Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Баскару кызмети стили - мем баскару жауапкершил...doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
268.29 Кб
Скачать
  1. Мемлекеттік басқару қызметінің стилін және мемлекеттік басқару ісіндегі жауапкершілікті жетілдіру жолдары

Мемлекеттік басқару стилін жетілдіру көптеген мәселелерді талдап, шешуді көздейді. Бірақ осы мәселелерді жинақтай, зерделей келе ең алдымен, қызметтің дұрыс, тиімді ұйымдастырылуына басты мән берілуі қажет екенін аңғаруға болады. Себебі басқару жүйесінің дұрыс ұйымдастырылуы мемлекеттік басқарудың ұтымдылығы мен тиімділігіне қол жеткізуге мүмкіндік беретіні мәлім. Бұл процесс біріншіден, билік органдарындағы мемлекеттік лауазым мен жұмыс орнын ұйымдастырудан басталады. Лауазымның мемлекеттік орган құрылымындағы орны мен рөлі анықталып, ол атқаратын жұмыстың мазмұны (қызмет ауқымы, нысаны, әдістері, өкілеттігі, ынталандыру мен санкция және т.б.) көрсетіледі, басқа лауазымдармен сыртқы өзара байланысы (қарым-қатынас тәртібі, ақпараттық, техникалық және тағы басқа қызмет көрсету) ұйымдастырылады. Осыған қоса мемлекеттік органдағы әрбір лауазым праксеологиялық (кабинетпен, жұмыс орнына қажет құрал-жабдықпен, жарықпен жабдықтау және т.б.) және эргономикалық (байланыс құралдары, қол астындағылармен байланыс жүйесі, компьютер және т.б.) тұрғыдан жабдықтауды қажет етеді. Қазіргі таңда әрбір адамның өзін толықтай көрсете білуіне, қабілет мүмкіндігін қолдана алуына жағдай жасау арқылы лауазымдық қызметтің тиімділігін арттыруға көңіл бөлінуде. Келесі атқаратын міндет органдардың буындары (звенолары) мен құрылымдарын ұйымдастырумен байланысты. Бұл жерде сөз басқару функцияларын көлденеңнен құрылымдық бөлімшелерге шоғырландыру туралы болып отыр. Мұндай шоғырланудың өзіндік артықшылықтары бар: басқару ісіне мазмұнды, мәнді сипат береді, ақпараттармен өзара алмасуға мүмкіндік береді, басқарушылар мен орындаушылардың арасында байланысты нығайтады, мемлекеттік басқару стилін жетілдірудің көптеген мәселелерін шешуге ықпалын тигізеді. Бұдан кейін жетекші қызметін атқару барысын ұйымдық қамтамасыз ету міндеті туындайды. Жетекшінің қызметін ұйымдастыру басқарылатын органның қызмет ету стилін қалыптастыруда шешуші рөль атқарады және ол басқару қызметінің стратегиясын әзірлеуге, қарастырылатын мәселелердің тәртібін белгілеуге, қоршаған ортамен байланыс орнатуға, жиналыс, пікір алмасулар өткізуге мүмкіндік беретіндей ұйымдастырылуы қажет. Басқару қызметімен айналысатын жеке адамдардың бойынан ынталандыру мен жауапкершілік іспетті қасиеттердің үнемі табылуы бұл процесте қажетті нәтижелерге қол жеткізудің басты негізін құрайды. Дегенмен тек жеке адамдардың ізденгіштігіне, өзін-өзі дамытуға ұмтылыс жасауына ғана үміт артпай, басқару тәжірибесін игеру ұйымдасқан түрде жүргізіліп, ол өз кезегінде басқару стилінің ажырағысыз бөлігіне айналғаны дұрыс. Осыған байланысты мемлекеттік басқару стилін жетілдірудің төмендегідей негізгі бағыттарына тоқталып өткен жөн.

