған мүсіндерін сындырып тастауға құқылары болған. Кейін өзіне ұнаған басқа құдайға табынған. Діни сенкритизмнің құрылысы аясында құдайлар, рәсімдер жүйесі қиын әрі көп қатпарлы. Жоғары қабатында Аспан мен Жердің жалпы мемлекеттік дәстүрі болды. Бүкілқытайға тараған және маңызы бар құдіреттілер қатарына үш діннің негізін қалаған. Куң Цзы, Лао Цзы және Будда жатады. Араларында жоғарғы орында тұрған әрине Кұң Цзы, оның атына берілген храмдар өте көп. (Қытайда 1500-ге жуық). Жалпы қытайлық табынуға кейбір тұлғалар да лайықты; Хуанди мен Фуси даналар, Амитаба, Майтрей, Гуань-инь буддалары және де соғыс құдайы Гуан-ди.
Жоғарғы бүкілқытайлық құдіреттілер қатарына Ұлы Нефриттік император Юйхуан шанди де қосылады. Ол Қытай пантеонында алғаш рет б.з.д. І-ІІ м.жылдықта пайда болып, тез арада бүкіл құдайлар, рухтар, батырларының жоғарғы басшысына айналды.
Қызметі бойынша қарапайым жергілікті дәстүрлік тобы болды. Солардың ішінде орталық орынды территорияларды қорғаушы-құдайлар, ауылдық, туд-шендер және қалалық чэн-хуандар иеленді. Олар жергілікті халықты қауіптіліктен, жоқшылықтан қоғады. Олар сонымен қатар Юйхуан Шандиге оларға берілген территорияларының жағдайларын жеткізіп тұратын қызметті атқарған.
Әр отбасы аясында тәртіп үшін жауапкершілік атқаратын басқа да рухтар болды. Бірінші орында белсенділігі жағынан үй ошағының рухы – Цзао- Шэнь тұрды. Оның суретімен бейнеленген қағаз қабықша әр үйде ілініп тұрды. Айтулар бойынша, Жаңа Жылға жеті күн қалғанда Цзао – Шэнь, Юйхуан шандиге өзінің хабарламаларымен кетеді. Ол жол жүріп кеткен кезде үйде оның бейнесіне жақсы күтім жасап және аузын сірнемен жағып қойған (артық нәрселер айтып қоймас үшін аузын ашуға қиын болу үшін жылқысы үшін де саман шөп ілініп қойылған. Сол кезде Цзао Шэнь келгенше үй іші жиналып, тазартылған. Сонымен қатар Жаңа Жылға дейін қарыздардан құтылып, барлық істі тәртіпке келтіру қажет.
Цзао-Шэннен басқа неке жөнінде жұбайлардың тағдырын қорғаушы рухтар болды. Қорғаушы рухтар қатарында түрлі қол өнер мен мамандықтар қорғаушылар болды. Мысалы, балықшылар қорғаушысы Цзян-тайгун, дәрігерлердікі – Яо- Ван, теңізшілердікі – Доу-Му, үй жануарларын қорғаушылары - Ню ван, Ма вэн және т,б,
№10 лекция. Қытайдағы басқа діндер. Тибеттік буддизм. Ламаизм және тантризм. Цзонкаба реформасы және ламаизм
Ортағасырдың аяғында, буддизмнің хинаяналық бағыты, сонымен қатар, махаяналық бағытының қытайлық модификациясы негізінде, екі ұлы цивилизацияның ұштасуында, Тибет ауданында, осы дүниежүзілік діннің ерекше формасы пайда болды. Осылайша тантризм, махаяна және Тибеттің қара діні бір арнаға тоғыса келіп, тибеттіктердің өздері «жол» немесе «заң» деп атайтын, еуропалық ғылымда ламаизм деп аталған буддизмнің қуатты бір тармағы орнықты.
Ламаизм негізіндегі лама яғни «аса мәртебелі» деген дін басыларына, діни ұстаздарға қатысты қолданылған.
Тибеттік буддизмнің бірегейлігі – ХІІІ ғасырда басталған ілімді, рухани және қоғамдық биліктің таралуының дәстүрінің болуы. Осы ой дамып, рухани және қоғамдық билік Далай-ламалардың қолында жинақталатын болды.
Буддизмді бірінші болып ұстанған тибеттіктер – кянгалар болды. Б.э.д. ІV ғасырда олар Қытайдың солтүстік бөлігін билеген кезінде ұстанды, бірақ бұл Тибетке өз әсерін тигізген жоқ.
Ламаизм генезисінің кезеңдері
VІІ ғасырдың І-жартысында Тибеттің Хотаннан (Шығыс Түркістандағы Тарим өзенінің оңтүстігі) келген буддизммен алғашқы байланысы болды. Орталық, шығыс Тибет, сонымен қатар, Батыс Тибеттегі Шанг-шунг пен Мьянманың солтүстігін билеген Сронцзан Гамбо (629-649) патшасы қытай және непал ханшайымдарына үйленді. Ханшайымдардың екеуі де өздерімен бірге Будда суреттерін, сол дәстүрлердің астрологиялық және медициналық тестерді және қасиетті реликвияларды алып келді. Сронцзан Гамбо ежелгі Үндістандағы Ашока сияқты, буддизмнің ұлы қамқоршысы болып, нтижесінде ол және оның екі әйелі құдай деп танылды және де адамдардың құрметтеріне ие болды. Оның өлімі Тибеттегі буддизация үрдісін тежетті. Гамбодан кейін, оның ұрпақтарының бірі буддизмді қолдап, Кафирстаннан буддийлік тантризмнің білігі – Падма Самбхаваны шақыртты. Падма құлдыраған буддизмді қалпына келтіріп, оған айқын тантризмнің көрінісін (магия, дуалар) берді. Алайда бұл буддизмнің тұрақтануына көмектеспеді. ХІ ғасырдың ортасында Үндістандық Атиша бірнеше реформалар өткізіп, буддизмді қайта жандандырды.
Атишаның классикалық буддизм, монастырлық дисциплинаға бағытталған реформаларға Падма Самбхаваны қолдаушылар қарсы шықты. Олар магия мен тантризмнің басқа да әдістерін ұстануға шақырды.
Цзонхава реформасы және ламаизм
Тибеттің шығысынан шыққан Цзонхава (1357-1419) жастайынан буддистік білім алып, жоғарғы рухани атақтарға ие болды. Оның реформалары негізінен, Атиша сияқты, классикалық буддизмнің нормаларын қайта құру, яғни, некеге тұруға тыйым салу, қатаң монастырлық тәртіп енгізу болды. Нәтижесінде оның ілімі гэлукпа атауын иеленді. Сонымен қатар, Цзонхава,сиқырлы салт-жораларды шектетуге тырысты. Цзонхавалық ламаизмде тек қана Буддаға табыну аз болды, оған қоса буддизмнің классикалық «үш қазынасы» - будда, дхарма және сангхаға берілгендігін білдіру қажет болды. Ұлы ілімді ұғыну үшін қажетті талап – оқушы мен оқытушы арасындағы тікелей, сенімді және сөзсіз бағыну байланысының болуы. Ламаизм теориясының негізін Цзонхава қалады. Содан кейін, ламаистер барлық буддистік мәтіндерді жинақтап, 108 томдық Ганджур жинағына енгізді. Оған маңызды сутралардың тибеттік аудармалары, Хинаяна, Махаяна және Варджаяна трактаттары, көптеген әңгімелер, Буддаға байланысты үзінділер, сонымен қатар, астрология және медициналық шығармалар кірді. Ганджурдың канондық мәтіндеріне түсіндірмелер жинағы Данджур болып табылады, ол 225 томнан турады. Осы жинақтардан басқа, ламаистер Цзонхаваның шығармаларын құрметтейді.
Далай-лама және ламаизмнің негізгі теориялары
Ерте буддизм кезінде қайта туылу туралы теориялар жетілдірілді, олар генетика жағынан упанишад теорияларына байланысты болды. Өлгенннен кейін дхарма жиынтығы ыдырап, кармаға байланысты жаңа түрде қайта пайда болу – карманың қайта туылу теориясы ламаизмде ары қарай дамып, жаңарып қайта келу теориясына айналды. Бұл теория бойынша, жоғарғы ламалар – будда, бодисатва немесе басқа да аса құрмет тұтатын әулиелер мен батырлардың қайта келуі болып есептеліп, құдай дәрежесін иеленді. Бұл Далай-ламадан монастыр бастығына дейінгі – жоғарғы тибеттік дінбасылар теориясы легитимация мен сакрализацияның доктриналды негізіне айналды.
