Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК 3к дини.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
449.54 Кб
Скачать

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Шығыстану факультеті Қытайтану кафедрасы

Бекітілді

Факультеттің Ғылыми-әдістемелік

Кеңесінің (бюроның) отырысында

Хаттама № 2012 ж.

Факультет деканы Жұбатова Б.Н.

«____» _____________ 2012 ж.

Оқу әдістемелік кешен

Оқитын елдің діні және діни ахуалы 

пән аты

5B020900 - шығыстану

мамандық аты

Оқытудың формасы – күндізгі семестрі – 5

Барлығы – 2 кредит Аралық апта – 7, 15

Курсы – 3 аудиторлық сабақтар 45

Дәрістер _1_ кредит жалпы аудиториядан тыс 45_сағат

Тәжірибелік сабақтар 1 кредит барлығы _90 сағ.

СОӨЖ (дәрісханалық) _15_ сағат

Жалпы аудиториялық 45 сағат

Емтихан 5 семестрде

Алматы, 2012

Оқу әдістемелік кешен кредиттік жүйеге сәйкес «5B020900 - шығыстану» мамандығына арналып оқу бағдарламасы негізінде жасалған.

Оқу әдістемелік кешен Қытайтану кафедрасының отырысында талқыланып, ұсынылған

2012 ж., хаттама №

Кафедра меңгерушісі _____________________ Батпенова З.С

Аға оқытушы _____________________ Түргенбай А.А

(қолы)

Офис: бөлме – 412 (тел.:2438928 , е-mail:altyn-alka@mail.ru)

Факультеттің әдістемелік бюросы___________________

Алғы сөз

Оқу бағдарламасы аймақтану және шығыстану мамандықтары бойынша «Оқитын елдің діні және діни жағдайы» курсын оқытатын оқытушыларға арналған. Бұл курс Шығыстану факультетінде оқытылатын қосымша пәндердің бірі.

Курстың мазмұны: Қытай территориясындағы ежелгі наным-сенімдерді, діндік формаларды үйрену. Қытайлық философиялық мектептерді үйрету. Діни синкретизм және діни синкретизм жүйесінің ерекшеліктерін оқып-үйрену Қоғам дамуындағы идеялар мен ойларды түсіндіру.Қазіргі Қытай қоғамындағы діннің ролін көрсету.

Курстың мақсаты: Қазіргі Қытайды толық түсініп, танып білуде ежелгі Қытайдағы діни наным-сенімдер мен салт-дәстүрлер, тәңірге, ата-баба аруағына табыну, конфуцийшілдік, діни даосизм мен қытайлық буддизм, олардың дамуы мен ортағасырдағы діни синкретизм, олардың тұрақты салтқа айналуын және қазіргі Қытай қоғамындағы ролін оқып-үйренудің маңызы зор. Конфуций ілімі және оның қытай қоғамындағы алатын орнын ашып көрсету.

Курстың міндеттері:Қытайдағы дін түрлерін талдап, олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын үйреніп, қоғамдағы атқаратын ролін анықтау.

- Жекелеген дін түрлері мен қоғамдық ой-сана көріністерінің Қытай қоғамына және басқа елдердің мәдениетіне тигізген әсерлерін көрсету

- Оқытылатын пәннің өзекті мәселелерін үйрену барысында студенттерде зерттеу дағдыларын қалыптастыру.

Студенттер бойында келесі біліктіліктер қалыптасуы керек:

- Қытайлық дін түрлері арасындағы айырмашылықтар мен ұқсастықтарды айыра білу

- Орта ғасырдағы әлемдік діндердің Қытай жеріне ену тарихына шолу жасау

- бүгінгі қытай қоғамындағы діннің рөлі мен қоғамдық идеялармен таныс болу.

Игеруі керек:

дінге дейінгі наным-сенімдердің рөлі;

- қоғамның дамуы барысындағы айрықша идеялар мен олардың авторлары;

- қытайлық ортағасырлардағы діни синкретизм мәселелері;

- қазіргі Қытай қоғамынының дамуындағы діннің рөлі

Қалыптасатын дағдылары:

  • Жалпы дін туралы түсінікті, әлемдік және қытайлық діндер мен олардың тарихын оқу барысында, Қытай қоғамына тигізген ықпалына дұрыс талдау жасай білуі

  • Ежелгі Қытайдағы діни-наным сенімдер және көне түркі немесе өзге де өркениет ошақтрындағы сенімдермен салыстыру, анализ жасау дағдысын қалыптастыру

  • Қытайдағы басты діндер мен ілімдердің қалыптасу тарихына және олардың ілімінің мәні мен мазмұнына дұрыс талдау жасай білу;

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

ШЫҒЫСТАНУ ФАКУЛЬТЕТІ

ҚЫТАЙТАНУ КАФЕДРАСЫ

Факультеттің Ғылыми Кеңесінің отырысында БЕКІТІЛДІ.

Хаттама №_»___ 2012ж.

Шығыстану факультетінің деканы

ф.ғ.д., проф ____________Жұбатова Б.Н.