Алдымен басқару қызметінің басқару әсеріне бағытталуын қарастырайық. Басқарудың нақты сипаты, болмысы тек тиісті үрдістерге оның тигізетін ықпалында көрініс табады. Басқару ықпалы қоғамдық даму үрдістерінде бір қалыпты, тиімді жағдайды қалыптастырып, дамытқан, өзгерткен жағдайда ғана орын алады. Егер басқару ықпалы қабылданған шешімдерге, жүргізілген ұйымдастырушылық шараларға, басшының жұмсаған күш-жігеріне қарамастан объектіге жетіп, жүзеге асырылмаса, онда басқару да болмайды. Бұл жерде әңгіме мемлекеттік басқару стилін дамыту бағыты ретіндегі басқару ісінің нәтижелілігі жөнінде болып отыр. Басқару қызметімен айналысатын адамдардың еңбегін бекітілген нормалар арқылы өлшеу мүмкін емес, себебі бұл үрдісте жұмсалатын күш-жігер интеллектуалдық, шығармашылық (творчестволық), коммуникациялық сипатта болады. Бірақ аталмыш қызмет ой мен істің бір жерден шығуын сипаттайтын, нақты тәжірибе жүзінде іске асатын жасампаздық, шығармашылық (творчестволық) қызмет. Сондықтан басқару әсерін қамтамасыз етудің келесідей: «ой-пікір (идея) – әрекет – әсер – нәтиже» жүйесін қалыптастыру орынды. Бұл жүйе тиісті лауазымды тұлғалар қызметінің жасампаздық, тәжірибелік тұстарын үнемі талдап және бағалап отыруға мүмкіндік береді. Басқару қызметінің нәтижелілігі қолданылатын әдістерге, процедураларға, нысандарға, лауазымды тұлғалардың білім-біліктілігіне, қабілетіне, талантына байланысты екені белгілі. Практикалық қызмет талданып, ой елегінен өткізілмесе, оны жетілдіру қиындық тудырады және керісінше, теориялық ой-пікірлер тәжірибе жүзінде туындап және онда жүзеге аспаса, олар тек тілек түрінде ешбір нәтижесіз қалып қояды. Сондықтан басқару қызметінің шығармашылық, ізденгіштік, практикалық тұстарын бірге қарастырған жөн. [2, 83б]

Басқару қызметін ұйымдастыруда ұжымдық (коллегиялық) нысан кеңінен қолданылуы тиіс. Басқару ақпаратының күрделілігі және көп түрлі болуы, басқару үрдістерінің өзгермелілігі, шешілуін күтетін мәселелердің кешенділігі, жүйелік өзара байланыстылығы жағдайында басқару қызметінің аталмыш нысаны оның ұтымдылығының негізгі алғышарты болып табылады. Тек мазмұны жағынан әр түрлі білімнің, біліктіліктің, тәжірибенің бірігуі, сан қилы мақсаттарды, мүдделер мен құндылықтарды, себеп-салдарларды жан-жақты ескерудің нәтижесінде ғана тиімді басқару шешімдерін немесе іс-әрекеттерін әзірлеп, жүзеге асыруға болады. Басқару қызметінің жағдайы мен сапасын талдау және бағалау басқару стилін жетілдірудің келесі бағытын құрайды. Оның басты мақсаты – басқарылатын үрдістер жөнінде шындыққа жанасатын мәліметтер алу негізінде қабылданатын басқару шешімдері мен жүзеге асырылатын іс-әрекеттердің тиімділігін қамтамасыз ету. Басқару қызметкерлерінің қоғаммен, әр түрлі ұйымдармен, топтармен, бірлестіктермен байланыстарын күшейтудің де басқару стилін жетілдіруде маңызы зор. Лауазымды тұлғалардың азаматтармен өзара байланыстар, қарым-қатынастар орнатуы арқылы басқару тікелей қабылданып, кездесу барысында алған әсер негізінде басқарудың мән-мағынасы айқындалады. Басқару қызметкерлерінің саяси, басқару және құқықтық мәдениетін арттыру да басқару қызметінің стиліне өзінің әсерін тигізеді. [11]

Елбасы Н.Назарбаевтың 2008 жылдың ақпан айында Қазақстан халқына Жолдауында әкімшілік реформаның басты мақсаты басқарушы аппарат жұмысының тиімділігі және нәтижелілігін арттыру, яғни, халыққа қызмет етуі шарт екенін айтқан болатын. Нұрсұлтан Әбішұлы арада төрт айдай уақыт өткенде, бұл мәселеге қайта оралып, «Елдің бәсекеге қабілеттілігін арттырудағы мемлекеттік қызметтің рөлі» атты халықаралық конференцияда «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызмет моделін реформалаудың негізгі тәсілдері» тақырыбында сөз сөйледі. Елбасы осы тұжырымдамалық сөзінде елдегі мемлекеттік қызмет тәжірибесін сарапқа сала отырып, алдағы келелі міндеттерді күн тәртібіне қойды. Президентіміздің тұжырымдамаларына сүйеніп айтар болсақ, қазіргі мемлекеттік басқарудың аса маңызды міндеттерінің бірі - мемлекеттік қызметшілердің жұмысын ұтымды ұйымдастыру. Бұл қызмет жоспарлау жолымен белгілі бір кезеңге іс-әрекеттерді әзірлеу, ақпарат алып, оларды өңдеу шешімдер даярлау және қабылдау, қабылданған шешімдерді есепке алып, бақылау жасап отыру сияқты процестерге негізделеді. Мұндай процестердің аса қарқындылығы соншалық, енді дәстүрлі ақпарат өңдеу әдістері мен қолдану мүмкін емес. Ақпаратты өңдеуде жедел қимылдап, мемлекеттік органның қызметі негізделген, әрі жаңа басқарушылық шешімдер қабылдау тұрғысынан тиімді ұйымдастыру бүгінде уақыт талабына айналып отыр. Бұл мәселелерді мемлекеттік органның даярланған және тәжірибелі кадрлар құрамынсыз шешу мүмкін емес. [12]