Цзонхава өзінің екі шәкірттерін екі жоғарғы лама қызметіне тағайындады. Олар өлгеннен кейін (9 ай өтіп) жаңа туған ер балаларға айналып, көптеген қатаң тексерістерден кейін, өлген ламаның келесі қайта келушісі деп жарияланатын. Осы екеуінің үлкені – Далай-лама, Авалокитешвара бодисатвасының қайта келуі, ал екіншісі – Панчэн-лама – будда Амитабаның қайта келуі деп саналды. Сокральді жоба бойынша будданың бодисатва қайта келуінен жоғары болса да, Далай-лама өзінің астанасы Лхасада, өзінің қолына рухани және саяси билікті жинақтады.
Алғашында бұл сала Тибеттің территориясында ғана болса, XVI ғасырда ламаизм Монғолияға кең таралды. XVII-XVIII ғасырларда ламаизм бурят, қалмық, тува халықтарыныңарасына де енді. Олар Далай-лама беделін мойындаса да, өздерінің хубилгандары болатын. Монғолияда ол – Хутухта (Богдо-гэгэгн) болған, 1921 жылғы революция қарсаңында ол елдің рухани және саяси басшысы болды.
Ламаизм Махаяналық мақсатындағыдай, нирвананы құтқарудың жолы деп танымай, оның орнына кең космологиямен алмастырды. Алып космология жүйесі ламаизмде қатаң тәртіпке келтірілген. Оның шыңында – Адибудда тұратын. Оның негізгі атрибуты – Ұлы Бостық (шуньята). Будда атағына жету, тек санаулы адамдарға ғана мүмкін болды, қалғандарына сәтті қайта туылып, Амитабаның Батыс жұмағында (сукхавади) дүниеге келу негізгі мақсат болды. Жұмақ пен тозақ туралы ой Махаяналық буддизмнен келсе де, ол исламнан алынғаннан байыды. Жұмақ пен тозақ тек уақытша мекен, ол адамды қайта туылы шеңбері – кармалық сансарадан жоймайды, карма таусылғаннан кейін, ерте м, кеш пе қайта дүниеге келеді. Маңызды мақсат бұл – адам болып қайта туылу, ал ең маңыздысы – ламаизм елінде дүниеге келу болды.
Ламаизм пантеондары
Будда және бодисатва, әулие мен батырлар дүниесі Махаяналық буддизм кезінде толығып жатты, ламаизмде де кеңейіп, белгілі бір тәртіпке келтірілді. Осы құдайлық тұлғалардың иерархиясы өте күрделі. Будда мен бодисатвалардың басында ұлы Будда (Гаутама Шакьямуни) емес, дхиана-буддалардың бесеуінің бірі – Амитаба тұрды. Амитаба Батыс жұмақ иесі және Шакьямунидің ісін жалғастырушы болып саналады. Кейбір аспектілерде Амитаба будданың эманациясы – бодисатва Авалокитешвара аса құрметтеледі. Басқа будда, бодисатвалардың ішінен ламаистер болашақтың буддасы – Майтрея мен Маньчжушри бодисатвасын ерекшелейді.
Будда және бодисатвалармен қатар, түрлі құдайлар мен рухтар жоғары саналады. Олардың арасындағы қорғаушы-докшиттер – иконографияда құбыжықтар ретінде суреттеледі.
Сонымен қатар, әйел құдайларының культі де үлкен рөл атқарады. Олардың ішіндегі жоғары саналатыны Лхаса қамқоршысы - Лхамо құдайы. Төмеңгі дәрежелі құдайлар мен рухтардың арасындағы бүкілқытайлық пантеоннан алынған қытайлық ұзақ өмір бейнесі – Шоу-синнің тибет-монғолдық түрі -Цаган убугун.
Ламаизмдегі ең жоғары тұтатын қасиеттілер категорясына, діннің негізін салушылары –Атиша мен Цзонхава және Махаяна бағытының негізін қалаушы – Нагарджун кіреді.
Қазіргі ламаизмнің дамуы
Ламаизм Орталық Азия төңірегіндегі халықтардың (әсіресе Тибет) тарихи тағдырларына зор үлес қосты.
Ламаистік доктрина Далай-лама мртебесін көтеріп, Тибетті буддизмнің сакральді орталығына айналдырды.
Монғолиядағы ламаистік шіркеу бастығы Богдо-гэгэн бірнеше жылдар бойы бүкіл ұлттың циндік билікке қарсылығын бағыттаушы ретінде болды. Тек 1921 жылы Монғолия Халық Республикасы құрылғаннан кейін, Богдо-гэгэннің діни билігішектелініп, саяси биліктен айырылды.
Тибет Қытайдың құрамына енгеннен кейін, бірнеше ғасырлар бойы өзінің ұлттық-діни және саяси автономиясын сақтады. Бірақ ҚХР құрылғаннан кейін, 1959 жылы 17 наурызда ХІV Далай-лама өзін қолдайтын лама мен миряндар тобымен Лхасаны тастап, Үндістанға жер аударды. Бұндаламаистік храмдар салынып, ламаизмнің жаңа діни орталығы салынды. 1966-1976 жылдары ҚХР-дағы Мәдениет төңкерісі ламаизмнің әулиелері мен құндылықтарына әсер етті. Қытай Коммунистік Партиясның белсенділері қазіргі кезде Тибетке өте қатал, Тибетті аз ұлт өкілдері шоғырланған шеткері аймаққа айналдыруды көздейді. Ламаизм дін және тибеттіктердің өмір сүру салты ретінде саналып, таулы мемлекетте ерекше орын алып, үлкен рөл атқаруда.
№11 лекция. Ислам. Исламға дейінгі Араб елдері. Мұхаммед және ханифтер. Мұхаммед және оның ілімдері. Хиджра. Алғашқы халифтер
) Ислам дінінің араб елдеріне енуі, араб елдеріне көптеген өзгерістер алып келді. Соның бір көрінісі араб елдерінде исламмен бірге әйел құқығының да енуі. Өйткені, Пайғамбарымыз сонау VІІ ғасырда: «Жәннет аналардың қадамының астында,» - деп әйелдің, аналық қаншалықты мейірбанды, қаншалықты ихтирамға тұрарлық екенін айтқан.
Ал исламға дейін Жәһілия арабтарында әйелдің ешқандай құқығы жоқ еді, ері әйелін қалаған сәтте некеден босата салушы еді. Еркектер үйленудің, әйел алудың шегі-шекарасы жоқ еді. Арабтар соғысқа аттанғанда әйелдерін, қыздарын өздерімен бірге ала жүретін, әдет заңы бойынша, екі жақтың қайсысы соғыста жеңсе, екінші жақтың әйелдері мен қыздарын иеленіп алуға құқығы бар болатын. Арабтарда рушыл намыс өте күшті еді, әрбір араб өзінің руын жоғары көтеруді үлкен міндет деп санайтын. Осы себептен рудың намысына дақ келтіруі ықтимал деп, жаңа туылған қыз баланы тірідей көму әдеті қалыптасқан. Қызымыз тұтқын болады, күң болады, руымыздың намысы қараланады деген наныммен, әсіресе, Әсед уә Тәмим руларында осы нәфретлі әдет кең тараған. Арабтардың рулық асабийаттан пайда болған тағы бір әдеті бойынша олар қыздарын араб еместерге-ғажамдарға ұзатпайтын. Қызын арабтан басқа ұлтқа беру ең үлкен ұят саналатын. Әйелдердің һәһилия қоғамындағы орны туралы кейінгі тарауларда кеңірек айтылады. Исламият жоғарыда айтқанымыздай әйелдердің құқықтарын белгілеп, оларды қорлайтын хұрафаның бәрін жойды.
б) Ислам- әлемдегі күшті дамыған діндердің үшіншісі және соңғысы. Ол Таяу шығыста пайда болған. Ислам - шығу тегі жағынан Иудизм мен христиандағыдай қағидаларын және сондай мәдени дәстүрлерден бастау алған. Соған қарамастан ислам өзгеше өзіндік ерекшелігі бар дін.
Ислам араб тілінен аударғанда «бой ұсыну» деген мағына береді.
