Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Баскару кызмети стили - мем баскару жауапкершил...doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
268.29 Кб
Скачать

Мазмұны

Кіріспе......................................................................................................................3

1. Басқару ісінің стиліне және мемлекеттік басқарудағы жауапкершілікке сипаттама...............................................................................4

2. Басқару қызметінің стилі және мемлекеттік басқарудағы жауапкершілікті жетілдіру жолдары...............................................................17

Қорытынды..........................................................................................................28

Пайдаланылған әдебиеттер...............................................................................30

КІРІСПЕ

Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев  үстіміздегі жылғы 1 ақпанда бекіткен Қазақстанның 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарына сәйкес қазіргі таңда мемлекеттік басқарудың стилін жетілдіру және мемлекеттік қызметшілердің жауапкершілік деңгейін арттыру мемлекет алдында тұрған өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Осылайша, Қазақстанда басқару стильдерінің түбегейлі жетілдірілген жаңа нұсқасын және мемлекеттік билік органдары мен халық арасында коммуникация мен әлеуметтік байланыстың жаңа формаларын енгізу қажет. Қазақстан Республикасының демократиялық өзгертулер шеңберіндегі саяси жүйенің модернизациясы мен әкімшілік реформалар, мемлекеттік билік институттарының тиімді функционалдануы, қазіргі заман талаптарына жауап беретін, мемлекет пен қоғам мүдделерін іске асыратын, құзыреттер көлемі мен функцияларды жаңарту мәселелері бойынша сұрақты туындатты. Мемлекет мақсаттары мен функцияларын жүзеге асырудағы тәжірибелік және кәсібилік қатысу, мемлекеттік органдар құзыреттерін іске асуын қамтамасыз етудегі кәсіби лауазым ретінде мемлекеттік құрылыстың ен маңызды басымдылықтарының бірі болып табылады. Ал мемлекеттік биліктің дұрыс атқарылуы тікелей басқарушылық қызмет стиліне байланысты болып келеді. Себебі дұрыс таңдалған басқарушылық стиль мемлекеттік қызметшілерге тиімді әрі әділ жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Қазіргі Қазақстан мемлекеттік қызметі әлі де қалыптасу сатысын өтіп жатқандықтан, жинақталған тәжірибені ұғыну, талдау мен келешегін анықтау қажет. Қазіргі кезде еліміздің алдында тұрған басты міндеттердің бірі - корпоративтік басқару, нәтижелік, айқындық пен қоғамға бақылауда болу қағидаларына негізделген мемлекеттік басқарудың сапалы жаңа нұсқасын құру. Елбасымыз атап өткендей: «Біздін мақсатымыз — Үкіметтің модернизациясы, жоғары кәсібилік мемлекеттік қызмет пен басқарудың тиімді құрылымын қалыптастыру болып табылады».[1] Бұл мақсатқа жету үшін басқарушылық қызмет стилінің барлық осал тұстарын анықтап, оларды жетілдіру жолдарын іздеу керек.

Курстық жұмыстың мақсаты. Басқарушылық қызмет стильдерінің мазмұнын, мәнін және ерекшеліктерін анықтау. Басқарушылық қызмет стильдеріне баға беру. Мемлекеттік басқаруды жетілдіру жолдарын іздеу, мемлекеттік басқарудағы жауапкершіліктің рөлін талдау.

Курстық жұмыстың міндеттері:

  • басқару ісінің стиліне және мемлекеттік басқарудағы жауапкершілікке сипаттама беру;

  • басқару стилінің түсінігі және оны қалыптастыру факторларын зерттеу;

  • мемлекеттік басқару ісіндегі стиль және жауапкершіліктің өзара байланысын түсіндіру;

  • басқару қызмет стилінің және мемлекеттік қызметшілердің жауапкершілігін жетілдіру жолдарын анықтау.