Ауылдық жердегі мемлекеттік қызметтің кадрлармен қамтамасыз етілуі де алаңдатушылық туғызады. Аудандық деңгейдегі мемлекеттік органдарда аталған тенденция сәл бәсеңірек, бірақ мәселе мұндада бар. Жоғары оқу орындарының түлектері ауылдық, аудандарға баруға құлықсыз. Осының салдарынан кадрлар сабақтастығын жоғалту қаупі туындап келеді. Бұл мәселені Елбасы көптен бері алға тартып келуде. Осы орайда, Н.Назарбаев 2008 жылдың мамыр айында «Жас Отан» жастар қанатының бірінші сьезінде партия мен «Жас Отан» жастар қанатының қызметіндегі бірқатар басым міндеттерді айқындап берді. Бұл мәселелермен қазір айналыспаса, бірнеше жылдан кейін, ауылдық жерлерді білікті мамандармен қамтамасыз ету нағыз күрделі мәселеге айналады. Елбасының мемлекеттік басқару академиясында сөйлеген сөздерін басшылыққа ала келіп, халықпен дұрыс қарым ­ қатынас жасау, мемлекеттік қызметшілердің жұмысын жақсарту, сондай - ақ, ауылдық мемлекеттік органдарды кәсіби білікті мамандармен қамтамасыз ету үшін төмендегі іс - әрекеттер қажет деп есептеуге болады:

— ең алдымен, ауылдық аудандар мен округтердің мемлекеттік қызметшілері халықтың мүддесіне, құқықтары мен міндеттеріне қатысты мәселелер бойынша барлық нормативтік құқықтық актілерді және мемлекеттік органдардың өз шешімдерін мұқият зерделеп, жете білулері тиіс;

  • мемлекеттік органдардың сметасында әрбір мемлекеттік қызметшінің жарты жылда бір рет өздерінен жоғары тұрған облыстық мемлекеттік органда болып, тәжірибе алмасуы үшін іс-сапар қаражаты қаралуы тиіс;

— ауылда жұмыс істеуге тілек білдірген жас мамандарды ынталандыру мақсатында жергілікті бюджетте оларға қосымша ақы, өтемақы түрінде ай сайын берілетін қосымша ақы тағайындауға қаражат көзделуі қажет;

— сонымен қатар, мемлекеттік қызметшінің басқа елдердегі өз әріптестерінің іс тәжірибесімен танысып, неғұрлым ұтымдысын таңдай алуы үшін жағдай туғызып , ондағы мемлекеттік секторлар қызметінен хабардар етіп отыру керек.

Бүгінгі күні ықпалды шаралар халыққа қызмет көрсету рәсімдерін қиындататын көптеген әкімшілік кедергілерді жою , қоғам мен билік арасындағы «кері байланыс», «электронды үкімет», «бір терезе» тағыда басқа жаңа бағыттарды енгізу болып табылады. Уақыт талаптарына байланысты, әрбір мемлекеттік қызметші біліктілігін арттыра отырып Қазақстан Республикасының заңдарын бұлжытпай сақтап , оны бұзуға жол бермеуге ұмтылыс жасауы керек. Сондықтан жергілікті жерлерде мемлекеттік қызмет имиджін көтеру жолдарын жүзеге асыруда, осыған байланысты атқарылып жатқан іс ­ қимылдардың пәрменділігін арттыруда ауылдағы мемлекеттік қызметшілер алдында ауқымды міндеттер тұр. [13]

