Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Баскару кызмети стили - мем баскару жауапкершил...doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
268.29 Кб
Скачать

Қорытынды

Қоғам жаңарған сайын көптеген оң өз­герістер болады. Ал бұл мемлекеттік қызмет ая­сын түп тамырымен өзгертіп жібереді. Қазір мемлекеттік қызметтің мәртебесі де, оның қызметінің түрі де, өкілеттілігі мен міндеттері, құқы мен жауапкершілігі де мүлде жаңа талаптарға жауап беруі тиіс. Осы тұр­ғы­дан айтқанда, алға қойылған міндеттерді толық орындау үшін оған жеткілікті дайындығы бар, кәсіби білікті, аса қабілетті адамдар қажет. Де­мек, мемлекеттік қызметке кадрларды іріктеуде жаңа талаптарға толық сай келетін мамандар шоғырын қалыптастыруымыз қажет.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың «Қазақстан — 2030 Стратегиясы» Жолдауында: «Біздің босаң тұстарымыздың қатарына осал жағымызды — жете даярланбаған және нашар ұйымдастырылған мемлекеттік басқаруды жатқызған жөн. Мұның өзі де таза қазақстандық проблема емес. Бұл құбылыспен түгелдей барлық колониализм дәуірінен кейінгі дамушы және коммунистік кезеңнен кейінгі елдер бетпе-бет келді. Бүгінгі танда көптеген проблемалардың шешімі осы факторға келіп тіреледі және оны тез еңсеру де мүмкін емес. Әзірше бізде стратегиялық міндеттерді жоғары кәсіби деңгейде, отансүйгіштікпен және адал шешуге қабілетті адамдар мүлде аз» — деп атап көрсеткен еді. [15] Осыған байланысты елімізде мемлекеттік басқарушылардың басқару стиліне баса назар аударылып отыр. Басшы шешім қабылдап, оның орындалуын ұйымдастырып, қарауындағы адамдардың жұмысын бақылаған кезде өзінің міндетіне лайық әрекет етеді. Әйтсе де, бұл жағдайда әрбір басшы оның басшылық стилін айқындайтын басқару процесінде өзіне тән әдіс-әрекетімен, өзіндік ерекшелігімен көрінеді. Барлық жағынан ұқсас екі адамның болмайтыны сияқты, бір-бірінен айнымайтын басшылық стилі де болмайды. Басшылық стилі басшылар мен бағыныштылардың араласуымен, олардың өзара қарым-қатынасымен, бүкіл еңбек ұжымның ықпалымен қалыптасады. Басқару стилі — бұл басқарушының бағынушыларға деген үйреншікті үлгілі тәртібі, яғни ұйымның өз мақсатына жетуі үшін әсер етуі мен оларды оятуы. Президент Н.Назарбаев елді тиімді басқаруы үшін мемлекеттік қызметшіде болуға тиісті негізгі қасиеттерді атап көрсетті. Бұл – моралдық жоғары жауапкершілік, кәсіптік білім, білімін тәжірибеде қолдана білу, адалдық, ақ ниеттілік, белсенді өміршенді ұстаным. Мемлекеттік қызметтегі әрбір адам өз жұмысының барлық маңыздылығын сезіне білуі және өз елінің патриоты болуы тиіс. Біз еліміздің саяси және мемлекеттік құрылымының ұтымды моделін жүзеге асыруға тиіспіз. Демократиялық реформалар бағдар­ламасын әзірлеу мен нақтылау жө­нін­дегі мемлекеттік комиссияның қызметі де нақ осыған бағытталған. Мемлекеттік басқару стилін жаңарту, саяси реформаларды жүргізу біздің қоға­мымыздың топтасуына, Қазақ­стан­ның әлемдік қауымдастық алдындағы беделі мен абыройын өсіре түсуге жәр­демдесетіні сөзсіз.

Пайдаланылған әдебиеттер

  1. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ЖАРЛЫҒЫ «Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары». 

  2. Ж.Ихданов, Н.Сансызбаева, Р.Есенжигитова «Мемлекеттік басқару теориясы» //Алматы «Экономика» баспасы, 2007ж./216 б./

  3. Атаманчук Г.В.Теория государственного управления. М.: Омега-Л, 2004г –584 с.

  4. М.Мескон, М.Альберт, Ф.Хедоури «Основы менеджмента» //Москва – 310 стр./

  5. Зеркин Д.П., Игнатов В.Г. Основы теории государственного управления. Курслекции : Учебное пособие. //Ростов на Дону. МарТ, 2000.-448 с./

  6. «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметі туралы Заңы» //Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі N 453 Заңы/

  7. К. Нарибаев, С.Жұмамбаев «Менеджмент негіздері» // Алматы, Қазақ Университеті-2010/385б./

  8. Мемлекеттік басқарудың негізгі мәселелері//Саясат-№7-2009 ж.-47 б.

  9. Ермаков В.А. «Қазақстан қазіргі дүние әлемінде», Алматы – 2002 ж./79б./

  10. «Басқару стилі және оның өзекті мәселелері»//ҚазҰУ Хабаршысы, Экономика сериясы-2008, №11

  11. Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі ретке келтіру және оның тиімділігін арттыру жөніндегі шаралар туралы: 2006 жылғы наурыздың 27-сі. №74 Жарлығы // Егемен Қазақстан. –Алматы, 2006.-28 наурыз.

  12. Төлешова Г.Н. «Мемлекеттік басқару теориялары»//Алматы-2008/258-263 бб./

  13. Танкиева А.Қ. «Жергілікті басқару және оның өзекті мәселелері»: Оқу құралы//Алматы-2007/120 б./

  14. www.kyzmet.kz «Мемлекеттік қызмет мәселелерін жетілдіру»

  15. Н.Назарбаев. «Қазақстан — 2030» Алматы, 1997, /195 б./.

28