Ислам- б.д. VІІ ғасыр басында Батыс Арабиядағы жергілікті араб тұрғындарының арасында пайда болған. Бұл тұста араб қоғамының әлеуметтік құрылымы күрделі де, олардың арасында қанды қақтығыстар жиі болып, парсылар мен эфиопалықтар Оңтүстік Арабияны басып алып, Арабия арқылы өтетін керуен тжолын кесіп тастады. Бұл сауданың құлдырауына әкеліп, шығынның орныны тек сырттан жаулап алу арқылы толтыруға болатын еді. Ол үшін тайпаларды тек саяси жағынан емес, идеяллық жағынан да біріктіру қажет болды. Бұл қоғамдық қажеттілік бір ғана діннің астына бірігуге шақырған уағыздаушылардың халифтердің іс-әрекеттеінен көрініс тапты. VІІ ғасырда мұндай халифтер көп болды. Тіпті әр тайпаның өз халифі болды. Олардың арасында келешек ұлы пайғамбар, ислам теократикалық мемлекетінің іргетасын қалаушы жас Мұхаммед Алланы тек өзінің тайпасының құдайы деп, кейін әлемдік жалғыз құдай идеясының мәнін түсініп, соған шақырды.
Мұхаммед 570 ж 29 тамызда дүниеге келіп, 632 ж 6 маусымда қайтыс болған. Ол 40 жасқа келгеннен кейін уағыз айтуды бастап, 610 ж өзіне бағытталған шақыруды естиді. Бұл жөнінде Тауратта жазылған. Мұхаммед бас тартады, екінші рет, нені оқу керек деп сұрайды, ал үшінші рет ол өлеңмен тіл қатты, бұл Құранның 96 сүресіне айналған. Ол өзін Алланың жердегі елшісімін днп, осылайша Ислам дінін уағыздау мен айналасып, Ислам дінінің негізі қаланды.
Ислам діні. Мұхаммед және оның ілімі.
Ислам «Мұхаммед пайғамбарлардың мөрі» - деп айтады. Өйткені ислам діні адамзат баласына келген және келетін ең соңғы хақ дін, Мұхаммед Алланың соңғы елшісі саналады. Мұхаммедтің өмірі: ақиқат пен аңыз. Әшім одан кейін оның баласы Әбд-әл-Мүталлиб Қағбаның шырақшылары, аса беделді адамдар болды. Әбд-әл-Мүталлибтен, Әбу-Талліп, Әбд-Лахаб, Ғаббас, Хамза және Әбдаллаһ деген ұрпақтар өнді. Әбдаллаһ өте көркем еді, ол құрайыш тайпасынан Әмина атты қызбен некелескен, осы некеден Алланың рахымымен раиғұл -әууел айының 12 кешінде, бейсенбі күні, (23 маусым) 571 милад жылында Мұхаммед ғ.с. пайғамбар дүниеге келді. Мұхаммед ғалайһисаламның дүниеге келуі туралы ақиқат пен аңыздың арасы пышақ жүзіндей. Тіпті оның туған айы мен күнінде шүбә болмаса, жылы кейбір деректерде милад немесе жаңа жыл санауға байланысты 570 жыл деп көрсетілген. Пайғамбардың туылуынан 2 ай бұрын әкесі, туылғаннан кейін 6 жасында шешесі дүниеден кетті. 8 жасына дейін атасы Ғабұл-Мүталіптің, одан кейін немере ағасы төрт шын абзал халифтің бірі – хазірет Әлінің әкесі Әбу-Талиптің қолында тәрбиеленді, ол бала кезінен адал, шыншыл еді. Сол себептен оны «Мұхаммедүл -әмин», «Сенімді Мұхаммед» деп атаған. 25 жасында өзінен 16 жас үлкен Хадиша деген әйелге үйленіп, 4 қыз және Қасым атты 1 ұл сүйеді. Бірақ, Пайғамбардың көзі тірісінде Фатимадан өзге балалары тегіс дүние салды. Пайғамбарымыздың Хадишамен некесі үйлесімді болды, араб дәстүрі рұқсат етуіне қарамастан Мұхаммед Хадишаның көзі тірісінде оның үстіне әйел алған жоқ. Хадиша өлгеннен кейін де Мұхаммед біраз әйел алды, олардың ішінде жасы да болды. Мұхаммедтің көп әйел алуы исламның ережесіне айналып, бұл Қасиетті Құран мен Шариғатта заңдастырыла түсті. Мұхаммедке пайғамбарлық қырық жасында келді, оғанға дейін ол Дамшаққа дейін керуен тартып, көп жерлерді көрді деп, діни кітаптарда жазылған. Ол Хира тауына оңашаланып, терең ойларға беріледі. Осындай оңаша сәттердің бірінде оған үн келді, ол «Оқы!» деп әмір етті. Пайғамбарымыздың «Мен нені оқимын?» деген сұрағына Қасиетті Құранның беташар аяты келді. Мұхаммед ғажаптанып қайда мойын бұрса да, алдында адам бейнесіндегі Жебірейлі періште тұрды. Ол Мұхаммедке Алланың елшісі екендігін айтты. Кейіннен Жебірейлі арқылы Алланың тағы аяттары аян болды. Хадиша оны мұның бәрі жаратушы хақ тағаланың әмірінен екендігін түсіндірді, сендірді. Өзі мұсылман болды. Осыдан бастап, Мұхаммедтің пайғамбарлығы, адам баласын адамшылдық нәрімен сусындатты, қияметке дейін сөнбейтін ғылым, білім, мәдениет күннің шырағы бүкіл дүниені нұрландырды. Ол ислам дінін үш жыл құпия таратты. Кейін Алланың әмірімен халықты тура жолға ашық шақыра бастады.
Ислам оның негізгі ілімдері. Қасиетті Құран және Шариғат.
Құран- мұсылмандардың ең қасиетті кітабы. Ондағы жазылғандардың барлығы Алланың көктен жіберілген сөзі ретінде қарастырылады. Аңыз бойынша, Мұхаммедке Қасиетті Құранның мазмұны түсінде Жәбірейін арқылы жеткен.
Қасиетті Құранның мазмұнын мынадай төрт нәрсені бөлектеп қарауға болады:
Діни оқуды баяндаудың тірегі;
Заңды және адамгершілік нормалары;
Аңыздар, мифтер мен ертегілер;
Тарихи, географиялық, этнографиялық ерекшеліктер жайлы мәліметтер.
Қасиетті Құран VII ғасырда арабтардың өмірінің барлық салалары көрініс тапқан араб тілінде жазылған тұңғыш жазба ескерткіш.
Қасиетті Құран 114 сүреден, жалпы халықтық тізімі бойынша 6225 аяттан тұрады. Қасиетті Құранның жасалуы жөнінде бірер сөз. Қасиетті Құран ауызекі шығармашылықтың негізінде түзілді деген ислам тануда көпшілік мойындаған пікір бар. Мұхаммедтің өзі сауатсыз болған. Ол өзінің уағыздарын өлең түрінде айтты, сөйтіп олар есте оңай сақталып, ауыздан ауызға таралып кетті. Мұхаммед өлгеннен кейін Халиф Әбубәкір тұсында (633 жыл) барлық текстерді жинастырып, ауызша жатқа білетіндерден жазып алу жөнінде идея туындайды. Сөйтіп бұл жұмысты хатшысы Мұхаммед Жейд Ибн-Сәбитке тапсырады. Ол біреулердің айтқандарын сүйектерге, пергаменттерге, саздан жасалған кестелерге жазылған текстерді жинастырып, салыстырып сүрелерді құрастырды. Бұл жинақ Сухуф деген атпен белгілі.
Бірнеше ондаған жылдар өткенде Сухуфтан айырмашылығы бар халық арасында тағы бірнеше жинақтардың бары белгілі болды. Сондықтан Халиф Осман Мұхаммедтің үндеулері жазылған барлық жинақтары мен фрагменттерінің басын қосып, бірегей Құран жасауды тапсырды. Қасиетті құран текстерін қағидаға айналдыру шамамен 650-690 жылдары аяқталды. Сол Осман Құраны бізге жетті. Қасиетті Құранның сүрелері жөнінде зерттеушілердің пікірі әртүрлі. Бірақ олардың көпшілігі Мекке мен Медине кезеңіндегі сүрелер стилі, мазмұны, көңіл-күй әсерлері бір-бірінен өзгешеліктерімен ерекшеленеді деген көзқарасты жақтайды. Мекке кезеңіндегі сүрелер қысқа, өткір, әрбір сөзі атылған оқтай қадалатындығымен ерекше. Медине сүрелері ұзақ, байсалды, сабырлы болып келеді. Оларды «рахманды» деп те атайды, «рахман»-қайырымды дегенді білдіреді.