Үкімет құрамы ендігі жерде Елбасы 2011 жылы Парламентте алға қойған негізгі тоғыз міндетті орындауға бел шеше кіріспек. Президент Әкімшілігінің басшысы Кәрім Мәсімовтің төрағалығымен өткен кеңесте елімізде алдағы кезеңде іске асырылатын әкімшілік реформасының бағыт-бағдарлары талқыланған болатын. Дүние тарабында қарышты дамуымен қамшы салдырмай келе жатқан алғашқы елу елдің қатарына кіру үшін елімізде мемлекеттік органдар қызметінің құрылымын жетілдіру қажет. Дәлірек айтсақ, мемлекеттік басқару жүйесі ашық әрі айқын сипатқа ие болып, онда орын алып келген келісімпаздық пен “бармақ басты, көз қысты” әре­кеттер келмеске кетуі тиіс. Мұ­ның сыртында мемлекеттік меке­ме­лерде жүктелген міндеттің жілігін шағып, майын ішетін мамандар шоғыры қалыптасуы керек. Үкімет басшысының айтуынша, қазіргі уақытта әкімшілік реформа­ларын іске асыруға байланысты арнайы төрт жұмыс тобы құрылып, олар түрлі бағытта жұмыс жүргі­зу­де. Яғни, Елбасының таяудағы “Әкімшілік реформалары шеңбе­рін­де Үкіметке мемлекеттік жос­пар­лаудың жаңа тәсілдері мен те­тік­терін ендіру қажет деген” тап­сырмасын нақтылау шараларымен айналысуда. Соның негізінде мемлекеттік басқарудың айқын әрі нақты иерархиясы қалыптаспақ. Сондай-ақ, мемлекеттік органдар қызметіне жүйелі баға беріліп, корпоративтік басқару тәсілдері қолданысқа енгізілмек. Сонымен әкімшілік рефор­ма­­ла­рын үйлестіруші алғашқы топ мемлекеттік басқару құрылымын жетілдіру және мемлекеттік қыз­метшілер саны мен оларға тағайын­далатын жалақы мөлшері жөнінде түбегейлі талдаулар жүргізуді бастады. Келесі топ құқық қорғау органдарындағы құрылымдық жетілдіру мәселелерін саралауға кіріскен болатын. Өз кезегінде үшінші топ стратегиялық басқару жоспары мен мемлекеттік қызметшілердің кәсіби біліктілігін арттыру, ұсынылатын мемлекеттік қызметтердің стан­дарт­тарын айқындау жұмыстарын үйлестіре бастаса, төртінші топ мемлекеттік органдар жұмысын жаңарту және ондағы заңнамалық мәселелермен айналысуда. Алдағы кезеңде жүзеге асы­рылатын әкімшілік реформалары аясында мемлекеттік органдардың қолданыстағы функцияларын жік­теу, орталық және жергілікті орган­дар қызмет түрлерінің ара-жігін ажырату, сонымен бірге, бірін-бірі қайталайтын мемлекеттік функция­ларды жойып, олардың бірқатарын мемлекеттік емес секторларға көші­ру жөнінде нақты іс-шаралар жүзе­ге асырылмақ. Атап айтсақ, тұтастай мемлекеттік ауқымдағы саясатты әзірлеумен айналысатын жалпы ұлттық сипаттағы функция­лар орталық атқарушы органдарға бекітіліп берілмек. Сонымен қатар, жергілікті атқарушы органдар өңірлік саясатты әзірлеу және тиісті әкімшілік аумақ аясында өңірді дамыту жөніндегі мемлекеттік функциялармен шұғылданбақ. Салалық министрліктерге страте­гиялық және реттеу функциялары жүктелсе, оларға қарасты коми­теттер іске асыру және бақылау міндеттерін орындамақ. Бұған қоса мемлекеттік органдар қызметін стратегиялық реттеу, мемлекеттік саясатты іске асыру, ішкі және сыртқы аудитті жүзеге асыру, қадағалау функциялары сияқты бес бағытқа қарастырылған. Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметі жүйесін дамыту мемлекеттің тәуелсіздік жылдарындағы рөлінің өзгеруі, саяси жүйенің, экономиканың, қоғамдық қатынастардың қалыптасу, мемлекеттік басқару жүйесін оңтайландыру процестерімен тығыз байланысты.  Тәуелсіз Қазақстан Республикасының мақсаттары мен басымдықтарын іске асыру үшін кадрларды іріктеу мен жоғарылатудың тиімді жүйесін құру, мемлекеттік аппарат қызметінің кәсібилігі мен ашықтығын қамтамасыз ету қажет болды. [13, 76б.]

Мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыру мәселесі бүгінгі таңдағы өзекті тақырыптардың біріне жатады. Мемлекеттік басқарудың тиімділігінің жалпыжүйелік факторлары келесі факторлар тобын анықтайды:

— мемлекеттің стратегиялық мақсаттары, негізгі құндылықтары, қоғамдық жүйенің даму моделдері мен легитимдік концепциялары;

— мемлекеттік билік пен басқару жүйесін ұйымдастыру және оның біртұтас организм ретінде қызмет етуі; біртұтас саяси және құқықтық кеңістік;

— мемлекеттік аппараттың жағдайы, оның басымды нысандары, басқарушылық қызмет әдістері мен стилі; кәсіби біліктілік; халықтың билікке сенім арту және мемлекетті басқаруға қатысу деңгейі;

— қоғамның экономикалық, саяси, әлеуметтік тұрақтылығы (немесе тұрақсыздық).