Қасиетті Құранның мазмұнында көптеген қарама-қайшылықтар кездеседі. Бұны Мұхаммедтің 22 жыл басты айтқан уағыздары тұсында болған өзгерістерге, жағдайларға байланысты кейбір уағыздарын өзгертіп отырғанымен түсіндіруге болады. Сондықтан Қасиетті Құранда «насх»- өзгерту теориясы жасалды. Осыған орай кейінгі сүрелер алдынғылырын алмастырып отырды.
Шариғат-барлық мұсылмандар үшін орындалуы тиіс исламда көрсетілген адамгершілік заң құрылымдары. Басқа құрамына білім мен діни талаптар енген. Оның құрылуына заң, адамгершілік және діни ғұрыптық қатынастар тең деңгейде әсер етті. Шариғаттың жан-жақты болуының себебі, ислам пайда болғаннан ХІХ ғасырдың соңына дейін мұсылман әлемі басқа заңдарды білген емес.
Мұсылман заңтануында Шариғаттың шыққан көзі Құран, Сунна, Иджма және Қияс деп танылады. Шариғатты жетілдіру процесінде жағдайға байланысты негізгі категориялар жасалған. Ондай категориялардың қатары бесеу: оның екеуі мұсылмандардың міндетіне байланысты: парыз-қатаң міндетті бұйрықтар (әр мұсылманның парызы: иман келтіру; бес уақыт намаз оқу; зекет беру; ораза ұстау; қажылық сапар), мандуб-мақұлданатын, бірақ міндетті емес бұйрық. Екеуі шектеу салатын категорияға жатады: харам-үзілді-кесілді тыйым салынатын әрекет және макрух-тыйым салынбаған, бірақ мақұлданбайтын әрекет. Соңғы категория мухаб-бұл әрекетке ислам бейтарап қарайды.
Ислам діні және ғылым
Доктор Миллер-Канаданың ең атакты христиан уағыздаушысы исламды қабылдап, Канаданың ең белгілі де беделді ислам уағыздаушысына айналды. Ол тек христиан миссионерлігінің даңтты мүшесі болып қана қойған жоқ, сонымен қатар христиандардың киелі кітабынан мықты білімі болды. Ғылымдардың ішінде жақсы көрсететін саласы математика болғандықтан, логика мен диалектика ұнайтын.
Бір кездері Қасиетті Құранна қате табу және мұсылмандардың ішінде беделін жоғарылатып христиан дініне шақыру мақсатымен Қасиетті Құранды оқымақшы болды. Ол Қасиеетті Құранды шөл даланың өмірін әңгімелейтін 14 ғасыр бұрын түскен, Мұхаммедтің (с.ғ.с) өміріндегі қайғылы, ауыр жағдайларды, мысалы әйелі Хадишаның (р.а) өлімі туралы және оның балалары мен қыздарының бейнесі жайлы жазылған ескі кітап деп ойлаған. Бірақ ол кітапты ашып оқығанда ол жерде жазылғандарды көріп, абыржып қалды. Өйткені Қасиетті Құранда жазылған нәрселер әлемдегі басқа ешбір кітапта жоқтығын жаңалық етіп ашты. Оның қатты таң қалғаны Қасиетті Құраннан Мариам атты жеке сүрені кездестірді, оған деген бұндай құрметті ол ешбір христиан кітабынан кездестірменген еді. Одан да қатты таң қалып әрі ұят болған жері Айша мен Фатима (Пайғамбардың әйелі мен қызы) атты бірде-бір сүре таба алмағандығы, сондай-ақ Исаның аты 25 рет аталған, ал Мұхаммед (с.ғ.с) аты 5 рет аталған. Ол тағы да Қасиетті құраннан қате табу мақсатымен мұқият оқи бастады, бірақ ол «Ниса» сүресіндегі мына ұлы керемет сөздерді оқығанда өзінің төбесіне жәй түскендей сезінді, Жаратушының айтқандарына таңданды: «Ал сонда олар Қасиетті Құранды түсінбей ме? Егер Аллаһтан басқаның қасынан болса еді, әрине олар көптеген қайшылықтар табар еді. («Ниса» сүресі, 82 аят). Қасиетті Құранның тағы бір ғажайыбы, оның ешбір жерінде қарама-қайшылықтар кездеспейді.
Ол келесі бір сөзінде « өзінің шығармасын қатесіз деп айта алатын автор жоқ екендігін, Қасиетті Құранның ішінде бірде-бір кемшіліктің болмайтындығын алға тартты. Доктор Миллерге және қатты бір әсер еткен «Әнбия» сүресінің 30-шы аяты еді «Қарсы болғандар, негізінде көктер мен жер тиіскен жер еді. Екеуін ажыратқанымызды, әр жанды нәрсені судан ажыратканымызды көрмейме? Сонда-ақ сенбей ме?»
Бұл аят оның ғылыми зерттеу тақырыбымен айна қатесіз бірдей болып шықты. Ол осы зерттеудің арқасында 1973 жылы Нобель сыйлығын алған болатын. Бұл зерттеу барысында үлкен жарылыстың себебінен бүкіл ғалам пайда болғандығы теориясы негізделген. Ал аятта да барлығы бір бүтін болғанын, одан кейін оның жарылып бөлінгендігі, бір-бірінен ажырағандығы айтылып тұр.
Бұдан өзге көптеген тек енді ғана ашылып жатқан табиғат заңдары мен көптеген ғылыми соның ішінде әсіресе математика, физика, химия және басқа жаратылыстану салаларындағы жаналықтардың барлығы Қасиетті Құран кітабында жазылып қойған екен. Мысалы: Мухит зертеушілерінің зертеу нәтижесәнде Қызыл теңізізінің ащы және тұщы суларын бөліп тұрған перденің бар екендігі ХХ ғасырда ғана белгілі болды. Дәл осы мәлімет VІІ ғасырда Қасиетті Құранның ІV бөлігі яғни Тарихи географиялық, этнографиялық ерекшеліктер жайлы бөлімінде айтылып кеткен.
Осы себептен небір атақты ғалымдар өз өмірлерін арнаған еңбектеріндегі бағалы да маңызды жаңалықтарын Қасиетті Құран кітабынан тауып оқыған сәттен бастап ислам дінін қабылдап отырғандар жиі кездеседі.
№12 лекция. Ислам және оның ағымдары: шиизм, суннизм, суфизм
Ислам және оның ағымдары: шиизм, суннизм, суфизм (сопылық)
Пайғамбар Алланың рахымына бөленгеннен кейін исламда негізгі 2 тарап айқындалды. Олар: суннилер және шииттер. Мұхаммед өзінің соңғы күндерінде қатты науқастанып, бұрынғыдай намазда ілгері тұра алмады, ол Әбу Бәкірді нұсқады, бұл мезгеуін мұсылмандар Әбу Бәкірді (632-634) өз орнына қалдыру есепті қабылдады. Одан кейін пайғамбардың сахабалары Омар (634-644), Осман (644-656), халиф болуына Осман туыстары қарсы болды. Мұхаммед ислам арсыланы қаһарына мінсе, қарсы болмаңдар деген өсиет қалдырып, Әлі (656-661) халиф тағына отырды. Осы уақыттта исламда оқшаулану көрініс берді, Әліге қарсы халифтер пайда болды. Ақыры Әлі солардың қолынан қаза тауып, таққа Әлінің және Османның ұрпақтары, соның ішінде Мағауия ұмтылды, жеңіске жетті. Осыдан кейін суннилер мен шииттер ара жігі ашылды.
«Сунна»- араб тілінде «жол» деген мағына береді. Суннилер хадистері нағыз мұсылмандар жүретін жол деп таниды. Суннилер негізгі 4 мазхабқа бөлінеді. Олар:
ханифийлер;
шафиғилер;
мәликилер;
ханбалилер.
Сунниттер өзі өз ішінде асхабу рай, асхабу хадис болып екіге бөлінеді. Сунниттік бағыттың шииттік бағыттан негізгі айырмашылығы, олар Мұхаммед пайғамбарымыздан кейін Алла мен адамдар арасында елшінің болғандығын және Әлінің басқа халифтерден басым ерекше екендігін, әрі оның ұрпақтарының имаматқа толық мұрагер екендігін мойындамайды.
Шииттер (шиа- қосылу, бірігу), 4 тармағы бар. Олар:
Исмашиттер (карматтар);
Шеткілер (гулаттар);
Зайдиттер;
Имамиттер.
Шииттіктің елеулі ағымдарының бірі-имамиттер. Шииттер үшін имаматтық Алла тағаланың әмірі. Сондықтан шииттік баспалардан шыққан Құран кәрімдерде Әліні ерекше марапаттаушы қосымша сүре жазылған. Шииттерде хадистер жинағы Ахбар деп аталады. Олардың пайымдауынша Алі тұқымының 11 имамы әл-Хасан әл-Әскари (873 ө.ж) дүниеден өткен соң , 12 имам болып таққа соңғы имамның жасөспірім баласы Мұхаммед отырады, ол көп ұзамай жоғалып кетеді, кейбір риуайаттарда жасырынып қалады. Оны «жасырын» имам-махди деп атаған, тарихта бұл жасырын имамға деген сенім талай секталардың дүниеге келуіне негіз болды. Осымен қатар шииттіктер адам өміріне шын сенімі үшін қауіп төнетін болса, оны жан амандығы үшін жасыруға болады деп санайды. Оны «такийа» деп атаған. Ал сунниттіктердің айтуынша егер адамға дні үшін қауіп төнетін болса немесе оны басқа дінге кіруге мәжбүр ететін болса, Құран ол адамға бөгде жерге қоныс аударуды бұйырады.Сонымен қатар сунниттіктер шииттіктерденде қалыптасқан, өз заманында Омар тыйым салған, уақытша некені де мойындамайды. Бұған өзге бұл екі бағыттағылардың ғұсыл алуда, дәрет алуда, намаз оқуда және бірқатар ғибадат түрлерін орындау тәртіптерінде өзіндік айырмашылықтары байқалады.
Сонымен қатар исламда мистикалық бағыт сопылық (суфизм) бар. Бұл бағыт исламның пайда болған алғашқы жылдары-ақ бой көрсете бастады. Оның сопылық деп аталуында әр түрлі тарихи деректер бар. Батыс ғалымдары Х ғасырдың бас кезіне дейін бұл бағыттың түбірін грек тілінен шыққан десе, ал екіншілері «сопы» түбірі арабтың «суф» жүн деген мағынадағы түбірінен туындаған деген. Өйткені басты себебі, сопы әскеттері өз заманында жүннен тоқылған киім киген. Бұл жөнінде ең көне сопылық трактаттардың авторы Абу Наср ал-Фараж еңбегінде толық баяндалған. Ал көпшілік бұл атау арабтың «сафа» таза деген сөзінен шыққан дейді. «Сафа»- дүние қызығушылығы мен тартымдылығына берілмей өздеріне тоқтау салып, нәпсілерін тыя білгендерге тән. Өздерінің мистикалық жолдарында әрбір сопы мынадай деңгейлерден өту қажет:
Шариғат̵ ислам заңдарын бұлжытпай орындау;
Тариқат- ереекше тақуалықпен ғибадаттар, ізденістер нәтижесінде хақ тағала жақындау, нәпсіні тыю;
Марифат-Алла тағала тұрғысынан әлемнің бәрі бір екендігін жүрекпен тану;
Хақиқат (шындық)-танушының құдіретпен үндесуі.
№13 лекция. Христиан діні. Христиан дінінің пайда болуы. Иудаизм және христиан діні. Христиан дінінің негізгі тұрғылары. Католицизм және реформация.
Император жарлығы бойынша,сириялық-несториандық бағыттың христиандары үшін, астана аумағында белгілі құқықтар мен иммунитеттер берілген кезеңде,яғни VIIIғасырда Қытайдағы христиан діні жайлы алғашқы нақты мәліметтер келтірілді. Монғолдардың Юань династиясы(1271-1369) тұсында теңіз жағалаулық провинцияларының территориясында христиан дінінің таралуын итальян католиктерінің жерлеу рәсімі дәлелдеп, генуэзиялық саяхатшы Марко Полоның саяхат күнделігінде және Еуропа билеушілерінің елшілері Г. де Рубрук, И. де Плано Карпинидің жазбаларында,бұл династия жерін мекендеген, христиан-қолөнершілері жайлы мәліметтер келтірілген.
XVIғ.соңынан Қытайда христиан дінін насихаттау басталады, бұл иезуит Маттео Риччидің жергілікті тұрғындарды шоқындыру әрекеттеріне байланысты болды. Шоқынған қауым қатарында жоғары дәрежелі шенеуліктер де бар еді. Сол кезеңде алғаш рухани католиктік миссияның негізі қаланды. Католик дін басылары астроном, математик, инженер т.б. сияқты мамандықтар бойынша қызметке алынды. Христиан дінінің православлы миссиясы XVIIғ.соңында қалыптасып, Пекин территориясында орналасқан Албазин бекінісінің,тұтқынға түскен, орыс күзетшілері мен олардың ұрпақтарының қоғамында қатал түрде таралды. Сол уақытта,яғни XVIIғ. соңына қарай,кейбір санақ бойынша, христиан-қытайлықтардың саны 150 мыңға жетті. XVIIIғ.бас кезінде Қытай шекарасында католицизмді насихаттауға тыйым салынды. Кейін XIXғ.бастап, Қытайға саудагер немесе аудармашы ретінде протестант-миссионерлер қоныс аудара бастады. Бірінші болып,ел ішінде ағылшын шіркеуінің іс-әрекеттері басталды.
Протестант-миссионерлер батыс қытайтануының дамуына аса зор еңбек сіңірді. Протестанттық конфессиялар әрекетінің белсенді болуы XIXғасырға сәйкес келді.
1858 жылы екінші «опиум» соғысынан кейін, Қытай мен Франция арасындағы Тяньцзинь келісімшарты барлық миссионерлерге дінді насихаттау тәуелсіздігін, мүлікке ие болу құқығын,олардың заң жүзінде қорғалуын қамтамасыз етті. Миссионерлер,өз алдына, батыс мәдениеті мен әлеуметтік ойларды,ғылыми әрі техникалық табыстарды халыққа жариялау барысында белсеңділік танытып, мектеп,аурухана,балалар үйін т.б.мекемелер тұрғызылуын ұйымдастырды.
Миссионерлік мектептерде 1890жылғы санақ бойынша-17 мың оқушы дәріс алып, 1917жылы олардың саны 300 мыңға жуық болды. XXғасырда миссионерлік ұйымдар тарапынан бірнеше университеттер мен 20 шақты колледждің негізі қаланды. Кейбір ұйымдар (мысалы « Қытайдағы христиан діні мен жалпы ілім беру ұйымы») тұрмыс пен қоғам, өмір мен білім жүйелеріне байланысты реформаларды насихаттаумен айналысты.
Христиан дінінің болжам жасау,көпшілікті сендіру әрекеттері Қытайда территориясында тұрақтану барысында көптеген қиыншылықтарға тап болды. Ең алдымен, дерексіз күштер (Тянь-Аспан), жоғарғы тағылым жайлы жалпы түсінікке байланысты болғандықтан,Қытайдың негізгі философиялық-діни ілімі (даосизм және конфуцийшілдік) мен пантеизм бағытын жақындата түсті.
Католиктік миссионерлікпен қабылданған, Құдай-«Аспан тәңірі» деген тұжырым, Қытай халқына шындыққа сай келмейтін жағдай болып көрінді. Рәсімдердің күрделі жүйесі атқарушы биліктің барлық салаларында жүзеге асып, қытайлықтар үшін Аспан ризалығына бөлену тәсілі емес,керісінше қарапайым аспан асты патшалығының ақиқатқа сай,шынайы тұрмысын сипаттап, жалпы аспан әлемімен байланысын білдіру әдісі ретінде қолданылды. Осы байланыс,өз кезеңінде,Аспан мен адамзат арсындағы медиатор болған, билеуші император-Аспан ұлының арқасында іске асырылады деп саналды.