Мемлекеттік аппараттың жағдайы, оның қызмет сапасы, халықтың билік органдарына сенім білдіру деңгейі – мемлекеттік басқарудың тиімділігі мәселесінің шешілуіне тікелей әсер ететін факторлардың маңызды кешенін құрайды. Мемлекеттік аппарат – атқарушы және басқарушы органдардың жиынтығы, ол басқа мемлекеттік органдармен басқару функциясының жүзеге асырылуын қамтамасыз ететін мемлекеттік механизмнің бір бөлігі. Мемлекеттік аппарат – өз өкілеттіктерінің шеңберінде белгілі функциялар мен міндеттер атқару үшін билік құзыретімен және қажетті құралдармен (материалдық) қамтамасыз етілген, мемлекеттік қызметкерлерден тұратын ұтымды ұйым. Мемлекеттік басқарудың тиімділігі жоғары кәсіби біліктілігі, инновациялық ойлау қабілеті бар, басқарушылық қызметтің демократиялық стилін мойындайтын және мемлекеттік мүддені басшылыққа алатын қазіргі кездегі бюрократияның болуымен байланысты. Қазіргі заманғы радикалды бюрократия мемлекеттік басқарудың тиімділігінің факторы ретінде мемлекеттік билік органдары мен қоғамдық институттардың төменгі буындарының бақылауында болғаны жөн. Әйтпесе басшылық лауазымдарды өз мүдделерінің құралына айналдырып, тиімділікке қол жеткізуге теріс әсерін тигізеді. Мемлекеттік аппаратты қалыптастыру және оның қызметін демократиялық (тиімділік) сипатта ұйымдастыру барысында қарама-қайшылықтар туындауы мүмкін. Бұл аппараттың ашықтығы, мемлекеттік қызмет үшін кәсіби дайындалған әрбір адамның сол аппарат құрамына кіруі мен халықтың басқа топтарына қатысты заңдастырылған мәртебелік басымдылығын жүзеге асыру шарты ретінде корпоративтік жабықтылыққа беталыс арасындағы қарама-қайшылық. Мемлекеттік қызметкерлердің мәртебелік артықшылығы соңғы жылдардағы ғылыми әдебиеттерде “әкімшілік-саяси элита” деген түсінікпен анықталады. Әлеуметтік және мемлекеттік басқару бойынша шетелдік әдебиеттерде “элита” түсінігі өте сирек кездеседі. Мысалы, қызметкерлердің басқарушылармен арақатынасын сипаттай отырып, авторлар “лидер”, “ұстаз”, “педагог” іспетті оң қабылданатын терминдерді қолданады. Осындай терминологияның астарында менеджмент теоретиктері мен практиктерінің гуманистік және демократиялық ұстанымдары байқалады. Атқарушы билік органдарының қызметіне қоғам тарапынан демократиялық бақылау орнатуға мемлекеттік қызметкерлердің көзқарасын анықтау мақсатында зерттеушілер сауалдама жүргізген. Алынған мәліметтер бойынша сұралған адамдар екі шартты топқа бөлінеді: “демократиялық бағытталған” және “әкімшілік бағытталған”. Сұрау жүргізілген адамдардың жалпы санының 14 пайызын құрайтын топ бірінші тұрпатқа жатқызылды, қалғандары (сұрау жүргізілген адамдардың 86 пайызы ) – мемлекеттік қызметкерлер әкімшілік бағытталған топты құрады. Олар аппарат ішіндегі дәстүрлі әкімшілік механизмдерді: есеп беру, жоспарлау және т.б. өз жұмыстарын жақсарту факторлары деп есептейтін қызметкерлер. Жүргізілген зерттеулер қоғамға кеңінен танымал фактіні дәлелдеп берді: сұралған адамдардың көбі (80) атқарушы билік органдарында орын алған саяси атмосфераның толықтай қанағаттандыратынын білдірді. Сонымен бірге бұл қызметкерлердің 34 бұрынғы Кеңес Одағы тұсындағы билікте қызмет атқарған. Жалпы авторлар бұл фактінің тигізетін қандай да бір теріс әсерін байқамайды. Және олар зерттеу нәтижесінде келесідей қорытындыға келеді: «…іс-әрекеттің негізгі себебі ретінде мемлекеттік қызметкерлер тобының құрамына кіруі, біріншіден, шенеуніктердің негізгі бөлігінде “қандай билікке қызмет етемін” деген мәселенің туындамауын, екіншіден, атқарушы билік органдарында кадр құрамының тұрақтылығын қамтамасыз етуді ұйғарады». Осы жүргізілген зерттеулер нәтижесінде көптеген мемлекеттік қызметкерлердің моральдық нормалар мен тыйымдарға жете көңіл бөлмейтіндіктері анықталды. Ал мұны атқарушы биліктің қазіргі құрамының жақсы қасиеттеріне жатқызу мүмкін емес. Ресейлік зерттеушілердің мәліметтері бойынша қызметкерлердің тек жартысы шынайылыққа, әрбір он адамның төртеуі – принципиалдыққа, төрттен бір бөлігі адалдыққа аса зор мән беретіндігін, тек жеті адамның біреуі ғана азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын сыйлау қажет екендігін айтып өткен. Осы адамгершілік қасиеттердің шенеуніктердің бойынан табыла бермеуі билік пен басқару органдарының тиімді қызмет атқаруына кедергі келтіретіні сөзсіз.

Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметі жүйесін дамыту мемлекеттің тәуелсіздік жылдарындағы рөлінің өзгеруі, саяси жүйенің, экономиканың, қоғамдық қатынастардың қалыптасу, мемлекеттік басқару жүйесін оңтайландыру процестерімен тығыз байланысты.  Тәуелсіз Қазақстан Республикасының мақсаттары мен басымдықтарын іске асыру үшін кадрларды іріктеу мен жоғарылатудың тиімді жүйесін құру, мемлекеттік аппарат қызметінің кәсібилігі мен ашықтығын қамтамасыз ету қажет болды.  Қазақстан Республикасы Президентінің «Мемлекеттік қызмет туралы» 1995 жылғы 26 желтоқсандағы № 2730 Заң күші бар Жарлығы тәуелсіз Қазақстанның қазіргі заманғы мемлекеттік қызмет жүйесін институттандырудың бастауы болып мемлекеттік басқару жүйесінің кадрлық ұйытқысын сақтауға мүмкіндік берді және мемлекеттің маңызды институты ретінде мемлекеттік қызметтің дамуына негіз қалады.  Жарлықтың қабылдануы мемлекеттік қызмет қағидаттарын, мемлекеттік лауазымдардың сатылығын белгілеу жолымен мемлекеттік қызмет қатынастарын реттеуге, мемлекеттік қызметшілердің құқықтық мәртебесін айқындауға және әлеуметтік кепілдіктерін белгілеуге, сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер енгізуге мүмкіндік берді.  1997 жылы мемлекеттік дамудың ұзақ мерзімді басымдығы ретінде кәсіби үкімет құруды айқындап берген «Қазақстан – 2030» стратегиясы мемлекеттік қызметті дамытудағы келесі кезеңі болды.  1999 жылы қабылданған «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңы мемлекеттік қызметтің кәсіби және тиімді жүйесін және бірыңғай кадр саясатын қалыптастыруға бағытталған, өзекті қажеттіктерге сай келетін жаңа тәсілді айқындап берді.  Қазіргі кезде Заң және оны іске асыру үшін әзірленген тиісті нормативтік құқықтық актілер мемлекеттік қызметке кіру, оны атқару және тоқтату мәселелерін реттейді. Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі өкілетті орган және оның аумақтық бөлімшелері жұмыс істейді. Қазіргі таңда өкілеттік органдар мемлекеттік қызметтегі басты маңызды мәселелерді шешу үшін шаралар қолданып жатыр. Ол мәселелер келесідей:

Мемлекеттік қызметшілерді оқыту мәселелері. Қазіргі кезде мемлекеттік қызмет жүйесінде Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын, мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлаудың және олардың біліктілігін арттырудың өңірлік орталықтарын және басқа да білім беру ұйымдарын қамтитын оқыту инфрақұрылымы қалыптастырылған. Жыл сайын орташа есеппен мемлекеттік қызметшілердің үштен бірі қайта даярлау және біліктілігін арттыру курстарында оқудан өтеді, соның нәтижесінде үш жылдық кезеңде мемлекеттік қызметшілерді жүз пайыздық оқыту қамтамасыз етіледі.  Сонымен қатар, қазіргі кезде оқыту процесінің сапасын басқару жүйесін жаңғырту және мемлекеттік қызметшілерге арналған оқу бағдарламаларына оқытудың инновациялық әдістерін енгізу қажеттілігі туындап отыр. Мемлекеттік қызметшілерге білім беру жүйесі практикалық маңызы бар және мемлекеттік органның мақсаттары мен міндеттеріне сай келетін, кәсіби білім мен дағдыларды дамытуға бағытталуы керек. Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілерді оқыту жөніндегі жұмысты тиімді үйлестіру қажет.

Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді аттестаттау мәселелері Мемлекеттік қызмет туралы заңнамаға сәйкес мемлекеттік әкімшілік қызметшілер лауазымында үш жыл болғаннан кейін аттестаттаудан өтеді. Оның мақсаты олардың кәсіби дайындық деңгейін, құқықтық мәдениетін және азаматтармен жұмыс істеу қабілетін айқындау болып табылады. Аттестаттау рәсімі мемлекеттік қызметшіге тікелей басшысының аттестаттаудан өтетін қызметшінің кәсіби, жеке қасиеттерін және қызметтік жұмысы нәтижелерін көрсететін қызметтік мінездемені ұсынуын қамтиды. Сонымен бірге, қазіргі кезде аттестаттауды өткізу рәсімін мемлекеттік қызметшілердің жұмыс сапасы мен түпкілікті нәтижелерін бағалауға бағдарлау арқылы жетілдіру және аттестаттау қорытындылары мен мансаптық өсудің өзара байланысын қамтамасыз ету қажеттігі туындап отыр.

Мемлекеттік қызметшілердің этикасы мен имиджін қалыптастыру мәселелері. Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы айқын сипатқа ие.  Мысалы, мемлекеттік қызметке сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығын жасағаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылған адам не мемлекеттік қызметке кіруге байланысты және Заңда белгіленген шектеулерді қабылдаудан бас тартқан адам қабылданбайды.  Мемлекеттік қызметшілердің ант қабылдауы және олардың мемлекеттік қызметте болумен байланысты жазбаша шектеулерді қабылдауы нормасы бекітілген. Қолданыстағы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексі мемлекеттік қызметшілердің моральдық-адамгершілік келбеті мен іскерлік қасиеттеріне қойылатын талаптарды айқындайды. Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган және оның аумақтық бөлімшелері тексеру барысында мемлекеттік қызмет туралы қолданыстағы заңнаманың және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың сақталуын бақылауды жүзеге асырады. Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган және оның аумақтық бөлімшелері анықталған бұзушылықтар туралы анықтаманың негізінде мемлекеттік органның басшысына бұзушылықтарды жою және тиісті лауазымды адамдарды тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы ұсынымдар жасайды, кейіннен ұсынымдар шығара отырып, тәртіптік кеңестерде мемлекеттік органдардың есептерін тыңдауды жүргізеді. Ендігі кезде мемлекеттік қызметшілердің имиджі және этикалық нормаларына тереңірек тоқталып кетейік.

 Мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыру. Мемлекеттік қызметтің жаңа моделінде мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыру, оның ішінде уақтылы ақпарат беру мен азаматтардың өтініштерін қарау және қол жеткізілген нәтижелері негізінде мемлекеттік органдардың қызметі туралы оң пікірді қалыптастыру басты бағыт болуға тиіс. Мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыруда мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру және жұртшылықпен байланыстар орнату тиісінше негізгі бағыттар болып табылады. Азаматтарға бағдарлану, кәсібилік, шұғыл әрекет ету, ашықтық және қолжетімділік мемлекеттік органдар жұмысының негізгі қағидаттары болуға тиіс. Мемлекеттік қызмет пен жұртшылық, оның ішінде қоғамдық-саяси бірлестіктер, үкіметтік емес ұйымдар, бұқаралық ақпарат құралдары арасындағы диалог мемлекеттік органдардың өз қызметі туралы азаматтарға жүйелі түрде ақпарат беріп отыруын, сондай-ақ халықпен байланысты дамытуды және солардың негізінде өзара тиімді шешімдер қабылдауды көздейді. Осы жұмыста мемлекеттік органдар мен жұртшылық арасындағы тиімді интерактивті байланысты қамтамасыз етуге, әлеуметтік топтардың мұқтаждары мен пікірін барлық деңгейдегі мемлекеттік органдарға жеткізуге қауқарлы баспа және электрондық бұқаралық ақпарат құралдарының әлеуетін толық көлемде пайдалану қажет. Әрбір мемлекеттік органның жұмысында мыналар: ақпараттық материалдарды БАҚ-та орналастыру; оңтайлы басқару шешімін қабылдау үшін ақпараттық кеңістік пен жұртшылық пікіріне мониторингі жүргізу; мемлекеттік қызметшілердің жұртшылықпен тікелей байланыстары (азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау, халықпен ресми және бейресми кездесулер, жұртшылықтың қандай да бір топтары тартылатын әртүрлі кеңейтілген кеңестер, әртүрлі әлеуметтік және басқа да жобалар таныстырылымы); азаматтардың әртүрлі санаттарының өкілдерімен өзара интерактивті іс-қимыл жасасу және басқалары осы бағыттағы тетіктер болуға тиіс. Жалпы алғанда, мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыру мемлекеттік органдардың қоғамның сындарлы ынтымақтастыққа ниетін айқындайтын, реформалаудың басты құрамдас бөліктерінің бірі болады.

Мемлекеттік қызметтегі этикалық нормаларды жетілдіру. Халықаралық практикада әкімшілік этика сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың маңызды тәсілдерінің бірі болып есептеледі. Бірқатар елдерде арнайы заңдар мемлекеттік қызмет этикасы мәселелерін реттейді және мемлекеттік басқару жүйесінің моральдық климатын жақсартуға бағытталған. Мемлекеттік қызметшілердің этикалық мінез-құлық стандарттары «мемлекеттік қызметшілердің мінез-құлық кодекстері» деген жалпы атауға ие болған арнайы нормативтік құқықтық актілерде қамтылған. Нормативтік құқықтық актілерде бекітілген мемлекеттік қызметшілердің мінез-құлық стандарттары мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық міндеттерін атқаруы кезіндегі мінез-құлқының негізгі бағыттарын айқындауға арналған. Осы стандарттар мемлекеттік қызметшінің мемлекеттік қызмет құндылықтары мен қағидаттарына және қоғамның үмітіне сай келетін белгілі бір мінез-құлық стилін қалыптастыруға ықпал етеді. Мемлекеттік қызметтің жаңа моделінде шет елдердің оң тәжірибесі негізінде әкімшілік этиканы басқарудың екі деңгейден тұратын жүйесі әзірленетін болады. Бірінші деңгейде мемлекеттік қызметшілердің жалпы мінез-құлық стандарттарын айқындайтын нормативтік құқықтық акт әзірленеді. Екінші деңгейде әрбір мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері үшін мейлінше нақтыланған мінез-құлық қағидалары мен нормалары әзірленеді. Мемлекеттік қызметшілер мінез-құлқының ведомстволық қағидаларында нақты мемлекеттік органның қызметшісі өзінің лауазымдық міндеттерін атқару процесінде кездесетін, этикалық тұрғыдан алғанда проблемалы болып табылатын жағдайлар толық сипатталады және осындай жағдайлардағы нақты мінез-құлық қағидалары көзделеді. Әкімшілік этиканы басқару жүйесін қалыптастыру үшін «мемлекеттік қызмет этикасы» ұғымын және мемлекеттік қызметшілердің этикалық мінез-құлқы жөніндегі негізгі қағидаттарды заңнамалық тұрғыдан бекіту қажет етіледі.Мемлекеттік қызмет жүйесінде мүдделер қақтығысы мәселелері бойынша заңнамалық база да жетілдірілетін болады. Сондай-ақ, мемлекеттік органдардың бірінші басшыларының жауапкершілігін күшейту, оның ішінде осы органдардағы басшы адамдар сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығын жасаған жағдайда оның орнынан түсуіне дейінгі тетік пысықталатын болады. Мемлекеттік қызметтің жаңа моделінде мемлекеттік қызметтің негізгі қағидаттары мен ережелерін біртұтас құжатта біріктірген жөн, оның қолданысы мемлекеттік қызметтің барлық түрлеріне, атап айтқанда мемлекеттік қызметшілердің негізгі құқықтары мен міндеттерін, оларға қолданылатын шектеулер мен әлеуметтік және құқықтық кепілдерді көздейтін мемлекеттік қызмет кодексінде қолданылатын болады. Кейіннен осы кодекстің нормалары азаматтық қызметшілерге және қамтылуы мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен жүргізілетін адамдарға, сондай-ақ мемлекеттік қатысу үлесі бар ұйымдарда жұмыс істейтін адамдарға қолданылатын болады. Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның тәртіптік кеңестері қызметінің тиімділігі арттырылатын болады. Бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылған адамдардың мемлекеттік қызметке кіру фактілерінің жалпы алғанда азаматтардың мемлекеттік аппаратқа деген сеніміне теріс әсер ететінін атап өту керек.  Осыған байланысты, мұндай адамдардың мемлекеттік қызметке кіру мүмкіндігін заңнамалық деңгейде айқындаған жөн.  Осы шаралар мемлекеттік қызметшілерге қойылатын этикалық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы талаптарды күшейтуге және халықтың мемлекеттік аппаратқа деген сенімін арттыруға мүмкіндік береді. [14]