Жерортатеңіздік және Таяу шығыс әлемдерінде,сонымен қатар шығыс Азияда геологиялық негіздер мен діни түсініктер арсындағы айырмашылықтар миссионерлік әрекеттерге қиыншылықтар туғызды. Алғашқы кезде бірін-бірі ауыстырып,әрекет етуші циклдардың үздіксіз қозғалысы,сол кезеңде маңызды орынға ие болды. Иудаизм, ислам, христиан діндерінде болашақ мәселесі қорытынды кезең ретінде қарастырылды. Осындай қорытынды жасау барысында қытайлық мәдениетке буддизмнің ықпалы әсер етті. Аспан әлемі әрқашан адам мен ол бастаған әрбір іс-әрекеттеріне қолдау көрсетеді деп саналғандықтан, қытайлықтар үшін күнәҺарлықтың пайда болуы түсініксіз жағдайлардың бірі еді. Тәңір жайлы жалпы ой-толғау негізінде,Христос туылуы,оның қиналып дүниеден өтуі,адмзат күнәларының кешірілуі сияқты құбылыстарға ғылыми тұрғыдан түсініктеме беру қиынға түсті. Сонымен бірге, жеке тұлғаның қолданатын дұғалары терең мағыналы болып, осы тұрғыдан қиындықтар қатарына жатқызылып,қытайлық рәсімдер тарапынан, сезімтал әрі тұрақты дыбыс әуені- мантра деп атала бастады. Жеке тұлға өзі жасаған күнәларын мойындап,шіркеуден кешірім іздеуі, қытайлық салт-дәстүрлерге сәйкес келмеді. Себебі осындай рухани байланыс тек оқытушы-ұстаз бен оқушы-шәкірті арасында ғана болуы мүмкін еді. Адам қалауының тәуелсіздігі (католицизм) мен тәуелділігі(протестантизм) жайлы дуализм іліміне қытайлық рухани-философиялық анықтама буддизм мен көптеген даостық-конфуцийшілдік ұстанымдар тұрғысынан берілді. Сол заманғы даос, қытайлық ерес және будда діндеріне тән түсініктер христиандық милленаризм мен мессиан бағыттарына мағынасы бойынша жақын болды. Христиан ілімі мен қытайлық «ерестер» арасында қандай да бір байланыс барын тайпин идеологиясы анықтады.
Христиан дінінің түсініктері, белгілері,ырымдары мен рәсімдері Қытай халқының салт-дәстүрлеріне жат көрінді, яғни ежелгі қытай мәдениеті тарапынан қарастыратын болсақ, христиан дінінің әдіс-тәсілдері,жалпы ұстанымдары мәдениет пен рухани өмір негіздерінен өзгеше әрі жалған ұстанымдар ретінде қабылданды. Алғашқы христиандық памфлеттер Қытай территориясында XVIIғасырда пайда болды. Бұл памфлеттер мазмұнында «ер баланы құрметтеу» ұстанымына некесіз жүкті болу мәселесінің қарама-қарсы келуі, көтерілісті насихаттайтын, әлеуметтік қағидаларға жатпайтын христиан дінінің жалпы сипаты(мысалы, әулие Христостың қылмыскер тәрізді өлтірілуі ), христиан діні бойынша, Құдайдың мейірімсіздігі, күнәһарлыққа жол берілуі туралы мәліметтер келтірілген. Сонымен қатар, христиан дінінің шыдамсыздығы, атеизм қайщылықтары, құрбандыққа шалу рәсімі мен жалпы қытай дәстүріне қатынасы,соның ішінде, сәйкессіздігі баяндалды.
XIXғасырдың ортасында христиан діні сауатты орта тап қауымымен шектеліп қоймай,сонымен қатар «Би се цзи ши» («Қытайлық ерес бағытын ұстанушылардан шеттетілу жайлы деректер жинағы»1861) атты атақты памфлетке қоса, үгіт-насихат парақтары мен прокламациялар пайда болды. Миссионерлік қолжазбалар мен іс-әрекеттері Қытай халқының ұлттық қасиеттеріне «жабайылар» тарапынан жасалған қастандық деп қарастырылып, қоғам ыдырауы мен ұлттың әлеуметтік беделінің төмендеуінің басты себебі болды. XIXғасырдың өзінде,Қытайда христиан дініне қарсы 300-ге жуық көтерілістер ұйымдастырылды. Олардың ең ірісі- ихэтуандық көтеріліс(1888-1901). Бұл «Бейбітшілік пен әділеттілік одағы» немесе «Бейбітшілік пен әділеттілік үшін біріккен жұдырық» деп аталып, жалпы түрде, ұйымдасқан бір орталыққа біріктірілді. Ал осы одақтың батыстық атауы-«күресшілер көтерілісі» еді. Бұл әрекеттер Қытай державасының құлдырауының басты себебі болғандықтан, 200-ге жуық миссионерлер мен 30 мың христиан-қытайлықтар өлім жазасына кесілді.
XIXғасырдың соңында қытайлық реформаторларының әрекеттері негізінде, әуел бастан әулие Христос пен конфуцийшілдік ілім жақын болғандығы туралы түсініктемелер тарала бастады, дегенмен конфуцийшілдік ілімнің беделі анағұрлым жоғары болды. Реформаторлар басшысы Кан Ювэй Конфуций ілімі негізінде христиан шіркеуін ұйымдастыру арқылы, екі жаққа да ортақ болатын Құдайға сенім мен дін қызметкерлері иерархиясының жобасын ұсынды. Христиан діні мен конфуцийшілдік ілімді өзара байланыстырып, әлемдік дінді қалыптастыру жобасын Лян Цичао мен оның ізбасарлары толығымен қолдады.
Алғашқы қытайлық революционерлер арасында, әлеуметтік-тәрбиелік ілімге қарсы элементтерді христиан дінінен бөлек қарастырғандар (мысалы Сунь Янь) қоғамда ерекше орынға ие болды. XXғасырда Қытай шекарасында бостандық пен бас көтеру идеологиясын насихаттау христиандыққа қарсылық білдіру ретінде қарастырылды. XIX-XXғасырларда белсенділігі артқан діни іс-әрекеттер жоспарына елеулі өзгерістер еңгізілді. 20-жылдарға қарай миссионерлік аумақтардың тең жартысын христиандар құрады.
№14 лекция. ХХ ғасырдың бас кезеңіндегі Қытайдағы әр түрлі батыстық және ұлттық идеоло гия мен ғылыми социализм идеалары арасындағы саяси-идеалық күрес
Қытайда дінге еріктіліктің бұрыннан терең тамыры барын айтуға болады. Мұсылмандар пайда болғанға дейін, сань-цзяо (буддизм, даосизм, конфуциандық) – үш оқу өзара таласты. Бірақ қытайлардың басым көпшілігінің көз алдында діндердің арасында жеңілмейтін тұңғиық болған жоқ. Әлі күнге дейін жергілікті мәтел айтылып жүр: қытай даос болып туылады, конфуциан болып өмір сүреді, буддист болып өледі.
Бір қытайдың өзі бір шырақты даостың кумирнасына да, будданың храмына да еш қамықпастан апарып қояды, ал кейбіреулері бұны Христос нанымен де қосарлап алып жүреді. Мұнда таң қалатын ешнәрсе жоқ, егер көңіл қойсақ, барлық рәсімдер іс жүзінде, соның ішінде басқа жерліктер, өздерінің оқуының мәнісін түсіндіруін үшін, қытай философиясының дәстүрлі категориясына жүгінуіне тура келеді, бірақ даос, дэ, инь-янь, аспан сияқтыларға. Мысалы, қытай дәстүрінде Иисус Христос Тянь Ван болып естіледі, Аспан басқарушысы. Бірақ, кез келген қытайлық аспан басқарушысының біреу емес, олардың біраз екенін біледі. Осыдан қарапайым қытайлықта әр жаңа дінге әдеттегі қытайлық контекспен кіру сезімі туындап, нәтижесінде олардың бәрі көпқұдайшылықтың
Мұсылмандарға өз діндерін түсіндіру үшін, қытайдың атауларын пайдаланудан толықтай қашудың мүмкіндігі болмады. Қытайларға түсінікті болу үшін, олар өздерінің постулаттарының конфуциандармен ұқсастығы туралы айтты. Мұсылмандарға қандай жолмен болса да, өздерінің діндеріне қытайларды – ханьдықтарды қаратудың қажеті болмады. Тарихи себептерге қарай Қытай аймақтарында исламды тарихи уағыздаған белгісіз халықтар шыға бастады. Бұл олардың әсер ететін ортасы деп айтса да болады.
Бастысы қытайлық мұсылмандар өз дегенінде тұрды. Мысалы, онда жұмаққа адал және рақымды адам емес, Бір Аллаға шынымен иман келтірген адам лайық болады.
Ал қалғандарының бәрі тікелей тозаққа жөнеледі. Қытайдағы мұсылмандардың қатаң бағыты, өздерінің басымдықтарын сезіну, сонымен бірге бөтен этника олардың ханьскі көпшілігінен анық шеттеп шығуына әкелді. Қытайларға оғаш болып көрінетін: мысалы, шарап ішуге, шошқа етін жеуге, көңіл көтерулерге, бейнелеу өнерінің кейбір түрлеріне тыйым салынды. Бұл қытайлықтардың дәстүрлі түсініктерімен бір жерден шықпады.
Егер Қытайда сөз ет туралы болса, бұл бірінші кезекте шошқа еті. Егер шарап туралы айтылса, қытайда бұған үлкен зауықпен қарайтын: ол ерекше өлең сөздерімен суреттелетін, өнер мен іше білуге орасан көп мөлшерде суреттер мен өлеңдер арналған. Одан басқа, бұрын да, қазір де қытайлар өмірін жұмысқа (лаодун немесе гунцзо) және ойын-сауыққа (варвар) бөліп қойған. Егер сен болашақ монах болсаң, еттен, шараптан, ойын-сауықтан, өнерден, қытайлардың өмірін құрайтын ең бастылардан бас тартасың, өзіңнің отандастарыңның алдында жақсы жақтарымен айтсақ, күдікті болып көрінесің, жалған жақтарымен айтсақ, дөрекі, адам деген атқа лайығың жоқ болып шыға келесің. Қытайлар дәстүрлі түрде жат адамдарға жек көрушілікпен қарайды, егер сен олардан қатты ерекшеленсең , осы ерекшелігіңді ұстап тұрсаң, онда толық программа бойынша жүресің.
Ерегістерге басқа да негіздер бар еді. Конфуциандық Қытайда кейбіреулері саудагер кәсібін сыйлы деп есептейді. Мұсылмандар бұл есепте нанымға сенбейтін, -олар оңай саудагер бола алатын, тез байитын, олар жігерлі және икемді еді. Әрине тұрғылықты халықтарға, бірінші кезекте ханьцтарға бұл ұнаған жоқ. Олар мұсылмандарға қытайлық басты қарумен жауап берді, оларды жан-тәндерімен жек көрді. Ең кедей ханьцлық өзін бай адамнан және атақты мұсылманнан жоғарымын деп ойлады, мұны жариялы түрде айтуға ұялмады.
Император Тунчжидің өзі ханьцтар мұсылмандарды мұсылман болғаны үшін жек көреді деп айтты.
Солай, ескі Қытайдағы мұсылмандардың жағдайы тыныш емес еді. Араб тілінде Құранның бірінші басылымы 1862 шыққанын айтсақ та жетіп жатыр. Оны сұлтанат Пинъаньго әкімшілігі іске асырды. Бұл сұлтанат мұсылмандардың көп тұрған жерінде, Юньнань провинциясында аз уақытқа пайда болды, ал осы кезде Цин империясына қарсы көтеріліс болып жатты. Содан кейін сұлтанатты құртып жіберді де, ал Юньнань императордың қарамағына оралды.
Құранның Қытай тіліндегі бірінші баспасы Цин империясы құлағаннан соң, 16 жылдан кейін 1927 жылы жарыққа шықты. Құран тақырыптары Қытайда бұған дейін де оқылып жүрді, бірақ олар қолдан жазылған болатын.
Т аң қалатын нәрсе емес, XIX ғасырдың екінші жартысында император билігіне қарсы мұсылмандар бастаған көтерілістер лек-легімен болып жатты. Олардың бәрі қатал басып жанышталды. Ескі Қытай өзінің соңғы онжылдығын сүріп жатыр еді.
№15 лекция. Лекция. ҚХР ислам дінінің таралуы.
Әлемге мұсылмандармен бірге ұзақ сапарға шығу Исламның Қытайға қай кезде кіргені туралы біраз келіспеушілік бар. Бірақ ең нақты деректердің айтуынша (біздің эрамызға дейінгі 618-907 жылдары) Таң дәуірінің ең басында болған. Бұл жерде мынаны еске түсіру керек, Мұхаммад Меккеден Мединаға 622 жылы қоныс аударған, мұсылмандық жыл санау осы жылдан бері жүргізіледі. Сонымен, мұсылмандық Қытайға өзінің дүниеге келген күнінен бастап енген деп айтуға болады. Қытай тарихшыларының мәліметтері бойынша, мұсылмандар аспан астына қазір Синьцзян деп аталатын солтүстік-батыстан, тағы да оңтүстік-шығыстан мұхит арқылы кірді. Негізінен бұл кезде бұлар–арабтар мен парсылар болатын.
Қытай Таң дәуірі кезінде Орталық Азиямен, Согдиан аймақтарымен, араб үкіметтерімен белсенді байланысқан. VIII ғасырдың ортасында, қытайлық патша сарайының лауазымды қызметшісі және генерал Ань Лушань әскерін Су-цзунның заңды императорына қарсы қойды, императорға көмекке халиф Абу Джафар Аль-Мансур өз жауынгерлерінің бір тобын жіберді. Соңында Ань Лушань талқандалып, ал араб әскерлері Қытайда қалып қойды. 1271- 1368 жылдардағы моңғолдық Юань әулеттері билік жасаған кезде, Қытайға жауынгерлер емес, саудагерлер, уағыздаушылар, сонымен бірге атақты мұсылман отбасының өкілдері нықтап жайғасып алды. Бұл мынаған байланысты: кейбір моңғол хандары (олар – Қытайдың императорлары) Исламға тәуба жасады да, өздерінің мұсылман – мұғалімдерін Қытайды басқаруға белсенді түрде тартты. Саид Аджаль Шамс-ад-дин Юньнань провинциясына басқарушы болып, оның ұрпақтары осы маңызды аймақтың билеушілері болды. Ол кезде Қытайда мұсылмандардың ықпалы қатты болса да, Саид Аджаль Шамс-ад-диннің немересі де, осы тұқымның ұрпақтары да Конфуцияның ұрпақтары сияқты осындай мәртебе алсақ деп императорға өтінішпен барды.
Қытайдың түсінігі бойынша, бұл ерлік еді. Сол кездерде Конфуцияның тұқымы Аспан астындағы ең бай, атақты және сыйлы еді. Конфуцияның ұрпақтары императордың ақшасын пайдаланды. Басқаша айтсақ, Конфуцияның мұрагерлері император тұқымына қарағанда биігірек болды, өйткені бір ұрпақ бір ұрпақты алмастырып отырды, қандай император болса да алып тастауға болады. Бірақ Конфуцияны, оның тұқымын «алып тастауға» ешкімнің батылы бармады: Сл кездерде мұғалім Кун қарапайым қытайлықтардың көз алдында құдіретті болып, оның храмдары Қытайдың барлық жерінде тұрды. Мұсылмандардың талабы қытайлықтардың көз қарасы бойынша, жұмсағырақ айтсақ, күтпеген жерден болды.
Моңғолдың Юань әулетінің орнына Мин әулеті келгенде, мұсылмандардың бұрынғы көптеген артықшылықтары жойылған болатын. Исламның жолын қуушылар билеуші император әулетінің алдында өздерінің ниеттері түзу екенін дәлелдеп, түрлі қулықтар жасауға тура келді. Осыған қатысты мұсылмандар қызығарлық ырыққа көнбейтіндерін көрсетті. Олар коутоу жасағысы келмеді, сонымен жоғарыдағы тұрғандардың алдында тізе бүккісі келмеді. Олардың пікірі бойынша, Мұны тек Исламның ықпалының қаншалықты күшті болғанын мына дәлелдер көрсетеді, 742 жылы сол кездегі Қытайдың астанасы Чанъаньда (қазіргі Сиань) атағы елге жайылған мешіт соғылды да, кейінірек Үлкен Сиань деген мешіт соғылды. Алла алдында ғана жасау мүмкін еді.
Юань дәуірінен бастап қытайдың мұсылмандарын дүнген – «хууэй» деп атады. Кейінірек, XX ғасырдың ортасына таман, бұл сөзбен ресми түрде «қытайланған» мұсылмандарды және олардың аралас некеден туған балаларын айтатын болды, олар қытай тілін ана тілі ретінде пайдаланды.
Сол себептен Исламды қытайлардың арасында әдетте хууэй-цзяо, «хууэй оқуы» деп атайды, бірақ мұсылмандардың өздері тарихи циньчжэнь-цзяо деген атауды ұнатты (таза діннің нұсқасы). Мынадай атауларда кездеседі «исылань», «мусылинь» (ислам, мұсылман).
Қытайда дінге еріктіліктің бұрыннан терең тамыры барын айтуға болады. Мұсылмандар пайда болғанға дейін, сань-цзяо (буддизм, даосизм, конфуциандық) – үш оқу өзара таласты. Бірақ қытайлардың басым көпшілігінің көз алдында діндердің арасында жеңілмейтін тұңғиық болған жоқ. Әлі күнге дейін жергілікті мәтел айтылып жүр: қытай даос болып туылады, конфуциан болып өмір сүреді, буддист болып өледі.
Бір қытайдың өзі бір шырақты даостың кумирнасына да, будданың храмына да еш қамықпастан апарып қояды, ал кейбіреулері бұны Христос нанымен де қосарлап алып жүреді. Мұнда таң қалатын ешнәрсе жоқ, егер көңіл қойсақ, барлық рәсімдер іс жүзінде, соның ішінде басқа жерліктер, өздерінің оқуының мәнісін түсіндіруін үшін, қытай философиясының дәстүрлі категориясына жүгінуіне тура келеді, бірақ даос, дэ, инь-янь, аспан сияқтыларға. Мысалы, қытай дәстүрінде Иисус Христос Тянь Ван болып естіледі, Аспан басқарушысы. Бірақ, кез келген қытайлық аспан басқарушысының біреу емес, олардың біраз екенін біледі. Осыдан қарапайым қытайлықта әр жаңа дінге әдеттегі қытайлық контекспен кіру сезімі туындап, нәтижесінде олардың бәрі көпқұдайшылықтың
Мұсылмандарға өз діндерін түсіндіру үшін, қытайдың атауларын пайдаланудан толықтай қашудың мүмкіндігі болмады. Қытайларға түсінікті болу үшін, олар өздерінің постулаттарының конфуциандармен ұқсастығы туралы айтты. Мұсылмандарға қандай жолмен болса да, өздерінің діндеріне қытайларды – ханьдықтарды қаратудың қажеті болмады. Тарихи себептерге қарай Қытай аймақтарында исламды тарихи уағыздаған белгісіз халықтар шыға бастады. Бұл олардың әсер ететін ортасы деп айтса да болады.
Бастысы қытайлық мұсылмандар өз дегенінде тұрды. Мысалы, онда жұмаққа адал және рақымды адам емес, Бір Аллаға шынымен иман келтірген адам лайық болады. Ал қалғандарының бәрі тікелей тозаққа жөнеледі. Қытайдағы мұсылмандардың қатаң бағыты, өздерінің басымдықтарын сезіну, сонымен бірге бөтен этника олардың ханьскі көпшілігінен анық шеттеп шығуына әкелді. Қытайларға оғаш болып көрінетін: мысалы, шарап ішуге, шошқа етін жеуге, көңіл көтерулерге, бейнелеу өнерінің кейбір түрлеріне тыйым салынды. Бұл қытайлықтардың дәстүрлі түсініктерімен бір жерден шықпады. Егер Қытайда сөз ет туралы болса, бұл бірінші кезекте шошқа еті. Егер шарап туралы айтылса, қытайда бұған үлкен зауықпен қарайтын: ол ерекше өлең сөздерімен суреттелетін, өнер мен іше білуге орасан көп мөлшерде суреттер мен өлеңдер арналған. Одан басқа, бұрын да, қазір де қытайлар өмірін жұмысқа (лаодун немесе гунцзо) және ойын-сауыққа (варвар) бөліп қойған. Егер сен болашақ монах болсаң, еттен, шараптан, ойын-сауықтан, өнерден, қытайлардың өмірін құрайтын ең бастылардан бас тартасың, өзіңнің отандастарыңның алдында жақсы жақтарымен айтсақ, күдікті болып көрінесің, жалған жақтарымен айтсақ, дөрекі, адам деген атқа лайығың жоқ болып шыға келесің. Қытайлар дәстүрлі түрде жат адамдарға жек көрушілікпен қарайды, егер сен олардан қатты ерекшеленсең , осы ерекшелігіңді ұстап тұрсаң, онда толық программа бойынша жүресің.
Ерегістерге басқа да негіздер бар еді. Конфуциандық Қытайда кейбіреулері саудагер кәсібін сыйлы деп есептейді. Мұсылмандар бұл есепте нанымға сенбейтін, -олар оңай саудагер бола алатын, тез байитын, олар жігерлі және икемді еді. Әрине тұрғылықты халықтарға, бірінші кезекте ханьцтарға бұл ұнаған жоқ. Олар мұсылмандарға қытайлық басты қарумен жауап берді, оларды жан-тәндерімен жек көрді. Ең кедей ханьцлық өзін бай адамнан және атақты мұсылманнан жоғарымын деп ойлады, мұны жариялы түрде айтуға ұялмады. Император Тунчжидің өзі ханьцтар мұсылмандарды мұсылман болғаны үшін жек көреді деп айтты.
Солай, ескі Қытайдағы мұсылмандардың жағдайы тыныш емес еді. Араб тілінде Құранның бірінші басылымы 1862 шыққанын айтсақ та жетіп жатыр. Оны сұлтанат Пинъаньго әкімшілігі іске асырды. Бұл сұлтанат мұсылмандардың көп тұрған жерінде, Юньнань провинциясында аз уақытқа пайда болды, ал осы кезде Цин империясына қарсы көтеріліс болып жатты. Содан кейін сұлтанатты құртып жіберді де, ал Юньнань императордың қарамағына оралды.
Құранның Қытай тіліндегі бірінші баспасы Цин империясы құлағаннан соң, 16 жылдан кейін 1927 жылы жарыққа шықты. Құран тақырыптары Қытайда бұған дейін де оқылып жүрді, бірақ олар қолдан жазылған болатын.
Таң қалатын нәрсе емес, XIX ғасырдың екінші жартысында император билігіне қарсы мұсылмандар бастаған көтерілістер лек-легімен болып жатты. Олардың бәрі қатал басып жанышталды. Ескі Қытай өзінің соңғы онжылдығын сүріп жатыр еді.
Қытайдағы исламның қазіргі жағдайы.Қытайдағы Исламның қазіргі жағдайын екі жақты деп айтса болады. Бір жағынан мұсылмандар басқа діннің өкілдері болғандықтан, өздерінің рәсімін атқаруға, барлық салт-дәстүрлерін орындауға құқығы бар. Бүгінгі күнде Қытайда 20 миллиондай мұсылман бар, 30 мыңнан аса имамдар мен соншалықты мешіттер бар. Осынша шамадағы діни құрылыс, мәдени революция кезіндегі мұсылмандардың өздерінің белсенділігіне байланысты: хунвэйбиндердің шапқыншылығы кезінде мұсылмандар шоғырланып, ханьцтар араласпаймыз деп ойлаған, ойрандаушыларға бірден тойтарыс берді.
Қытайдың жоғары саяси жетекшілері мұсылман аудандарынан шыққан келімсектер болды. Әрине, жалпықытайлық шеңберде, мемлекет олардың мәдени жалпы ұқсастығын мадақтады.
Сол кездегі Синьцзян-ұйғыр автономдық ауданында тұрып жатқан, қарапайым ханьцтардың мұсылмандарға деген қарым-қатынастары – бірінші кезекте жағымсыз болды. Ұйғырлар да сондай пікірде болды. Шетелден келгендерге олар бір-бірлері туралы керемет тарихты айтып береді.
Бірақ, мұсылмандар Қытайдың Синьцзяннан басқа да аудандарында тұрады. Хэббэй провинциясында мұсылмандар көп, Пекинде Таң дәуірінен бастап Сианда тұрған мұсылмандар бір кварталды алып жатыр. Бұдан басқа, мұсылмандар дәстүрлі түрде үлкен оңтүстік ареалда тұрып жатты. Бұл провинциялар – Юньнань, Фуцзян, Гуандан, Гуйчжоу. Өкілдері Қытайды уағыздайтын, аздаған халық Хайнаньда тұрды.
Әдебиеттер тізімі
Негізгі:
1. Китай: традиции и современность. М.,1976.
2. .Борох Л.Н.Общественная мысль и социализм. М.,1984.
3. . Быков Ф.С. Зарождение общественно-политической мысли в Китае. М.,1966.
4. .Васильев Л.С. Проблемы генезиса китайской мысли. М.,1989.
5.Древнекитайская философия. Т 1-2. М.,1973.
6. Переломов Л.С. Конфуцианство в политической жизни современного Китая.
7. Васильев Л.С. Культы, религии, традиции в Китае. М.,1988.
Қосымша :
1.Васильев Л.С. Проблемы генезиса китайского государства. М.,1983
2. . Китайские социальные утопии. М.,1987.
3.Стабурова Е.Ю. Анархизм в Китае: 1900-1921. М.,1983.
4.Конфуции. Яверю в древность. М.,1985.
5.Глаголева О.С. Религия Китая. М.,1981.
6.Юань Кэ. Мифы Древнего Китая.